Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вэд.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.31 Кб
Скачать

19. Халықаралық контракт және сыртқыэкономикалық мәміленің айырмашылыңын анықтаңыз.

Халықаралық контракт – әр түрлі мемлекетте орналасқан екі немесе одан да көп тараптардың мәмілесі. Халықаралық контракт Сыртқыэкономикалық қатынастың негізі болып табылады. Контракт әр түрлі мемлкеттердің юриздикциясында орналасқан тараптардың арасында жасалған жағдайда халықарлық болып табылады. Халықаралық контрактар негізгі және қамтамасыз етуші деп екіше бөлінеді.

Негізгі контрактарға: Сатып алу-сату контракты; Тауар айырбастау операцияларымен байланысты котрактар; ғылыми-техницалық көмек көрсетуге байналысты контракт; халықаралық туризм аясындағы контрактар және т.б.

Қамтамасыз етуші контрактарға: халықаралық тауарларды тасымалдауға байланысты шарттар; транспорттық-экспедиторлық шарттар; сақтандыру шарттары; факторинг қызметін көрсету шарттарында және т.б.

Халықаралық контрактілерді жасау дегеніміз – бірнеше жүйелі сатылардан құралатын күрделі процесс. Халықаралық контракттар процесінің теорриясында осы процесті техникалық жаққа қарай жатқызу туралы пікірлер қалыптасқан. Халықаралық контракттарды жасау өте күрделі, оның күрделілігін контрак объектілерінің күрделігімен, қатысушылардың табиғаты мен көлемімен, кейбір жағдайларда саяси жағдайдың жағымсыздығымен түсіндіруге болады. Осы шарт процесіне халықаралық контрактың қатысушылар тарапының заңи әрекеттері мен тұтастай бірқатар нақты сатылары кіргізіледі, олар; келіссөздер жүргізуге уәкілетті тұлғаларды тағайындау; уәкілеттерді ұсыну және тексеру және т.с.с.

Сыртқыэкономикалық мәміле бұл халықаралық құқықтағы ең күрделі, ауқымды және маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Себебі, бұл кәсіпкерлік құқық аясында жүргізіледі және мемлекеттің экономикалық дамуына үлкен үлес қосады. Тағы бір айта кететін жайт ҚР-ның АК-нде керсетілген, көзделген шарттардың барлығын қамтиды. Осы себептен де сыртқыэкономикалық мәмілердің тиімділігі және маңыздылығы арта түседі. Бұл коллизиялық мәселенің өзі де қарастыруға тұрарлық мәселе деп түсінеміз. Сонымен қатар, коллизиялық мәселелер, яғни ережелер және оларды жою шаралары, сондай-ақ тараптардың еркіндік кағидасы және сол еркіндіктің Қазакстан Республикасының заңдарымен шектелуі, сонымен катар өзге елдердің құқығындағы сыртқыэкономикалық мәміленің коллизиялық ережелері қарастырылады. Сыртқыэкономикалық қызметтің ішіне мемлекеттердің сыртқы сауда қызметі, халықаралық инвестициялық, валюталық және қаржы, несие операциялары, өндірістік кооператив және де өзге де қызмет түрлері кіреді.

Сыртқы сауда қызметі Қазакстан Республикасының заңнамасы бойынша кәсіпкерлік қызмет ретінде танылады және ол халықаралық тауар, қызмет, жұмыс, интеллектуалдық қызмет нәтижелерін және оларға деген меншік кұқықтары алмасу түрінде жүзеге асырады.

Сыртқы сауда қызметінің субъектілері ретінде оның қазақстандық және шетелдік қатысушылары танылады. Сыртқы сауда қызметінің қазақстандық қатысушыларына Қазакстан Республикасынын заңдары негізінде құрылған және сол жерде тұрақты қызмет атқаратын жеке тұлғалар да жатады. Шетелдік қатысушылар ретінде шетел мемлекетінде тіркеліп құрылған және құқық қабілеттілігі және әрекет кабілеттілігі олар азаматы болып табылатын шетел мемлекетінің құқығымен анықталатын шетел азаматтары және құқық қабілеттілігі мен әрекет кабілеттілігі тұрғылықты жері бойынша анықталатын азаматтығы жоқ жеке тұлғалар танылады.

Сыртқыэкономикалық мәмілеге қатысты коллизиялық нормалар негізінен сыртқы саудаға қатысты зерттелді.

Сыртқы сауда ретінде ғылыми доктриналарда кем дегенде бір тарабы шетел азаматы немесе шетел заңды тұлғасы болып табылатын және тауарларды шекарадан алып өтуге немесе әкелуге байланысты мәмілелер танылады. Аталған анықтамадан біз сыртқы саудаға тән белгілерді көруімізге болады.

Олар: 1) тараптардың бірі шетел тұлғасы болып табылады және басқа мемлекетте орналасуы керек.

2) мәміленің пәні сыртқы саудаға байланысты операциялар болып табылады. Мысалы: тауар жеткізу, мүлік жалдау, жүк тасымалдау т.б.

Л.А. Лунц «Сыртқыэкономикалық мәміленін түрлері көбеюі, күрделенуі, өзгеруі мүмкін, осыған байланысты сыртқыэкономикалық мәміленің түсінігі тұрақты болуы қиын. Сондықтан, осы көбейтуді, күрделенуді, өзгерістерді қамтитын жалпы анықтама табу керек» деген. Біздің ойымызша, М.С Зыкин сыртқыэкономикалық мәмілеге ұтымды анықтама берген. Оның ойынша, сыртқыэкономикалық мәміле дегеніміз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында екі мемлекетке орналасқан тұлғалар немесе коммерциялық кәсіпорындар арасында жасалатын шарттар болып табылады. Бұл анықтама сыртқыэкономикалық мәмілеге жалпы мінездеме береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]