Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сессия менеджмент.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.46 Кб
Скачать

27. Ұйымдастыруға басқару функциясы ретінде сипаттама беріңіз. Делегирлеу, өкілеттілік және жауапкершілік түсініктерінің мәнін ашып, өзара байланысын анықтаңыз

Ұйымдастыру – бұл кәсіпорын құрлымын құру процесі, оның өзі адамдардың өз мақсатына жетуі үшін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.. Мұнда ұйымдастырудың екі аспектісін атап өту қажет. Бірінші және ең маңызды аспект — жоғары және төменгі деңгейлерді байланыстырып, тапсырмаларды үлестіріп және үйлестіруін қамтуға мүмкіндік туғызатын өкілеттіктер, өзара қатынасы. Екінші және ең белгілі аспект — ұйымды мақсаттар мен стратегияларға сәйкес бөлімшелерге бөлу.

Өкілеттер дегеніміз ұйымның ресурстарын қолдануда және оның кейбір қызметкерлерін белгілі бір тапсырма орындауға бағыттауға берілген шектелген құқығы болыл табылады

Табыстау (делегирование) дегеніміз — белгілі бір адамға тапсырма мен өкілеттер беріледі де, ол адам оны орындауға жауапты болады. Табыстау маңыздылығы ұйымның мақсатына жету үшін орындауға тиіс тапсырмаларды қызметкерлер арасында тарату құралы болуында жатыр.

Жауапуершілік — берілген тапсырмаларды орындауға міндеттеме алу және олардың қанағаттандырарлықтай орындалуына жауап беру. 

28. Лидерліктің мінез-құлықтық тәсіліне сипаттама беріңіз Көшбасшылық мінез-құлық теориясы-1940-1970 жж Д. МакГрегор, К.Левин, Р.Лейкерт, П.Блейк, Д. Мутон. «Лидерлік зерттеулерде көшбасшы мен қызметкерлердің өзара әрекеттесу динамикасына назар аудару керек. Мақсаты - тиімді көшбасшылық стилін табу. Автократтық көшбасшы - билікті орталықтандыруға тырысады, оны ресми ұстанымға сүйене отырып, сыйақы мен мәжбүрлеуді таратуға бақылау жасайды. Көшбасшыны бағыныштыларға қатысты көшбасшы мінез-құлқының жиынтығы ретінде қарастырады.

Демократиялық көшбасшы басқаларға билікті таратады, корпоративтік қызметке белсенді қатысуға шақырады, бағындырушылардың кәсіби білімдеріне сүйенеді және оларда болған әсерге байланысты.

29. Формальды ұйым түсінігінің мәнін ашып, формальды ұйымдардың түрлеріне анықтама беріңіз

Формальді ұйым- мақсатты орындауда басқару үрдісі жүйелі үйлестіретін нақты құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы, ресми ұйымдар оған билік органдары мен жауапкершіліктер бекітіледі. Формальды ұйым құрылысына қарай жай және күрделі болып бөлінеді.

30. Сыртқы тікелей ықпал ету ортасының мәнін ашып, элементтеріне сипаттама беріңіз

Тура әсер ететін факторлар деп – ұйым қызметін өзгертуге дейін мүмкіндігі бар факторларды айтамыз. Бұл әсерді ұйым қызметкерлері өз тарапынан реттеп отыра алады. Тура әсер ету ортасына жабдықтаушы, тұтынушылар, бәсекелестер, сонымен қатар ұйым қызметіне тікелей әсер ететін мемлекеттік органдар мен құқықтық нормалар жатады.

Мемлекет — кәсіпорын үшін реттеуші, қорғаушы және басшылық етуші ролін атқарады.

Сонымен қатар, ол:салық жеңілдіктерін белгілейді; субсидия (жәрдем), несиелер береді;

процент мөлшерін белгілейді; басқа да көптеген реттеу жұмыстарын жүзеге асырады.

Жеткізуші — кәсіпорынның өндірістік кызметтеріне қажетті материалдық-техникалық ресурстармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуші.

Тұтынушы – қандайда болсын тауарларды өз мүддесі үшін пайдаланушы. Тұтынушы көбінесе тауардың бағасына, пайдалылығына, қолайлылығына, сапасы мен әдемілігіне баса назар аударады.

Бәсекелестер- бұл өндірушілер арасындағы күрес.