Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЖ 2 тапсырма 1-2.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
611.99 Кб
Скачать

Сөж 2, тапсырма 1.

70-80 ж.ж. Қазақстан Сабақтың мақсаты – қоғамдық-саяси жағдайдың

Ерекшеліктерін айқындау, салыстыру.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Республикадағы қоғамдық-саяси жағдай:

XX ғасырдың 70 жылдарында билік тұтқасы партиялық-мемлекеттік аппарат қолына барынша көп жинақталды. Бүл аппарат басқарудың күнделікті және ағымдағы мәселелерін шешіп отырды, кеңес және шаруашылық органдарды бақылауға алды.

Демократияны шектеу, еңбекшілерді жекеменшік пен биліктен аластату, жеке бастаманы басып-жаншу кеңес қоғамы жүйесінде жалғаса түсті.

70 жылдар мен 80 жылдардың басында бұрынғы орныққан жүйеге жүгіну демократиялық институттардың сіресіп қатып қалуына және формализмге әкелді. Қалыптасқан жағдай кеңестердің демократиялық әлеуетін жүзеге асыруға кедергі етті. 1970-1980 жылдары кеңестердің қызметін жақсарту туралы басшылық органдардың ондаған қаулылары қабылданғанымен, алға қарай жылжу болған жоқ, болуы да мүмкін емес еді. «Мемлекеттендіру» үдерісі кәсіподақтарға, комсомолға, қоғамдық ұйымдарға енгізілді. Қоғамдық ұйымдарды партиялық кеңес аппаратымен біріктіру олардың өз бетінше қызметін жоққа шығарды.

КСРО Конституциясы қабылданған соң, іле-шала Қазақ КСР Конституциясын қабылдауға дайындық жұмыстары басталды. Қаз КСР Конституциясы өзінің мазмұны бойынша 1978 жылы сәуірде қабылданған Кеңес мемлекетінің негізгі заңына толық сәйкес әзірленді. Сондай-ақ мұнда тарихи және саяси дамумен, шаруашылық өмірмен, ұлттық құраммен, халықтың тұрмысы және тілімен байланысты республика ерекшеліктерін көрсетуге талпыныс жасалды.

Конституциялық тәртіпте қоғамдық ұйымдардың рөлі де анықталды. Бұрынғыдай негізгі демократиялық еркіндіктер жарияланды: сөз, жиналыс, шеру, демонстрация, ар бостандықтары.

Республиканың кәсіподақтары оз рөлін еңбек заңнамасының қатаң сақталуынан көрді. Олар әйелдер мен балалардың еңбегін қорғау, сауықтыру бойынша әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-гигиеналық шаралар жүйесін іске асырды. Кәсіподақтар санаторийлер мен профилакторийлердің өз желілері арқылы балалар мен еңбекшілердің емделу және демалысымен белсене шұғылданды. Мәдени-ағарту мекемелерінің, мәдениет үйлері, клубтары мен сарайларының саны ұлғайды.

Жастарды құрылыс пен ауыл шаруашылығына жолдауда комсомол ұйымдары көрнекті рөл ойнады. 70 жылдары Қазақстан комсомолы 7 бүкілодақтық, 11 республикалық және 200-ден аса облыстық, қалалық және аудандық құрылыстарға қамқорлық көрсетті. Республика жастары Байкал-Амур магистралі, атоммаш құрылыстарында еңбек етті, РСФСР қара топырақты емес аудандарын игеруге қатысты. 1974-1977 жылдары комсомол жолдамалары бойынша екпінді құрылыстарға 25 мыңнан аса жігіттер мен қыздар жолданды. 65 мыңға жуық жастар мал шаруашылығына, көбіне қой шаруашылығына келді. Алайда, комсомол ұйымдарының жұмысы науқаншылдықпен, формализммен ерекшеленді. Комсомол комитеттері партиялық орган қызметтерін көшіріп ала отырып, жастардың қажеттіліктері мен мүдделерін ескерген жоқ.

Халық депутаттары кеңесі - еңбекшілердің толыққанды билік органдары өз рөлдерін атқарған жоқ. Еңбекшілер ұжымында депутаттыққа кандидаттар құрамын партия комитеттері анықтады. Сайлау тағайындауға айналып отырды. Бір партиялық жүйе халықты сайлау құқығынан айырды.

