- •М.Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті ______________________________________________ кафедрасы
- •Тест тапсырмасы
- •115.А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегі қай жылы басылып шықты
- •Тест тапсырмасын құрастырған ____________________ _________________________
- •Кафедра меңгерушісі ____________________ _________________________
- •Бөм сектор жетекшісі ____________________ _________________________
СМЖ-нің құжаты |
Н 11/13.46-2016 |
|
Тест тапсырмасы |
Баспа 6 |
|
Енгізу күні 25.08.2016 |
М.Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті ______________________________________________ кафедрасы
/кафедра атауы/
Тест тапсырмасы
Алаш әдебиеті пәнінен
____________курс ____________________________мамандығы бойынша білім алушылар үшін
1.Үзінді Шәкәрімнің қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.
Кел, жастар, біз біртүрлі жол табалық,
Арам айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік,
Бір білімді данышпан жан табалық
А) «Жастарға»
В) «Насихат»
С) «Дүние мен өмір»
Д) «Торелерге»
Е) «Өсиет өлеңдері»
2.Ш.Құдайбердіұлының ақындық позициясы қай өлеңінде айқын көрінеді
А) «Ашу мен ынсап»
В) «Жастарға»
С) «Кәрілік туралы»
Д) «Талап пен ақыл»
Е) «Дүние мен өмір»
3.Әлихан Бөкейханов қай ақынды зерттеді
А) Абай
В) Шәкәрім
С) Мағжан
Д) Бейімбет
Е) Ахмет
4. А.Байтұрсыновтың қазақ әліпбиін қарастырған еңбегі
А) Тіл құралы
В) Шежіре
С) Қазақ әліпбиі
Д) Ақындарға
Е) Айтпағымыз
5. «Біздің заманымыз – жазу заманы, жазумен сөйлесу, ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» деген пікірді кім айтқан
А) А.Байтұрсынов
В) Ж.Аймауытов
С) С.Торайғыров
Д) М.Дулатов
Е) І.Жансүгіров
6.1913-1918 ж.ж аралығында «Қазақ» газетінің редакторы кім болған
А) А.Байтұрсынов
В) С.Сейфуллин
С) М.Дулатов
Д) І.Жансүгіров
Е) С.Торайғыров
7. А.Байтұрсынов «Қырық мысалды» кімнен аударды
А) И.Крылов
В) Л.Толстой
С) А.Пушкин
Д) М.Горький
Е) Н.Некрасов
8. «Қырық мысал» жинағы қай мысалдан басталған
А) «Аққу, шортан һәм шаян»
В) «Шымшық пен көгершін»
С) «Маймыл»
Д) «Жүргіншілер мен иттер»
Е) «Өгіз бен бақа»
9. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегі қай жылы басылып шықты
А) 1926
В) 1924
С) 1932
Д) 1922
Е) 1931
10.М.Дулатовтың ел тағдырын ойлап жазған өлеңі
А) Елім-ай
В) Сағыну
С) Жастарға
Д) Қиял
Е) Термеге
11. М.Дулатовтың «Оян қазақ!» өлеңдер жинағы қай баспадан жарық көрді
А) Шарқ
В) Қазақ
С) Айқап
Д) Қазан
Е) Серке
12. «Біздің арамызда қазақша бірінші роман жазған М.Дулатов болды», - деп алғаш пікір айтқан қай жазушы
А) А.Байтұрсынов
В) С.Сейфуллин
С) М.Дулатов
Д) І.Жансүгіров
