Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Azia_Afrika_1-100.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.23 Mб
Скачать

9. Иран Ислам Республикасының тарихи даму процесі және аймақтық ықпалы

Иран мемлекетті біріні дүнеижүзілік соғыс аяқтағанға дейін жартылай отар сипатын болған. Оңтүстігін ағылшын әскерлері, Солтүстігін Ресей әскерелі аккупацияла тұраған болатын. Ол кезде Иранда Каджар әулеті билік басында еді. І.Д.С. кейінгі антиимпериялықстік соғыстың нәтижесінде, , яғни 1919 жылы келісім бойынша ағылшын әскерері де, КСРо әскерлері де инаннан шегініп шықты. Иранда жаңа үкімет құрылды.

Иран мәжілісі 1925 жылдың 12 желтоқсанында шаһтың мұрагері деп жариялады. 1926 жылы Каджар әулеті билігін аяқтан, Реза-шаһ Пехлеви әулетінің біріші шахы болып рәсімделді. Сомен Иранда пехлеви әулеті билігі басталды.

Реза Пехлевидің рефомасы – жоғарыдан төменге қарай жүргізілді. Оның Ресформасы ұлтшылдықты негіз еткен жалпы беттік реформа болды. Реформаның мақсаты –дебес – тәуелсіз, біртұтас, байқуатты, өркениетті, прогресшіл, ашық сынды заманауи ұлттық мемлекет құру болды. Нәтижеде иран мемлекеті айтарлықтай дамыды...

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Иранның жағдайы....

1943 жылы 1 желтоқсан күні Англия, АҚШ, КСРО үш елдің басшыларының (Ф. Рузвель, Сталин, Черчел) «Тегран Декларациясына» қол қояды. Олар үш мемлекттің германияға қарсы ортақ соғыс жоспарын жасады, Германияға шығыс, батыс және оңтүстіктен шабуылды бекітті, сондай-ақ соғыстан кейін бебітшілік мәселесіне де ортақ пікірге келді.

1945 жылы 8 мамырда германия тізе бүкіті, 15 тамызда жапония шартсыз түрде берілді. 1945 жылдың қыркүйк айында Англия, АҚШ, КСРО сыртқы істер министрлері Лондонда конференция өткізіп, 1946 жылдың 2 науырызынан бұрын, яғни Жапония тізебүккеннен кейін алты айдан кейін шетел әскерлері Ираннан шегініп шығуы керек дегенге келісті. Сонымен үш мемлекет 25 қыркүйек күні өздерінің әскерелін Ираннан шығаратынын жариялады.

1945 жылыдың жазында Иранда Әзербайжан париясы құрылып, автонмия болатын жариялады...

Күрт халықтық Республикасы да 1945 жылдың желтоқсан айында құрылды. Бұларды КСРО қолдап отырды...

КСРО Ираннан әскерін келіскен уақытта шығарғысы келмеді, АҚШ олардың бұл әрекетіне ното жолдап, тездетіп әскерлерін Ираннан әкетуді талап етті. Ақыры КСРО 1946 жылдың 25 науырыз күні бес-алты аптада әскерлерін толығымен Ираннан әкететінін жариялады.

Иран КСРО-ға сенбегендіктен және олардан қорыққандықтан АҚШ-пен жақындасуды өздеріне тиімді деп санады. 1947 жылы 8 маусымда Иран АҚШ-тан 100 милн доллар жұмсап, әскер қару-жарақ сатып алды. 6 қазан күні Иран мен АҚШ әскери шартқа қол қойды.

1947 жылы 22 қазанда Иран мәжілісі КСРО-ның Бірлесіп мұнай игеру шатынан бастартты. АҚШ-тың қолдауымен КСРО-ға қатаң позиция ұстанды. Сөйтіп КСРО-ны Ираннан ығыстырып шығарды. Сонымен Иран-КСРО қатынастары шиленісті де, Иран мен АҚШ қатынастары жақсара түсті.

Оның үстіне АҚШ Пехлеви шаһқа реформа жасау туралы қысым жасады. Оның үстіне АҚШ-та білім алғандар үкімет мүшесіне енген еді.

Жер реформасы, орман мен жайлауды мемлекет меншігіне алу, мемлекеттік зауоттарды акциясын сату арқылы жер реформасын қаржыландыру; жұмысшылар кәсіп орындарының пайдасына кенелу; сайлау заңына өзгеріс енгізіп әйелдерге ерлермен бірдей құқық беру, ауыл қыстақтарда сауатсыздықты жою сияқты шаралар іске асырылды. Нәтижеде 1962-1972 жылдар иран экономикасы адам таңғаларлық экономикалық жетістіктерге жетті.

1973 жылы иран мәжілісі бесінші Бесжылдық жоспарды (1973-, 3 – 1978, 3 дейін). Бұл реткі жоспар тіпті зор болды...

Пехлевидің тотаритарлық дара билігі асқына түсті.

1979 жылы 14 ақпанда 30 аса мемлекет Иранның жаңа үкіметін таныды...Сонымен иран жаңа бір тарихи дәуірге қадам басты...

1979 жылы 4 қараша күні Иран студенттері АҚШ-тың теграндағы Елшіханасын басып алып, 62 ақштық дипломатты кепілге алды. Сонымен 444 күнге сөзылған кепілге алу дағдарысы басталды.

1979 жылы 30 -31 науырызда Иранда Конституция бойынша референдум өткізіліп, 90 пайыздан астам адамның қолдауымен «Ислам Республикасы» деген мемлекет атауы қабылданды.

1979 жылы 18 тамызда Иранның жаңа Конституция жобасы жарияланып, 3 желтоқсан күні референдум арқылы «Иран Ислам Республикасының Конституциясы» қабылданды.12 тарау, 151 тараудан тұратын бұл Конституция бойынша Иранның ең жоғарғы билеушісі Рахпар рухани рахпар бірніш орынға қойылды. Иран қоғамының исламдасу процесі күш алды...

Иран мен АҚШ қатынастары шиленісті...

1980-1988 жылға дейін Иран мен Ирак арасында соғыс болды...

10-дәрісі. Түркияның тарихи даму процесі

1923 жылы 29 қазан күні Түркия ұлы халық жиналсының (Мәжілісі) шешімімен, Түркия Республикасы жарияланды. Республикасның тұңғыш президенті Мұстафа Клмел болды. Астанасы Анкара болып белгіленді. Түркия ұлы халық жиналсы (Мәжілісі) 1924 жылы 20 сәуір күні Түрикя Республикасының тұңғыш Конституциясын қабылдады. 30 сәуір күні Конституция жарияланып, 1876 жылы қабылданған Конституцияны және 1921 жылы «Негізгі ұйымдастыру заңынның күгшін жойды. Конституция болйынша Түркия Республикалық мемлекет, және бір палаталы парламеттік саяси жүйедегі ел болып анықталды.

ТР Мұстафа тұсында, яғни 1923 жылдан 1938 жылдары айтарлықтай дамыды, көптеген мемлекеттермен тең дәрежедегі дипломатиялық қатынас орнатты. «Ел экономикасын гүлдендіру, сыртқы бебітшіл болу» сияқты Мұстафаның стратегиясы жүзеге арсылды...

1939 жылы 5 айда Түркия мен Англия бір-біріне кепілдік декларациясын жариялады; солжылы 6 айда Түркия мен Франция бір-біріне шабуыл жасамау бебіт келісіміне қол қойды. 1939 жылы 23 тамызда германия мен КСРО келісім-шартқа қол қойды. Бұл жағдай Түркияның қауіпсіздік жағдайын қиындата түсті.

1942 жылдың екніші жартысында соғыс жағдайы өзгере бастаған...

Түркия соғыста бейтарап қалу позициясын ұстанған. Бірақ оған АҚШ және басқа Одақтас мемлекеттер наразы болды... Ақыры Түркия 1945 жылдың 23 ақпанында Соғыс жариялады, Формалды түрде соғысқа қатысты...

КР Мұстафа Кемел кезінде бір партиялы жүйені қолданып келген еді. Соғыстан кейін АҚШ және Басты елдерінің ықпалымен көп париялы жүйеге қара қадам басты, Көптеген жаңа партиялар құрыла бастады...

1950 – жылдардың ортасында билік басындағы демократиялық партияға қарсылық күшейе түсті.. Ола әскери күшпен қарсылықты жаныштау саясатын қолданды...

1960 жылымандереге қарсылық студенттер қозғалсына айналды..20 мамыр күні Анкара студенттергі шеруге шығып, үкіметке қарсылық білдірді... 27 мамыр күні әскерилер танкімен шығып Анкара мен Станболды бақылауда ұстады. 4 сағаттанк ейін қана ағызбаған әскери төңкеріс орын алды..

1950-1960 жылдары Президент және үкімет басшысы болған Джемал Баяр, Аднан Мендерес бастаған демократиялық партияның билігі тақтан тайдрылды.

Билікті генерал Гурсел қолына алды. «Ұлттық бірлік комитетті» билік жүргізді.

1961 жылы 9 шілде күні жаңа Конституция қабылданды. Бүл Конституциядан айырмашылығы, бір палаталы парламетті екі палаталы парламете өзгертті, Конститциялық Сот құрды, әкімшілік органдардың билігін күшейтті. Сонымен Түркіия тарихында екінші республикалық тарих бастады...

Эконмикалық жағдайы да айтарлықтай оңала қойған жоқ...

1971 жылы ақпан айында Әділет партиясының демрел үкіметі әскерилердің қысымымен үкіметтен кетті... билікті әскерилер қолына алып 1980 жылдың 12 қыркүйегіне дейін жалғастырды. Осы 9 жыл ішінде 11 ретүкімет ауысқан, оның ішінде бесеуі партиясыз адамдардан жасақталған үкімет бар...

1980 жылдан кейін саяси жағдай түзеле бастады... Бұл кезде үкімет басына Тұрғыт Озал келегген кейін экономикалық жағдай дамуға бет алды...

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Түркияда жекеменшік экономиканың салыстырмасы біртіндеп өсіп отырды... Дегенмен стратегиялы саланы мемлекеттік кәсіп орындар ұстап тұрды...

Түркияның дамуына кедергі келтіріп отырған нәсе – қаржының жоқтығы болған еді...

АҚШ бастаған елдернің қаржылары экономикаға емес, әскери салаға жұмсалып отырғандықтан оның әлеуметтік экономиканы дамытуға септігі тимеді...

1963 жылы Түркия үкіметті 15 жылдық экономикалық жоспарды жүзеге асырды...

Соның негізінде 80 жылдардан кейін даму қарқынды болды, дегемен түркиядағы иплеация мәселесі ауыр болды...

11-дәріс. Ирактың даму эволюциясы және оны АҚШ-тың аккупациялауы

Соғыстан кейін Ирақта Хашми әуелті билгі сақталған болатын...

