Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вэд.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.31 Кб
Скачать

23. Лицензиялық шартпен және мердігерлік шарт, жалдау шартын қарастырыныз.

1. Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленушi тарап (лицензиар) екiншi тарапқа (лицензиатқа) интеллектуалдық меншiктiң тиiстi объектiсiн белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалану құқығын бередi. 


Лицензиялық шарт ақылы болып саналады. 
     

2. Лицензиялық шартта лицензиатқа: 
      1) интеллектуалдық меншiк объектiсiн лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгi мен лицензияны басқа адамға беру құқығын сақтай отырып пайдалану құқығын (жай, ерекше емес лицензия); 
      2) интеллектуалдық меншiк объектiсiн лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігін сақтай отырып, бірақ лицензияны басқа адамдарға беру құқығынсыз пайдалану құқығын (айрықша лицензия); 
      3) интеллектуалдық меншік объектісін пайдаланудың заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да жағдайларын беру көзделуi мүмкін. 
      Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензия жай (ерекше емес) деп ұйғарылады. 
     

3. Лицензиаттың интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдалану құқығын басқа адамға беруi туралы шарт қосалқы лицензиялық шарт болып танылады. Лицензиат қосалқы лицензиялық шартты тек лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасауға құқылы. 
      Лицензиардың алдында қосалқы лицензиаттың iс-әрекетi үшiн, егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат жауапты болады.

 

Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттi.
Мердiгерлiк шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшiн белгiлi уақыт керек, сондықтан мердiгерлiк шарт бойынша шарт жасалу кезi және оның орындалу кезi сәйкес келмеуi мүмкiн. Өз кезегiнде бұл оларға тәуелдiлiкке мердiгердiң жұмыс орындары қойылатын мерзiмдерге әсер етедi. Кейбiр мердiгерлiк шарттардың орындалуы және жасалуы бiр уақытта болуы мүмкiн, мысалы, суретке түсiру шарттары “тез” фотосуреттер дайындаумен байланысты мердiгерлiктiң осындай мерзiмдерiнiң ерекшелiгi олардың барынша қысқалығы болады, және осы мердiгерлiк жасайтын шарттың тапсырысшының себептенушi негiзiнде болуы мүмкiн.
Мердiгерлiкке арналған нормалар, көбiнесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (616-683-б) ұстанылып келедi. Одан басқа Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк комитетiнiң 22.09.1996ж. №9/7-қаулысымен бекiтiлген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртiптерiнде қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн Ерекше бөлiмiн қабылданғаннан кейiн құрылыс аясында мердiгерлiк қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлiгiнiң 3 наурыз, 1994. №5-5-өкiмiмен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының күрделi құрылыста мердiгерлiк шарттарының уақытша тәртiптерi, Қазақстан Республикасының Құрылыс Министрлiгiнiң 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекiтiлген, бас мердiгерлердiң ұйымдарының қосалқы мердiгерлiк қатынастарымен өзара қатынастарының ережелерi күшiн жойды. 
1.2 Мердігерлік шартының элементтері. 
Мердiгерлiк шартының тараптары болып мердiгер және тапсырысшы болып табылады. 
Тапсырысшы – екiншi тарапқа – мердiгерге шарт бойынша келiсiлген белгiлi-бiр жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретiнде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердiгерлiк шарттарда мемлекеттiң қатысу ерекшелiктерi жеке заң актiлерiмен белгiленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация ми-нистрлiгiнiң 18.01.1998ж. №123-бұйрығымен бекiтiлген, жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердiгерлiк саудалар) ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiнiң ережелерi.
Мердiгер – шарт бойынша белгiлi жұмысты орындауға мiндеттенетiн тұлға, көбiнесе кәсiпкерлiк қызметiнiң субъектiсi, жеке тұлға немесе жеке кәсiпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бiр реттi (жүйелi емес) негiзде мердiгерлiк жұмысты кез келген әрекет қабiлеттiлiгi бар жеке тұлға атқара алады. Кейбiр жағдайларда, “Лицензиялау туралы” 17.04.1995ж. Қазақстан Республи-касының заңына сәйкес, (содан кейiнгi өзгерiстер мен және толықтырулармен) мердiгерлердiң қызметi лицензиялануы тиiс. Мысалы, жобалау-iздестiру, құрылыс-монтаждық жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек.
Кейбiр жұмыстарды орындау үшiн арнайы дағды, дәрежелi мамандық қажет. Сондықтан мердiгер, мердiгерлiк шартты жал-пы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердiгер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердiгерлiк шарттарында мүмкiн.
Бүкiл жұмыстың мөлшерiн орындауға алғашқы шарт жаса-ған және басқа тұлғаларды тартқан тұлға бас мердiгер деп аталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 619-б. 1-тармағы). Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердiгер болып табылады. Алғашқы мердiгер оның алдында тапсырысшы болады. Жалпы тәртiп бойынша қосалқы мердiгерлiк шартты жасауға тапсырысшысының келiсiмiнiң керегi жоқ. Бас мердiгер тапсырысшысының алдында мердiгерлiк шартының толығынан орындалуына жауапты болады. 
Бас мердiгердiң келiсiмiмен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшiншi тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердiгердiң келiсiмi барлық жұмыс орындайтын тұлғалардың iс әрекеттерiн үйлестiру қажет болғасын талап етiледi, болмаса бас мердiгердiң құқықтары мен мүдделерi тiкелей немесе жанама зиян шегуi мүмкiн. Алғашқы мердiгер және үшiншi тұлға тапсырысшысының алдында iс жүзiнде ортақ (немесе үлестi) борышкерлер болып келедi, себебi олардың жасаған барлық әрекеттерiне (орындаған жұмыстарына) жұмыстың ақырғы нәтижесi де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине, олар бөлек, бiр-бiрiне байланысты (тәуелдi) емес құқықтық қатынастардың субъектiлерi, өйткенi олардың әрқайсысымен бөлек (дербес) мердiгерлiк шарттары жасалады.
Тапсырысшы ең басында бiрнеше тұлғалармен бiр шарт жасасуы мүмкiн, осы жағдайда тұлғалардың көптiлiгi орын алған бiр мiндеттемелiк құқықтық қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбiр айырмашылықтары орын алады. Бiр мердiгерлiк шартын жасаудың себебi болып мiндеттеме затының бөлiнбейтiнi келуi мүмкiн (ҚР АК 287 ба-бының 1 тармағы), сондықтан мердiгерлiк, кәсiпкерлiк қызметiмен байланысты болуы себебiнен бiрнеше борышкер тапсырысшысының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе алады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 28

