- •18. Сыртқы экономикалық мәміленің анықтамасын берініз.
- •19. Халықаралық контракт және сыртқыэкономикалық мәміленің айырмашылыңын анықтаңыз.
- •20. 1980Ж халықаралық сату және сатып алу шарты туралы Вена Конвенциясы бойынша шартты бекіту мәселесін қарастырыныз.
- •21. 1980Ж Халықаралық сату және сатып алу шарты туралы жөніндегі Вена Конвенциясының қолдану аясы мәселесін қарастырыныз.
- •24. 1980Ж Халықаралық сату және сатып алу шарты туралы жөніндегі Вена Конвенциясының шарттың нысаны және Азаматтық Кодексінде шарттың нысанының салыстырып қарастырыныз.
- •23. Лицензиялық шартпен және мердігерлік шарт, жалдау шартын қарастырыныз.
1.СЭҚ құқығымен халықаралық экономикалық құқығы арақатынасын анықтаңыз,салыстырыныз
Нарыққа көшу өзара байланысты және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жузінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.
Халықаралық экономикалық құқық – бұл халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы сыртқы экономикалық байланыстар мен сауда, көлік және кеме жүзу, қаржы, несие және шикізат қорлары мен тауарлар бағасын реттеу, ғылыми-техникалық ынтымақтастық және әртүрлі экономикалық көмек көрсету облысындағы туындаған қатынастарды реттейтін қағидалар мен нормалардың жиынтығы.
Оның негізгі субъектісі мемлекет болып табылады, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, соның ішінде ЭКОСОС, ЮНИДО (өнеркәсіпті дамыту бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы), ВОИС (интеллектуалды меншіктің дүниежүзілік ұйымы), Халықаралық валюта фонды, Халықаралық қаржы корпорациясы, Дамытудың Халықаралық ассоциациясы, Қайта құру және дамудың Халықаралық банкі және т.б.), ЮНКТАД (сауда және дамыту бойынша БҰҰ Конференциясы), Трансұлттық корпорациялар.
Сыртқы экономикалық қызмет - мемлекеттік түрлі меншіктегі субъектілердің және жалпы ұлттық шаруашылықтың неғұрлым жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану мақсатымен әлемдік нарықта жүргізетін сауда-экономикалық және қаржылық-өндірістік өзара іс-қимылының түрлі нысандары мен әдістерінің жиынтығы.
сыртқы экономикалық қызмет түсінігі
Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайларында кәсіпкерлік қызмет ішкі нарықпен шектеліп қала алмайды. Тауарларды сатып алу және сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету үшін кәсіпкерлер халықаралық нарыққа шығады, яғни сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады.
«Сыртқы экономикалық қызмет» термині алғаш рет Қазақ КСР-інің 1990 ж. желтоқсанның 15-гі №408-ХІІ «Қазақ КСР сыртқы экономикалық қызметінің негізгі принциптері» деген Заңымен еңгізілді. Аталған Заңның 1-бабына сәйкес, «Қазақ КСР-гі сыртқы экономикалық қызмет» болып «заңды тұлғалардың және азаматтардың шетелдік заңды тұлғалар және азаматтармен экономикалық, сауда-саттық, валюта, ғылыми-техникалық, мәдени және басқадай қатынастарын қамтитын қызметі» саналады. Заң шығарушы тұрғысынан алғанда, «сыртқы экономикалық қызмет» - бұл экспорт, қайта экспорт, импорт, қайта импорт және өнім тасымалдау бойынша жүргізілетін қызмет.
Заң әдебиетінде «сыртқы экономикалық қызмет» - ол субъектілердің тауарлар (қызметтер) экспорты, импорты, шетелдік инвестициялар, сақтандыру, республиканың нарықтық экономикасын құру және қалыптастыру мақсатында материалдық және басқадай өндіріс саласында бірлескен кәсіпкерлік қызметі, республиканың әлемдік экономикаға ену, ал, ең бастысы, республика халқының қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелері бойынша жүргізілетін қызмет деп түсініктеме берілген. Мұндай қызмет коммерциялық сипатта немесе коммерциялық емес сипатта болуы мүмкін. Сыртқы экономикалық кәсіпкерлік қызметтің бір түрі сыртқы сауда қызметі болып табылады.
Халықаралық экономикалық құқық дегеніміз- халықаралық субъектілер арасындағы экономикалық қатынастарды реттеп отыратын халықаралық құқықтың бір түрі болып табылады. Негізінен халықаралық экономикалық құқықтың ең алғаш бастау алған кезеңіне келетін болсақ, әрине, ұлттар арасындағы сауда қатынастарының дамуынан басталды.
Сауда қатынастарында басты халықаралық құқықтық акт ГАТТ келісімі болып табылады. ГАТТ 1947 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі экономиканы қайта қалпына келтіру мақсатында құрылған келісім.
Қазіргі кездегі халықарарлық экономикалық құқыққа тән қасиет оның сан және сапа жағынан өсуінің көрінуі.
ХЭҚ –тың негізгі формаларына жататындар:
Халықаралық сауда;
Капитал қозғалысы;
Жұмысшы күші миграциясы;
Халықаралық өндірісті кооперациялау;
Ғылыми –техникалық айырбас;
Валюта –несие айырбасы
XX ғасырда әлеуметтік принциптер, халықаралық-құқықтық доктриналар, институттардың жоғары қарқынға ене бастауына байланысты халықаралық құқық жаңа сатыға өтті. XX ғасырдың екінші жартысында Еуропада маңызды экономикалық интеграциялық ұйымдар, яғни Еуропалық бірлестік пен өзара көмек жөніндегі экономикалық кеңес жұмысын бастады.
2.СЭҚ құқығының субъектілер құрамын анықтаңыз
«Экспорттық бақылау туралы» (18.06.1996 ж.) Заңның 1 бабына сәйкес, экспорт, қайта экспорт, импорт, қайта импорт және өнім тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыратын ҚР заңды және жеке тұлғалары, шетелдік заңды және жеке тұлғалар сыртқы экономикалық қызмет субъектілері бола алады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы және шетелдік мемлекеттер де сыртқы экономикалық қызмет субъектілері болып санала алады. Алайда, негізінен, сыртқы экономикалық қызмет субъектісі – заңды тұлға болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері ретіндегі заңды тұлғаларды үлкен екі топқа:
1. ҚР заңды тұлғалары;
2. Шетелдік заңды тұлғалар деп бөлуге болады.
Өз кезегінде, ҚР заңды тұлғалары сыртқы экономикалық қызмет субъектілері ретінде тағы екі топқа бөліне алады:
1. ҚР шетелдік капитал қатыспайтын заңды тұлғалары (мұнда қатысудың бар үлесі немесе акциялар пакеті түгелдей ҚР азаматтарына, ҚР заңды тұлғаларына немесе мемлекетке тиесілі);
2. Шетелдіктер қатысатын заңды тұлғалар.
шетелдік кәсіпорындардың қабылдаушы мемлекет аумағындағы кәсіпкерлік қызметі, негізінен, келесідей нысандарда жүзеге асырылады:
1. кәсіпкерлік шарттар жасасу , мемлекеттік бағалы қағаздар және т.б. сатып алу);
2. заңды тұлға құру (оның ішінде бірлескен кәсіпорындар, толығымен шетелдік қатысушыға жататын кәсіпорындар, еншілес кәсіпорындар);
3. шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілеттіктерін құру.
Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына байланысты ҚР заңдарында тағы «резидент» және «резидент емес» деген түсініктер қолданылады
резидент еместер : валюталык реттеу туралы занында көрсетілмеген жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері; егер оларды құру туралы халықаралық (мемлекетаралық) келісімде өзгеше айқындалмаса, халықаралық ұйымдар; шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де ресми өкілдіктері; резиденттер : Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, шет елде уақытша жүрген немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оның мемлекеттік қызметінде жүрген азаматтары; Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бар барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде тұрғылықты жері бар олардың филиалдары мен өкілдіктері; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;
3.Мемлекеттік реттеу органының құрамын анықтаңыз( министерстволар, ведомствалар)
ҚР да сыртқы экономикалық қатынастар және сауда қатынастарын реттейтін орган Сыртқы экономикалық байланыс және сауда министрлигі болып табылады. Ол мемлекеттік сауда саясатын қалыптастырады; 1 Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау бойынша шаралар қолданады; 2) сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолданады; 2-1) әкелу немесе әкету кедендiк бажы қолданылатын тауарлар тiзбесiн, мөлшерлемелер көлемiн және олардың қолданылу мерзiмiн, сондай-ақ қажет болған кезде оларды есептеу тәртібін бекiтедi; 3) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 4) сауда қызметін реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
Сонымен қатар ҚР нын Экономика, Қаржы және Сыртқы істер министрліктері ҚР ның сыртқы экономикалық қызметтін реттеуде маңызды орын алады.
Мемлекет тарапынан экономикалық үдерістерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму үдерісіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржылық тұтқалар арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика ара қатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, өңірлік және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржылық ресурстарды шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану үдерісі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің дамуын керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.
Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:
• 1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының әрекетін есепке алу..
• 2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкі мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу.
4.Жеке тұлғаны СЭКның субъектісі ретінде қарастырыныз
ҚР ның заңнамасы бойынша СЭК субьъектісі ретінде ҚРның заңды және жеке тұлғалары бола алады. Сонымен бірге шет мемлекеттер мен халықаралық организациялар да СЭК субъектісі болады. Жеке тұлға СЭК субъектісі ретінде ҚР ның азаматы және де шетел азаматы бола алады. Сыртқа экономикалық қызмет ҚР нын азаматтары үшін ҚР нын заңнамасы бойынша іске асырылады. Ал шетел азаматтары екі топқа бөлінеді ҚРда тұрақты тұратын шетел азаматы және Қазақстанға уақытша келген азаматтар. Олар ҚР нын азаматтарымен қатар сыртқы экономикалық қатынастар кезінде ҚР ның заңнамасын қолданады.
«Экспорттық бақылау туралы» (18.06.1996 ж.) Заңның 1 бабына сәйкес, экспорт, қайта экспорт, импорт, қайта импорт және өнім тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыратын ҚР заңды және жеке тұлғалары, шетелдік заңды және жеке тұлғалар сыртқы экономикалық қызмет субъектілері бола алады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы және шетелдік мемлекеттер де сыртқы экономикалық қызмет субъектілері болып санала алады.Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына байланысты ҚР заңдарында тағы «резидент» және «резидент емес» деген түсініктер қолданылады
резидент еместер : валюталык реттеу туралы занында көрсетілмеген жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері; егер оларды құру туралы халықаралық (мемлекетаралық) келісімде өзгеше айқындалмаса, халықаралық ұйымдар; шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де ресми өкілдіктері; резиденттер : Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, шет елде уақытша жүрген немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оның мемлекеттік қызметінде жүрген азаматтары; Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бар барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде тұрғылықты жері бар олардың филиалдары мен өкілдіктері; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;
5.Заңды түлғаның ұлттық тиесілдінін маңыздылығын қарастырыныз
Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап беред
«Экспорттық бақылау туралы» (18.06.1996 ж.) Заңның 1 бабына сәйкес, экспорт, қайта экспорт, импорт, қайта импорт және өнім тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыратын ҚР заңды және жеке тұлғалары, шетелдік заңды және жеке тұлғалар сыртқы экономикалық қызмет субъектілері бола алады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы және шетелдік мемлекеттер де сыртқы экономикалық қызмет субъектілері болып санала алады. Алайда, негізінен, сыртқы экономикалық қызмет субъектісі – заңды тұлға болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері ретіндегі заңды тұлғаларды үлкен екі топқа:
1. ҚР заңды тұлғалары;
2. Шетелдік заңды тұлғалар деп бөлуге болады.
Өз кезегінде, ҚР заңды тұлғалары сыртқы экономикалық қызмет субъектілері ретінде тағы екі топқа бөліне алады:
1. ҚР шетелдік капитал қатыспайтын заңды тұлғалары (мұнда қатысудың бар үлесі немесе акциялар пакеті түгелдей ҚР азаматтарына, ҚР заңды тұлғаларына немесе мемлекетке тиесілі);
2. Шетелдіктер қатысатын заңды тұлғалар.
шетелдік кәсіпорындардың қабылдаушы мемлекет аумағындағы кәсіпкерлік қызметі, негізінен, келесідей нысандарда жүзеге асырылады:
1. кәсіпкерлік шарттар жасасу , мемлекеттік бағалы қағаздар және т.б. сатып алу);
2. заңды тұлға құру (оның ішінде бірлескен кәсіпорындар, толығымен шетелдік қатысушыға жататын кәсіпорындар, еншілес кәсіпорындар);
3. шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілеттіктерін құру.
Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына байланысты ҚР заңдарында тағы «резидент» және «резидент емес» деген түсініктер қолданылады
резидент еместер : валюталык реттеу туралы занында көрсетілмеген жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері; егер оларды құру туралы халықаралық (мемлекетаралық) келісімде өзгеше айқындалмаса, халықаралық ұйымдар; шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де ресми өкілдіктері; резиденттер : Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, шет елде уақытша жүрген немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оның мемлекеттік қызметінде жүрген азаматтары; Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бар барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде тұрғылықты жері бар олардың филиалдары мен өкілдіктері;
6.Мемлекеттің иммунитетінің маңыздылығын қарастырыныз,өз ойынызды үсыныңыз
Халықаралық экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде мемлекеттердің маңызды ерекшелігі, олар иммунитет бар. Мемлекеттік егеменді болып табылады, сондықтан сақтамау ИЭТ Әділет оны тарту үшін арнайы тәртібін қалыптастырды.
халықаралық экономикалық құқықтың халықаралық құқық субъектісі мәртебесі ең маңызды бөлігі мемлекет иммунитет мекеме болып табылады, сондай-ақ - шектеулі дәрежеде - және үкіметаралық ұйымдар
.
мемлекеттік иммунитет астында мемлекеттің құқығын, оның органдары мен оның өкілдері (әсіресе Дипломатиялық) қуатты басқа елдердің іс-шаралар, олардың органдарының өкілдері және сәйкес келмейтін жатады. Бұл құқық Мемлекет баж сәйкес, оның органдары мен өкілдері, басқа елдердің қатысты акцияларының кез келген билікті өз органдары мен өкілдері, сондай-ақ осы мемлекеттердің иелену емес. Құқықтық мағынада Иммунитет ғана атауға болады - Timeless (PAREM емес Апет Империума жылы номиналды - бақылау жоқ тең тең).
және т.б. сауда, несие, инвестиция, соның ішінде халықаралық экономикалық қатынастар, мемлекеттердің қатысуы, көптеген жағдайларда институты Мемлекет иммунитет пайдалану әкеледі және оны пайдалану арнайы маңыздылығы халықаралық экономикалық құқықтың аясында болып табылады.
Жолмен халықаралық экономикалық қатынастар қатысушысы профессор М.М. жазады ретінде мемлекеттің ерекше ұстанымын
Boguslavskiy бұл мемлекеттік тікелей шетелдік заң ұзартқыш қолдану туралы уағдаласпаса мемлекеттің міндеттемелерін, негізінен, тек өз құқығын пайдалануға болады; (PAREM емес Апет jurisdictium жылы Par - құрбыларының nepodsuden).
Мемлекеттік иммунитет ұлттық егемендігі өрнектерді бірі, атап айтқанда, және басқа да мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, халықаралық-құқықтық принциптері, егемендігі тән құқықтарын құрметтеу болып табылады. Тиісінше, мемлекеттік иммунитет - Қоғамдық халықаралық құқық институты.
Мемлекеттік иммунитетті 1,2 құрамы . функционалдық мемлекеттік иммунитет тұжырымдамасы Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Греция, Дания, Италия, Канада, Норвегия, Пәкістан, Сингапур, Америка Құрама Штаттарында заңда бекітілген немесе төрелік тәжірибеде қолданылатын, атап айтқанда, Финляндия, Франция, Швейцария және басқа да елдердің. Осы елдердің саны бірдей тұжырымдамасы түсетін, мемлекеттік иммунитет қатысады және Еуропалық конвенция 1972. Мемлекеттік иммунитеттен тұжырымдамасына ұқсас тәсіл 90-шы жылдары дамыған мемлекеттер мен олардың меншігінің юрисдикциялық иммунитеттері туралы жобасын мақалалар көрініс тапты. Өткен ғасырдың және Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық құқық Комиссия қабылдаған, бірақ түпкілікті Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен ешқашан.
7.СЭҚ құқығының қайнар көздерінің құрамын анықтаңыз
Сыртқы экономикалық қызмет құқығаның қайнар көздері:
ҚР ның заңнамасы
Халықаралық шарттар
Сауда әдет ғұрыптары
Ең басты қайнар көздерінің бірі ол ҚР заңнамалары. Солардын ішінде ҚРның конституциясы. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймақтар туралы заң, валюталық реттеу туралы заң және де тағы басқа заңдар сыртқы экономикалық қызмет құқығының қайнар көздеріне жатқызамыз.
ҚР президентінің жарлықтары, парламент қаулылары, әр түрлі құқықтық нормативтік актілер және халықаралық біржақты немесе екіжақты шарттар, сонымен қатар БҰҰ жарлықтары да сыртқы экономикалық қызмет құқығының қайнар көздері болады.