Е) С.Торайғыров
13. «Бақытсыз Жамал» романындағы Жамалдың сүйген жігіті
А) Ғали
В) Ахмет
С) Асқар
Д) Кебек
Е) Әзім
14. «Бақытсыз Жамал» романы қанша бөлімнен тұрады
А) 13
В) 15
С) 19
Д) 10
Е) 12
15.М.Дулатовтың «Азамат» өлеңдер жинағы қай жылы шықты
А) 1913
В) 1910
С) 1915
Д) 1911
Е) 1905
16. М.Дулатовтың «Терме» өлеңдер жинағы қай жылы шықты
А) 1915
В) 1911
С) 1913
Д) 1910
Е) 1912
17. «Алаш» партиясы программасын жасаушылардың бірегейі
А) Ә.Бөкейханов
В) Б.Майлин
С) С.Сейфуллин
Д) М.Жұмабаев
Е) М.Дулатов
18. 1906 ж. Омбыда шыққан кадеттік «Голос степи», «Омиш» және «Иртыш» газеттерінде редактор қызметін атқарған кім
А) Ә.Бөкейханов
В) С.Торайғыров
С) М.Жұмабаев
Д) А.Байтұрсынов
Е) І.Жансүгіров
19. Ә.Бөкейхан қаламынан туған географиялық , этнографиялық зерттеудің бірі қалай аталады
А) «Адай уезінің қазақтары»
В) «Дума һәм қазақ»
С) «Мұсылман сьезі»
Д) «Қарақыпшақ Қобыланды»
Е) «Вандер Бильдт»
20. 1908 ж. «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редактор болған кім
А) Ә.Бөкейханов
В) С.Торайғыров
С) М.Жұмабаев
Д) А.Байтұрсынов
Е) І.Жансүгіров
21.Ш.Құдайбердіұлының дастанын көрсет
А) Нартайлақ пен Айсұлу
В) Сұлушаш
С) Медғат-Қасым
Д) Батыр Баян
Е) Көкшетау
22. Ж.Аймауытовтың ең алғашқы өлеңі
А) Ұршық
В) Халқыма
С) Қазағым
Д) Алашқа
Е) Жұмбақ
23. Ш.Құдайбердіұлының прозалық шығармасы
А) Әділ-Мария
В) Шолпанның күнесі
С) «Ләйлі-Мәжнүн»
Д) Бақытсыз жамал
Е) Гималай
24. Ш.Құдайбердіұлы қай жылдары Меккеге қажылыққа барды
А) 1905-1906
В) 1902-1903
С) 1907-1908
Д) 1900-1901
Е) 1903-1904
25. Ш.Құдайбердіұлы қай жылы «Түркі, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбекті жазды
А) 1911
В) 1913
С) 1910
Д) 1905
Е) 1908
26. «Қазақ айнасы» атты жинақтың авторы кім
А) Ш.Құдайбердіұлы
В) С.Торайғыров
С) М.Жұмабаев
Д) А.Байтұрсынов
Е) І.Жансүгіров
27. Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңін анықтаңыз
А) Мен кетемін
В) Мен- қазақпын
С) Анама хат
Д) Шығамын тірі болсам, адам болып
Е) Әсемпаз болма әрнеге
28. Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбек тақырыбындағы өлеңін белгілеңіз
А) Адамдық борышың
В) Шын сырым
С) Ескі ақындық
Д) Жастық туралы
Е) Анық асық – әулие
29. Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмасын белгілеңіз
А) Ләйлі – Мәжнүн
В) Ертегі
С) Адасқан өмір
Д) Кедей
Е) Райымбек, Райымбек
30. Ахмет Байтұрсынов 1913-1918 жылдар аралығында редактор болған газет атауы
А) Қазақ
В) Айқап
С) Ана тілі
Д) Ақжол
Е) Еңбекші
31.А.Байтұрсыновтың мысалдарындағы аллегория қай шығармада көрсетілген
А) Өгіз бен бақа
В)Туысыма
С) Досыма хат
Д) Жұртыма
Е) Жиған – терген