24. . Ноу-хауды беруге  байланысты мәмілелердің ерекшеліктерін талдаңыз.

Ноу хау көпшілік әлі біле бермейтін және сауда саттық тауары бола алатын немесе басқалардың алдында бәсекелі болу үшін пайдаланыла алатын ерекше технологиялар, білімдер, қабілеттер.  Әдетте ноу хау деп басқалар үшін коммерциялық сыр болып табылатын коммерциялық құндылығы бар инновацияларды айтады. Жоғары технологиялы экономикада ноу хау ірі компаниялардың активтерінің маңызды бөлігі болып табылады. Халықаралық заңнамаларға сәйкес, мекемелер әлдебір өндіріс тәсілін немесе техникалық шешімді жекедара пайдалану коммерциялық сыр арқылы сақтана алады. Ноу хау заңды түрде сипатталмағанымен коммерциялық сыр ұғымына кіреді. Патент пен коммерциялық сыр мақсаттары бір – инновацияларды бәсекелестердің пайдалануына жол бермеу және жеке дара пайдасын көру. Ноу хау сыр арқылы да сақтау дегенді білдіреді. Алайда, сырлы мағлұмат мәлім болып қалған жағдайда оны пайдалануға тыйым салу мүмкін емес. Ноу хау құқығы беймәлімділік сақталғанға дейін ғана болады.  Ноу хауды беру туралы келісім шартты көбінесе патентсіз лицензия деп атайды. Ноу хаудың негізгі артықшылығы оның үшінші жаққа белгісіз болуы болғандықтан, ноу хауды берудің оқшаулығын қамамасыз ету келісім шарттың негізгішарты болып табылады. Ноу хауды қолданудың мазмұны екі жақтың келісімімен анықталады. Ноу хаудың субъектілеріне кез келген кәсіпкерлік қызметтің субьектілері жатады. Ноу хауды орындау процессінде іске асатын субъект функциясы тапсырыс беруші ролінде, ноу хау бағдарламасын орындаушы, ноу хау тұтынушысының ролінде болуы мүмкін. Ноу хау объектілеріне: инновация дәрежесін алған, яғни жаңа немесе қайта жаңғыртылған болып саналатын тауар, жұмыс және қызмет көрсету түрінде орындалған жаңалықтың барлық түрі жатады. Ноу хау объектісі болып интеллектуалдық меншіктің объетілері (өнертабыстар, пайдалы модель, өнеркәсцптік үлгі және т.б), тауарлар мен тұлғаларды жекешелендіру құралдары (фирмалық атау, тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы, тауардың шыққан жері туралы атау және т.б), аяқталған ғылыми –зерттеу, тәжірибелі-құрастыру, технологиялық жұмыстардың нәтижелері және т.б болып табылады.

25. Өтемақылық мәмілелердің түрлерін анықтаңыз.