Халықаралық сауда шарттары / Халықаралық сауда талаптары — 1) ұлт аралық компаниялар, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары ынталылық танытқан табиғи және әлеуметтік факторлардың, ұлттық нарық ғұрыптары мен дәстүрлерінің, Келісімдер мен нормалардың кешені; 2) елдің сыртқы саудасының экспорттық және импорттық бағасы серпінінің көрсеткіші. Елдің әлемдік шаруашылыққа бірігуі экономикалық кеңістікке сүйене- мұнда халықаралық сауда шарттары және елдің шаруашылық қызметінің шарттары ұрлым қолайлы болады. Осыған орай Қазақстанның ТМД елдерімен, жақын көршілермен және стратегиялық әріптестермен бірігуі оның саясаты мен сыртқы экономикалық қызметінде басты аумақ алады- бұл қызмет дайын өнім нарығын кеңейтуге, ТМД аумағында қалған көлік-коммуникациялық инфрақұрылымның атқарымын қамтамасыз етуге, шикізат ресурстарына қол жеткізуге, Қазақстан капиталының таяу шет елдерге тиімді жұмсалымын ынталандыруға бағытталған.
Сауда әдет-ғұрпы (ағыл. commercial custom (usage); нем. Geschiiftsbrauch m, Haitdelsbraucli) - Тұрақты және бірыңғай үлгідегі нақты іс жүзіндегі қатынастардын қайталануы негізінде сауда саласында қалыптасқан тәртіп.
Сауда әдет-ғұрпы мойындалып, құқық нормаларымен (әдет-ғұрып құқығы) бірдей дәрежеде қолданылуы үшін оған рұқсат берілуі қажет. Құқықтық емес әдет-ғұрып (әдеттегілік) шарт бойынша тараптардың еркін білдіру элементі болып есептелетін негізде қолданылады.
Халықаралық сауда және теңіз тасымалы саудасы саласында сауда әдет-ғұрпы елеулі маңызға ие болады.
Әсіресе, заңнамада реттелмеген сыртқы экономикалық ынтымақтастық пішімдерін ресімдеу кезінде оның рөлі зор
Халықаралық жалпы принциптері халықаралық экономикалық қатынастарды реттеуде негіз қалаушы болып саналады. Халықаралық экономикалық құқық сияқты оның арнайы принциптері де қалыптасқан жоқ. 1964 жылығы Женева принциптері, 1974 жылғы мемлекеттердің экономикалық құқықтары мен міндеттерінің Хартиясы және т.б. құжаттарда арнайы принциптер көрініс алады.
-Сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастырудың нысанын таңдау қағидасы;
-Экономикалық құқықты шектемеу қағидасы;
-Ұлттық режим қағидасы және т.б.
8. Үстемділік бойынша халықаралық конвенциялармен ішкі заңдарды салыстырмалы түрде қарастырыныз.
Сыртқы экономикалық мәмілелер халықаралық (жария) құқық нормаларымен реттеледі, екіншілері – әр мемлекеттердің ұлттық құқығымен және халықаралық жеке құқығымен реттеледі. Бірақ халықаралық құқықтың нормалары мемлекеттер арасындағы сыртқы экономикалық қатынастарды реттей отырып жеке құқықтық қатынастарға да үлкен ықпал етуде.
Осыдан сыртқы экономикалық мәмілелерді құқықтың реттеудің бірінші ажыратушы белгісі шығады, ол бір жүйеге жатпайтын құқықтық нормалардың тығыз әрекет етуі, яғни халықаралық құқықтың және ұлттық құқықтың нормаларының бірлесіп әрекет етуі болып табылады.
Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері ретінде көпжақты конвенциялар ерекше орын алады. Халықаралық келісімшарттарды қабылдау- шетелдік элементпен күрделенген, халықаралық жеке құқықтың жеке құқықтық қатынастарды реттейтін бірыңғай құқықтық нормаларлды шығару процесі.
Ішкі заңнама-бұл мемлекеттің ең маңызды қайнар көздерінің бірі болып табылады. Ішкі заңнаманы халықаралық жеке құқықтың қайнар көзі ретінде сипаттама берсек, ТМД -да басқа мемлекеттерге қарағанда мысалы, Австрия, Венгрия,Туркия, Швейцарияда, халықаралық жеке құқықтың мәселесін қарастыратын арнайы заң қабылданбаған, тек осы саланы қарастыратын нормалардан тұратын заң актілері бар.
9. СЭҚде халықаралық әдет ғұрыпы,іскерлік айналым әдеп ғұрыпының маңыздылығын қарастырыныз, мысал келтірініз
Әдет ғұрыпдегеніміз – құқық нормасы ретінде танылған, ортақ тәжірибе болып табылады. Халықаралық жеке құқықта халықаралық сауда әдет ғұрыптар, іскерлік айналым әдет ғұрпы және теңізде жүзу әдет ғұрпы үлкен роль атқарады. СИФ халықаралық сауда терминдерін талқылауға байланысты халықаралық ереже (ИНКОТЕРМС), аккредетив және инкассо бойынша унификацияланған ережелер және т.б.қолданады. Барлық осы актілердің нормативтік сипаты жоқ, бірақ құқықтың қайнар көзі болып табылады.Халықаралық сауда тәжірибесінде егер, шарт негізінде дау туындаса қабылданған әдет-ғұрыпты арбитраждық сот қолданады.
Халықаралық әдет ғұрыпты lex mercatoria(халықаралық коммерциялық құқық, трансұлттық сауда құқығы, халықаралық комерсанттар бірлестігі құқығы) түсінігімен байланыстырады. Халықаралық коммерциялық құқықтың түсінігі дегеніміз, сыртқы экономикалық қызметті мелекеттік емес жүйемен реттеу болып табылады. Сонымен қатар, бұл жүйені " жұмсақ, икемді " құқық деп атайды (норма ұсыныстық сипатта болады).lex mercatoria– сыртқы сауда мәселесі бойынша халықаралық ұйымның резолюциясы – ұсыныс болып табылады. (жеткізудің жалпы ережесі, шарт – формуляры, қосылу шарты, типтік шарттар, типтік регламенттер). Халықаралық коммерциялық құқықтың маңызды ролін, ДСҰ, ХКО,ЮНСИТРАЛжәне басқада ұйымдар атқарады.
10. СЭҚ құқығында қағидаларының маңыздылығын қарастырыныз
сыртқы экономикалық қызмет түсінігі
Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайларында кәсіпкерлік қызмет ішкі нарықпен шектеліп қала алмайды. Тауарларды сатып алу және сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету үшін кәсіпкерлер халықаралық нарыққа шығады, яғни сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады.
«Сыртқы экономикалық қызмет» термині алғаш рет Қазақ КСР-інің 1990 ж. желтоқсанның 15-гі №408-ХІІ «Қазақ КСР сыртқы экономикалық қызметінің негізгі принциптері» деген Заңымен еңгізілді. Аталған Заңның 1-бабына сәйкес, «Қазақ КСР-гі сыртқы экономикалық қызмет» болып «заңды тұлғалардың және азаматтардың шетелдік заңды тұлғалар және азаматтармен экономикалық, сауда-саттық, валюта, ғылыми-техникалық, мәдени және басқадай қатынастарын қамтитын қызметі» саналады. Заң шығарушы тұрғысынан алғанда, «сыртқы экономикалық қызмет» - бұл экспорт, қайта экспорт, импорт, қайта импорт және өнім тасымалдау бойынша жүргізілетін қызмет.
Заң әдебиетінде «сыртқы экономикалық қызмет» - ол субъектілердің тауарлар (қызметтер) экспорты, импорты, шетелдік инвестициялар, сақтандыру, республиканың нарықтық экономикасын құру және қалыптастыру мақсатында материалдық және басқадай өндіріс саласында бірлескен кәсіпкерлік қызметі, республиканың әлемдік экономикаға ену, ал, ең бастысы, республика халқының қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелері бойынша жүргізілетін қызмет деп түсініктеме берілген. Мұндай қызмет коммерциялық сипатта немесе коммерциялық емес сипатта болуы мүмкін. Сыртқы экономикалық кәсіпкерлік қызметтің бір түрі сыртқы сауда қызметі болып табылады.
Сыртқы сауда қызметі – бұл тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерін халықаралық айырбастау саласындағы кәсіпкерлік қызмет. Сыртқы сауда қызметі қызметтің басқа түрлерінен мынандай белгілері арқылы ерекшеленеді:
1. Бұл – кәсіпкерлік қызмет түрі;
2. Ол тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және т.б. айырбастау саласында жүзеге асырылады.
3. Тиісті мәміле нысанын кеден аумағынан тыс шығару (экспорт кезінде) және тиісінше, оны осы аумаққа енгізу (импорт кезінде) орын алады.
Кәсіпкерлік қызмет түрі ретіндегі сыртқы экономикалық қызмет кеден шеқарасы арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) және мүліктің басқадай түрлерін шетелдік мемлекет аумағына өткізуге байланысты қызмет болып табылады. Жеке тұлғалардың сыртқы экономикалық қызметінің құқықтық нысандары ретінде кәсіпкерлік шарттың өзгеше бір түрі болып табылатын сыртқы экономикалық шарттар қолданылады.