Ирактың жағдайы Ираннан әле қайда күрделі, ондағы араб ұлы, Күрт және еверлер өмір сүретін. Оның үстіне Арабтықтан екі үлкен діни жүиеге бөлінеді, және қарма қарсылықтары күшті...

Соғыстан кейін де Ирақта соғыс жағдайындағы құрылмдар сақталып қалған... Сонымен бірге жаңа өзгерістер де орын ала бастаған болатын...

Соғыстан кейін Ирақ түрі қиыншылықтарға тап болған еді. Көп жылдан бері салық жиналмаған, үкіметтік әкімшілік қарсы 1945-48 жылдары 4 млн динар болған.

1950-51 жылдардық қаржы жоспары 41% әскерилер мен полиция шығына, 13% әкімшілік басқаруағ, 16% білім беруге, 8% денсаулық сақтауға жұсалатын болған Мұнайдан түскен кірістің барлығын әкімшілікке жұмсап отырған...

1950 жылдардан кейін мұнай бағасының өсуіне байланысты Ирақ экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасылды...

Қаржы агралық салаға 33-45 пайыз жұмалды, одан кейін қатынас транспортқа 24 пайыз қаржы жұмалды, өнеркәсіпке 20 пайыз қаржы жұмсалды, қалғандары білім беру мен денсаулық сақтау саласына жұмсалды...

Мемлекеттік банктер құрылды, Орталық банктер құрылды, темір жол мемлекет меншігіне алынды, Ағылшындардың жеміс-жидекті экспорт етуді монополиялау құқығын қайтарып алды..

Мұнай өнерксәбәнәң дамуы баяу болды, шетелдіктер Ирака онша қызықпады, Франциядан басқасы.. 1952 жылы Иран мұнай компаниясы Жерортатеңіщіне баратын мұнай құырын салды. 1958 жылға дейін 8 мұнай компаниялсы жұмыс істеді. 1950 жылдары Ирак экономикасының дамуы ортак есеппен 7 пайыз болған. Баріқ Иранда жер мәселесі күрделі күйінде қалған еді. Байлар мен Кедейлер арасындағы айырмашылық үлкен болған...

1958 жылы Иракта реболюция болып, хашми династиясыны биліктен тайдырылы. 27 шілде күні Жаңа Конституция жарияланды... Ирак республикасының құрылғандығы жарияланды... һамыс деген үкімет басшысы болды, сондай-ақ ол қарулы күштердің бас қолбасшысы міндетін атқарды,

1961 жылы 16 маусымда Англия Квейтті өзінің қорғауында протрактаында болатындығын жариялады...

1968 жылы Араб қайта көркею партисының жоспарлауымен студенттердің шеруі басталып, ақыры 17 шілде күні революция жеңіске жетті. Алип шетелге әкетілді...

1972 жылы 1 маусым күні жарялаған номірі 69 жарлық бойынша Ирақ мұнайы мемлекет меншііген алына бастады....

Қайта көркею партия КСРО мен қарым-қатынасын дамытуға пейілді болды...

Кеңес одағының әскери көмегін алды, 1971 жылға дейін1млрд долларға тең келетін әскери қару алған....Екі ел Одақтас сипаттағы келісімге қол қойды...

Мұнай дипломатиясын қолданды...

1970 жылдардың ортасында Бәкірдің беделі төмендей бастады.. Сонмен 1979 жылы 16 күні Бәкір отставка ға кетіп, орнына Садам Хусейін келді... 28 шілде күні садамға қастандық жасау ісі қолға түсті. Сот оның 22 адамын өлім жазасына, 33 адамын мерізімді жазаға кесті, бір адам қашып құтылған...

Содан кейін садамды насихаттау науқаны басталып кетті...

Ирак-Иран соғысы...

Ирактың Квейтті басып алуы...

Халықаралық санксцияға ұшырауы...

АҚШ-тың аккупациясы...

12-дәріс. Израиль мемлекетінің құрылуы

Мен дамуы

Израиль мемлекеті әлемнің саяси картасында 1948 жылдың мамыр айында пайда болды

1947 жылы қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы Британ мандатын жою, Палестинаның территориясында екі: араб және еврей мемлекетін құру туралы қарар қабылдады. Иерусалим ерекше халықаралық режимдегі дербес әкімшілігі бар қала болды. Дәл сол кездің өзінде еврей халқының өкілдік органы – Халықтық кеңес құрылған болатын. Палестинаны басқарудағы британдық мандат құлағаннан кейін, 1948 жылы мамыр айының 14-нен 15-не қараған түні Халықтық кеңес өзінің мәжілісін өткізді, ол жерде жетекші саяси лидерлердің бірі Д. Бен-Гурион Израиль мемлекетін құру туралы жариялаған тәуелсіздік декларациясын оқыды.

Бірінші араб-израиль қақтығысы аяқталғаннан кейін мемлекеттілік негіздерін қалыптастыру жүрді. Халықтық жиналыспен тағайындалған уақытша үкіметтің дерлік барлық қызметкерлері Израильдің бірінші үкіметіндегі министрлік портфельге ие болды. Халықтық жиналыс болса израиль парламенті кнессет орнына көшті. Осылайша, заң шығарушы және атқарушы органдар орындарының алмасуы белсенді жүрді.

Таяу Шығыс қақтығыстары

Израиль мемлекетінің құрылған жылдарында ол көрші араб елдерімен ірі масштабты соғыстарды өткерді. 1949 жылдағы уақытша бітімдердің, 1950-жылдардың басында атыстардың тоқтатылуы туралы келісімдердің үнемі орындалмауы арабтармен, ең алдымен Египетпен жаңа конфронтациялар қаупін тудырды. Осы елдің билік басына келген Г.А.Насердің (1952 ж.шілде) ұлттық-патриоттық басшылығы 1956 жылы қыркүйек айында ираиль үшін Суэц каналы арқылы өтуді жауып тастады, сонымен қатар Израильдің Қызыл теңізге шығатын жалғыз жолы Тиран бұғаздарына экономикалық блокада орнатты. Осымен бір уақытта сирия-израиль шекарасындағы шиеленісті күшейтті, ал 1956 жылы қазан айында Насер Сирия мен Иорданияны жалпы басқару жөнінде жариялады.

1956 жылы қазан айының соңында Англия, Франция және Израиль әскерлерінің біріккен контингенті бүкіл Синай жарты аралдарын оккупациялап, ірі әскери операция жүргізді. Алайда, КСРО мен АҚШ тарапынан жасалған қатаң саяси қысым нәтижесінде Израиль және басқа екі елдер өздерінің әскерлерін Синай кампаниясы кезінде алған территориялардан шығаруға мәжбүр болды. Дегенмен, әскери қимылдардың аяқталуы және Тиран бұғазынан Египет блокадасының алынуы араб-израиль шекарасындағы жағдайды тұрақтандырмады.

1963-1965 жылдары болған араб елдері қатысқан конференцияда араб сыйластығын жоймай, Біріккен Араб Әмірлігін құру мәселесі қаралды. 1964 жылы АҚШ-қа ресми сапармен барып, араб мемлекеттерімен шиеленісте АҚШ көмегін алды. Осы жылдың маусымында ЕЭС енді. 1965 жылы Израиль мен ГФР арасында дипломатиялық қатынас орнады. 1966 жылы ГФР-нан 160 млн. доллар көлемінде қарыз алуға байланысты шарт жасалды. АҚШ Израильге «Скай-Хок» атқыш қаруларын жіберді. Парсы шығанағындағы шекара мәселесінен туындаған «кішігірім соғыс» 1966 жылдың ортасында одан әрі өршіді. Осы жылдың күзінде Израиль соғысқа дайындықты бастады. Қараша айында ерлер үшін әскери міндет 26-30 айға өсті. 1966 жылы 13-қарашасында Израиль Иорданияның Саму деревнясына танкілер мен ұшақтарынан оқ жаудырды. Желтоқсанның аяғында шекарадағы израиль-сирия қақтығыстары өсті.

1967 жылы 7-сәуірде Израиль Сирияның Тивернад көлі маңына соққы беріп, соғыс 7 сағатқа созылды. 1967 жылы 1 маусымда елдегі мықты саяси күш болған әскер қысымымен жаңа қорғаныс министрі ретінде белгілі генерал Моше Даян тағайындалды. Үш күн өткеннен кейін Израиль көрші араб елдеріне қарсы ірі масштабты қимылдарын бастады. Израиль авиациялық күштері алдымен египеттік армияны тас талқан етіп, содан кейін Иордания және Сирияға соққы берді. 21-мамырда мобилизация жүргізіп, 5-маусымда таңертең Египетке, бірнеше сағаттан кейін Иордания мен Сирияға бастады. Израиль соғысқа кенеттен тап беру әдісін қолданды. Египетке алғашқы соққысында 500 ұшақ, 8 танкіні қолданды. 6-10 маусым аралығында шабуылын жалғастыра берді. 1967 жылы маусым соққысы нәтижесінде Израиль Египет, Сирия, Иорданияға тиесілі жердің 60 мың шақырымын басып алды.

Алты күнге созылған соғыс Таяу Шығыстағы жағдайды толығымен өзгертті. Шабуылдардың жаңа лебі, 1967 жылы көктемінде-ақ басталып кетті. Шабуылдардың нәтижесінде бүкіл Палестина территориясы, Синай жарты аралдарын, Голан жоталарын, Иордан өзенінің батыс жағалауы, Газа аумағы, Иерусалимның араб бөлігін жаулап алынды.

Келіссөздер үдерісінің басталуы

1973 жылғы соғысты Израильде «Ғарасат күнінің» соғысы (война судного дня) Израиль үшін жылдық жалпы табыс құнымен сай келді және 10 мыңнан астам жараланғандар мен өлгендер санын құрады және бұл соғыстан кейінгі ел экономикасының дағдарысты жағдайына кері әсерін тигізіп, үкіметке деген сенімді де әлсіретті. 1973 жылғы желтоқсандағы сайлау кезінде белгілі лидерлер яғни, Г.Меир (премьер-министр), М.Даян, Абба Эбан және басқалары елдің саяси өмірінен шеттетілді. Ал 1977 жылы ірі «Еңбек партиясы» 30 жылдан бері бірінші рет биліктен шеттетілді. Саяси жағдай Израильді қақтығысқа қатысушы араб елдерінің кем дегенде біреуімен бейбіт келісімге келуге мәжбүрледі.

Израиль мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Израиль мемлекеті өзінің сипаты бойынша ұлттық еврейлік мемлекет болып табылады. Бастапқыда ол бүкіл әлем еврейлерінің ұлттық ошағы және панасы ретінде құрылған болатын және қазіргі таңға дейін солай болып қалды. Қайта оралу туралы заңға сәйкес, кез келген еврей өзінің отбасымен бірге Израильге келіп, тұрақты өмір сүріп, тұруы үшін құқығы бар. Содан кейін қабылданған азаматтық туралы заң қайта оралу туралы заң негізінде елге оралғандардың барлығына израильдік азаматтықты автоматты түрде алуларын қарастырады. Осы заңдар репатриация есебінен елдегі еврей халқы санының жылдам өсуіне жағдай жасады. Израиль мемлекеті пайда болғаннан кейінгі алғашқы төрт айында елге 50 мың еврей келді, ал 1951 жылдың аяғында – 687 мың жаңа иммигранттар келді. Олардың көбісі араб елдерінен келген қашқын-еврейлер болды. Жылына шамамен 50 мың адамды қамтитын иммиграцияның жаңа үлкен толқыны 80-жылдардың соңында болды.