Мәміле [1]— азаматтар мен заңды ұйымдардың азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеті. Мәміле жасау үшін ұсыныс, ниет, екінші тараптан келісім керек. Ниет үш түрлі тәсілмен білдіріледі:

  1. ауызша не жазбаша жасалатын тікелей ниет білдіру. Мысалы: келісім жасау, залалды өтеуге келісетінін хабарлау, хат жазысу, тағыда басқа.;

  2. жанама ниет білдіру. Мысалы.: адамның тауарды сөреге орналастыруы оның саудагерлік Мәміле жасау ниетін білдіреді. Ол тек ауызша ғана жасалады;

кейбір жағдайда үндемеу де ниет білдіру болып саналады. Алайда мұндай ниет білдірушілік тек қана заңда немесе өзара келісімде

көрсетілген жағдайда ғана орын алуы мүмкін.

Заңнамада Мәмілелерді екі түрге бөледі: біржақты Мәміле және шарт. Біржақты Мәміленің жасалуы үшін бір ғана тараптың ықтияры жетіп жатыр

Жазбаша Мәміле тараптардың қол қоюымен, ортақ бір құжат толтыру жолымен және хат, жеделхат алмастыру жолымен де жасалуы мүмкін. Заңда немесе тараптардың келісімімен көзделген жағдайда жазбаша Мәмілені нотариат арқылы куәландыру қажет. Жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын мәмілелер мемлекеттік тіркеуді талап етеді

Өтемақылық мәміле - контрагенттердің өзара бір-біріне тауар беруі немесе өздерінің мүдделерінің кез келген басқа формада қанағаттандыруы. Өтемақылық мәміленің негізі болып табылатын шартта екі жақты бір келісімшарттың шеңберінде төлемді ішінара үстеме тауар беру арқылы өтеу көзделуі мүмкін. Өтемақылық мәміленің әдеттегі тауар айырбастау келісімінен (бартер) өзгешелігі де осында.[1] [2]

26.Бартерлік және өтемақылық мәмілелерді коммерциялық негізде салыстырыңыз, олардың айырмашылықтарын анықтаңыз

Бартер - саудада тауар айырбастау операцияларының бір түрі. Бартер мәмілесі бойынша тауарлар ақша қаражатын аудармастан, соның балама сомасына айырбасталады. Әдетте, бартер операциясы бір экспорт-импорт келісімшартының негізінде жүзеге асырылады, онда келісілген мерзімдерде ұсынылатын тауарлардың мөлшері, сомасы (келісімді бағалар бойынша) және түр-түрі атап көрсетіледі. Екі жақтың бартер келісімшарттары бойынша қабылдаған міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін банк кепілдіктері, үстеме аккредитивтер немесе «эскроу» есепшоттары қолданылады (шартты есептесу бірлігіне негізделетін арнайы есепшот, келісімшарт жағдайларының орындалу барысына орай тараптардың қай-қайсысы да оны пайдалана алады).

Өтемақылық мәміле - контрагенттердің өзара бір-біріне тауар беруі немесе өздерінің мүдделерінің кез келген басқа формада қанағаттандыруы. Өтемақылық мәміленің негізі болып табылатын шартта екі жақты бір келісімшарттың шеңберінде төлемді ішінара үстеме тауар беру арқылы өтеу көзделуі мүмкін. Өтемақылық мәміленің әдеттегі тауар айырбастау келісімінен (бартер) өзгешелігі де осында.[

27.СЭҚ-гі халықаралық биржалық сауданың маңызын анықтаңыз

Сыртқы экономикалық қызмет - мемлекеттік түрлі меншіктегі субъектілердің және жалпы ұлттық шаруашылықтың неғұрлым жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану мақсатымен әлемдік нарықта жүргізетін сауда-экономикалық және қаржылық-өндірістік өзара іс-қимылының түрлі нысандары мен әдістерінің жиынтығы. Сыртқы экономикалық қызмет кәсіпорынның шаруашылық қызметінің аясы болып табылады және ол кәсіпорынын өнім немесе қызметтер экспорты және/немесе импорты арқылы халықаралық кооперацияға енуіне байланысты. Қазіргі әлемдік нарықтың дамуы барысында ғылыми-технологиялық алмасудын түрлі нысандары, зияткерлік қызметтің нәтижелеріне айрықша күкыктарымен сауда жасау кеңінен таралуда, тұрақты өндірістік-технологиялық секторға, ең алдымен жоғары технологиялар секторына қызмет көрсететін тауар айналымының үлесі арта түсуде. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу мақсатымен мемлекет экспорттық бажды енгізеді, экспорттық тауарларға лицензия береді, шекара арқылы жеткізілетін тауарлардың кедендік бақылауын қамтамасыз етеді.

Биржа – бұл биржа сауда- саттығының ұйымдастыру және өткізу үшін құрылған заңды тұлға. Биржа сауда- саттығы – ол өнімнің (бағалы қағаздары, валюта және басқадай құндылықтарды) айырбастау және сату саласы.