Сыртқы экономикалық қызметтің негізгі екі түрін бөліп айтуға болады: 1. мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі (яғни мемлекеттің сауда, экономика, туризм, және т.б. салаларда басқа мемлекеттермен ыңтымақтастықты дамыту бойынша жүргізілетін қызметі); 2. заңды және жеке тұлғалардың сыртқы экономикалық қызметі. 2. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері «Экспорттық бақылау туралы» (18.06.1996 ж.) Заңның 1 бабына сәйкес, экспорт, қайта экспорт, импорт, қайта импорт және өнім тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыратын ҚР заңды және жеке тұлғалары, шетелдік заңды және жеке тұлғалар сыртқы экономикалық қызмет субъектілері бола алады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы және шетелдік мемлекеттер де сыртқы экономикалық қызмет субъектілері болып санала алады. Алайда, негізінен, сыртқы экономикалық қызмет субъектісі – заңды тұлға болып табылады. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері ретіндегі заңды тұлғаларды үлкен екі топқа: 1. ҚР заңды тұлғалары; 2. Шетелдік заңды тұлғалар деп бөлуге болады. Өз кезегінде, ҚР заңды тұлғалары сыртқы экономикалық қызмет субъектілері ретінде тағы екі топқа бөліне алады: 1. ҚР шетелдік капитал қатыспайтын заңды тұлғалары (мұнда қатысудың бар үлесі немесе акциялар пакеті түгелдей ҚР азаматтарына, ҚР заңды тұлғаларына немесе мемлекетке тиесілі); 2. Шетелдіктер қатысатын заңды тұлғалар. |
11. СЭҚ мемлекеттік реттеуінің тәсілдерін сыртқыэкономикалық әрекетінде сараптаңыз
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекет тарапынан реттеу екі түрлі әдіс арқылы жүзеге асырылады:
- кедендік – тарифті әдістер.
- бейтарифті немесе әкімгершілік әдістер.
Сыртқы экономикалық қызметті кеденді-тарифті реттеу кедендік төлемдер жүйесіне енетін экспорт-импорттық тарифтерді қолдануға байланысты жүргізіледі.
Бейтарифті реттеулер – мемлекет тарапынан енгізілетін әкімгершілік әдістерді қамтиды.
Кедендік баж салығы – бұл меншіктің кедендік территориясына тауар әкелу немесе алып шығу кезінде кедендік ұйымдар арқылы алынатын міндетті жарна. Кедендік баж салығы кедендік тариф ретінде қолданылады. Кедендік тариф – кедендік баж салықтарының сомалары жүйелі түрде көрсетілген құжат. Кедендік тариф шекара арқылы өтетін тауарлар үшін негізгі шарт болып табылады. Кедендік тарифтегі салықтардың деңгейі елдің экономикалық даму деңгейіне және тауарды өңдеу және т.б. жайттарға байланысты болады. Экономикалық даму деңгейлері төмен елдерде кедендік салықтардың мөлшері жоғары болады, себебі салықтың көп болуына байланысты елдің жеткіліксіз дамыған салалары шетелдік бәсекеден қорғалады.
Кейбір елдерде арнайы бір елдер үшін кедендік тариф режимінің жеңілдетілген түрі қолданылады, яғни преференция беріледі. Преференция – 1 елдің 2 елге экономикалық қарым- қатынасты жақсарту мақсатында, басқа 3 бір елге таратылмауы жайындағы келісім негізінде жасалатын ерекше жеңілдіктер. Кедендік салықтар келесі 3 негізгі қызмет атқарады:
- фискалды: экспорт – импорттық баж салықтары, олар мемлекеттік бюджеттің табысты бөлігін құрайды;
- протекционистік (қорғаушы) – мемлекеттің көмегі арқылы отандық өндірушілерді бәсекеден қорғайды;
- теңдестіруші – экспорттық баж салықтарына қатысты, яғни ішкі рыноктағы бағасы әлемдік рыноктағы бағадан төмен тауарлардың экспортқа шығуын азайту мақсатында қолданылады;
Баж салықтары келесі белгілеріне қарай топтастырылады:
- тауарлардың қозғалыс бағытына қарай: импорттық, экспорттық және транзиттік салықтар;
- белгілеу тәсілі бойынша: адволарлы, арнайы, аралас;
- адволарлы – тауар бағасының пайызы бойынша;
- арнайы – белгіленген түрде тауар мөлшеріне қарай (1 тонна – 10 доллар)
- аралас – екеуі бірге жүреді (мыс: тауар құнының 20%, бірақ 1 тоннасына 10 доллардан аспайды). Жиі кездесетіні – адволарлы салықтар.
Қызмет бағыты бойынша баж салықтары:
- преференционалды – 1 тауар түрі бойынша немесе 1 елге қолайлы жағдай жасау мақсатында белгіленген мөлшерден төмен деңгейде салық салу;
- дискриминациялық баж салықтары – белгілі бір елге немесе тауар түріне қарсы қолайсыз жағдай тудыру мақсатында қолданылады;
- антидемпингтік салықтар – елдің территориясына арзан бағамен келген тауарларға салынады.
Сауда қызметі саласындағы қоғамдық қатынастар, оның мемлекеттік реттеу негізін ұйымдастыру және принциптері, бақал және көтерме саудалары, сыртқы және ішкі саудалары, жеңілдіктер «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңымен реттеледі. Қазақстан Республикасының Кеден Кодексіне сәйкес, тауарды әкелудің немесе әкетудің басты шарттарының бірі еліміздің кеден органдарымен төлем түрінде алынатын кедендік баж салығын төлеу болып табылады. Тарифті преференциялар– бұл Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттерге ұсынатын кеден баж салығынана босату үлгісінде немесе кеден баж салығының мөлшерін төмендету немесе тауарларды преференциялы әкелуіне жеңілдіктер орнату, сыртқы экономикадағы қызметке берілетін мүмкіндіктер.
12. Сыртқыэкономикалық қатынастарда тарифтік емес реттеу шараларының түрлерін сараптаңыз
Сыртқы сауданың тарифтік емес әдістері және оның негіздері түрлері.
«Мөлшерлік шектеулер» — сауда айналымын тарифтік емес реттеу формасы, ол белгілі бір уақыт аралығында экспорт пен импортқа рұқсат етілген тауарлардың саны мен номенклатурасын анықтайды.
Мөлшерлік шектеулер келесі формаларда болады: квоталау (контингенттеу), лицензиялау және экспортты «еркін» шектеу.
Квота немесе контингент — тауардың экспортын немесе импортын анықталған мөлшермен белгілі бір уақыт аралығында шектеудің мөлшерлік өлшемі.
Квоталар келесідей бөлінеді:
экспорттық
импорттық
глобальді
жекеше
Зерттеу барысында, протекционизмнің бұл түрінің артықшылығы жоқ, ал белгілі бір жағдайларда тарифке қарағанда нашар екендігі анықталды.
Еркін бәсеке жағдайында квоталарды енгізудің экономикалық нәтижесі баж салығын қолдану нәтижесіне ерекшеленбейді. Сондықтан квоталардың тарифтік эквиваленті туралы айтуға болады.
Бірақ, квота ішкі нарық монополизациясын жүргізгенде және оның икемсіз орналасуы орын алған жағдайда, ол экономикаға кеден тарифіне қарағанда, көбірек шығын әкеледі.
Мөлшерлік шектеулерді қолданудың ерекше жағдайы — бұл тарифтік квоталар. Олар елге енгізуге рұқсат алған тауарлардың көлемін қатаң түрде шектейді.
Тарифтік квоталар — белгілі уақыт кезеңінде, тарифтік бағаның ерекше, неғұрлым төмен ставкасымен елге енгізуге немесе шығаруға рұқсат алған тауарлардың мөлшерін бекіту.
Квоталау процесінің құрама бөлігі — лицензиялау. Лицензиялау — белгілі уақыт аралығында бекітілген мөлшермен тауарды елге енгізу немесе шығарудың мемлекетпен реттелетін рұқсат ету тәртібі.
Лицензияның бірнеше түрі бар:
І.Бір реттік лицензия — елге енгізуге немесе шығаруға 1 жыл мерзімге жазбаша түрде рұқсат ету, ол Үкіметпен нақты бір фирмаға, сыртқы сауда келісім шартын жүзеге асыру үшін беріледі.
2.Генералды лицензия — келісім шарт санына шектеу салынбайтын 1 жыл ішінде елге тауарды енгізуге немесе шығаруға рұқсат ету. Ол тауардың шектелмеген мөлшерін елге енгізуге құқық береді.
З.Глобалді лицензия — белгілі бір тауарды белгілі уақыт аралығында саны мен бағасын шектемей, әлемнің кез- келген еліне енгізуге рұқсат етеді.
Экспорттың «еркін» шектеулерінің мәні - қандай да бір тауарды, қандай да бір елге экспорттауды шектеу бойынша міндеттерді сауда әріптестерінің өз қарамағына алуына күштеу. Іс жүзінде мұндай экспорттық шектеулер еркін емес, керісінше міндетті болып табылады. Олар импорттаушы елдің саяси қысымы нәтижесінде, немесе неғұрлым қатаң протекционистик шараларды қолдану қаупінің әсерінен енгізіледі.