31.А. Байтұрсыновтың «Маса» қітабына енген өлеңін анықтаңыз
А) Анама хат
В) Қара бұлт
С) Қайыршы мен қыдыр
Д) Қайырымды түлкі
Е) Ала қойлар
32. Жүсіпбектің дәуірдің тыныс-тірлігін, өмір шындығын анықтайтын өлеңін белгілеңіз
А) Ұршық
В) Жас көсемдер маршы
С) Кеш
Д) Жас әскер
Е) Жамал
33. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңінің авторын анықтаңыз
А) Міржақып Дулатов
В) Олжас Сүлейменов
С) Сәбит Дөнентаев
Д) Мағжан Жұмабаев
Е) Ілияс Жансүгіров
34. Мағжанның махаббат тақырыбындағы өлеңін табыңыз
А) Сүй, жан сәулем
В) Жазғы жолда
С) Сағындым
Д) Өткен күн
Е) Сырым
35. Маса болып ызыңдап, халқын оятуды мақсат еткен ақынды көрсетіңіз
А) Ахмет
В) Абай
С) Шоқан
Д) Міржақып
Е) Ыбырай
36.«Айтыс» поэмасының авторы
А) Сұлтанмахмұт
В) Ахмет
С) Абай
Д) Міржақып
Е) Ыбырай
37.М.Жұмабаевтың тұңғыш жинағы қай жылы басылып шыққанын көрсетіңіз
А) 1912ж
В) 1914ж
С) 1913ж
Д) 1915ж
Е) 1917ж
38. С. Торайғыровтың романын белгілеңіз
А) Қамар сұлу
В) Қалың мал
С) Бақытсыз Жамал
Д) Ұлпан
Е) Ендігі беталыс
39. С.Торайғыровтың өлеңмен жазылған романын белгілеңіз
А) Кім жазықты
В) Қалың мал
С) Қамар сұлу
Д) Бақытсыз Жамал
Е) Ұлпан
40. Шәкәрімнің «Қалқаман - Мамыр» поэмасындағы кейіпкерді анықтаңыз
А) Көкенай
В) Матай
С) Еңлік
Д) Тоқтамыс
Е) Кебек
41. С. Торайғыровтың аяқталмаған поэмасын белгілеңіз
А) Айтыс
В) Кедей
С) Адасқан өмір
Д) Тұрмысқа
Е) Шәкірт ойы
42. Шәкәрімнің сөзін де, әнін де өзі шығарған туындысын табыңыз
А) Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек
В) Атадан қалған ақсауыт
С) Жастық туралы
Д) Жолама, кулар, маңайға
Е) Кәрілік туралы
43.С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Қамардың ұзатылатын күйеуі
А) Жорға Нұрым
В) Ахмет
С) Қамар
Д) Итбай
Е) Жамал
44. Сәкен Сейфуллиннің туындысын анықтаңыз
А) Альбатрос
В) Ескендір
С) Тұрмысқа
Д) Батыр Баян
Е) Дастан
45. Сәкен Сейфуллиннің алғашқы өлеңдер жинағы қандай атпен басылғанын анықтаңыз
А) Өткен күндер
В) Азамат
С) Маса
Д) Оян, қазақ
Е) Уақ - -түйек
46. Сәкеннің халықты өнер, білім үйретуге шақырған өлеңін анықтаңыз
А) Қазақ сабағы
В) Қырдан
С) Тұлпарым
Д) Қамыққан көңілге
Е) Кел, жігіттер
47. «Жайлауға көшу» , «Сыр сандық» өлендерінің авторын белгілеңіз
А) С. Сейфуллин
В) Ш. Құдайбердиев
С) М. Әуезов
Д) Б. Майлин
Е) І.Жансүгіров
48. С.Сейфуллин туралы поэма жазған автор
А) Ғ.Мүсірепов
В) С.Жүнісов
С) Т.Жароков
Д) С.Мұқанов
Е) З.Шашкин
49. І.Жансүгіровтің өлеңін белгілеңіз
А) Гималай
В) Құлагер
С) Сыр сандық
Д) Көкшетау
Е) Жайлауға көшу
50. «Еңлік-Кебек» дастаны қай баспадан шықты
А) Жәрдем
В) Қазан
С) Тройцк
Д) Алаш
Е) Қазақ
51. А.Байтұрсынов туралы Ә.Мәметованың қай мақаласында айтылды?