Халықаралық биржалар- бұл тұрақты жұмыс істейтін көтерме сауда нарығының бірнеше мемлекетті қамтитын, соларда сатып алу- сату мәмілелері  жасалатын түрі болып табылады

28. Тауар биржасындағы фьючерстік және опциондық мәмілелердің айырмашылығын, оларды құқықтық рәсімдеуді анықтаңыз

Тауар биржасы – заңды тұлға құқығына ие ұйым.

Ол күні бұрын белгіленген белгілі бір орында және белгілі бір уақытта өзі белгілеген ережелер бойынша көпшілік үшін өткізілетін жария сауда-саттық нысанындағы биржалық қызметті ұйымдастыру және реттеу жолымен көтерме сауда базарын қалыптастырады.

Фьючерстік мәміле — тауар және қор биржасындағы мәміле түрі‚ мерзімдік мәміле.

Тауарды (қызметтерді), бағалы қағаздарды мәміле жасалғаннан кейін келісімшартта көрсетілген бағамен сатып алу немесе сату жөніндегі биржа мәмілесі. Оның мақсаты — акциялардың бағасындағы немесе бағамындағы мәміле аяқталған кезде пайда болатын айырманы алу. Ол екі қатысушы арасындағы стандартталған фьючерстік келісімшарт болып табылады. Оның үстіне мәміле белгілі бір уақыт аралығында және өте сирек жағдайда іске асырылады‚ өйткені келісімшарттың өзінде тауардың қасиеті — сатылу және сатып алыну қасиеті болады. Келісімшарттармен жасалатын сауда мамандандырылған фьючерстік биржаларда жүзеге асырылады. Биржа шарттарының арқасында келісімшартты сатушы кез келген сәтте оны өтеуін төлеп ала алады. Стандарттаудың мәні сауда тек биржа шарттары (келісімшарттың құны‚ сауда өлшемі‚ жеткізілім күні‚ өзара шарт бағасының қозғалысы) жағдайында ғана ықтимал дегенді білдіреді. Мәміле клирингілік палата арқылы ресімделеді‚ ол келісімшарттың растығына кепілдік береді. Келісімшарт пен міндеттеменің күшін жоюдың бірден-бір мүмкіндігі — осыған ұқсас келісімшартты сатып алу немесе сату. Көбінесе Ф. м. нақты мәмілені өткізу мақсатында емес‚ болашақтағы мәмілені хеджерлеу (сақтандыру) немесе қайта сату есебінен табыс алу мақсатында жасалады. Ф. м. негізінен а. ш. дақылдарының болашақтағы түсіміне немесе болашақта қорытылатын металға‚ өндірілетін қақтамаға‚ т.б. арналып жасалады.

Опциондық мәміле бұл кейіннен жоғарырақ бағамен қайта сату және мәміленің жасалу мезетіндегі баға мен оны сату мезетіндегі бағаның айырмасы есебінен пайда табу мақсатында опциондық шартты сатып алу және сату.

Бұнымен қатар биржалық сауда-саттықта биржалық мәмілелердің кепіл затқа жасалатын мәмілелер (сатушы жағынын да, сатып алушы жағынын да), кредитке мәмілелер, баспа-бас айырбас мәмілелері, шарт қойылған мәмілелер деп аталатын түрлері кең тараған.

29. Халықаралық аукциондық сауданың маңызын анықтаңыз

Тауарларды сату жөнiндегi аукциондық сауда көпшiлiкке жария сауда-саттық жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.

      Тауардың бастапқы бағасы сатушының сауда-саттық жасау кезiндегi тауардың рыноктық құнына орай айқындалуы мүмкiн, түпкi бағаны сауда-саттық жүргiзу нәтижесiнде сатып алушы айқындайды.

Халықаралық аукцион — тауарлар мен қаржы активтерін (бағалы қағаздарды, шет ел валютасын, алтынды) жекелеген топтамамен көпшілік алдындағы сауда-саттықта күні бұрын белгіленген уақытта және тағайындалған жерде түрлі елдер дилерлерінің қатысуымен сату тәсілі.

Шет ел валютасын сату жөніндегі Халықаралық аукцион — валюталық биржаларға тән. Ал валюталық нарық дамымаған елдердегі Халықаралық аукцион мемлекеттік банктер ие. Алтын сататын Халықаралық аукцион негізінен өткен ғасырдың 70-жылдарының 2-жартысында, Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) қатысушы елдердің арасында алтынды ақша айналысынан алып тастау жөніндегі келісімге қол жеткізілгеннен кейін тәжірибеге енді. Мысалы., 1979 ж. Батыста сатылған алтынның жалпы көлемінің 1/3-і осы тәсілмен сатылды. Осы кезеңде ХВҚ алтынның Халықаралық аукционын өткізді (1976 ж. маусымнан 1980 ж. мамырға дейін 777,6 т алтын сатты), сондай-ақ АҚШ, Үндістан, Португалия үкіметтері де Халықаралық аукционда алтын өткізді. Соңғы жылдары алтын сататын Халықаралық аукцион іс жүзінде қолданудан қалып, әлемдік алтын нарығындағы тұрақты саудаға орын берді.