13. Сыртқы саудада валюталық реттеу жүйесін талдаңыз
ҚР сыртқы экономикалық қызметті валюталық реттеудің құқықтық негіздерін валюталық реттеу туралы заң және басқа нормативтік құқықтық актілер құрайды. Валюталық реттеуді орнықты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты қолдау мақсатында ҚР Ұлттық банкі, сондай-ақ жалпы құзыретті органдар жүзеге асырады. «Валюталық реттеу туралы» Заңның 13 бабына сәйкес, резиденттер арасындағы валюта операцияларына тыйым салынады, ал тыйым салынбайтын операциялар төмендегідей: Ø тараптардың біреуі ҚР Ұлттық Банкі және ҚР Қаржы министрілігі болып табылатын операциялар; Ø қызметкерлерді ҚР аумағынан тыс жерлерге іссапарларға жіберуге байланысты шығындарды төлеу; Ø жеке тұлғалардың басқа жеке тұлғалар пайдасына банк салымдарын салуы; Ø ҚР заң актілерінде қарастырылған жағдайларда салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге байланысты операциялар. Резиденттер төмендегілерді орындауға: Ø ҚР валюта заңына сәйкес, тараптардың келісімі бойынша резидент еместермен ұлттық және шетелдік валютада мәмілелер жасасуға; Ø Резидент еместермен жасалатын операциялар бойынша шетелдік валютамен вексельдер шығаруға құқылы. Резидент еместер: салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар, қарыз беру және валюталық реттеу туралы заңда көзделген тәртіпте резиденттермен жасалған басқа да валюталық операциялар бойынша шектеусіз дивидендтер, сыйақылар және басқадай табыстар алуға және аударуға құқылы. ҚР аумағында резидент еместермен валюта операциялары заң тәртібімен белгіленген талаптарды есепке ала отырып, шектеусіз жүзеге асырылады. Резиденттердің және резидент еместердің валюта операциялары бойынша төлемдері мен аударымдары уәкілетті банктердегі шоттар арқылы жүзеге асырылады. Жеке тұлғалар – резиденттер және резидент еместер ҚР қолма-қол шетел валютасын 10 мың АҚШ долларының балама сомасынан аспайтын мөлшерде, шығарылатын қолма-қол соманың шыққан тегін растайтын құжаттарсыз-ақ сыртқа әкете алады. 10 мың АҚШ долларының балама сомасынан асатын қолма-қол ақшаны сыртқа шығару үшін, ҚР кеден органдарына олардың шыққан тегінің заңдылығын растайтын құжаттар көрсетілуге тиіс. ҚР-ға жеке тұлғалар – резиденттер және резидент еместердің қолма-қол шетел валютасын және 3 мың АҚШ доллары баламасынан асатын ұлттық валютаны алып келу және сыртқа шығару – кіретін немесе шығатын қолма-қол шетел валютасының және ұлттық валютаның барлық сомасына ҚР кеден органында кеден мағлұмдамасын беру жолымен міндетті мағлұмдауға жатқызылады. ҚР-да нақты құны ұлттық және шетелдік валютамен белгіленген төлем құжаттарын (вексельдерді, чектерді, оның ішінде жол чектерін) кіргізу және одан шығару жазбаша мағлұмдауға жатпайды және шектеусіз жүзеге асырылады. |
14. ҚРда тарифтік емес шектеу түрлерін анықтаңыз
Тарифтік емес реттеу шаралары - тауарлар мен көлік кұралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкелуге тыйым салулар мен шектеулер, квоталау, лицензиялау, тауарлардың қауіпсіздігі бойынша стандарттар мен талаптарға (соның ішінде техникалық, фармакологиялық, санитарлық,ветеринариялық, фитосанитарлық, радиациялық, экологиялық, стандарттарға) сәйкестігін растау және Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінін нормативтік қаулыларымен белгіленетін өзге де талаптар.
Сыртқы сауда қызметінің тарифтік емес реттеу шараларына мыналар жатады:
1) жекелеген тауарларды шығаруға және (немесе) енгізуге тыйым салу;
2) жекелеген тауарларды шығаруға және (немесе) енгізуге сандық шектеулер;
3) жекелеген тауар түрлеріне экспортқа және (немесе) импортқа ерекше құқық беру;
4) сыртқы экономикалық сауда қызметі саласында лицензициялау;
5) жекелеген тауар түрлерінің экспорты және (немесе) импортын қадағалау;
6) халықаралық экономикалық санкцияларды орындауға қатысу;
7) техникалық, фармацевтикалық, санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық, экологиялық стандарттар, нормалар және талаптар, енгізілетін тауарлар сапасын бақылау.
Шетелдік мемлекетпен Қазақстан Республикасы мүддесін бұзатын шараларды қабылдауы жағдайында, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасы алдында халықаралық шартқа сәйкес қабылдаған міндетемелерін орындамау жағдайында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының мүддесін тиімді қорғау үшін қажетті шеңберде, Қазақстан Республикасымен ратификацияланған, халықаралық шартпен бекітілген кеңестер мен рәсімдерді өткеннен кейін, жауап шарасы ретінде сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу шарасын қолдануға құқылы.
Жекелеген тауарларды шығару және (немесе) енгізу тыйымдары Қазақстан Республикасы Үкіметімен келесі қажеттіліктерді ескере отырып енгізіледі:
1. құқықтық тәртіпті қадағалау;
2. адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау;
3. Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын сақтау;
4. заңсыз шығару және (немесе) енгізуден мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени байлықты қорғау;
5. ішкі өндіріс және тұтынуды бір уақытта шектеумен орны толтырылмайтын табиғи ресурстардың таусылуының алдын алу;
6. ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
7. халықаралық міндеттемелерді орындау;
8. елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жекелеген тауарларды шығару және (немесе) енгізудің сандық шектеулері Қазақстан Республикасы Үкіметімен келесі қажеттіліктерді ескере отырып енгізіледі:
1. ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2. халықаралық міндеттемелердің орындалуы;
3. ішкі нарықты қорғау;
4. отандық тауарларға қатысты басқа мемлекеттердің дискриминациялық шектеулерді қолдануына жауап ретінде шараны енгізу.
Жекелеген тауарларды шығару және (немесе) енгізудің сандық шектеулері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі және лицензиялау жолымен жүзеге асырылады.
Жекелеген тауарларды шығарудың тыйымдары мен сандық шектеулері Қазақстан Республикасының Үкіметімен ішкі нарық үшін айтарлықтай маңызды болып табылатын, азық-түлік немесе басқа тауарлардың ішкі нарығындағы өте қиын жағдайдағы жетіспеушіліктің алдын алу немесе азайту үшін енгізіледі.
Жекелеген тауар түрлерін экспорттау және (немесе) импортына ерекше құқық лицензиялау негізінде жүзеге асырылады.
Экспорт және (немесе) импортқа ерекше құқық берілетін, жекелеген тауар түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі.
Жекелеген тауарлар түрлері экспорты және (немесе) импортына ерекше құқық енгізілуіне қатысты, жекелеген тауарлар түрлерінің экспорты және (немесе) импортын жүзеге асыруға лицензиялар Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған, дискриминацияламау және адал коммерциялық тәжірибе қағидаты негізінде жекелеген тауар түрлері экспорты және (немесе) импорты бойынша операцияларды жүргізуге міндетті сауда қызметі субъектілеріне беріледі.
Жекелеген тауарлар түрлерінің экспорты және (немесе) импортын қадағалау рұқсат беру арқылы жүзеге асырылады.
4-бап
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына
және (немесе) импортына айрықша құқық
1. Сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беру жолымен шектеле алады.
2. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық лицензия негізінде жүзеге асырылады.
3. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылар кемсітпеушілік қағидатына сүйене отырып және тек коммерциялық ұмтылысты басшылыққа ала отырып, тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты және (немесе) импорты бойынша мәмілелер жасайды.
5-бап
Тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау
1. Тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау мынадай жағдайларда белгіленеді:
1) тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына уақытша сандық шектеулер енгізу;
2) мемлекеттің қауіпсіздігіне, азаматтардың өміріне немесе денсаулығына, жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік немесе муниципалдық мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлардың тіршілік етуіне және өсімдіктердің өсуіне қолайсыз әсер етуі мүмкін тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру тәртібін іске асыру;
3) тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық беру;
4) халықаралық міндеттемелерді орындау.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда атқарушы биліктің уәкілетті мемлекеттік органы беретін лицензия тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты және (немесе) импорты үшін негіз болып табылады.
3. Лицензияның болмауы кедендік органдардың тауарларды шығарудан бас тартуына негіз болып табылады.
4. Лицензиялау ережесі Тараптардың жекелеген келісімімен айқындалады.
6-бап
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортын
және (немесе) импортын қадағалау
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортын және (немесе) импортын қадағалау мынадай шарттарды сақтаған жағдайда тауарлардың экспортына және (немесе) импортына рұқсаттар беру арқылы жүзеге асырылады:
1) рұқсаттар алу рәсімі тауарлардың экспортын және (немесе) импортын шектемеу үшін барынша қарапайым болуы тиіс;
2) рұқсаттар атқарушы биліктің уәкілетті мемлекеттік органына ұсынылған жазбаша өтінім негізінде сыртқы сауда қызметінің кез келген қатысушыларына шектеусіз беріледі;
3) рұқсаттар беру туралы өтініш тауарларды кедендік ресімдегенге дейін жұмыс күндері берілуі мүмкін;
4) рұқсаттар беру мерзімі өтінішті берген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайды.