1975 жылы Алматыда Олжас Сүлейменовтың «Азия» кітабы шықты. Ақын көптеген зерттеушілерге қарағанда көне орыс әдеби ескерткіші болып табылатын «Игорь полкы туралы жыр» (ХІІғ.) қос этностық әлем - славян және түркі әлемі шекарасында пайда болған, мұнда екі көрші мәдениет белгілері орын алған деген пікірге келеді. Шындығында, «Игорь полкында» түркі сөздері өте көп кездеседі. Бүл жағдайдың өзі кездейсоқ болып тұрған жоқ. Алайда, ұлы державалық шовинизм ұстанымында тұрған идеологтар үшін О.Сүлейменовтың жасаған қорытындысы «Көктен түскендей» болды. «АзиЯ» кітабы сауда айналымынан, кітапханалардан алып тасталды, басуға тиым салынды.

Сондай-ақ интернационализмді дұрыс түсінбеу қазақ тілін шеттетуге әкелді. Ұлтаралық тіл - орыс тіліне даңғыл жол ашылып, ұлттық тілдер туралы жақ ашылмады. Қазақ тілі өзі атқаруы тиіс, толық өмір сүруге қажетті әлеуметтік 50 функцияның 10-ын ғана орындады.

1979 жылы көктемде КОКП ОК саяси бюросы қабылдаған «Қазақстан аумағында неміс автономиясын құру туралы» шешім қазақ халқының мүддесін бұрмалаудың толық көрінісі болып табылды. Қазақстан компартиясы ОК бұрынғы бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың куәлік етуінше, мұндай ұсынысты МҚК торағасы Ю.Андропов жасаған. Оған қатысқан Қазақстан басшылығы жақ ашпаған. Сондай-ақ Қазақстан аумағында неміс автономиясын құру комитеті ашылып, оған Қазақстан Компартиясы ОК екінші хатшысы А.Коркин басшылық жасаған. Комитеттің шешімі бойынша болашақ автономияның орталығы етіп Ерейментау қаласы таңдалған. Автономия құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Неміс автономиясын құру туралы хабар бүкіл Қазақстанға тез тарады, әсіресе, Солтүстік бөлігіне тез жетті.

1979 жылы 16 маусымда таңертең Целиноград орталығындағы Ленин алаңына қазақ жастары жинала бастады. Жастар қолдарында келесі мазмұндағы транспаранттар ұстады:

«Қазақстан бөлінбейді»,

- «Неміс автономиясына жол бермейміз».

Тез арада демонстранттар қала орталығын толтырды. Ленин алаңында митинг ашылды. Митингіде сөз сөйлеушілер, куәгерлердің көрсетуінше, өздерін сабырлы ұстаған. Олар «Қазақстан - кеңес республикасы, ол көпұлттық Кеңес Одағының бір бөлігі». Мұнда ондаған жылдар бойы қазақ, орыс, украин, неміс, татар және өзге де ұлт өкілдері қол ұстаса еңбек етіп келеді. Неліктен осындай республикада оның Жоғары Кеңесімен келіспестен кенеттен неміс автономиясын кұрады? Облыс басшыларының митингіні таратуға деген талпынысы сәтсіз аяқталды. Митингіге қатысушылар топталып қатарға тұрып, қала көшелерімен жүріп өтті.

Келесі күні, 1979 жылы 19 маусымда болған демонстранттар алдына облыстық атқару комитетінің торағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов шығып, Ақмола облысында ешбір автономия құрылмайды деп сендірді. Солай дегеннің өзінде адамдардың толқуы басылған жоқ, өзге елді мекендер мен облыстарға тарады.

Республика басшылығы мен МҚК демонстранттар туралы ақпарат таралып кетпеуі үшін барын салды. Баспасөз үнсіз қалды. Бірақ Ақмоладағы 1979 жылғы толқулар туралы хабар республикада ұзақ уақыт бойы жүрді.