А) Көркем әдебиет туралы
В) Қазақ қалпы
С) Жетісу суреттері
Д) Жетісу ақындары
Е) Шешендік сырлар
52.Х.Досмұхамедұлы қай жылы дүниеге келді
А) 1883ж
В) 1885ж
С) 1880ж
Д) 1881ж
Е) 1890ж
53.1991 жылы шыққан «Аламан» атты жинақтың авторы кім
А) Х.Досмұхамедұлы
В) Ш. Құдайбердиев
С) М. Әуезов
Д) Б. Майлин
Е) І.Жансүгіров
54.Қазақстанда қай облыстағы университетке Х.Досмұхамедұлының аты берілді
А) Атырау
В) Алматы
С) Ақтөбе
Д) Астана
Е) Көкшетау
55.М.Қалтаевтың шығармашылығына тән еркшеліктер
А) адамгершілік
В) жақсылық
С) ізгілік
Д) жамандық
Е) батырлық
56. Мен – балаң жарық күннен сәуле қуған, Алуға күнді барып, белді буған Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін, Болмасам толған айдай балқып туған – атты өлеңнің авторы кім
А) С.Торайғыров
В) Ш. Құдайбердиев
С) М. Әуезов
Д) Б. Майлин
Е) І.Жансүгіров
57. «Шығамын тірі болсам, адам болып» атты өлеңнің авторы
А) С.Торайғыров
В) І.Жансүгіров
С) М. Әуезов
Д) Ш. Құдайбердиев
Е) М.Жұмабаев
58.С.Торайғыровтың ағартушылық тақырыбындағы жазған өлеңі
А) Шәкірт ойы
В) Кеш
С) Түсімде
Д) Ана
Е) Жұртын сүйген жүрек
59. С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» атты өлеңі қай жылы жарық көрді
А) 1917ж
В) 1918ж
С) 1914ж
Д) 1919ж
Е) 1920ж
60. «Бір адамға» атты өлеңнің авторы
А) С.Торайғыров
В) І.Жансүгіров
С) М. Әуезов
Д) Ш. Құдайбердиев
Е) М.Жұмабаев
61.С.Торайғыровтың шығармашылығын зерттеуге жарты ғұмырын арнаған профессор
А) Б.Кенжебаев
В) М.Қаратаев
С) А.Нұрқатов
Д) С.Қирабаев
Е) Б.Шалабаев
62. С.Торайғыров қай облыста дүниеге келген
А) Көкшетау
В) Тараз
С) Қарағанды
Д) Атырау
Е) Орал
63. «Кедейлік», «Байлық», «Соқыр сопы» атты өлеңдердің авторы
А) С.Торайғыров
В) С.Қирабаев
С) М. Әуезов
Д) Ш.Құдайбердиев
Е) М.Жұмабаев
64. Жан қайда әділетті іздейтұғын, Адамшылық атақты көздейтұғын Тірлікпен өлген күнді бердей ойлап, Арамдық теңізінде жүзбейтұғын. – атты өлеңнің авторы
А) С.Торайғыров
В) М.Жұмабаев
С) І.Жансүгіров
Д) Ш.Құдайбердіұлы
Е) М.Әуезов
65.С.Торайғыровтың шығармашылығының соңғы кезеңі қай жылдар аралығын қамтиды
А) 1917-1920ж
В) 1915-1918ж
С) 1913-1916ж
Д) 1911-1914ж
Е) 1910-1912ж
66. (1917—1920) — 1917 ж. «Алаш» партиясы құрылды.Оның төрағасы кім болды?
А) Ә.Бөкейхан
В) Х.Досмұхамедұлы
С) М.Сералин
Д) К.Төгісов
Е) М.Дулатов
67. «Сұлтанмахмұт поэмалары өз тұсындағы қазақ әдебиетінде мазмұн, идея жағынан болсын зор жаңалық», - деп пікір білдірген ғалым
А) Б.Кенжебаев
В) С.Қирабаев
С) М.Қаратаев
Д) А.Нұрқатов
Е) Б.Шалабаев
68. 1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл сьезде неше мәселе қаралды?