7-бап
Тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын және ұлттық
мүдделерді ескере отырып, енгізілетін шаралар
1. Тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын реттеу шаралары, егер бұл шаралар:
1) қоғамдық моральды немесе құқықтық тәртіпті сақтау үшін қажет;
2) азаматтардың өмірін немесе денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарлардың тіршілігін және өсімдіктердің өсуін қорғау үшін қажет;
3) алтын немесе күміс экспортына және (немесе) импортына қатысты;
4) мәдени құндылықтар мен мәдени мұраларды қорғау үшін қолданылатын;
5) орны толмайтын табиғи ресурстарды бітіруді болдырмау үшін қажет және орны толмайтын табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты ішкі өндіруді немесе тұтынуды шектеумен бірге жүргізілетін;
6) отандық материалдардың экспортын осындай материалдармен ішкі өңдеуші өнеркәсіпті жеткілікті санда осындай материалдарға ішкі баға үкімет жүзеге асырған тұрақтандыру жоспарының нәтижесіндегі әлемдік бағаға қарағанда неғұрлым төмен деңгейде тұрған кезеңдер ішінде қамтамасыз ету үшін шектеумен байланысты;
7) олардың жалпы немесе жергілікті тапшылығы жағдайында тауарларды сатып алу немесе тарату үшін қажет;
8) халықаралық міндеттемелерді орындау үшін қажет;
9) қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет;
10) кедендік заңнаманы қолдануға, қоршаған ортаны қорғауға, зияткерлік меншікті және өзге құқықтық актілерді қорғауға қатысты халықаралық міндеттемелерге қайшы келмейтін құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету үшін қажет болса енгізілуі мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шаралар, егер оларды жүзеге асыру тәсілі үшінші елдердің еркін немесе негізделмеген кемсітушілік құралы, сондай-ақ тауарлармен сыртқы сауданың жасырын шектеулері болып табылса қолданылмауы тиіс.
8-бап
Тауарлардың сыртқы саудасына тыйым салулар
мен шектеулердің ерекше түрлері
1. Тауарлардың сыртқы саудасы, қабылдануы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес халықаралық санкцияларда Тараптар мемлекеттерінің қатысуы үшін қажетті шаралармен, оның ішінде осы Келісімнің 3 және 4-баптарының ережелерінен алшақ шаралармен шектелуі мүмкін.
2. Сыртқы қаржылық жағдайды қорғау және төлемдік теңгерім тепе-теңдігін қолдау мақсатында тауарлардың сыртқы саудасын шектеу шаралары, оның ішінде осы Келісімнің 3 және 4-баптарының ережелерінен алшақ шаралар енгізілуі мүмкін.
9-бап
Бірыңғай кедендік аумағында тарифтік
емес реттеу шараларын қолдану
1. Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кедендік аумағына әкелуге және (немесе) оларды осы аумақтан әкетуге қатысты тарифтік емес реттеу шараларын қолдану туралы шешімді 2007 жылғы 6 қазанда Кедендік одақ комиссиясы туралы шартқа сәйкес құрылған Кедендік одақ комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) қабылдайды.
2. Тараптардың осы келісімде көзделген тарифтік емес реттеу шараларын қолдану туралы шешімдерді қабылдау жөніндегі өкілеттігі Комиссияға Тараптар мемлекеттері басшыларының шешімімен Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кедендік аумағын құрғанға дейін толық немесе ішінара берілуі мүмкін.
Бұл жағдайда Комиссияның тарифтік емес реттеу шараларын қолдану туралы шешімін Тараптар өз мемлекеттерінің кедендік аумағына тауарларды әкелуге және (немесе) оларды осы аумақтан әкетуге қатысты орындайды.
3. Айрықша жағдайларда Тараптар Комиссияға осы баптың 2-тармағында көзделген өкілеттіктерді бергеннен кейін немесе бірыңғай кедендік аумағын құрғаннан кейін бір жақты тәртіппен 6 айдан аспайтын мерзімге осы Келісімде көзделген тарифтік емес реттеу шараларын енгізе алады.
Осы тармаққа сәйкес тарифтік емес реттеу шараларын енгізуші Тарап, басқа Тараптармен ұқсас шараларды қолдану туралы мәселені Комиссияның қарауына енгізеді, сондай-ақ осы Тараптарға мұндай шараларды енгізу және қолдану туралы хабарлайды.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген шараларды қолданбайтын Тараптар үшінші елдерден осы шараларды қолданатын Тарап мемлекетінің кедендік аумағына тауарларды әкелуді не көрсетілген шаралардан сырт айналып үшінші елдерге тауарларды әкетуді болдырмау үшін қажетті күш қолданады.
5. Тарап осы баптың 3-тармағына сәйкес тарифтік емес реттеу шараларын үшінші елдерге отандық тауарларды әкетуге тыйым салу немесе шектеу түрінде енгізген жағдайда, көрсетілген шараларды қолданбайтын басқа Тараптар осы Тарап мемлекетінің атқарушы билік уәкілетті мемлекеттік органы берген лицензиясыз және (немесе) рұқсатсыз осы тауарларды әкетуге жол бермейді.
6. Осы баптың 3-тармағына сәйкес тарифтік емес реттеу шараларын қолданатын Тарап, басқа Тараптардың осы баптың 4 және 5-тармақтарының ережелерін орындауды қамтамасыз етуі үшін қажет күш-жігерді қабылдайды, оның ішінде оларға тауарларды берушілер, тауарлардың сәйкестендіру белгілері, оларды тасымалдаудың белгілі тәсілдері туралы мәліметтер, сондай-ақ оларға қатысты тарифтік емес реттеу шаралары енгізілген тауарларды анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты ұсынады.
7. Тараптардың қайсыбірінің мемлекеті атқарушы билік уәкілетті мемлекеттік органы берген лицензияларды және (немесе) рұқсаттарды Комиссия осы баптың 2-тармағында көзделген өкілеттіктерді бергеннен кейін Тараптардың барлық басқа мемлекеттері таниды және Тараптардың барлық мемлекеттерінде бірдей заңды күшке ие болады.
8. Бірыңғай кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын және ұлттық мүдделерге (7-бап) және тауарлардың сыртқы саудасы тыйымдарының және шектеулерінің ерекше түрлеріне (8-бап) сүйене отырып енгізілетін шараларды, оларды бір жақты тәртіпте қолдану жағдайларын қоса алғанда, қолдану тәртібі, сондай-ақ сыртқы сауданың өзге де тыйым салулары мен шектеулері және оларды қолдану тәртібі Тараптардың жекелеген келісімдерімен айқындалады.
15. ҚР заңнамасы бойынша салықтық реттеу мәселесін анықтаңыз
Барлық деңгейдегі бюджеттердің кіріс базасын қалыптастырудағы салықтардың рөлі басым болады. Сондықтан аумақтар бойынша және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында салықтық кірістерді бөлу механизмі арқылы салықтық реттеу бюджеттік жүйенің негізі болып табылады
Салықтық реттеу - бұл бюджетаралық қатынастарды реттеуді, шаруашылық жүргізуші субъектілерге салық ауыртпалығын жеңілдетуді, мемлекетгің салыктық кірістерін толық көлемде қамтамасыз етуді көздейтін салықтык механизмнің және мемлекеттік салықтык менеджмент өрісінің икемді элементгерінің бірі.
Cалықтық реттеу екі тұрғыдан қарастырылған: біріншіден, бюджетаралық қатынастарды реттеу кұралы ретінде; екіншіден, өнеркәсіп өндірісін ынталандырушы ретінде. Бюджетаралық қатынастарды реттеуде салықтар екі түрде қолданылуы мүмкін: 1) бөлу нормативтерін бекіту. Қазіргі уақытта бюджет кодексіне сәйкес, облыстық және аудандық (облыстык маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында кірістерді бөлу нормативтері қолданылады. 2) параллель салықтарды енгізу. Кейбір шетелдерде жергілікті бюджеттерге қосымша салықтар енгізу құқығы берілген, бірақ Қазақстанда мұндай практика қолданылмайды. Тек жер салығы бойынша ғана жергілікті өкілетті органдар Қазақстан Республикасының жер туралы заңында көрсетілетін жерлерді аймақтарға бөлу жобалары негізінде, жер салығының мөлшерлемелерін белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайыздан аспайтындай етіп төмендетуге немесе жоғарылатуға құкығы бар [3, 7б].