30. Қаржылық лизингтің құқықтық аспектілерін анықтаңыз

Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Қаржылық лизинг – бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:

- лизинг беруші(жалға беруші);

- лизинг алушылар(жалға алушылар) болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг – бұл инвестициялық қызметтің бір түрі.

Қаржылық лизинг (finance leasing)лизинг өзіне мүліктің толық өтімділікпен немесе толық өтеу құнымен (full- payout lease) ұсынады. Лизингтің осы түрі  лизинг беруші келісімшарт мерзімінде өзіне мүліктің барлық құның және лизингтік операциядан түскен пайданы өзіне алады.

31. 1988ж. Оттава конвенциясының  лизингтік операцияларының қатысушыларын анықтаңыз.

Халықаралық сауда тәжірибесінде ғұрыптық сыртқы экономикалық мәмілелермен қоса, соңғы он жылдық тың ішінде әлемдік экономиканы дамығанын көрсететін сыртқы экономикалық қатынастарда жаңа мәміле түрлері пада бола бастады.

Қазіргі таңда әр түрлі елдердің кәсіпкерлік қызметтегі шаруашылық субъектілерді жүзеге асыратын халықаралық қаржы лизингі қолданылады.

Қаржы лизингі шарттар тәжірибесінде аренда (мүлікті жалдау) институтының ерекше түрі ретінде қалыптасты. Кейбір елдердің заңнамасында лизинг – аренданың ерекше түрі ретінде, өз ақшасына алған мүлікті басқа тұлғаға арендаға беру және осы қызмет түрінен (арендалық төлем ретінде) пайда табу мақсатында жасалған коммерциялық қызметі ретінде қарастырылады.

Қазіргі таңда халықаралық қаржы лизингінің құқықтық реттелуі нормаларға негізделеді және оларды екі категорияға бөлуге болады: 1) Халықаралық шарттарды унификациялау құқығының тәртібі негізінде құрылған унификациялау нормалары; 2) Халықаралық лизингіне қатысушылардың ұлттық нормалары, сонымен қоса коллизиялық нормалар және ұлттық заңнаманың жалпы ережелеріне бөлінеді.

Осы лизинг операцияларының халықаралық сауда тәжірибесінде дамуы лизинг туралы көптеген елдердің ұлттық заңнамасын үйлестіруге әкеп соқтырды. Соның са лдарынан 1988 жыл 28 мамыр күні Оттавада халықаралық қаржы лизингі туралы УНИДРУА Конвенциясы қабылданды. Оттавада Конвенциясының 3 б сәйкес осы Конвенцияның нормалары лизинг берушімен лизинг алушының коммерциялық мекемелері әр түрлі мемлекетте орнатылған лизингке қатысушыларға қатысты қолданады.

Оттавада Конвенциясына сәйкес қаржы лизингі екі шарт түрімен жасалады:

  1. лизинг алушымен арнайы таңдалған лизинг берушімен жіберуші арасындағы сатып алу-сату шарты;

лизинг алушы мезгілді төлемдердің орнына жабдықтар пайдалану негізінде жасалған лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы лизинг шарты.

32. Халықаралық сауда, халықаралық сауда көрмелері мен жәрмеңкелерді салыстырыңыз.

Халықаралық сауда – бұл халықаралық тауар-ақша қатынастарының сферасы, дүние жүзіндегі барлық елдердің сыртқы сауда жиынтығы. Оның формалары: аукциондық сауда, биржалық сауда, халықаралық көрмелер және жәрмеңкелер, машиналар мен құрал-жабдықтар арендасы, қарама-қарсы сауда, шекаралық сауда

Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер – тауар үлгілерін көрсету нарығы, бұл жерде іскерлік келісім сөздер жүргізіліп, контрактлерге қол қойылады.

Халықаралық жәрмеңкелер мен көрмелер - біршама аз шығынға шағын аландарда мәмілелер жасау және ақпарат алмасу үшін әріптестер арасында байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін рыноктың ерекше формасы.

Жәрмеңкенің бірнеше түрі бар. Олар - әмбебап, көп салалық, салалық, мамандандырылған жәрмеңкелер.

Жәрмеңкелер тұрақты бір орында және нақты мерзімге арналып, жылдың белгілі бір уақытында ауық-ауық ұйымдастарылып тұрады.

Халықаралық сауда-өнеркәсіп көрмелері - әр түрлі жерлерде және бір рет өткізілетін шаралар.