40-жылдардың соңынан бастап, Израиль Батыс елдерімен саяси, экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға бар күшін салды. 1962 жылдан бастап, АҚШ еврей мемлекетіне қаржы-экономикалық және әскери көмек көрсететін негізгі жеткізуші болды.

Израиль өзінің тәуелсіз дамуындағы бірнеше онжылдықта жыл сайын мемлекеттік бюджеттің 70%-ына дейін жабатын және еңбекші халықтың 30%-ын жұмыс бастылықпен қамтамасыз ететін ерекше дамыған әскери-өнеркәсіптік кешені бар елге айналды. Әскери қызметкерлер пайызы жай халықтың 10%-15%-на дейінгі үлесті құрады. Дегенмен, 1997 жылдағы ресми деректер бойынша Израильдің қарулы күштер саны 140 мың адамды құрады (халық – 5,7 млн.).

Мықты Әскери-өнеркәсіптік кешеннің құрылуы оған қатысы жоқ басқа өндіріс салаларының да (металл өңдеу, машина жасау, электротехникалық электр, алмаз өндіру) дамуына түрткі болды және көптеген иммигранттардың жұмыс бастылық мәселесін едәуір деңгейде шешуге көмектесті, әскери және соған қатысты өнімдердің шетелге сатылу есебінен болатын мемлекеттің валюталық қорын ұлғайтты. Милитаризация 60-70 жылдардағы ел экономикасын тұрақсыздандырған дағдарыстық жағдайларға негізделген мәселелерді шешуге жағдай жасады.

1990 жылдары Израиль экономикасы әлемдегі ең тез дамушылар қатарына кірді. Осы ел мамандарының бағалауы бойынша нағыз экономикалық серпіліс байқалды. 1990-1996 жылдар аралығында ЖІӨ 35%-ға өсіп, нәтижесінде 71,2 млрд.долларды құрады. 1990-жылдардың ортасындағы жан басына шаққандағы ЖІӨ 13650 долларды құрап, осы көрсеткіш бойынша Израиль үшін 200 елдің арасынан 21-орынды қамтамасыз етті. Құрылымдық сипаттама бойынша ХХ ғасырдың аяғында израиль шаруашылығы АҚШ және Батыс Европа елдерінің экономикасына жақындай түсті және едәуір шамада постиндустриалды үлгіге сай келді.

Экономикалық прогресстің екінші стимулы болған бейбітшілік үдерістерінің алға жылжуы, Израильға деген араб экономикалық блокадасының әлсіреуі, бүкіл әлем елдерімен, КСРОны қосқанда шаруашылық қатынастар орнатуы болды. Осының барлығы қорғаныс шығындарын 1994-1997 жылдардағы ЖІӨ-нен 9%-ға (1975 жылы 33%) дейін азайтты.

Осылайша, Израиль бүгінгі таңда дамыған индустриялық аграрлы ел болып табылады.

13-дәріс. Сирия Араб Республикасының тарихи даму процесі

Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқтауымен Осман империясының Сириядағы бірнеше жүзжылдық билігі де аятады. Сирия халықы тәуелсіз мемлекет құрудың үміт ұшқынын көргендей болды. Араб ұлт-азаттық қозғалысыны жетекшісі Әмір Фейсал 1918 жылы қазан айында Дамаскке келіп, тәуелсіз мемлекет құруға кіріскен еді. 1918 жылдың қазанында, араб көтерілісшілер армиясы Дамасикті басып алғаннан 3- күні өткенде, Әмір Фейсал «Бүкіл Сиряны қамтыған толық тәуелсіз үкіметтің» құрылғандыған салтанатты түрде жариялады. Іс жүзінде Әмір Фейсалдың ұлттық үкіметінің басқаратын жері, бірініші дүниежүзілік соғыс аяқтағанда, Орта шығыста тұрған Англияның Франциямен келісіп бөліп алған Сирияның ішкі құрлықтағы бір бөлік жері ғана болды...

Бірақ Фейсал үкіметі тек 22 ай ғана өмір сүрді, 1920 жылдың шілде айында Франция әскерлері Сирияны басып алды. Фейсал үкміте іс жүзінде автономиялы үкімет болды, оны Франция мен Англия мойындамаған болатын. Бірақ соған қарамастан Фейсал тәуелсізді мемлекет құруды жалғастыра берді.

Франция 14 шілде күні Фейсал үкіметіне соңңғы улиматум жариялап, Францияның протрактатын - мандаттық билігін шартсыз түрде мойындауды талап етті. Әмір Фейсал шарасыздан ултиматумды қабылдап, жаңа ұлттық үкіметті құрастырды. Бірақ Ұлттық конгрес оны мойындамады, олар қарумен француздардың аргессиясына қарсы тұруға бекіді...

1922 жылы 22 шілде күні, Халықаралық Ұлттар лигасы Сирия, Ливан туралы резюлтация қабылдады. Онад мандаттық билік 3 жылы ішінде Сирия және Ливанның негізігі заңына түзіп шығу керек болды. Бірақ үш жылда ол жасалмады...

1939 жылы Мандаттық биліктің қожайыны Француздар соғыс жағдайының жақындап қалуына байланысты, сондай-ақ сириялықтардың француздықтарға наразылығын ескеріп, Конституцияны тоққатып, Конгрессті таратып, «атқару комитеті» дегенді ұлттық үкіметтің орнына қойды...

1940 жылы «еркін франция» билігі халықаралық жағдай мен сириялықтардың дербестік қозғалысының өрлеуіне байланысты, 8 маусым күні Сирия мен Ливанның еркіндік пен дербестенуіне жол қойды, сонымен өзінің мандаттық билігін аяқтатқан болды. Сол жылдың 2 қыркүйек күні Сирия өзінің тәуелсіздігін жариялады. Тажидин деген президент болды. Бірақ Констиуция қалпына келтірілмеді. 1943 жылы қысыммен Конституция қалпына келтірілді. Сол жылы шілде айындағы сайлауда «Ұлттық патриоттық ликасы» жеңіске жетіп, оның басшыс Шүкри Хуатли президент болып сайланды. Сол жылы қазан айында Конституциядағы Мандаттық билік деген тарауларын алып тастады. Іс жүзінде Сирия 1946 жылы нағыз тәуелсіздікке қол жеткізді...

1947 жылы Сирия тәуелсіздігінен кейін тұңғыш рет парламеттік сайлау өткзілді. Соған дейін Ұлттар лигасы – халық конгрес партиясы және Халық партиясы болып екіге бөлінді...

1948 жылы Сирия ел іші аласапыранға толы болды, себебі бірінші реткі Ора-шығыстағы соғыста жеңіліске тап болуы әскерилер мен саясаткерлер арасында бірін-бірі жазғырудың ақыры үшрет саяст төңкерістің орын алуына апарып соқты. Нәтижеде билік әскерилердің қолына өтті. Төңкеріспен билік басына келгендер саяси қарсыластарын өлім жазасына бұйырып отырды. Сонымен Срияда шиленіскен саяси аласапыран дәуірі басталып кетті. Бірақ Конституция жасау процесі күрделі түрде жүріліп отырды...

Ақылыр 1950 жылы мамыр айында Сирияның тәуелсіздіктен кейінгі бірінші Конституциясы жарияланды. Онда Сиря « толық суберендіктегі араб демократиялық парламеттік республика « деп көрсетілген.

1952 жылғы Египет революциясынан кейін Гамал Абд ән-Насырдіңавторитарияты жоғарлады, сириялықтар оны қатты құрмет тұтты, өйткені ол араб ұлттық рухты сәуелендірді. Насырды араб халқының көсемі деп таныды.

1956 жылдың көктемінде Сирияда сәтсіз болған төңкеріс орын алды. 15 маусымда құрылған үкісет құрамына Қайта көркею партиясы енді, сондай-ақ олар Сыртқы ісер мен экономика министрлі орнын иеленді. Олар Египетпен бірігіу мәселесі бойынша келіссөз жүргізді. Ақыры 1958 жылы 1 ақпанда екі ел президенттері екі елдің біріккен «Араб біріккен республикасының құрылғандығын жариялады. Екі елдің парламеттері де ол шартты расипикатциялады..

Осыдан бастар Сирияның тарихи даму процесі басқа бағытта өрістеді. 1958 жылы 5 науырызда Насыр Бара біріккен республикасының Уақытша Конституциясына жариялады.

1969 жылы уақытша Конституцияға өзгеріс енгізіп Преьер министрлық жүйені Президенттік жүйеге өзгертті. 1973 жылы науызыр айында, Хафи Асады Президент болғаннан бастап, президенттік жүйені қолдана бастады. 1973 жылғы Сирияның жаңа Конституциясы ирияның президенттік жүйедегі мемлекет екендігін анықтады. Президент – мемлекеттің басшысы ретінде қарулы күштердің ең жоғарғы қолбасшысы, орынбасар президентті, үкімет премьер министрін, министрлерді, орынбасарларын, әскери басшыларды, Соттың ең жоғары төрағасын тағайындайды. Президент Халық конгрессіне Заң жобаларын ұсынады, Конгресстен өткен соң өзі бекітіп күшіне енгізеді.

Халық конгресі 1973 жылы бірінші рет жалпы сайлау бойынша сайланған, содан кейін ішінара жағдайлар болмаса әр 4 жылда бір рет сайланып отырды. Депутаттар қайта көркею партиясының, әскери өкілдер, жұмысшылар ұйымы, дихандар ұйым қатарлы ұйымдардың басшыларынан, қоғамдағы беделді адамдардан құралған.

Хафиз Асад 1930 жылы 3 қазанда Сирияның батысындағы бір диханның отбасында дүниеге келген. 1946 жылы Ол Араб қайта көрею партиясын кіріп, студенттер қозғалысна қатысқаны үшін Франци билігі тарапынан тұтқындалып абақтыға қамалып, тәуелсідіктен кейін босады. 1952-55 жылдары Әскери инстиутта оқыып бітірді. 1958 жылы КСРО-ға келіп түнде ұшу техникасын үйренген, 1959 жылдан бастап, әскери міндеттер атқарды.

Хафи Асад өте зерек, алғыр, іскер, парасатты адам болған дейді. Ол билік басында тұрған кезде пәрменді реформалар арқылы Сирияны жан-жақтылы дамытты.