Өнеркәсіп өндірісін салықтар көмегімен реттеу әдістері негізінде салық мөлшерлемелері, салықтық жеңілдіктер, санкциялар қолданылады. Салық заңында салық мөлшерлемелеріне өзгерістер енгізе отырып, салық ауыртпалығын төмендетуге немесе жоғарылатуға болады. Салықтык реттеуде жеңілдіктерді қолдану әдісі шаруашылық жүргізуші субъектілерге, азаматтарға ынталандырушы әсерін тигізеді. Суретте керсетілген салықтық жеңілдіктер түрлері субъектілерге түсетін салык ауыртпалығын төмендетуге бағытталған.
Барлық деңгейдегі бюджеттердің кіріс базасын қалыптастырудағы салықтардың ролі басым болады. Сондықтан аумақтар бойынша және әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасында салықтык кірістерді бөлу механизмі бюджеттік жүйенің негізі болып табылады.
Бюджетаралық қатынастарды реттеу республика үшін өте күрделі, көкейкесті мәселеге айналды. Реттеуші салықтардан тұрақты нормативтерді бекіту өңірлер бюджеттерін негізді жоспарлаудың мәселесін шешпеді.
Осыған орай 2001 жылдың аяғында «Бюджет жүйесі туралы» заңға өзгерістер енгізіле бастады. Заң жобасы әр деңгейдегі бюджеттер арасында салықтык кірістерді бөлуді, сондай-ақ бюджетгік алулар мен субвенцияларды қайта қарастырып, түзетулер жасауға негізделді. Саяси түрғыдан өзгеріс кірістерді дұрыс саралап, жсргілікті бюджет тұрақтылығына әкелетін, биліктерді орталыктандырмау мәселесін шешуге мүдделі. Сонымен 2002 жылы бюджет жобасына сәйкес үкімет бюджет жүйесіне өзгерістер енгізген: заңды тұлғалардан табыс салығы толығымен республикалық бюджетке беріліп, акциздердің кейбір түрлері және қоршаған ортаны қорғаудан түсетін табыстар толығымен жергілікті бюджет кірістерінің көзі болды. Мұндай өзгеріс енгізудің негізгі себептері: корпорациялық табыс салығы әр түрлі өзгерістерге ұшырауға бейім болатындықтан, салықты толығымен республикалык деңгейге беру жолымен салықтық түсімдердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге болатындығымен; акциз сияқты мәселелі салықты әкімшіліктендіруді жергілікті деңгейде жүргізу тиімділігінен, акциздерді толығымен жсргілікті бюджетке қалдыру қажеттігі туатындығымен түсіндірілді.
Енгізілген өзгерістердін себептерін, олардың негізділігін тұжырымдайтын көзқарасты қарастыра келе, мынадай қайшылықтар туды:
-өзгеріс орталыктандырылмауды жүзеге асыру мақсатын көздеген. Бірақ мемлекеттік басқару деңгейлсрі арасында функциялардың накты шектелуі, жергілікті бюджеттің тұрақты кірістермен қамтамасыз етілуі, бюджеттердің қаржылық дербестігі сияқты мәселелелер толық қарастырылмайынша орталықтандырылмау мәселесі шешілмейді;
- заңды тұлғалардың табыс салығын бөлуден жергілікгі бюджетке түсімдер барлық салықтық түсімдердің 1/3 бөлігін құрады. Бұл түсімдер республикалық деңгейге берілсе облыстар ресми трансферттерді алуға мәжбүрлі болады, сондықтан дербестікке қол жсткізу мүмкін емес;
- толық дербестікке реттеуші салықтардан басым мелшерде бөлу жасағанда және үкімет облыстық бюджеттер тапшылығына бақылау жасамай, олардың табыстарына түзету енгізгенде кол жсткізуге болады;
- жергілікті бюджеттерге толығымен түсетін акциздер жергілікті бюджеттердің кіріс базасын нығайта алмайды. Сондықтан, жергілікті бюджеттер корпорациялық табыс салығы мен акциздер арасындағы айырмашылықтың орнын толтыратын соманы калыптастыруы қажет болады.
Аталып өткен өзгеріс орталық жәнс жергілікті бюджеттер арасындағы қарама-қарсы каражат ағынын күшейтті. Осы қаражат ағыны темендегі 2-суретте кескінделген.
Қазіргі бюджеттік мәселелерді шешу және деңгейаралық бюджеттік қаржылық ағындарды оңтайландыру үшін бюджеттік жүйенің барлық деңгейлеріне салықтардан бөлулер немесе салықтарды бекіту жүйесін жетілдіру қажет. Осы мәселені шешуге мүмкіндік жасайтын, салықтар тізімі белгілі және шектеулі. Басты мақсат - оларды бюджеттік жүйе деңгейлері арасында орынды бөлу.
Бюджет деңгейлері арасындағы қаражат ағыны өте жоғары. Жергілікті бюджеттерден корпорациялық табыс салығы, қосылған кұн салығы сияқты ірі салықтар толығымен республикалық бюджетке жіберіліп, мемлекеттік біоджеттегі салықтық түсімдердің едәуір бөлігін кұрайды. Ал жергілікті бюджеттер осы салықтардан елеулі үлесті жоғалтады. Аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржылық теңестірудің мемлекеттік құралы трансферттер болып табылады. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес бюджет субвенциялары мен бюджеттік алулар жалпы сипаттағы ресми трансферттер болып табылады. Жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін ресми трансферттер субвенциялар болып табылады. Ал төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін ресми трансферттер бюджеттік алулар болып табылады. Осы трансферттер көмегімен мемлекет жергілікті бюджеттердің корпорациялык табыс салығынан, қосылған құн салығынан жоғалтқан сомасының орнын толтыруға тырысқан, бірақ бұл жоғары дәрежедегі қаражат ағынына әкелген.
Қазіргі кезде осы мәселе төңірегіндегі пікірталастар үш бағытта болып отыр:
- салықтарды бюджеттік жүйенің қандай да бір деңгейіне бекіту немесе олардан бөлулердің мақсаттылығы;
- бюджеттік жүйенің әр түрлі деңгейлеріне салықтардан бөлулер мөлшері;
- "бір салық- бір бюджет" кағидаты бойынша бюджеттік жүйе деңгейлеріне салықтарды бекіту мақсаттылығы.
Бірақ біздің ойымызша, салықтарды бекіту жүйесінің негізін салушы қағидаттарды анықтамайынша, бюджеттік жүйенің әр түрлі деңгейлеріне салықтардан бөлулер және оларды бекітудің оңтайлы нұсқаларына қол жсткізу не практикалык, не теориялық тұрғыдан мүмкін емес. Қағидаттарды таңдау бюджеттік жүйе шешуге негізделген міндеттерге тәуелді.
Қазіргі салық жүйесінің жағдайын және бюджеттік жүйе алдындағы міндеттерді ескеріп, салықтарды бекіту және олардан бөлулер мынадай қағидаттар негізінде жүргізілуі қажет:
а) мемлекеттің баға және ақша-несие саясатына көп молшерде тәуелді, бірнеше жылдар қатарындағы түсу динамикасы олардың түрақсыздығын дәлелдейтін, салықтарды олардың аумақ экономикасына әсеріне қарай сараланған түрдегі нормативтср негізінде республикалык бюджетке және жергілікті бюджеттерге бөлу, ал неғүрлым тұрақты салықтарды жергілікті бюджеттерге бекіту қажет;
б) базасы елдің өңірлері бойынша әркелкі және тұрғындардың экономикалық белсенділігіне аз дәрежеде тәуелді салықтарды да жоғары бюджеттерге бекіту қажет (табиғи ресурстарға салықтар, акциздер және тағы басқа);
в) халықтың әл-ауқаттылығымен, оның кәсіпкерлік және еңбек белсенділігімен тікелей байланысты салықтарды жергілікті бюджетке аудару қажет.
Қандай да бір салық бекітілетін, бюджет деңгейін аныктау кезінде, өкіметтің кандай деңгейі салық жүйесін құрайтын элементтерді реттейтіндігін, яғни салық базасы құрылатын кызмет өрісін ескеру қажет.
Әлемдік тәжірибе жиналатын салықтарды бөлу проблемаларын шешудің үш жолын ұсынады: 1) салықтарды алу бойынша өкілеттілікті шектеу және оларды белгілі билік деңгейіне бекіту; 2) салық салу базасын бірігіп пайдалану; 3) салықтарды үлестік бөлу.
Салықтарды және салықтық өкілеттіктерді шектеу мәні, мемлекеттегі биліктің әрбір деңгейі өзінің салықтарын жинауға және тағайындауға толық құқық және жауапкершілік алатындығына негізделеді. Бұл кезде билік деңгейлеріне тиісті салықтарды алуға және пайдалануға ғана емес, сонымен қатар салықтар мөлшерлемелерін бекітуге және салық салу базасын аныктауға құқылы болады.