Қазақстан экономикасы елдің біртұтас халық шаруашылығы кешені құрамында жұмыс істеді. Ол экономикалық ынталарды бұрмалау, техникалық прогресті әлсіз қабылдау жағдайында экстенсивтік негізде дамыды. Осы кезеңде республиканың экологиялық және мәдени әлеуетінің белгілі бір ретте ұлғайғанын жоққа шығаруға болмайды. Жүздеген жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылды, қысқа уақыт ішінде Маңғышлақ мұнай-газ байлығы игерілді, өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемі екі есе өсті. Халық шаруашылығына ғылыми-техникалық прогрестің жекелеген жетістіктері енгізілді.

Алайда, сонымен қатар халық шаруашылығында даму динамизмі жоғалды. Өнеркәсіптік өнім өсімінің орташа жылдық қарқыны тоғызыншы бесжылдықта 8,4%-дан оныншы бесжылдықта 3,8%-ға дейін, ұлттық кіріс 4,4%-дан 1,4%-ға дейін кеміді.

- тоғызыншы бесжылдықта - 12,6%-ға орындалмады;

- оныншы бесжылдықта - 25%-ға;

- он бірінші - 3,6%-ға.

Осы жылдары құрылыс ұйымдары 4,2 млрд рубль капитал салымын жете игермеді.

Соның нәтижесінде халық:

1,4 млн м2 тұрғын үйге;

121,5 мың мектеп орындарына;

мектепке дейінгі мекемелердегі 49,5 мың орынға;

ауруханалардағы 7 мың орынға ие бола алмады.

ХХғ. 80 жылдар басында Қазақстан өнеркәсібіндегі өндіруші салалардың үлесі ел бойынша 1,7 есеге жоғары болды. Республиканың экономикалық әлеуметінің жартысынан астамы одақтас министрліктердің қарамағында болды. Одақтас ведомстволар республиканың шикізат ресурстарын сорып алып, мол пайда тапқанымен, республика бюджетіне қаржы құймады десе болады.

Жылына кәсіпорындардан түсетін 15 млрд рубльден олар небәрі 30 мың рубль ғана салып отырды. Мұның өзі 1%-дан кем, Республикадан мол көлемде баламасыз бағада:

мұнай;

көмір;

түсті металлдар;

қара және сирек металлдар;

минерал тыңайтқыштар;

ауыл шаруашылық өнімдері тасып әкетілді.

Министрліктер үлестік көрсеткіштерді қуу және пайда табу жолында қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығына, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға көңіл бөлмеді.

Алып кәсіпорындар үлгісінде шикізат салаларын дамытуға арналған көп жылдық бағдарланудан ғылыми өндірістер дамымады.

Халық тұтынатын тауарлар өндірісі нашар дамыды. Азық-түлік емес тауарлардың 60%-ға жуығы сырттан әкелінді. Өнеркәсіптегі осы өнімнің үлес салмағы ел бойынша 27%-ға қарсы ретте 17% болды.

Мифологиялық ойлау социалистік мемлекеттің қуатын көрсету үшін жаңа символдарды талап етті. ХХг. 70 жылдарының басында ірі аумақтық - өндірістік кешендер құрылды:

- Павлодар - Екібастұз;

- Маңғыстау;

- Қаратау - Жамбыл;

- Шымкент - Кентау.

1971-1985 жылдары көлік пен байланыс құралдарының барлық түрлері қарқынды дамыды. Осы жылдар аралығында темір жолдардағы жүк айналымы 41,8%-ға, еңбек өнімділігі 5,8%-ға артты.

70 жылдардың екінші жартысы мен 80 жылдардың басында 900 мың км-ге жуық жаңа темір жол желілері арқылы Оралға дейінгі орта Сібір магистралі төселді. Саяқ - Ақтоғай жаңа желісі құрылысы басталды. Қазақ магистралы үш темір жолға бөлінді:

- Батыс;

- Тың (целинная);

- Алматы.

1977 жылы «Экран» ғарыштық телевидение станциясы іске қосылды, мұның өзі республика халқының басым бөлігін телехабармен қамтуға мүмкіндік берді.