А) 14
В) 15
С) 20
Д) 10
Е) 12
69. Алаш партиясы бағдарламасының жобасы қай газетте жарық көрді?
А) Қазақ
В) Бірлік
С) Ақ жол
Д) Тіршілік
Е) Сарыарқа
70. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда не мәселе сөз болды?
А) Ғылым-білім үйрету
В) Жер мәселесі
С) Шекара мәселесі
Д) Партия мәселесі
Е) Сьезд шақыру
71. Үзінді Ш.Құдайбердіұлының қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз,Сабыр, сақтық, ой талап болмаған жан,Анық төмен болмай ма хайуаннан,Ынсап, рахым,мар, ұят табылмаса,Өлген артық дүниені былғаған
А) «Талап пен ақыл»
В) «Анық асық – әулие»
С) «Ескі ақындық»
Д) «Жастық туралы»
Е) «Шын сырым»
72. Қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..қай сьезде қаралды?
А) Екінші жалпықазақ сьезі
В) Мұсылмандар сьезі
С) Түрікшілдер сьезі
Д) Отырар сьезі
Е) Республикалық сьезі
73. Қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін кім тілге тиек етті?
А) М.Дулатов
В) Ә.Бөкейхан
С) М.Сералин
Д) К.Төгісов
Е) М.Жұмабаев
74. Алаш қозғалысының басты мақсаты
А) қазақ елінің өзін-өзі басқару
В) отарлау саясаты
С) газет шығару
Д) ел бірлігі
Е) өзге елге қосылу
75. Алаш қозғалысының негізгі бағдарламалық құжаты
А) Қарқаралы хұзырхаты (петициясы)
В) «Мұсылмандық шарты»
С) «Түрік хандар шежіресі»
Д) «Бесеудің хаты»
Е) «Үштік одақ»
76. «Жергілікті шаруаларға беру керек» ұранын көтерген:
А) «Жас арбакештер»
В) «Мұсылмандар одағы»
С) «Эсер ұйымы»
Д) «Кадет ұйымы»
Е) «Үштік одақ»
77.Уақытша өкімет қайсы әлеуметтік топтың мүддесін қорғады?
А) шаруалар
В) солдаттар
С) буржуазия
Д) жұмысшылар
Е) эсерлер
78. «Түркістан федералистер партиясы» қашан құрылды?
А) 1917 ж, сәуір
В) 1917 ж, қараша
С) 1917 ж, қазан
Д) 1917 ж, мамыр
Е) 1917 ж, шілде
79.Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер еткен кім, табыңыз
А) Абай Құнанбаев
В) Шоқан Уәлиханов
С) Сәбит Мұқанов
Д) Ғабит Мүсірепов
Е) І.Жансүгіров
80.Қай бағыт ХХ ғ. басында болды
А) ағартушы-демократтық бағыт
В) діни-ағартушылық бағыт
С) ағртушы ақын-жазушылар
Д) буржуазияшыл-ұлтшыл ақын-жазушылар
Е) түрікшілдік бағыт
81.Ә.Бөкейханның маңызы зор айрықша зерттеуі
А) «Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры және мәдени өркені»
В) «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан»
С) «Қазақжыры Қобыландыдағы әйел бейнесі»
Д) «Қазақ қалпымыз»
Е) «Роман жарысы туралы»
82. «Алаш» саяси партиясын құру және оның бағдарламасын жасау мәселесі қашан көтерілді?
А) 1905 ж 5-7 қаңтар, Верный уездік сьезі
В) 1917 ж сәуір, Жетісу облыстық сьезі
С) 1917 ж 21-26 шілде,Орынбор жалпы қазақ сьезі
Д) 1917 ж 17-20 қыркүйек, Түркістан мұсылмандар сьезі
Е) 1917 ж 14-16 мамыр, Семей мұсылмандар сьезі
83. «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» қай жерде құрылды?
