- •21. Ұйымдық коммуникация мәнін ашып және олардың жолындағы кедергілерді анықтаңыз.
- •22. Ұйымның миссиясы: оның мәнін, миссия таңдау бағыттарын анықтаңыз. Ұйымның мақсаттарына қойылатын талаптарды айқындаңыз.
- •24. Лидерліктің жеке адамдық теориясының мәнін ашыңыз.
- •27. Ұйымдастыруға басқару функциясы ретінде сипаттама беріңіз. Делегирлеу, өкілеттілік және жауапкершілік түсініктерінің мәнін ашып, өзара байланысын анықтаңыз
- •29. Формальды ұйым түсінігінің мәнін ашып, формальды ұйымдардың түрлеріне анықтама беріңіз
- •30. Сыртқы тікелей ықпал ету ортасының мәнін ашып, элементтеріне сипаттама беріңіз
- •31. Билік пен ықпал етудің нысандарына сипаттама беріңіз
- •1. Мәжбүр етуге негізделген билік. Үрейлендіру арқылы ықпал ету.
- •3. Сараптау билігі. Салихалы сенім арқылы ықпал ету.
- •32. Дивизионалды құрылымның мәнін ашып және оның типтеріне сипаттама беріңіз
- •34. Стратегиялық жоспарлау процесінің мәнін ашыңыз. Стратегия типтерін анықтап түсініктеме беріңіз
- •36. Болжау түсінігінің мәнін ашыңыз және болжаудың сандық әдістеріне түсініктеме бере отырып тізбектеңіз
- •37. Басқарудағы жүйелік тәсілдің мәнін ашыңыз
- •38. Басқарудағы жұмысшыларға сендіру және қатысу арқылы әсер етудің мәнін ашыңыз
- •39. Ұйымдастырушылық құрылым түсінігінің мәнін ашып түрлерін анықтаңыз
21. Ұйымдық коммуникация мәнін ашып және олардың жолындағы кедергілерді анықтаңыз.
Ұйымның мақсатына жетуде коммуникация басты рөлді ойнайды. Коммуникация – жетекшінің тиімді шешім қабылдауы және оны ұйымның қызметкерлеріне жеткізуі үшін қажетті мәліметтердің, хабарламалардың негізінде ақпараттың алмасуы. Ұйымдық коммуникация деп ұйым ішіндегі ақпарат алмасу үрдісін айтамыз. Ұйымның коммуникациялық түрлері: Сыртқы ортамен байланыс, ұйым ішіндегі вертикалды және горизанталды байланыс және бейресми байланыс. Ұйымның коммуникациялық кедергілері : оқиғаның бұзылуы, ақпараттың шектен тыс болуы, ұйымның қанағатсыз құрылымы. Кедергілерді жеңу жолдары: кері байланыс жүйесі,ақпараттық ағынды реттеу, қазіргі ақпараттық технологиялар, ұсынысты жинау жүйесі, ақпараттық бюллетеньдер.
22. Ұйымның миссиясы: оның мәнін, миссия таңдау бағыттарын анықтаңыз. Ұйымның мақсаттарына қойылатын талаптарды айқындаңыз.
Ұйым Миссиясы – бұл өзге адамдарда белгілі бір ұйым туралы, оның философиясы, таңдаулары, қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі , персоналы, бағыт-бағдары, құндылықтары, қызметінің анағұрлым көрікті түрлері болып көзге елестетіледі, ұйымның сыртқы және ішкі ортамен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын іздейді. Миссия сонымен қатар, ұйымның тауарлар мен қызметтерді өндірудегі мақсаттарын көрсетеді, нарықтарды жаулауды, жаңа технологияларды енгізуді, бәсекелестік қабілетін, табыстылығын, экономикалық өсуін, нақты мақсаттарға жету үшін негізін салады, ресурстарды жіктеуді, стратегияны таңдауды қамтамасыз етеді. Миссия - ұйым туралы жалпы, кешенді мағлұмат болып табылады, ол ең біріншіден сыртқы ортаға арналады. Миссияны нақтылаудың формасы – мақсат болып табылады. Кейде миссия мағынасы бойынша мақсатқа сәйкес келеді. Миссия – ұйымның құрылуының ерекше себебі миссияны қалыптастыруда келесі жағдайлар есепке алынады. 1. кәсіпорын нақты қандай кәсіпкерлік қызметпен айналысуы керек. 2. кәсіпорынның сыртқы ортасы қандай. 3. Ұйымның міндеті. Миссияның негізінде ұйымның мақсаттары қортылады.
23. «Шешімге» анықтама беріңіз. Шешімның типтері мен шешім қабылдау тәсілдерін анықтаңыз.
Шешім-баламаны немесе альтернативті таңдау. Альтернатив-мүмкін болған екі ұйғарымның біреуін ғана таңдауға мәжбүр етеді.
Питер Друкер барлық шешімдерді тактикалық және стратегиялық шешімдерге бөледі. Тактикалық шешімдер белгілі бір жағдайдың белгілі болған кезде жасалады. Бұл жағдайда, шешім бірнеше айқын нұсқалардың бірін ғана таңдау болып табылады. Стратегиялық шешімдер - бұл ұзаққа созылатын салдары болуы мүмкін шешімдер. Кез-келген менеджер осындай стратегиялық шешімдер қабылдауы керек және басқару иерархиясында менеджер деңгейі неғұрлым жоғары болса, ол неғұрлым стратегиялық шешімдерді жасайды.
Шешім қабылдаудың тәсілдері:
Интуитивті шешімдер- бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау. Интуитивті таңдау өмір тәжірибесіне негізделеді, бұл басшыларға дұрыс шешімді тез арада есептеулер мен есептеулерсіз табуға мүмкіндік береді
Пайымдауға негізделген шешім- бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Адам бұрынғы жағдайдағы баламалы таңдаудың нәтижесін болжау үшін бұрынғы ұқсас жағдайларда болған жағдай туралы білімді пайдаланады.
Рационалды шешімдер- объективті аналитикалық үдерістің көмегімен негізделеді.
Яғни мәселелерді ұтымды шешу жағдайлары, басқару шешімдерін қабылдау қажеттігін анықтау,
жағдайды диагностикалау талдау, шектеулер мен шешім қабылдау критерийлерін қалыптастыру,
басқару шешімдерін альтернативті әзірлеу,альтернативті бағалау және таңдау және іске асыру жатады.