ХХғ. 70-80 жылдары ауыл шаруашылығы бойынша ірі көлемді шешімдер қабылданды, мұнда материалдарды - техникалық базаны нығайту, өндірісті жан-жақты қарқындандыру, мамандандыру мәселелері қаралды. Ауыл қажеттіліктерін ассигнациялау кенеттен ұлғайды. 1971-80 жылдары республика ауыл шаруашылығына арналған капитал салымдары 18 млрд рубльден асты. Жерді мелиорациялау мен химияландыруға мол қаржы жұмсалды. 1976-1977 жылдары совхоздар мен колхоздар:

58 мың трактор;

42 мыңнан астам автомобиль;

41 мың комбайн;

басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасы;

5,3 млн тоннадан аса минерал тыңайтқыштар алынды.

Ауылдың энергетикалық қуаты 14%-ғаұлғайып, 54 млн л.с. жетті.

1976 жылы республикада ауыл шаруашылығына қолайлы болды. Егін алқабында мол нан өсті. Нанты жинау үшін механизаторлар, өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшылары көптеп тартылды. 1800 жинау - көлік бригадалары жинақталып жұмыс істеді. Өзге республикалардан 12 мыңға жуық комбайнерлер, кәсіптік-техникалық училищенің 13 мың оқушысы әкелінді, бидай қабылдау пункттеріне 2 мыңнан аса жұмыскерлер тартылды.

Нанты тасымалдау үшін 55 мың әскери жүк машиналары жөнелтілді.

Алайда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі азая берді:

IX бесжылдық 14%-ға;

X бесжылдық 13%-ға;

XI бесжылдық 0,4%-ға кеміді.

1971-1985 жылдары:

4,2 млн ірі қара мал басы;

55 мың қой мен ешкі;

5,1 мың шошқа санына азайды.

Ауыл шаруашылығының төмен нәтижелі болуының басты себебі шаруаларды еңбек нәтижелерінен аластату болды.

Ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу бағасын көтеру үлкен нәтиже бермеді. Өйткені өнеркәсіптік кәсіпорындардың оз өнімдеріне оз бетінше баға қою құқығы тыңайтқыштарды техникалық және өзге де өнімдердің құнын кенеттен өсіруге әкелді. Егер ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы екі есеге өссе, ауыл шаруашылығына арналған өнеркәсіптік өнімдердің бағасы 2-5 есеге ұлғайды. Колхоз бен совхоздар «Ауылшаруашылық химия», «Ауылшаруашылық техника» сияқты қызмет көрсетуші ондаған ұйымдар тарапынан да «тоналды».

Ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекеттік жоспарлы сатып алуы қарқындау жолын тежеді. 1971-1985 жылдар аралығында ҚазКСР-і жыл сайын одақтық қорға 300 мың.т. етті килограммына 2 рубль бағада өткізіп отырды.

Пайда 9 млрд. рубльге таяу болды, бірақ оны өндіруге жұмсалған шығын 18-27 млрд. рубльді құрады. Осы себептен 1986 жылы Қазақстандағы колхоздар мен совхоздардың көпшілігі өзіндік айналым қаржысынан толық айырылды. Сөйтіп, несие есебінен өздерінің өндірістік қызметін жүргізді.

XX ғ. 70-жылдарында бірқатар жұмыскерлер қалыптасқан шаруашылық жүргізу құрылымын өзгертпек болды. Сондай адамдардың бірі И.И.Худенко еді. Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы «Іле» совхозының, кейінен Күрті ауданындағы «Ақши» совхозының басшысы болып жұмыс істеп жүріп, ол ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа үлгісін енгізе бастады. Мәселен, сол кездің өзінде ол фермерлік шаруашылықты дамытпақ болды. Совхозда жұмыс едәуір жақсы жүре бастады, еңбек өнімділігі артты, тәртіп нығайды. Ескі шаруашылық жүргізу әдісін қолдайтындарға мұндай бастама ұнамайтындығы белгілі.

Совхоздарға бірінен соң бірі республиканың ауыл шаруашылық министрлігінен, партияның облыстық және аудандық комитеттерінен комиссия ағылды. И.Худенконың өте нәтижелі әрі болашағы зор әдістемесі құрдымға кетті. Сонымен қатар ол сотталып, түрмеге түсті, сол жерде соңынан қайтыс болды. Елде қайта құру басталған соң, бірнеше жылдан кейін ғана Қазақ КСР Жоғарғы Соты алқасының шешімімен И.Худенко өлімінен соң ақталды.