Тауар нарығымен танысудың ең маңызды құралы ол әр елде жүргізілетің жәрмеңкелер мен көрмелер болып табылады. Көрмелер мен жәрмеңкелердің арқасында әр елдің сатушылары мен әлеуетті сатып алушылар пайда болады.

Көрме – белгілі бір қоғамның не жеке адамның материалдық және рухани жетістіктерін көпшілікке көрсету.

Көрменің бірнеше түрі бар.[1]

  1. Алдына қойған мақсатына қарай – сауда, ғылыми-техникалық, өндіріс, құрылыс көрмелері, т.б.

  2. Өткізілу мерзіміне қарай – кезекті (жыл сайын, жыларалық, екі жылда т.б.) немесе кезексіз (мереке, конгресс, съезд т.б. байланысты көрмелер), тұрақты (мысалы, халық шаруашылық жетістіктер көрмесі).[2]

Көрмелерге қойылатын заттар түріне қарай экономика, ғылым, техника және мәдениеттің барлық салаларын қамтитын көрмелер де болады. Көрмелер қатысушылар құрамына қарай дүниежүзілік, халықаралық, аймақтық көрме ретінде ұйымдастырылады

1931 жылы Халықаралық көрме бюросы құрылған.

33.Интеллектуалдық меншік және қызмет көрсетудің нәтижелерімен сауданы құқықтық қамтамасыз етуді анықтаңыз

Aзаматтық немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызме тінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметі өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет кәрсету белгісі және т. б. ) ерекше құқығы танылады

Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері алуам түрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

• интеллектуалдық қызметтің туындылары;

• ғылым, әдебиет және өнер туындылары;

• өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер;

• фирмалық атаулар;

• тауарлық белгілері және т. б.

Интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты күңделікіі қолданылып жүрген затқа, мүлікке, ментттік құқығьш қолдануға болмайды. Оған интеллектуалдық меншіктің өзіндік табиғатының ерекшелігі мүмкіндік бермейді. Сондықтан да қолданыста жүрген заңнамада интеллектуалдық меншік объектілерше айрықша құкықтар қолданылады.

• Айрықша құқық меншік иесінің интеллектуалдық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген өдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Оны пайдалану тек құқық иесінің келісімі арқылы ғана жүзеге асады.

Интеллектуалдық меншік объектісін уақытша пайдалану лицензиялық шарт арқылы жүзеге асырылады.

• Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарапына (лицензиар) екінші тарал (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді.

Сонымен, интеллектуалдық меншік дегеніміз — шығармашылық қызметтің нәтижесі. Интеллектуалдық меншіктің объектісі ретінде интеллектуалдық қызметтің нетижесі және азаматтық айналымның қатысушыларын дараландыратын тауарлар, жүмыстар және қызметтер жатады.

34.Инжиниринг түрлері

Инжиниринг-ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды өндірістік деңгейге дейін жеткізетін, өндірістіккоммерциялық және ғылыми-техникалық сипаттағы кешенді қызметтер көрсету бойынша қызмет түрі; нысанды пайдалануға қосу мен тапсырысшыға «кілтін» табыстау, нысанды тапсырғаннан кейін бақылау және кеңестер беру және т.б. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, техникалық тапсырмаларды жобалау жөніндегі үсыныстарды және өнеркәсіптік, басқа да нысандар құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелерін жасау, техникалық құжаттарды эзірлеу, техника және технология нысандарын жобалау және конструкторлық талдау, монтаждау, іске қосу-реттеу жұмыстары кезінде кеңес беру және авторлық бақылау орнату, экономикалық, қаржы және басқа сипаттағы ақыл-кеңес беру

Инжиниринг түрлері:

Консультативті

Техникалық

Құрылыс

Қаржылық

35. СЭҚ-гі экспорттық-импорттық операцияларды қаржыландыру мәселелерін реттеудің жалпы сипаттамасын беріңіз