А) Әулиеата мен Меркіде
В) Верный мен Омбыда
С) Перовск мен Қостанайда
Д) Ақтөбе мен Оралда
Е) Семей мен Оралда
84. Ж.Аймауытовтың ең үздік драмалық шығармасының атын көрсетіңіз
А) «Шернияз»
В) «Ақбілек»
С) «Қартқожа»
Д) «Күнікейдің жазығы»
Е) «Терме»
85. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы жарының есімін табыңыз
А) Балташ
В) Төлеген
С) Ескендр
Д) Мамырбай
Е) Жорғабек
86. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы басты кейіпкердің орыстың ақ әскерлерінің қолына түсуіне кінәлі адамды табыңыз
А) Мұқаш
В) Ескендр
С) Жорғабек
Д) Балташ
Е) Төлеген
87. Ж.Аймауытовтың «Жасасын бостандық!», «Жасасын әйел теңдігі!» деген сөздермен аяқталатын пьесасын белгілеңіз
А) «Қанапия-Шәрбану»
В) «Ақбілек»
С) «Күнікейдің жазығы»
Д) «Терме»
Е) «Шернияз»
88. Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы батыр әрі әнші жігітті табыңыз
А) Дәрмен
В) Тұңғышбай
С) Жұман
Д) Иманқұл
Е) Тұрмағанбет
89. Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы Қартқожаның ағасын табыңыз
А) Тұңғышбай
В) Дәрмен
С) Жұман
Д) Иманқұл
Е) Тұрмағанбет
90. Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романының шыққан жылын көрсетіңіз
А) 1926ж
В) 1924ж
С) 1930ж
Д) 1932ж
Е) 1922ж
91. Ж.Аймауытовтың «Психология» еңбегінде адам мінездерін неше топқа бөлетінін көрсетіңіз
А) 8
В) 5
С) 3
Д) 9
Е) 7
92. Ж.Аймауытов «Шернияз» драмасы қай ақынға арналғанын анықтаңыз
А) С.Торайғыров
В) І.Жансүгіров
С) М.Жұмабаев
Д) С.Сейфуллин
Е) А.Байтұрсынов
93. Ж.Аймауытовтың 20-жылдардағы пьесалар бәйгесінде бірінші орын алған шығармасын табыңыз
А) «Шернияз»
В) «Қанапия-Шәрбану»
С) «Ақбілек»
Д) «Күнікейдің жазығы»
Е) «Терме»
94. Ж.Аймауытовтың қымыз сататын үйді (адамдарын, киімін,мінез құлықтарын, үй ішінің жиһазын,ыдыс-аяқтарын) суреттеген шығармасын табыңыз
А) «Әнші»
В) «Мансапқорлар»
С) «Рабиға»
Д) «Сылаң қыз»
Е) «Нұр күйі»
95. Ж.Аймауытовтың тарихи тұлғалардың өмірінен дерек беретін туындысын көрсетіңіз
А) «Қартқожа»
В) «Күнікейдің жазығы»
С) «Қанапия-Шәрбану»
Д) «Мансапқорлар»
Е) «Шернияз»
96.М.Қалтаевтың отаршылдыққа қарсы жазған кітабы
А) Насихат қазақия
В) Шүкір етейік
С) Рухшылдық
Д) Қазақ қалпы
Е) Қыр қазағы
97. С.Торайғыровтың аяқталмай қалған шығармасы
А) «Айтыс»
В) «Арыным»
С) «Тілек»
Д) «Арман»
Е) «Жастар»
98. С.Торайғыровтың Жақып Ақбаев сынды тарихи тұлғаны арқау еткен поэмасы
А) Таныстыру
В) Айтысу
С) Қазақтар
Д) Алаш ұлы
Е) Азамат
99. Семейде «Алаш» партиясы құрылғанда ұйымдастырушылық,іскерлік қабілетімен көзге түскен адам
А) Халел Ғаббасұлы
В) М.Қалтаев
С) С.Сейфуллин
Д) М.Жұмабаев
Е) С.Мұқанов
100. С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасында қандай зиялыларға айрықша көңіл бөлінді?