Экономикалық жақта да көптеген пәрменді шаралар қолданды, ашық экономикалық саясат қолданды, шетелдіктердің инвестициясын тартты; экономиканы мемлекеттендіру саясатын тоқтатты, жекеменшік экономиканың жандануына жол ашты; 1975-1979 жылдары 13,4 пайызға өсті. Таза ұлттық кіріс 8,6 пайызға жоғарларды...

Қазіргі Сириядағы қақтығыстардың себептері...

14-дәріс. Орта Шығыстағы араб елдерінің тарихи процессі

Таяу және Орта шығыстағы қауіпсіздік мәселесі

Орта-Шығыстың тарихи дамуына 1948 жылы Израиль мемлеккетінің пайда болуы, бұл аймақта мәнгі бітіспейтін қарама-қайшылықтар мен қақтығыстарды тудырып отырғаны белгілі...

Сондықтан Орта-Шығыста тарихи дамудың басты мәселесі қоғамдық орнықтылықтың сақталуы мен қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі болып табылады. Бұл мәселе тек Орта-Шығысқа ғана тән емес, керісінше әлемдік мәселе, әсіресе, алып державалардың стратегиялық саясатының құрымдас бөлігіне айналған мәселе. Сондықтан бұл аймақтағы қауіпсіздік мәселесін дұрыс түсіну маңызды болып табылады деп санаймын...

Таяу және Орта шығыс қауіпсіздігінде үш үлкен мәселе бар. Оның бірі Израиль мен Палестина мәселесі; Ирақ мәселесі және Иран мәселесі.

Адамзат өркениетінің ошағы болған Таяу және Орта Шығыс аймағы, қазіргі таңда қауіпсіздік мәселесі бойынша әлемді алаңдатып отырған жайы бар. Оның әртүрлі тарихи себептері бар, әрине. Дегенмен державалардың отарлық саясаты оның басты бебебі деуге болады...

Өткен ғасырдың соңында Ирак үш соғысты басынан кешті. Иран-Ирақ соғысы 1980-1988 жылы; Ирактың Кувейтті басып алу соғысы (1990-1991).

Соңғысы 2003 жылы науырыз айындағы АҚШ-тың Иракка БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің рухсатынсыз соғыс ашуы...

Қырғыи қабақ соғысы аяқтағаннан кейін АҚШ әлемдегі бірден бір супер державаға айналды. Сондан бері АҚШ өзінің әлемдегі Лидрлік орнын сақтау үшін және әлемге гегемония жүзргізу үшін гловалды стратегиясын іске асырып келеді...

ХХІ асырда АҚШ-тың экспанциясының қарқын алуы соның бір көрінісі болып табылады...

«11.09 оқиғасынан» кейін АҚШ-тың глволды стратегиясының салмағы Еуропадан Орта-Шығысқа бұрылды...

Буш үкіметі: Орта Шығыс терорризмнің қайнары, Ирақ тероризмді қолдап қана қалмастан, зор көлемде-қырып-жоятын қаруды иеленіп отыр, ол қаруларды терорризмшілдерге беруі мүмкін деген көзқарас қалыптастырды. Сондан кейін АҚШ-тың жершарындағы терорризм мәселесін шешіп, АҚШ-тың ел шіндегі абсалюты қауіпсіздігін қамтамсыз етеміз деп түсіндірді. Ол үшін Орта Шығыс елін орнықтырыу керек, оның ішінде алдымен Ирақты орнықтыру қажет деп жоспарлады.

Буш үкіметі Садам Хусейін билігін аударып тастап, Иракта ақшшыл "демократиялық мемлекет" құру, сол арқылы бүкіл Орта Шығысқа "демократияның" үлгісін көрсетуді көздеді. Бүкіл Орта Шығыста АҚШ формасындағы демократия жүзеге асқаннан кейін, терорризмнің қайнарын жабуыға болады деп санады. Садам билігі Палестиналықтардың Израилға "Адам денесі бомбысын" қолдануды қолдап отыр. Сондықтан ол терорлық билікті аударып тастау керек деді.

2003 жылы 26 ақпанда Бушы Орта шығыс туралы сөйлеген сөзінде: "Ирақта жаңа билік орнатылған да ғана, Орта Шығыстағы басқа мемлекеттерге үлгі көрсетуге болады. Оның үстіне ол үлгінің рөлі зор болады, адамдарды шабыттандыратын болады" деген...

АҚШ Иракқа жасаған соғысы біршама сәтті болғанымен, бірақ ол тероррлық шабуыл мен партизандық соғыстың батпағына кіріптар болды...

Екінші Ирақтағы соғыс іс жүзінде әлемнің көп полярлық бет алысы мен АҚШ-тың бір полярлыққа ұмтылысы арасындағы күрес болып табылады.

Әлемдік экономикада Еуропа, Солтүстік Америка және Шығыс Оңтүстік Азия сынды үш тағандық динамика жарыққа шықты...

Үшінші, Халықаралық саяси-экономикалық жаңа тәртіп орнату күресі тіпті де шиленісіп кетті. Мұнда БҰҰ халықаралық жүйедегі рөлін әлсіретуга қарсы күрес шиленісіп кетті...

Ирактағы соғыс Халықаралық заң мен БҰҰ Картиясына қайшы келеді. Ол халықаралық тәртіпті бұзды...

Путин айтқан: Ирақ соғысының "кері әсері Халықаралық заң жүйесін шайқалтты" деген.

Соғыстың салдарынан: Орта Шғыстағы араб елдері мен АҚШ арасында қарама-қайшылық күшейді. 2003 жылы 18 сәуірде Саут-Арабиясының астанасында өткен Иракпен көрші 8 мемлекеттің сыртқы істер министрлері мәлімдеме жариялап шетел армиясының Ирактан шегініп кетуін талап етті...

АҚШ Орта шығыста "хулиган мемлекеттер" деп Иран, Сирия және Либия қатарлы мемлекеттерді атады...

АҚШ-ың Орта Шығыста "демократиялық процесті" жүргізген сайын, орнықсыз факторлар көбейді.

АҚШ Ирақтың мұнайына көз алартқан-ды. Ирақ әлемде мұнайда екінші орынды ұстайды...

2001 жылы АҚШ-тың стратегиялық институтының зерттеу доклатында: "Энергетикалық қайнарды қамтамасыз ету және бағаны тұрақты ұстау үшін, Ирак, Иран және Либия мәселесін шешу керек - деген екен. Сол жылы сәуір айында Рэнд корпарациясының сртатегиялық зерттеу доклатында: "жағдайға қарағанда, бір майдан зор көлемде соғысу керек ияқты, сонда ғана АҚШ-тың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады" деген.

АҚШ Орта Шығыс буғазын бақылауда ұстағанда - әлемдік экономиканың тізгінін қолда ұстаға болады. Өйткені Батыс Еуропа Орта шығыстан 60 пайыз, Қытай 40 пайыз мұнай импорттайды...

АҚШ-тың Иракқа шабуылы кейбір мемлекеттердің атом қаруы игеруге деген талпынысын күшейтті...

Тероррлық ұйымдар қырып-жойғыш қаруды иеленуге деген талпынысын арттырды..

Ираққа соғыс ашу "кәпірлердің Ислам өркениетіне шабуыл жасау" деп біолді..

Әлемде тероррлық әрекеттің асқынуына түрткі болды...

Шығысты зерттеу мен зерделеу қазақ халқы үшін бастауын ертеден алатын үрдіс екендігін білеміз. Тым әріден бастамай-ақ, бертіндегі Шоқан Уәлиханов пен ұлы хакім Абайдың мұраларынан шығыс халықтарының әдет-ғұрпы мен мәдениетіне, әдеби мұраларына деген қызығушылықтың қаншалықты дәрежеде болғандығын бағамдаймыз. Жалпы қазақ мәдениеті шығыс халықтарының мәдениетімен байланысын еш үзген емес. Тек кеңестік замандағы идеологиялық құрсаудың кесірінен қазақ мәдениеті, ғылымы мен білім беру саласы шығыс өркениетінен еріксіз алшақтауға тура келді. Бұл кезеңде Қазақстанда шығыстану саласы назардан тыс қалдырылды. Кеңес Одағында, шығыстану, тек идеологиялық құрал ретінде дамытылып, оны оқыту мен зерттеу орталықтары Мәскеу, Санкт-Петербург, Ташкент пен Қиыр Шығыста ғана орналасты. 

Қазіргі әлемде адамзаттың назары батыстан гөрі шығысқа ерекше ауып отырғандығы еш жасырын емес. Бұл тек еуропалықтардың әлем тұрғындарының саны жағынан артта қалып келе жатқан үрдісі мен шығыстың демографиялық қарқынына ғана байланысты емес. Жер шарының орасан аумағын алып жатқан Шығыс адамзат руханиятының, ғылыми білімнің сарқылмас ошағы екендігін мойындаудан да туып отыр. Шығыс қойнауы қазына байлыққа толы аймақ ретінде белгілі. Біздің мемлекетіміздің геосаяси жағдайына орай, Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің сыртқы сая­сат стратегиясында азиялық елдермен саяси және экономикалық байланыстарға ерекше мән берілген. Экономикасы қарыштап дамып отырған және соған сәйкес саяси рөлі де артып келе жатқан Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур мен Малайзия сияқты шығыс жолбарыстарымен қатар, көне замандардан руханиятымыз мен мәдениетіміз ұқсас және тығыз байланыста дамыған, дініміз ортақ мұсылман елдеріне, түркі әлеміне қазір әлемнің назары ерекше ауып отырған кезеңді бастан кешудеміз. Бұл аталған елдер әлемдік экономика мен саясаттың даму бағытына белсенді ықпал етіп отырған және оған серпін беріп отырғандығын білеміз.