1982 жылы қабылданған азық-түлік бағдарламасы және ауыл шаруашылығы өндірісінің құлдырауын тоқтатуға жасалған талпыныстар елеулі нәтиже бермеді.

Бұл бағдарлама бұрынғыдай ескірген басқару жүйесі шеңберінде жасалған болатын. Онда шаруалардың жеке мүддесі, ауыл еңбекшілерінің экономикалық мүдделері ескерілген жоқ. Нәтижеде, ауыл шаруашылығындағы жағдай барынша дағдарыстық пішінге ие болды. 80 жылдардың ортасына қарай барлық жерде тамақ өнімдерін нормамен қамту шарасы енгізілді.

3. Экономикалық саясатта халықтың әл-ауқатын арттыру басты міндет болып табылады: КОКП-ның әрбір съезі бұл мәселені жаңа сапалық деңгейге көтеріп отырды. Кеңес адамдарының әл-ауқатын арттыру туралы көптеген мысалдарды келтіруге болады.

Атап айтсақ:халықтың жан басына есептегендегі шынайы кірістерін ұлғайту;

медицина қызметін жақсарту;

көпшілік отбасылардың тұрғын жай жағдайларын жақсарту.

1976 жылы желтоқсанда өндірістік емес саладағы жұмыскерлердің еңбекақысы көтерілді. Совхоз жұмысшыларының жалақыларын көтеру де жеке іс-шара болады. 1985 жылы орташа есеппен ол 186,5 рубльді құрады. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының желісі өсті. 1970-1985 жылдары ондаған мың асханалар ашылды.

Денсаулық сақтау ұйымдары мен емдеу - профилактикалық жұмыс жақсарды. Егер 1975 жылы республикада 1770 аурухана мекемелері жұмыс істесе, 1980 жылдың өзінде 570 аурухана, ал 1985 жылы 322 аурухана іске қосылды. Мәселен, 1985 жылы 10 мың адамға 37-ден аса дәрігерден келді.

Тұрғын жай мәселелерін шешу міндеті кеңінен іске асырылды. 1970-1985 жылдар аралығында 887,7 мың пәтер салынды. Оған 3 млн-нан аса адам жайғасты.

Тұрмыстық қызмет көрсету көлемі өсті. Бұл көрсеткіш 1980 жылы 390,7 млн. рубльге тең болса, 1985 жылы 577,5 млн. рубльді кұрады.

Ауылдық жерлерде салынған кір жуу, ежіре, өнімді химиялық тазалау орындары адамдардың үй еңбегін жеңілдетті. Ауыл тұрғындары кілем, тұрмыстық тоңазытқыш, кір жуу машиналарын жеңіл машиналарды, теледидар, мотоциклдерді көптеп ала бастады.

Әлеуметтік саланы дамытуда бөлудің қалдық қағидасы сақталды. Яғни, өндірісті ұлғайтуға бөлінген, бірақ жұмсалмаған қаржы әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерге салынды. Мұның өзі бүл салада маңызды өзгерістер әкелмеді. Мемлекеттік - монополистік меншік үстемдігі «адам факторын», оның мүдделері мен қажеттіліктерін толық бұрмалады.

Қоғамдық меншіктің толық басымдығы өндірістік қатынастарды құлдыратты, адамның еңбекке деген адамгершілік қатынасын жойды.

Адамдардың өмір сүру деңгейінің артуы тауар массасы мен қызмет үлгілерінің өсуімен салыстырғанда, халықтың ақшалай кірістері мен төлем қабілеттік сұранысының алға озып, өсуі есебінен болды.

Ақша мөлшері мен сапалы тауар, сапа арасындағы алшақтық жаппай дефицитке алып келді.

Сонымен, экономикалық қайшылықтар әлеуметтік қайшылықтарды, ал әлеуметтік қайшылықтар маңызды адамгершілік мәселелерді тудырды.

Еңбекақы бөлінісінің теңестірмелі үрдістері еңбекшілердің еңбек нәтижесінде қызығушылық мүддесін жойды.