А) Ә.Ермеков, Халел Ғаббасұлы
В) М.Қалтаев, Шәкәрім
С) С.Сейфуллин, Абай
Д) М.Жұмабаев, Міржақып
Е) С.Мұқанов, М.Дулатов
101.М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы Жамалдың сүйген жігітін табыңыз
А) Ғали
В) Дүйсебек
С) Байжан
Д) Жүніс
Е) Нұрмаш
102. М.Дулатовтың пьесасын табыңыз
А) «Балқия»
В) «Қирағат»
С) «Есеп құралы»
Д) « Терме»
Е) «Нұрмаш»
103. М.Дулатовтың 1909 жылы Уфа қаласында басылып шыққан кітабын табыңыз
А) «Оян, қазақ»
В) «Балқия»
С) «Бұлт»
Д) «Бұлақ бойында»
Е) «Арыным»
104.М.Жұмабаевтың «Б.Баян» поэмасы қандай шығарма
А) әрі романтикалық, әрі реалистік
В) трагедиялық
С) сатиралық
Д) юморлық
Е) реалистік
105. М.Жұмабаев «Ертегі» поэмасының бас қаһарманы кім?
А) Сыздық
В) Ертөстік
С) Қамбар
Д) Қобылан
Е) Кенесары
106.Б.Күлеевтің өткен тарихқа шолу жасаған шығармасы
А) Жорық
В) «Қирағат»
С) «Есеп құралы»
Д) « Терме»
Е) «Нұрмаш»
107.Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» поэмасы арқылы қазақ поэмасын қандай дәрежеге көтерді?
А) психологиялық поэма
В) прозалық поэма
С) реалистік поэма
Д) романтикалық поэма
Е) модернистік поэма
108.ХХ ғ. басындағы азаттық идеяны арқау еткен М.Сералиннің поэмасы
А) «Топжарған»
В) «Қыз көрелік»
С) «Омар»
Д) «Экспресс»
Е) «Қызыл ат»
109. «Топжарған» поэмасындағы басты кейіпкер
А) Адай жігіті
В) Наурызбай
С) Сыздық
Д) Кенесары
Е) Сауран
110.Қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман
А) «Бақытсыз Жамал»
В) «Бандыны қуған Хамит»
С) «Екі кездесу»
Д) «Тау ішінде»
Е) «Бақыт жолына»
111.М.Дулатовтың тұңғыш романына А.Байтұрсынов 1914 ж қандай мақала жариялады?
А) «Роман не нәрсе?»
В) «Повесть бар ма?»
С) «Психология»
Д) «Романтизм»
Е) «Трагизм»
112.Сылдыр-сылдыр сылдырлап,Бірінің сырын бірі ұрлапТолқынды толқын қуады,Жарына бал береді,Береді де өледі,Өледі толқын өледі. Үзінді қай ақынның өлеңінен алынғанын анықтаңыз
А) М.Жұмабаев
В) С.Сейфуллин
С) І.Жансүгіров
Д) С.Торайғыров
Е) М.Дулатов
113.М.Дулатов бірнеше арнау өлеңдерінде кімнің поэтикалық бейнесін жасауға ұмтылғанын табыңыз
А) Ә.Бөкейханов
В) І.Жансүгіров
С) С.Торайғыров
Д) С.Сейфуллин
Е) М.Жұмабаев
114. М.Дулатов «Қазақ» газетінде кіммен бірге қызмет атқарғандығын табыңыз
А) А.Байтұрсынов
В) Ә.Бөкейханов
С) М.Жұмабаев
Д) С.Торайғыров
Е) С.Сейфуллин