Шығыс – адамзат  өркениетінің бесігі. Бұл өркениет мыңдаған жылдар бұрын Шығыста және Қиыр шығыста пайда болып, батысқа қарай ілгері тартып отырған. Мыңдаған жылдар бұрын Көне әлем өркениеті Орталық Азияда қайта жандана бастады. Сөйтіп Көне әлем өркениеті Шығыс өркениеті түрінде дами бастады. Ол туралы Қазақстан тарихшылары біледі, бірақ та ресми түрде айтып жүрген жоқ. Шығыс өркениеті зороастризм, буддизм және басқа діндер пайда болмай тұрған эпохада жоғарғы денгейдегі білімдерді толық меңгеріп, пайдаланып жүрген. Шығыс өркениеті математиканы, философияны, агрономияны, жер өңдеу, рухани және ғарыштық зандарды пайдалана біліп, ол білімдерді көршілес және шекаралас халықтар арасында ғасырлар бойы тарата берген.  Сол себептен, Шығыс өркениеті ғасырлар өткен сайын Орталық Азиядан батысқа және шығысқа қарай ұлғая берген. V-VII ғасырларда оның территориясы Евразия континентінің жартысын алып жатқан. Сол территориянын барлық өңірлерінде адамдар бір рухани зандармен байланыс болған, олар мемлекет, ұлт, нәсіл деген нәрселерге бөлінбеген, қиямет, ашаршылық, соғыс дегенді де білмеген. Олар білетін Ғарыш заңдары соғысқа, зорлық-зомбылыққа тиым салатын. Соғыстан табиғат өзгеріп, шөлге ұшырайды, ал қатты айтылған сөздерден сәбилер ауруға шалдығады, деп білетін біздің ата-бабаларамыз. Осы дәуірдің IX-X ғасырына дейін Орталық Азияның табиғаты жұмақ бағымен тең болған.  Адамдар рухани және әділет заңдарының құнын мыңжылдықтар бойы сақтаған. Бірақ та кейін мұның бәрі ұмытылды. Шығыс әлем өркениеті уақытында ғұндар өркениеті деп аталған. Олардың жұмбақты сырлары мен қырлары көп болғанымен, біз ол өркениеттің негізін жақсы түсінеміз де, білеміз де, өйткені олар біздің ата-бабаларымыз. Өкінішке орай, Шығыс өркениетінің тағдыры басқа Көне әлем өркениттердің тағдырына ұқсас болды. Ол сыртқы шапқыншылықтардан ыдырап, бөлшектеніп, дағдарысқа ұшырап, жоқ болып кетті. Кара теңіз аймақтарында бұл оқиға VII ғасырда орын алды. Орталық Азияда – IX-X ғасырларда. Бұдан кейін күйреген Шығыс әлем өркениеті бөлек-болек аймақтарға, этностарға және мемлекет құрылымдарына бөлініп кетті. Орталық Азияда климат өзгере бастады. Су азайып, ну ормандар жоғала бастады. Жер өнімі азайды. Адамдар көшпенді мал өсіру кәсібіне көше бастады. Бұл оқиға мың жыл бұрын орын алды. Одан кейінгі Шығыстың тарихы бәріне де мәлім: аяғы жоқ қырғын соғыс, ғасырдан ғасырға халықтың соңынын калмаған касірет, ашаршылық, жоқшылық, тізе бүгу… Өкінішке орай, қазақ халқы өз тарихи тамырларына, Шығыс өркениетінің рухани кұндылықтарына орала алмай-ақ қойды. 

2 сұрақҚазіргі уақыт — қызық уақыт. Жаңа ілім, жаңа мүмкіндік туғызған, екі дүниежүзілік соғысты басынан өткерген, келелі ғылыми­техникалық жетістіктерге көтерілсе де, рухани байыз таппаған, зұлымдықтың да, ұлылықтың да шетіне жеткен, дүрбелеңге толы XX тасыр аяқталып келеді. Және бұл кезең тек қана бір ғасырдың аяғы емес, адамзаттың екі мың жылдық тарихының шарықтау шегі, жаңа дәуірге аяқ басу болып табылады.

Сонымен, Шығыс пен Батыс дегеніміз не? Қысқаша айтқанда, бұл қарама­қайшы дәстүр мен дағдыға сүйенген тол дүниетаным, ерекше болмыс. Шығыс әрқашанда терең пәлсапалық ой, ғасырлар бойы үзілмеген мәдени дәстүр иесі болса, Батыс жаңару мен ізденіс иесі. Шығыста адамның жеке өмірі ру, тайпа, касталық құрылымдарға бағынышты болса, Батыс өз­өзін миногамды семья мен жеке тұлғаның мүддесін қорғауда қалыптастырды. Шығыс адамды ғарыштық болмыстан ажыратпаған болса, Батыс адамның жеке болмысын дәріптейді. Шығыста дүниеден баз кешу, сабырлылық басым болса, Батыста елгезектік, өнертапқыштық басым болды. Сонда осыншама айырмашылықтарға апарып соққан жағдайлар қандай екен? Оның бір­ақ себебі бар. Ол бар болудан жоқ болуға талпыну, материалдық өмірді рухтың абақтысы деп санау, көп нұсқалықтан қашып, құдай тектес абсолютті ғана өмір сүруді аңсау. Шығыстың коп ілімдері бойынша, жер үстіндегі өмір ластану орны, яғни адам бұл дүниеде ақырын жүріп, анық басып, өзінің жаны мен тәнін сақтауы керек. Ал оған үйрететін —рухани ұстаздар. Үнді елінде оларды гуру десе, мұсылман елдерінде шайқы, пір деген. Олар өздерінің мүриттеріне бағыт­бағдар беріп, рухани тазалығын қадағалап отырған. Сондықтан шығыстық өмір үлкенді сыйлау, ақыл сөзді бұлжытпай орындауға негізделген. Қазіргі Батыс өмірі испан ойшылы Ортега и Гассет айтқандай, жастық үлгісімен дамыса, Шығыс өмірі кәрілік үлгісімен дамыған Ал Батыс бағытына келетін болсақ, ол көбінесе тән қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделген. Онда ғарыштық күштер, Абсолют мойындала бермейді, антропоцентризм, адамды дәріптеушілік басым. Әрісі Ежелгі Греция, берісі Ренессанс заманынан бастап дүниенің өлшемі адам боп саналады. Егер Вольтерлер кезеңінде адамның ақыл парасаты дәріптелсе, Ницшеден бастап күш қайрат, діндік санадан тыс жігер астамшылығы бағаланады. Сөйтіп, Батыс таза физиологизмдегі (фрейдизм) тұтынушы қоғамға айналып, кейін одан да жалығып, енді рухани жаңару үшін тойымсыз көзін амалсыз Шығысқа тігіп отыр. Француз ойшылы Рене Генонның пайымдауынша, бұл ерекшеліктердің бәрі кеңістік пен уақытқа қарама­қайшы түсініктерден туындаған. Таратып айтқанда, Шығыс халықтары кеңістік туындысы болса, Батыс халықтары — уақыт туындысы. Библияға кірген «Абыл мен Қабыл» аңызын алатын болсақ, отырықшы Қабыл қойшы Абылды өлтіріп, адамзат тарихындағы бірінші қылмыскер деген қарғысқа ұшырайды. Сондағы өлтіруінің себебі құдай Абылдың шалған құрбандығын қабыл алады да, Қабылдікін тіпті көзге ілмей қояды. Сөйтіп, адамзат тарихы қылмыстан басталады. Генон осы аңызға сүйене отырып, Қабыл Абылды өлтіргендей, отырықшы халықтар көшпелі халықтарды жер бетінен құртып жібереді деген пікірге келеді. Көшпенділердің үлесі кеңістік болса, отырықшылардікі — уақыт. Егер бұл модельді Шығыс пен Батысқа тарататын болсақ, екеуінің арасындағы мың жылдарға созылған күрес таза этикалық текетірес боп шығады. Демек, егер қазір Шығыс пен Батыс арасындағы диалог басталса, ол Батыстың этикалық жетілгендігінен, дәуіріміздің ақырзамандық сипат алып бара жатқандығын түсінгендігінен. Әрине, бұдан Батыс халықтарының сана­сезімі төмен, мәдениеті балаң деген пікір туындамау керек. Керісінше, Батыстың өз мәдениетін жоғары санағаны сонша, басқа мәдениеттерге менменси қараумен келеді. Тіпті, ұлы Гегельдің өзі тарихи халықтарды тек Еуропамен шектеді емес пе? Ол аз болса, әйгілі мәдениеттанушы Арнольд Тойнбиді алайық. Ол да, мысалы, көшпелі халықтарға өзінің көлемді шығармасында бес­алты­ақ бет арнайды. Және оларды «дағдарылған» деген топқа кіргізеді. Бұл тәсіл — әлсіздіктен емес, дүниетаным тарлығынан туындап жатыр. Сондықтан біз қазір қазақ болайық, орыс болайық, жалған патриотизмнен арылып, дүниеге мейлінше кең қараумыз керек. Бәріміз де бір планетаның ауасын жұтудамыз және оның озондық қатпары онша қалың да емес. Бұл ойлар планетарлық космополиттік сана­сезімге жетелейді. Осы тұрғыда «Берлин қабырғасының» жойылуы тек қана бір идеологиялық жүйенің күйреуі емес, жер бетіндегі бүкіл шекаралардың шытынай бастауы деп ұғуымыз керек. Егер адамдар ғасырлар бойы ұлттық таңбадан ажырай алмаса, ол мықтылығынан емес, әлсіздігінен. Өйткені, ұлтқа бөліну, Шығыс пен Батысқа бөлінудің өзі белгілі тарихи жағдайда туындаған құбылыс, адамның өз­өзін сақтауының бір амалы. Бірақ космополит болу ұлттық болмыстан айрылу емес, керісінше, оны күрделендіру, белгісіздіктен қорықпау, өз­өзінді тосын жағдайда сынау. Космополиттік сана, синтез арқылы жаңару проблемасын әдебиет пен өнерге Р. Тагор, Мұхаммед Икбал, саясат және қоғамдық ойда Дж. Неру, Камал Ататүрік қойған. Джавахарлал Неру жазғандай: «Батыстан қол үзу ­ шіріп біту мен өмірлік және өнер тудырушылық қайраттан айыруға әкеледі. Сондықтан біз синтетикалық аспектте қатты назар аударып, бүкіл әлемді өзіміздің итеру объектімізге айналдыруымыз керек». Бұл — тамыры терең идея, өйткені біржақтылықтан сақтандырады, қазіргі уақыттың талаптарымен санасуға жетелейді. Мысалы, В. Сенгордың пікірінше, еуропалық («салқынқанды») және африкандық («қызба») мәдениеттердің синтезі африкандық қоғамды ескілік сарқыншақтарынан арылта алады, ал, африкандық мәдениеттің құндылықтары Еуропаның «ауру» мәдениетін қайта жаңғыртуға, немесе, тіпті, өзгертуге тиіс. XX ғасырдағы Азия бұлбұлы Мағжан Жұмабаев поэзиясының арқауы болған. Шынымен де Мағжан поэзиясының ғажаптығы тар ұлттық шеңберден шығып, бүкіл шығыстық маңыз алуында емес пе? Бұл және заңды да. Өйткені, Абай заманында Еуропа мәдениеті дәуірлеп тұрса, Мағжан тұсында құлдырай бастайды. Түркия және басқа да шығыс елдерінің маңызы арта бастады. Шпенглердің атақты еңбегі шықты. Отаршылдыққа қарсы ұлт азаттық күрес жанданып, ұлттық мәдениетіміз жаңа мазмұнға ие бола бастады. Мінеки, осы процестердің бәрі Мағжан шығармаларыңда нақты көрініс тапқан. Ұлы Абайға еліктеуден бастап, Мағжан романтизм, символизм мектептерінен өтеді, декаденттік сарынға ұрынып, байронизм «ауруына» шалдықты. Осымен қатар, негізін түрік ойшылы Зия Гокалп қалаған түркішілдік бағытының табанды өкілі болды. Ақпан төңкерісін арайлы үмітпен қабылдап, Қазан төңкерісінен ат тонын ала қашады. Кейін заман ағымын түсініп, халқына қызмет еткісі келсе де, іштей өле­өлгенше жаңа тәртіпке қарсы боп өтеді. Себебі соңғы азаттық ерекшеліктерді таптап, түр­түссіз, тұқым­ тексіз тек қана папка ұстаған робот жасайтын тәртіп еді. Мағжан оның қаншама қатер әкелетінін сол заматта­ақ сезген. Мінеки, оның қорқытшыл сарыуайымға салынатыны да содан. Ол уайым күйреген арманын азалау уайымы еді. Сонда ол не арман? Ол арман түркішілдік идеясы арқылы бүкіл шығыстың қайта жаңаруы еді. Сондықтан бірінші дүниежүзілік соғыс барысында Мағжан әйгілі «Күншығыс» өлеңін жазады. Қысық көзді Күншығыс, Бұл тұруың қай тұрыс? Серпіл енді, алыбым! Күңірентіп жерді ыңыраншы, Күнбатысқа көз салшы, Көрдің бе қанның жалынын?