16. ҚР Салық Кодексі бойынша бирезиденттердің құқықтық жағдайларын анықтаңыз
Бейрезидент (ағылш. non-resident) — қызметті республикада жүзеге асырып, бірақ басқа елде тіркелген заңи тұлға;
Бейрезидент - қызметті бір елде жүзеге асыратын, бірақ басқа елде тұрақты тұратын жеке тұлға. Қазақстанда салық салу мақсатымен бейрезидент үшін ерекше ережелер белгіленген, атап айтқанда, бейрезидент республика ішінде көздерден алынған табыс үшін табыс салығын төлейді, сондай-ақ бейрезидент үшін табыс алу кезінде қатысу мен байланыстардың қажетті деңгейі деген ерекше ұғым енгізілген, осыған байланысты бейрезидент табысы: тұрақты мекеме арқылы алынған табыс, тұрақты мекеме құрмай алынған табыс түрлеріне бөлінеді.
Бейрезиденттер:
- резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар;
- қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес бейрезиденттер болып танылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар бейрезиденттер деп танылады.
Бейрезидент заңды тұлға өзінде Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі болған кезде, филиалын (өкілдігін) ашпастан және тиімді басқару орнын (нақты басқару органының орналасқан жерін) шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына ауыстыру туралы шешім қабылдамастан салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш бергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын заңды тұлғаға мұндай тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттерін беру туралы осы Кодекстің 562-бабы 1-1-тармағына сәйкес мұндай тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша хабарлауға міндетті. Көрсетілген бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесі салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде салық органына: 1) тіркеу есебінен алу туралы салықтық өтінішті; 2) таратудың салық есептілігін; 3) тапсыру актісін табыс етуге міндетті.
17. Қосалқы салығын СЭҚ маңыздылығын қарастырыныз.
Қосылған құнға салынатын салық, кейде қосылған құн салығы – жанама салық түрі, қосылған құнның мемлекеттік бюджетке аударылатын бөлігі, бюджеттің маңызды көздерінің бірі.[1] Кәсіпорын, бір жағынан, сатылған өнімдерден қосымша құн салығын алушы болса, екінші жағынан, жабдықтаушылардан өндіріс құралдарын сатып алушы ретінде Қосылған құн салығын төлеуші болып табылады. Қосылған құн салығын төлеушілер салық кодексінде белгіленеді. Мемлекеттік бюджетке төленетін Қосылған құн салығының көлемі өндірушінің сатқан тауары үшін есептелген салық пен жабдықтаушыларға шикізат, материалдар, отын мен энергия, т.б. өнімдер үшін төленген Қосылған құн салығының айырмасы негізінде есептеледі, яғни салық төлеушілер Қосылған құн салығын тауарларды өндіруге (жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге) жұмсалған материалдық шығынды шегере отырып есептейді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс Қосылған құн салығының сомасы, салық кодексіне сәйкес, салық салынатын айналым бойынша есептелген Қосылған құн салығының сомасы мен шегерімге жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Соңғы кездері Қазақстанның экономикалық даму үдерісін қамтамасыз ету мақсатында Қосылған құн салығының мөлшерін азайту шаралары іске асырылуда. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілер Қосылған құн салығын 12% мөлшерінде төлейтін болды.
Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жумыстарды қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін ьюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударым.
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынандай тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады.
Жеке кәсіпкерлер.
Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда).
Қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер.
Заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері.
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында импорттайтын тұлғалар.
Қосылған құн салығының негізгі салық салу объектілері:
1) салық салынатын айналым;
2) салық салынатын импорт.
18. Сыртқы экономикалық мәміленің анықтамасын берініз.
Сыртқыэкономикалық мәміле бұл халықаралық құқықтағы ең күрделі, ауқымды және маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Себебі, бұл кәсіпкерлік құқық аясында жүргізіледі және мемлекеттің экономикалық дамуына үлкен үлес қосады. Тағы бір айта кететін жайт ҚР-ның АК-нде керсетілген, көзделген шарттардың барлығын қамтиды. Осы себептен де сыртқыэкономикалық мәмілердің тиімділігі және маңыздылығы арта түседі. Бұл коллизиялық мәселенің өзі де қарастыруға тұрарлық мәселе деп түсінеміз. Сонымен қатар, коллизиялық мәселелер, яғни ережелер және оларды жою шаралары, сондай-ақ тараптардың еркіндік кағидасы және сол еркіндіктің Қазакстан Республикасының заңдарымен шектелуі, сонымен катар өзге елдердің құқығындағы сыртқыэкономикалық мәміленің коллизиялық ережелері қарастырылады. Сыртқыэкономикалық қызметтің ішіне мемлекеттердің сыртқы сауда қызметі, халықаралық инвестициялық, валюталық және қаржы, несие операциялары, өндірістік кооператив және де өзге де қызмет түрлері кіреді.
Сыртқы сауда қызметі Қазакстан Республикасының заңнамасы бойынша кәсіпкерлік қызмет ретінде танылады және ол халықаралық тауар, қызмет, жұмыс, интеллектуалдық қызмет нәтижелерін және оларға деген меншік кұқықтары алмасу түрінде жүзеге асырады.
Сыртқы сауда қызметінің субъектілері ретінде оның қазақстандық және шетелдік қатысушылары танылады. Сыртқы сауда қызметінің қазақстандық қатысушыларына Қазакстан Республикасынын заңдары негізінде құрылған және сол жерде тұрақты қызмет атқаратын жеке тұлғалар да жатады. Шетелдік қатысушылар ретінде шетел мемлекетінде тіркеліп құрылған және құқық қабілеттілігі және әрекет кабілеттілігі олар азаматы болып табылатын шетел мемлекетінің құқығымен анықталатын шетел азаматтары және құқық қабілеттілігі мен әрекет кабілеттілігі тұрғылықты жері бойынша анықталатын азаматтығы жоқ жеке тұлғалар танылады.
Сыртқыэкономикалық мәмілеге қатысты коллизиялық нормалар негізінен сыртқы саудаға қатысты зерттелді.
Сыртқы сауда ретінде ғылыми доктриналарда кем дегенде бір тарабы шетел азаматы немесе шетел заңды тұлғасы болып табылатын және тауарларды шекарадан алып өтуге немесе әкелуге байланысты мәмілелер танылады. Аталған анықтамадан біз сыртқы саудаға тән белгілерді көруімізге болады.
Олар: 1) тараптардың бірі шетел тұлғасы болып табылады және басқа мемлекетте орналасуы керек.
2) мәміленің пәні сыртқы саудаға байланысты операциялар болып табылады. Мысалы: тауар жеткізу, мүлік жалдау, жүк тасымалдау т.б.
Л.А. Лунц «Сыртқыэкономикалық мәміленін түрлері көбеюі, күрделенуі, өзгеруі мүмкін, осыған байланысты сыртқыэкономикалық мәміленің түсінігі тұрақты болуы қиын. Сондықтан, осы көбейтуді, күрделенуді, өзгерістерді қамтитын жалпы анықтама табу керек» деген. Біздің ойымызша, М.С Зыкин сыртқыэкономикалық мәмілеге ұтымды анықтама берген. Оның ойынша, сыртқыэкономикалық мәміле дегеніміз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында екі мемлекетке орналасқан тұлғалар немесе коммерциялық кәсіпорындар арасында жасалатын шарттар болып табылады. Бұл анықтама сыртқыэкономикалық мәмілеге жалпы мінездеме береді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1113-бабының мазмұнынан біз сыртқыэкономикалық мәміленің түрлерін көре аламыз. Олар: сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, мүлікті жалға беру шарты, мүлікті тегін пайдалану шарты, мердігерлік шарты, тасымалдау шарты, көлік экспедициясы шарты, карыз немесе өзге де несие шарты, тапсырма шарты, комиссия шарты, сақтау шарты, сақтандыру шарты, кепілге алу шарты, айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық, шарттар. Бұл шарттар сыртқыэкономикалық мәмілені білдіре алады, егер олар мәміле жасасушы тараптар екі мемлекетте орналасса. Сыртқыэкономикалық мәміленің жоғарыда көрсетілген түрлері нақты деп айтуға болмайды, олардың қатары өзгеруі мүмкін.
Енді осы шарттардың маңыздыларына тоқталсақ: Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттеңді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндеттеңді.
Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйға алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттенеді, не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады, не босатуға міндеттенеді.
Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптың (жүк жөнелтушінің) сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетгі адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге міндеттенеді.
Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекеніне, ал жолаушы теңдеме жүкті апаратын мекенге жеткізуді және оны теңдеме жүкті алуға құқық берілген адамға беруге міндеттенеді; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгін тапсырған кезде - теңдеме жүгін алып баруға ақы төлеуге міндеттенеді.
Енді сыртқыэкономикалық мәмілелерді ішкі мәмілелерден ажырата білу ерекшеліктеріне келсек, олар мыналар:
1. Тараптардың коммерциялық кәсіпорындары міндетгі түрде екі мемлекетке орналасуы керек.
2.
Олардың екі құқықтық жүйесі болуы керек.
3.
Сатып алу-сату шартына байланысты тауарлар бір мемлекеттен екінші мемлекетке ауысқан жағдайда олар міндетті түрде шекараны кесіп өтуі керек.
4.
Тараптар арасында дау туындаған жағдайда тараптардың өздері келісім бойынша қай елде, қандай процедура бойынша және кандай тілде карастыруға болатынын өздері шешеді.