 Экспорттық, импорттық және транзиттік операциялар саласындағы заңнамада көзделген ауқымды ақпаратты және көптеген құжаттарды әзірлеу және ұсыну кезінде оңайландыру және келісу қажеттігі айрықша айқын. Халықаралық жеткізілім жүйесінде жүктерді өткізу тиісті жүк құжаттамасымен ілесіп жүруі тиіс. Ол орташа 40 құжатты, 200 деректер элементін қамтиды, олардың 30-ы кемінде 30 рет қайталанады және деректердің 60-70%-і кем дегенде бір рет қайта басылуды талап етеді.        Орташа алғанда, жөнелту алдындағы жүкті ұстаудың әрбір қосымша күні сауда көлемін кем дегенде 1%-ке және егер өткізілетін тауарлар ерекше сақтау талаптарын талап етсе, шамамен 7%-ке қысқартады.       Сауда рәсімдерін оңайлатумен жұмыс мақсаты сауда орталары, әкімшілік және басқа да қатысушы тараптар үшін халықаралық сауда процестерін және рәсімдерін жеңілдетуден және тиімділігін арттырудан тұрады. Соңғы он жылдықта сауда рәсімдерін оңайландыру және трансшекаралық тасымал алмасу мәселелеріне Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК), Дүниежүзілік Банк сияқты халықаралық ұйымдар көп көңіл бөлуде.       Барлық СЭҚ-қа қатысушыларға бақылаушы органдар импорттық, экспорттық және транзиттік операцияларды бір жерде ғана, бір нысанда ғана және бір агенттікке жүзеге асыру үшін талап ететін ақпаратты ұсынуға мүмкіндік беретін Бірыңғай терезе АЖ іске асыру сауда рәсімдерін және шекаралық тасымал алмасуды оңайландыру бойынша базалық шешімдердің бірі болып табылады.       Әлемде экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірқатар бірыңғай терезе тетігі жұмыс істейді және іске асырылуда.       Сингапур моделі. "TradeNet" (Бірыңғай терезе АЖ) жүйесі 1989 жылдан бастап жұмыс істейді, оны "SNS" компаниясы пайдаланады және жасаушы "CrimsonLogic" компаниясы қолдайды. "TradeNet" – бұл компаниялар арасындағы Сингапур сауда қоғамының мүшелерін байланыстыратын, мемлекеттік стандарттармен белгіленген форматтағы бизнес-құжаттармен электрондық алмасу жүйесі. Өткен кезең ішінде жүйе елеулі дамыды. Жүйенің қызмет көрсету құны ақылы: алымдар, салықтар және баждар жүйеде автоматты түрде есептеледі және сауда кәсіпорындарының банк шоттарынан есептен шығарылады.       Сингапур моделінің мәні онда СЭҚ-қа қатысушы құжаттарды электрондық түрде бірыңғай электрондық терезеге бір рет ұсынатынын, одан барлық құжаттардың электрондық түрде барлық мемлекеттік органдарға өздігінен таралатынын және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыда оларды мемлекеттік органға бөлек жіберу қажеттігі болмайтынын білдіреді.       Маврикий моделі. Маврикийдағы Бірыңғай терезе "Crimson Logic" Сингапур компаниясымен ынтымақтастықта іске асырылды. "Trade Net" жүйесі мемлекет және жеке секторлар арасындағы әріптестік қатынастар шеңберінде кезең-кезеңімен енгізілген. Бұл жүйе импорттық және экспорттық жүктердің айналысына қатынасы бар түрлі тараптар арасында құжаттарды электрондық түрде беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бағалауға сәйкес жүйені пайдалану кедендік тазарту уақытын даулы емес декларациялар үшін 4 сағаттан 15 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді, бұл ретте қаражатты үнемдеудің болжамды мөлшері ішкі жалпы өнімнің (бұдан әрі – ІЖӨ) 1% деңгейінде бағаланады.       Швеция моделі. Бірыңғай терезенің Швеция моделі кедендік жүйе шеңберінде іске асырылған және 150-ден астам қызмет көрсетуді ұсынатын "Виртуалды кедендік қызмет" ретінде танымал. Импорттық және экспорттық декларациялар Интернет арқылы және Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда рәсімдерін жеңілдету және электрондық іскерлік операциялар орталығы (бұдан әрі – БҰҰ СЕФАКТ) стандартының көмегімен өңделуі мүмкін. БТ ИАЖ саудаға қатысты барлық реттеу ережелерін қамтиды және кәсіпорындарға орын алып отырған өзгерістер туралы жаңартылған деректерді Интернет және/немесе SMS арқылы автоматты түрде алуға мүмкіндік береді. Жүйені толық мемлекет қаржыландырады және барлық қызмет тегін көрсетіледі.       Швеция моделінің мәні мен негізі мынада, СЭҚ-қа қатысушылар құжаттарды электрондық түрде әрбір мүдделі органға береді және олар кейіннен бірыңғай деректер базасына жинақталады, ол жерден кейіннен мемлекеттік органдар СЭҚ-қа қатысушыға мемлекеттік органдар берген рұқсат беру құжаттарының бар-жоқтығы туралы ақпаратты алады.       Сенегал моделі. Сенегал мысалындағы Бірыңғай терезе АЖ электрондық құжаттарды алдын-ала жинауды жүзеге асыратын "ORBUS" (пайдалануға 2004 жылы енгізілген) жүйесімен ұсынылған. "TRADE-X" деп аталатын Сенегалдың кедендік ақпараттық жүйесі декларацияланған құжаттарды қабылдауды, тәуекелдерді талдауды, посткедендік бақылауды және статистика жүргізуді жүзеге асырады. "CORUS" деп аталатын электрондық ақы төлеу жүйесі қосымша енгізілуде.

36. Халықаралық есеп айырысу жүйесіндегі банктердің ролін анықтаңыз.