 Отарлау саясаты - жергілікті халықты тұралатып, қанаумен жүргізілетін, күшті державаның артта қалған ел мен халыққа аумақтық бақылау орнату саясаты әрі іс-әрекеті. Батыс еуропалық отарлау саясаты өзінің қалыптасу кезеңінде әлемдік экономиканың аса күшті даму тетігіне айналды, өйткені, отар елдер метрополияларда капиталдың жинақталуына және олардың тауарларын өткізуге қолайлы нарық туғызды. Сауданың бұрын-соңды болмаған кеңеюі нәтижесінде әлемдік нарық қалыптасты, ал, экономиканың қыз-қыз қайнауы Жерорта теңізінен Атлантикаға ойысты. Көптеген еуропалық портты қалалар сауданың күшті орталықтарына айналды. Еуропаның аса бай қаласы Антверпен болды, онда сауданың толық еркіндігі тәртібінің арқасында ірі көлемдегі халықаралық сауда және несие шаралары жүргізілді. Сауданың дамуы жеке банктермен қатар Бүкіл Еуропада кеңінен таралған қоғамдық банктердің құрылуына қолайлы жағдай туғызды. ХӀХ-ХХ ғғ. басында әлемнің аумақтық бөлінісінен кейін әлемдік отарлық жүйе - ең алдымен Африка, Оңтүстік- Шығыс Азияның отар, тәуелді елдеріне әлемдік державалардың үстемдік жүйесі қалыптасты. Негізгі отарлаушы елдер Ұлыбритания, Испания, Франция,Ресей, Германия, АҚШ, Бельгия, Италия, Жапония болды.                   

      Бұл елдердің жиынтық отарлық иеліктері XX ғ. басында Жердің жартысынан көп бөлігіне (72 млн.  ш. шақырым), планета халқының үштен бір бөлігіне (560 млн. адам) жүргізілді.  Ұлыбритания әлемнің аса ірі отарлық державасы бола тұра, Үндістанға, Африкаға, Америкаға, Австралияға және Жаңа Зеландияға үстемдік етті.  АҚШ - Кариб бассейнінде,Тынық мұхитында, Орталық Америкада және Қиыр Шығыста билік құрды.  Француз экспансиясы Африка мен Үндіқытайға жүрді;  Германия Африкада отарларға ие болды;  Жапония - Маньчжурияны, Кореяны, Қытайды және Оңтүстік-Шығыс Азияны отарлады.  Ресей Қиыр және Таяу Шығыста, Орталық Азияда өз ықпалын жүргізді. II дүниежүзілік соғыстан кейін отар елдерде ұлт-азаттық қозғалыстардың өршуі нәтижесінде әлемдік отарлық жүйе қирады

     XVII ғасырдағы Голландияның отаршылдық әрекеттері. Индонезия мен Цейлоңды голланд отаршылдарының басып алуы. XVII-XVIII ғасырлардағы ағылшындық Ост-Индия компаниясының отаршылдық әрекеттері. XVIII ғасырдағы капиталистік державалардың Азия жөне Африка елдерін отарлау мен ықпал аймақтарына ие болу үшін күресі. Толық және жартылай отарлыққа түскен Шығыс елдерінің жағдайы. Қиыр Шығыс елдерінің (Қытай, Жапония, Корея) отаршылдыққа қарсы оқшаулану немесе "жабық есік" 'саясатын үстауының салдары. Отаршылдыққа қарсы болған ұлт-азаттық қозғалыстар.

      XVII ғасырдың басында Батыс Еуропа елдерінің ішінде сауда және отаршылдық саясат жүргізуде Голландия алғашқы орынды иемденді. Оның отарлық иеліктері Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлығында орналасты.

     XVII ғасырдың 40-жылдарындағы Англиядағы буржуазиялық революция бұл елді отарлық үстемдік үшін ашық күреске әкелді. XVII ғасырдың екінші жартысында жүргізілген соғыстардың нәтижесінде Англия Голландияны жүргізілген бәсекелестік соғысы Голландияның негізгі отарлық иеліктерін толық тартып алуға мүмкіндік бермейді.XVIII ғасыр бойында Англия мен Франция арасында Америка мен Үндістанды отарлау үшін кескілескен күрес жүреді.

     XVII-XVIII ғасырлада Ресей де отаршылдық саясатқа бет бұрып, халықаралық саясаттағы мәртебесі өсе бастады. Ресейлік отаршылдардың Шығысқа жылжуы біршама ауқымы болды.

     XVIII-XIX ғасырларда Еуропа елдеріндегі капиталистік қатынастардың дамуы азиялық рынок үшін күресті, отарлық иеліктерді қанауды одан әрі күшейте түсті. Отаршылдар отарлық қанаудың жаңа әдісіне көше бастады. Батыс Еуропа елдерінде XV ғасырдың 1-жартысынан феодалдық құрылыс ыдырауға бет алды. Ірі-ірі қалалар дамып, еңбек құралдары жетілдірілді, ірі кәсіпорындар пайда болып, тауар өндіру артты, сауда ұлғайды. Ақшаның маңызы күшейіп, сауданың одан әрі дамуына себепші болды. Теңге соғу үшін алтын-күміс металдарына деген сұраныс артты. Өндіріс заттарын көп өндіру үшін арзан шикізат керек болды. Сол кезде Батыс Еуропа елдерінде осы айтылған қымбат заттар Үндістанда, Шығыс Азия елдерінде «төгіліп жатыр» деген қауесет тарады. Батыс еуропалықтар су тегін байлыққа тез жетіп, алтын, піл сүйегі және бағалы металдар мен морж тісіне кенелгісі келді. Сөйтіп сауданың дамуы бұл арды қауіп-қатерлі жаңа жерлер іздеуге итермеледі. Бұл кезде түрік жаулап алушылары олардың Кіші Азия мен Сирия арқылы Шығысқа баратын жолын толық жауып тастаған еді. Бұл жағдай Еуропадан Азияға баратын жаңа жолдар іздеуді қажет етті. Еуропалықтардың ашық теңізге шығып, алысқа жүзуге ұзақ уақыт бойы батылы бармады. Қолдарында дұрыс карталары мен теңіз құралдары болмаған саяхатшылар Еуропаны қоршаған теңіздерде ғана жүзді. Теңізшілер кеменің қай жерде жүргенін күн ашық кезде, жұлдыздардың орналасуы бойынша, толқыны жоқ жағаға түсіп қана білетін болды. Теңізшілерде құбылнама (компас) пайда болғаннан кейін ашық теңізге шығу қауіпсіз бола бастады. Кеменің жүрген жерін анықтайтын аспап - астролябия ойлап шығарылды. XV ғасырда тез жүретін жеңіл, желкенді кеме - каравелла жасалды. Мұндай кемелер жүрдек әрі сыйымды еді. Олардың түзу және көлбей орнатылған желкендері бар үш мачтасы болды және өзіне керекті бағытқа қарай ыққа да, желге де қарсы жүзе алды. Каравелламен алыс саяхаттарға шығуға болатын еді.

Шығыс деспотиясы Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің ел басшыларының билігі Құдайдан берілгендігіне негізделді және шексіз сипатқа ие болды. Билікті жүзеге асырудың бұл нысаны «Шығыстық деспотия» деп аталды. Мемлекетте билік бір ғана адамның қолында болды, ол Құдайдың жердегі өкілі, баласы ретінде қарастырылды.

Азиядағы отаршылдық — орта ғасырлық табиғи өндіріс тәсілінен өнеркәсіптік өндірістік қарым-қатынастарға өту кезеңінде орын алған тарихи құбылыс. Экон.-әлеум. тұрғыдан неғұрлым жетілген мемл-тер дамуы кенже қалған елдерді саяси, экон. және рухани құлдықта ұстады, олардың табиғи байлықтарын өтеусіз, ынсапсыз тонап, арзан шикізат көзіне айналдырды. А.о. 1498 ж. португалдықтардың Үндістанға жол ашуынан басталған. Олар Үндістанның жағалауына орнығып, Маллук аралдарын жаулап алды. Мыңдаған адамды қырып, тұтас аймақты құлдықта ұстады. Әсіресе, алым-салықты еселей жинап, плантациялар мен елді мекендерде тұрғындарды еріксіз еңбекке жегу, алтын мен күмісті ашкөздікпен өндіріп, сыртқы және ішкі саудада монополия орнату Португалия мен Испанияның отаршылдық саясатына тән сипат болды. 16 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың басында экон-сы қарқынды дамып, күш-қуаты артқан Голландияның отаршылдық жорықтары басталды. Ол Шығыстағы Португалияның отар елдерін тартып алды. Тек 1652 — 54, 1665 — 67, 1672 — 74 ж. аралығындағы ағылшын-голланд соғыстарынан кейін ғана Голландияның үстемдігі жойылды. 17 ғ-дың соңы мен 18 ғ-дың басында Франция отаршылдық жолына түсті. Бұл кезеңдегі отаршылдық саясат, негізінен, озбыр сауда-саттық арқылы жүзеге асты. Оны реттеудің экон-дан тысқары, әкімш. әдістері қолданылды. Тікелей тонау тәсілі отар елдердің сыртпен сауда-саттық жасау құқын шектеп, тек отарлаушыларға үстемдік құқылар беретін нормативтік актілерге ұласты. Мұндай жағдайда отарлаушы мемл-тердің компаниялары құлдарды саудаға салуға, сапасы төмен бұйымдарын аса қымбат бағаға өткізуге ерікті болды. Өндірісі қуатты өнеркәсіп салаларының өркендеуіне орай тікелей тонаумен қатар баламасыз айырбас тәсілі басталды. Отар елдер біртіндеп үстемдік құрушы мемл-тердің арзан шикізат көзіне, олардың өнімдерін өткізудің рыногына (пиасасына) айналды. Мыс., 1757 — 1812 ж. аралығында Англияның Үндістаннан жинаған тікелей алым-салығы 10 млн. фунт стерлинг құрады. Сонымен қатар 1814 — 35 ж. аралығында Үндістанға мақта-мата өнімдерін өткізу көрсеткіші 65 есе ұлғайды. 1860 ж. мұнда, Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда 2 есе көп ағылшын матасы әкелінді. Арзан шикізат көзі ретінде Үндістан — мақта, кендір, апиын, Цейлон — каучук пен шай, Въетнам — күріш т.б. өндіруге “маманданды”. Англия Испаниямен соғыста, сондай-ақ Голландияның, Португалияның есебінен өз иеліктерін 18 есе ұлғайтты. 1840 — 42 ж. (Франциямен бірлесіп), 1856 — 60 ж. “апиын соғыстарын” ашты. Сянганды (Гонконгті) иеленіп, Ауғанстанды бағындыруға тырысты, Парсы шығанағының маңызды бөліктерін басып алды. Ал Франция Въетнамды (1850 — 80 ж.) бағындырып, Камбоджада (1863 ж.), Лаоста (1893 ж.) өз билігін орнатты. А.о. жергілікті халықтардың ұлт-азаттық күресімен қатар жүріп отырды. Мыс., 1857 — 59 ж. Үндістанда, 1851 — 64 ж. Қытайда (Тайчин), 19 ғ-дың 80 — 90 ж. Үндіқытай елдерінде отаршылдарға қарсы көтерілістер болды. Басқыншылықпен қатар көптеген елдерді билеп-төстеп, жартылай отарға айналдыру саясаты кеңінен жүргізіле бастады. 19 ғ-дың 40 — 50 ж. АҚШ Қытай мен Жапонияға әділетсіз келісімшартын еріксіз таңды. 1-дүн. жүз. соғыс қарсаңында Қытай, Иран, Түркия, Сиам жартылай отар ел халіне душар болды. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында Германия, АҚШ пен Жапония басқыншылық жорыққа шықты. 1898 ж. АҚШ Филиппин, Гуам аралдарын басып алды. Қытайда “ашық есік” саясаты белсенді жүргізілді. Германия Түркияға, Таяу және Орта Азияға, Қиыр Шығысқа экспания жасады. 1905 ж. Жапония Ляо-дун жартыаралын, Маньчжур темір жолының оңт. тармағын, Оңт. Сахалинді иеленді. Сондай-ақ, 1910 ж. ол Кореяға қарсы соғыс ашып, Оңт. Маньчжурияға (Солт.-Шығыс Қытай) толық бақылау жасады. Бұл кезеңдердегі отаршылық саясат әскери-саяси қысым жасау арқылы қамтамасыз етіліп, әкімш. тәсілдер экон. айла-шарғылармен ұштастырылып отырды. 1-дүн. жүз. соғыстан кейін Германия өзінің отар елдерінен айырылды, Осман империясының бірқатар аудандары Англия мен Францияның қол астында қалды. Отар елдерде жаппай азаттық күресі басталды. Мыс., Қытайдағы “4 мамыр” (1919) қозғалысы, Кореядағы жапондарға қарсы көтеріліс (1919), Үндістандағы, Индонезиядағы, Сириядағы, Ирактағы, Палестинадағы, Түркиядағы және т.б. елдердегі бұқаралық қозғалыстар.

Сондықтан екінші дүниежүзілік соғыста демократия күштерінің фашизмді жеңуі, капитализмге қарсы социалистік жүйенің пайда болуы мен отаршылдық жүйенің күйреуіне қолайлы жағдай жасады. Халықаралық қамқорлық жүйесі туралы мәселе Англия, КСРО,АҚШ келісімі бойынша Сан – Франциско конференциясынан күн тәртібіне кіргізілді. (1945 жылы, БҰҰ құрған). Кеңес өкілдері, отаршылдық халықтар үшін тәуелсіздік принципін қолдады, олардың компоненттері, ең біріншіден ағылшындар БҰҰ уставында «өзін -өзі басқаруға бағыты»қозғалысы болуын талап етті. Ең соңында, кеңес делегациясы ұсынғандай:БҰҰ қамқорлық жүйесі өзіне қарайтын территорияларды «өзін өзі басқару мен тәуелсіздікке» қарай бағыт беру қажеттігі айтылады. 20ғ. басында батыс өркениетінің дағдарысы бірінші дүниежүзілік соғыс, және одан кейінгі әлеуметтік- саяси өзгерістер дүниежүзіндегі, отаршылдыққа қарсы күрестің өсуіне әсер етті. Азия, Африка , Латын Америкасының халықтары рыноктік қатынастарға тартылды.,оның нәтижесінде тәуелді елдерде жеке меншік нығайды, жаңа әлеуметтік құрылым элементтері қалыптасты, батыс мәдениеті, блім т. Ол жартылай отар елдерде батыс үлгісімен қайта құру жүргізу іс-әрекетінен байқалды. Бірақ батыс елдерінде тоталитарлық бағыттың өсуі расизм идеологиясы мен саясатының күшеюімен қатар жүрді, ол метрополияның антиотаршылдық қозғалысқа қарсыласуыныңеүшеюіне әкелді. Атап көрсетілген мемлекеттер бүкіл Африка мен Полинезияны басып алд, Азия мен Латын Америкасында өз позициясын нығайтты.Отарлық иеліктер территориясы 19ғ. соңғы ширегінде 40 тан 65 млн. Шаршы км дейін өсті, отар халқының саны 500 млн. Адамнан асты.  Отаршылдық дегеніміз- метрополияның жаулап алған елдер мен халықтарға, яғни отарларда жүргізетін саясаты. Отар мен отаршылдық капитализмге дейінгі уақытта да болған; оның мысалы, Рим империясының саясаты.Ал 19ғ соңынан бастап отаршылдық- ірі европалық отаршылдық державалар арасында дүние жүзінің территориясын бөліп алудың аяқталуы мен сипатталады.Ол дүние жүзінің, алдыңғы қатарлы индустриялық, батыс өркениетінің елдері-Ұлыбритания, Франция , Германия,Голландия, Испания, Португалия, АҚШ.Осы арада Жапонияны ерекше айтуға болады, әскери-экономикалық дамуында үүлкен алға басушылық жасап, 19ғ. Оңтүстік Шығысты бөлісуге қатыстыы. Сонымен, отаршылдық жүйе дүниежүзілік жағдайға айналды, ал отарлар ролі- шикізат көзі, арзан жұмысшы, тауарлар сататын рынок, капитал құятын рынок реттінде күн сайын өсті. Бірақ отаршылдық жүйе деген тек ғана отармен, метрополиямен ғана шектелмейді. Сонымен қатар түрлі жартылай отаршылдық тәелділіктің әр түрі болды( мыс. Персия, Қытай, Түркия), және тәуелді елдердің бірнеше түрлере, олар саяси тәуелсіз болғандықпен, шын мәнінде көптеген экономикалық, әскери- саяси келісімдермен байланып, олардың тәелсіздігін жоққа шығарды. Он жылдан кейін отаршылдық тәуелділіктен 1,2 млрд адам азат етілді. Дүниежүзілік картада 15 тәуелсіз мемлекет пайда болды, онда бұрынғы отарлық иеліктердің 4/5 халқы өмір сүрді ірі ағылшын отарлары Үндістан (1947), Цитион (1948), Францияның мандаттық территориялары Сирия мен Ливан (1943, әскерді шығару -1946), жаппай отаршылдық тәуелділігінен Вьетнам азат етілді, Франциядан тәуелсіздігін жаулап алған, 8 жылдық соғыс нәтижесінде (1945-1954), Солтүстік Корея мен Қытайда социолистік сипаттағы революциянер жеңді. 50жж. Ортасынан бастап отаршылдық жүйе оның классикалық түрінде (тікелей бағындыру, диктат) күйрей бастады.1960 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы КСРО инициативсымен, бұрынғы отар елдерге тәуелсіздік беру туралы Декларация қабылдады. Екінші дүниежүзілік соғыс соңына таман Африканың 55 тер-да және маңындағы аралдарды 200млн адамға жуық өмір сүрді. Формальді түрде тәуелсіз болып Египет, Эфиопия, Либерия, және Ұлыбритания доминион Оңтүстік Африканың одақ өздерінің өкіметі мен экономикасы болған. Африканың көп бөлігі Англия, Франция,Бельгия, Португалия,Испания,Италия арасында бөлінді. 1960 жылы тарихқа «Африка жылы» деген атпен кірді. 17 орталық және батыс елі тәуелсіздігін жариялады. Жалпы, Африканы азат ету 1975 жылы аяқталды. Бұл уақытта дүние жүзінде сақталған отарларда – 3,7% халық өмір сүрді, ал территориясы 1 % - жер шарының. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отаршылдықтан 2 млрд адам азат етілді. Отаршылдық жүйенің құлдырауы – сөзсіз прогрессивті жағдай

Осман империясы

III Сәлемнің реформалары. XVIII  ғасырдың соңы мен XIX  ғасырдың басында Осман империясы құлаудың аз-ақ алдында тұрды. Билеуші топтар осы дағдарыстан реформа арқылы шықпақ болды. Реформашыларды III Сәлімнің сұлтан ( 1789-1807) қолдады. 1792 -1796 жылдары Сәлім армияны қайта құру туралы үкім шығарды. Әскери қызметтен бас  тартушылардың  иеліктері қайтарылып алынатын болды. Әскери инженерлік училищелер ашылды, шетелдік нұсқаушылардың көмегімен 23 кеме қатарына соғыс флоты құрылды. Оқ-дәрі зауыты, қару-жарақ қоймасы, киім және аяқ киім тігетін фабрикалар салынды. Батыс Европалық  ғылыми трактаттар мен әскери ережелер түрік тіліне аударылды. III Сәлім жүргізген шаралар « жаңа жүйе» деген атқа ие болды. Көптеген феодалдар мен мұсылман дін басылары реформаға қарсы болды, өйткені олар өздері пайдаланып жүрген жеңілдіктерінен айырылатынын  білді. Реформаны ерекше дұшпандықпен қабылдаған янычарлар реформа янычарлар корпустарын жояды днп түсінді. Сондықтан III Cәлімге  қарсы феодалдық бүліктер басталды. 1798 жылы Наполеон Бонопарт  бастаған француз армиясы Египетке келіп түскенде, Франциямен соғыс болды. Осы соғыстың барысында III Сәлім янычарларға бірқатар жеңіодіктер жасауға мәжбүр болды. Орыс-түрік соғысының барысында (1806 – 1812) III Сәлім 1807 жылы тақтан тайдырылды. Жаңа сұлтан IV Мұстафа  барлық реформаға тыйым салды.