Халықаралық есеп айырысу банкі (Bank for) unternatіonal Settlements) — халықаралық қаржы институты. 1930 ж. Базелде (Швейцария) Ұлыбритания, Франция, Германия, Бельгия, Италияның орталық банкілері, АҚШ-тың Моргандар банкілері үйі басқарған 3 жеке меншік банкісі және жапондардың жеке банкілері құрған. Банк алтын және шет ел валюталарын сатып алады және сатады, орталық банкілерден сақтауға алтын қабылдайды, оларға кепілге несие береді немесе өзі несие алады, биржада құнды қағаздар сатады. Банкноттар шығаруға, тратталарды (аударма вексельдерді) төлеуге, үкіметке несие беруге, кәсіпкерлік компанияларға бақылау жасауға құқы жоқ. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында мұнда фашистердің тонап алған алтындары сақталды. Сондықтан Бреттон-Вудсте болған конференцияда (1944) банкіні жою жөнінде қаулы қабылданды. Бірақ қырғи-қабақ соғыстың әсерінен бұл қаулы орындалған жоқ. Керісінше қаржы операцияларының көлемі ұлғайып, “Маршалл жоспарына” қатысты. 60-жылдардан бастап банк нарықтық қатынастарға көшкен елдердің дүниежүз. валюта жүйесін қолдау жөніндегі халықар. орт-на айналды. 1968 ж. Х. е. а. б. құрамына Еуропадағы барлық елдердің (ГДР мен КСРО-дан басқа) орт. банкілері мүше болды. Акцияларының 75%-ы орт. банкілерге, қалғаны жеке меншік банкілер мен жеке адамдарға тиесілі

37. Халықаралық есеп айырысудың механизмін анықтаңыз

Халықаралық есеп айырысу, халықаралық есептесу — әр түрлі елдер мен фирмалардың өкілдері арасындағы есеп айырысу.

Ол экономика, саяси және мәдени байланыстар негізінде туындайды. Халықаралық есеп айырысу да тәжірибеде қалыптасқан, ұлттық заңдармен, халықаралық құжаттармен, ережелермен және ғұрыптармен тиянақталған, төлем шарттары мен тәртібі, сондай ақ оларды жүзеге асыру жөніндегі күнделікті банк операциялары қамтылады. Халықаралық есеп айырысуды несие беретін, кепілдік жасайтын банкілер қолма қол ақшасыз нысанда жүргізеді. Банкілер өздерінің шетелдік бөлімшелерін және шетелдік банкілермен корреспонденттік қатынастарын пайдаланады. Халықаралық есеп айырысу валюталық және несиелік операциялармен, сыртқы саудамен, несиемен, инвестициямен, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен, теникалық көмекпен, сақтандырумен, байланыс қызметтерімен, сондай-ақ өкілдіктер мен делегацияларды ұстаумен, туризммен, тағы басқа өзара байланысты

38. ҚР заңнамасы бойынша валюталық шектеу  мәселелерін талдаңыз.

Валюталық реттеудің әлемдік практикасы валюталық шектеулердің екі негізгі нысанын бөліп көрсетеді:

1. Лимиттеу арқылы тікелей әкімшілік бақылау, тікелей әкімшілік тыйым салу мен валюталық операциялар жүргізуге жеке рұқсаттар (лицензиялар) беру. Рұқсат беру рәсімі нысандандырылған (барлық қажетті құжаттары болған кезде нысандық белгілері бойынша лицензия беру) не дискретті (рұқсат нақты жүргізілетін операцияның экономикалық тиімділігін, мәміленің айқындылығын, өтініш берушінің адал ниетін бағалау негізінде беріледі) сипатта болуы мүмкін.

2. Сыртқы экономикалық операцияларға қатысушылардың шешім қабылдауына ықпал ететін жанама құралдарды қолдану. Жанама құралдар мәміле сомасының белгілі бір бөлігін белгілі мерзімге резервтеу режимін орнату не егер операция белгіленген мерзімнен бұрын аяқталса, мәміленің белгілі бір пайызын алуға негізделеді (валюталық операцияларға салық). "Чили салығы" ретінде белгілі валюталық операцияларға салынатын салық автономды ақша-кредит саясатын қолдау және алыпсатарлық қысымды тоқтату мақсатында қысқа мерзімді капиталдың әкелінуіне қатысты жиі қолданылды. Резервтеу режимі мен валюталық операцияларға салық мәні жағынан бірдей, себебі олар операцияның экономикалық құнын өзгертеді. Сонымен қатар бұл капиталды әкелудің/әкетудің барлық ықтимал арналарына қолданылуға тиісті болғандықтан, жеткілікті дәрежеде шығын жұмсау тетігі және оның ішінде нақты өндірістік және қаржылық мақсаттарға байланысты адал ниетті мәмілелерді шектей алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]