Реформаны жақтаушылар Рущук округінің (Болгария) беделі билеушісі Мұстафа паша Байрақтардың төңірегінде топтаса бастады. Оларды «рущук достары» деп атады. 1807 жылы Ресей мен Түркияның арасындағы келісімге қол қойылғанда, III Сәлім таққа қайта отырғызу мақсатымен  Байрақтар өз әскерін Стамбулға қарай аттандырды. Бірақ әскерлер Стамбұлға жақындап қалған кезде III Сәлім адам қолынан қаза тапты. Ал Байрақтар Стамбұлға кірген соң  IV   Мұстафаны тақтан түсіріп,  оның ағасы Махмұд  II  (1808-1839) таққа отырғызды. Байрақтардың өзі ұлы уәзір болып тағайындалды. «рущук достар» маңызды мемлекеттік қызметтерді иемдеді. Елде реформа қайтадан басталды . Янычарлардың ашық наразылығына қарамастан, Байрақтар батыл іс-қимылдар жүргізді. Бірақ 1808 жылғы Стамбұлдағы  янычарлардың бүлігі кезінде Байрақтар қаза тапты. Оның жақтастары өкіметтен аластатылды. Реформа жазушылардың сәтсіздікке ұшырауы кездейсоқтық емес еді. Өйткені Түркияны тек әлеуметтік жағынан түпкілікті қайта құру арқылы ғана өркендетуге болатын . Бұл Осман империясының аумағында өмір сүруге дейін ұлттық мемлекет құрғанда ғана  жүзеге асатын-ды. Ал реформа өмірге бейімсіз Осман империясын сақтауға тырысты.

  «Шығыс мәселесінің» тууы.  Осман империясының әлсіздігі мен құлдырауын пайдаланып, батысевропалық мемлекеттер оның ұлан-ғайыр аумағын иемденуге ұмтылды. Осман империясының құрамына кіретін  аумақтардың үлкен стратегиялық, экономикалық және саяси маңызы болғандықтан, Англия, Франция, Австрия мен Ресей оның иеліктерін жаулап алуға мүдделі болды. Осы державалардың әрқайсысы өзінің бәсекелестеріне саяси  немесе экономикалық басымдылығын пайдаланып, Осман империясының аумағын тартып алуға талаптанды. Осылай XVIII ғасырда «Шығыс мәселесі» туындады.

«Шығыс мәселесінің» мазмұны ұлы державалардың агрессивті ұмтылыстары мен   ғана шектелген жоқ. Осман империясындағы езілген халықтардың ұлттық тәуелсіздігі мен тәуелсіз мемлекет құру үшін күресі оның маңызды құрамдас бөлігі болды. Езілген халықтардың ұлт- азаттық қозғалыстарына қарсы сұлтан үкіметінің күресін Англия мен Франция қолдады. Осман империясының аумағын басып алуға ұмтыла отырып, жылдан жылға әлсіреген империяны тұтастай өздеріне бағындыруға ұмтылды Ресей  керісінше, езілген халықтардың түрік шапқыншылығының  қарсы күресі желеу, Балқан түбегіне орнығып, Қара теңіздегі бұғаздарды жаулап алуға ұмтылды. Осман империясы әсіресе сыртқы саясатта  өзінің пәрменділігін жоғалтқан кезде, XVIII ғасырдың екінші жартысында «Шығыс мәселесі»  асқындай түсті. Мұның жарқын көрінісі 1768-1774 жылдары  орыс-түрік соғысында  Осман империясының жеңілуі болып табыады.  Соғыстың аяқталуы туралы жасалған Күшік-Қайнар бітімі (1774 жылы) Ресейге Қара теңіздегі кеме қатынасы мен орыскөпестеріне сауда жеңілдіктерін пайдалануға мүмкіндік берді. Қырым  Осман империясына тәуелсіз  деп жарияланды. Ресей Молдаван және Валахия билеушілерінің  үстінен, Түркиядағы православиелік шіркеуге қамқорлық жасауға құқық алды. II Екатерина «османдық мұрагерлікті» бөлісу және Еуропа аумағынан түріктерді түгелдей қуу мәселесін қойды. Ресейдің қуатының тез өсе бастауынан және оның  Балқан мен Жерорта теңізіне шығуынан қорқа бастаған Англия, Франция және басқа да Еуропа мемлекеттері, Осман империяның «тұтастығымен дербестігін» қорғау мақсатын желеу етіп, Ресейдің одан кейінгі тағдыры еуропалықтардың қолына көшті.

1738 жылы Қырымның Ресейге қосылуы 1787-1791 жылдары жаңа орыс- түрік соғысының шығуына себеп  болды. А. В. Суворов қолбасшылық еткен орыс әскерлері Рокшана, Рымник, Измайлдың түбінде түріктерге күйрете соққы берді.

1806-1812 жылғы кезекті орыс-түрік соғысында Осман империясы үшін сын кезең туды. Оған сылтау Ресейдің сербтер көтерілісін  қолдауы болды. 1811 жылдың күзінде М.Кутузовтың Осман империясының әскерін талқандады. 1812 жылы Бухарест бітімі Осман езгісіндегі Бессарабияны Ресейдің құрамына қосты.  Сербияға өзін-өзі басқару мүмкіндігін беруге сұлтан міндеттеме алды.

Батыс еуропалық отаршылдардың империяға енуі мен орыс- түрік соғыстарына  байланысты сәтсіздік Осман империясын әрі терең дағдарыс пен құлдырауға ұшыратты.

Европалық державалардың Түркия үшін күресінің күшеюі.

Осман империясындағы ұлт-азаттық қозғалыстар.  1806-1812 жылдардағы орыс-түрік соғысы Балқан халықтарының ұлт-азаттық күрестерінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Наполеонның Ресейге жасаған жорығын пайдаланған Осман империясы сербтерге берілетін автономиялық құқық кепілдігін сақтамай, Бухарест  бітімін бұзып, азаттық күресіне қатысушыларды аяусыз жазалады. Бірақ 1815 жылы Сербияда жаңа көтеріліс бұрқ ете түсті . Түрік өкіметі сербтердің ішкі автономиялығын тани отырып , олармен келісімге келуге мәжбүр болды.

1821 жылы Грекияда көтеріліс басталды. Оның қарқыны мен күші Осман империясының жоғары билеушілерін абыржытты. Түрік сұлтаны II Махмұд «кәпірлергеқарсы қасиетті соғыс» жариялады. Елдің барлық жерінде гректердің қырып-жою басталды, астанада 10 мыңнан астам гректер өлтірілді, соның ішінде грек  патриархы да болды. Алайда мұндай қатыгез шаралар да көтерілісті тоқтата алмады. Гректердің өтерілісін өз күшімен басуға сұлтан II Махмұттың жағдайы келмегендіктен , ол Египет патшасы Мұхаммед Әлиден көмек сұрады. Еуропалық үлгімен құрылған әскерін беруге келіскен Мұхаммед Әли Сербия мен Крит аралдарын өзіне беруді талап етті. 1824 жылы грек көтерілісін  басу үшін  түріктер Египеттің әскері мен флотын қолданды. Грек көтерілісшілеріне қарағанда қаруы мен әскерінің саны көп Египет әскері 1827 жылы көтерілістің негізгі ошақтарын басты. Грек патриоттарының тәуелсіздік үшін күресі Еуропаның алдыңғы қатарлы жұртшылығының ынтымақтастығын оятты. Грекияға египет-түрік  шабуылының ең ауыр кезеңінде басқа елдердень көптеген еріктілер келді. Дегенмен, Ресей  үкіметі мен еуропалық державалар өздерінің сыртқы саясаттағы жоспарын  іске асыру үшін грек көтерілісін пайдаланып  қалуға тырысты. 1826 жылы желтоқсандықтарды жазалау кезінде жоғалтқан беделін орыс қоғаының алдында қалпына келтіруге ұмтылған  I Николай  Грекияға толық автономия берілуін талап етті. Ресей Осман империясымен соғысуға ашықтан ашық  дайындала бастады.

Ресейдің жеке-дара  күрес жүргізуіне Англия жол бермеді. 1826 жылы ағылшын – орыс хаттамасына қол қойылды, бұған Франция қосылды. Бұл державалар сұлтаннан гректерге бағытталған әскери қимылдарды тоқтатуды және оған автономия берілуін талап етті. Грек мәселесінде еуропалық державалардың әрқайсысының өзіндік жоспарлары бар екенін жақсы түсінген II Махмұт, олардың өзара қайшылықтарын пайдалануға тырысып, ультиматумды қабылдамады. 1827 жылы Мұхаммед Әлидің әскері көтерілісшілердің соңғы тірегі-Афиныны алды. Қазан айында Навария қойнауында Еуропа елдерінің флоты египет-түрік флотын талқандады. Египет патшасының әскрі Грекияны тастап, Еліне қайтуға мәжбүр болды. Навариядағы жеңіс Ресейдің одан әрі шапқыншылық  жасауына қолайлы жағдай туғызып , 1828 жылдың көктемінде Ресей Осман империясына соғыс жариялады. 1828-29 жылғы орыс-түрік соғысында Осман әскері толық жеңілді. 1829 жылы қыркүйек айында Андрианополь бітіміне қол қойылып, ол бойынша грузин және армян облыстары Ресейге қосылды. Түркияға контрибуция салынды. Шарттың ең маңыздысы-Сербия мен Грекияға автономия берілді. 1830 жылы Грекия тәуелсіз корольдік болып жарияланды.

II Махмұттың реформалары.  Грек көтерілісі кезінде нашар қаруланған көтерілісшілерді басуға янычар әскерлерінің шамасы келмеді. Дінбасылардың қолдауына сүйенген II Махмұт 1826 жылы жаңа әскер құруға бұйрық берді. Сұлтанның бұйрығы янычарлар көтерілісін туғызды, бұған 20 мың әскер қатысты. Бұл көтерілісті сұлтан ісләмға қарсы көтеріліс деп жариялап, оларды қатаң жазалады. 7 мыңға жуық янычар  өлтірілді, қалғандары империяның шеткері аудандарына жер аударылды. Янычар  корпусы осылайша жойып жіберілді.

30 жылдары мемлекеттік және әкімшілік құрылымдар, қаржы, құқық мәдениет  саласына  қайта құру жүргізілді. Тимар (сипақ) жүйесінің жойылуы зор маңызға ие болды. Тимар жойылысымен іле-шала әкімшілік реформасы жүргізілді. Империяның бәрі аумақтық белгі бойынша вилайет(губерния) пен санджакка(уездерге) бөлінді, олардың билеушілерін орталық үкімет тағайындайтын болды. Мемлекеттік аппараттың жаңаруынан еуропалық үлгідегі бірқатар министерліктер құрылды. Парижде, Лондонда, Берлинде, Венада елшіліктер   ашылды.  II Махмұт білім беру саласында да бірқатар істер атқарды. Стамбұлға медициналық, әскери және теңіз инженерлік  училищелері  ашылды. 1831 жылы  түрік тілінде бірінші мемлекеттік  газет шығарыла бастады. Жастардың бір тобы Еуропаға оқуға  жіберілді. Одан да маңыздырақ рефориалар  II Махмұд өлгеннен кейін  іске асырылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]