- •« Шығыс елдеріндегі қарігі тарихи процестер» пәні бойынша Дәрістер
- •Дәріс. Үндістанның қоғамдық дамуы және халықаралық қатынастардағы орны мен рөлі
- •9. Иран Ислам Республикасының тарихи даму процесі және аймақтық ықпалы
- •XIX ғасырдың бірінші ширегіндегі Осман имеприясының жағдайы.
- •Патша үкіметінің XVIII ғасырдағы ислам дініне қатысты ұстанған саясаты[өңдеу]
- •Еңбектері[өңдеу]
- •Содержание
- •Мазмұны
- •Мазмұны
- •Содержание
- •История[править код]
- •Мазмұны
- •75. Н.Мандела саяси талғалық портреті.
- •76. Отарсызданудан кейінгі Шығыс:колонизация (отарлау) мұрасы және тарихи ролі
- •77. Ауғаныстанға ксро әскері кіруі.
- •78. Саддам Хусейн тұсындағы Ирак.
- •79. Ирак-Кувейт соғысы. «Шөлдегі дауыл».
- •80. Ислам фундаментализмі.
- •81. Діни экстремизм және терроризм
- •82. Үндістан-Пәкістан қарым-қатнас мәселелері
- •83. Солтүстік Корея: ядролық қару мәселесі
- •84. Ауғанстандағы талибан қозғалысы.
- •85. Усама бен Ладен: шындық пен аңыз.
- •86. Араб көктемі: алғышарттары, барысы және салдары.
- •87. Даиш және Сирия мәселесі.
- •88. «Азия жолбарыстары» феномені.
- •89. Қытай мен Жапония арасындағы саяси-экономикалық бәсекелестік.
- •90. Жаһандағы миграциялық үдерістер: қауіпті салдары.
- •99. Демографиялық мәселелер.
- •100. Азия және Африканың жаңа және қазірге заман тарихы пәнінің мақсаты, нысаны.
89. Қытай мен Жапония арасындағы саяси-экономикалық бәсекелестік.
Жапонияның ірі корпорацияларының секторы - 2, 4 мың акционерлiк серiктестiк. Акционерлiк серiктестiктердің жалпы саны - 800 мыңға жуық. Орташа және ұсақ кәсiпорындар дисперсиясысыз жұмыс iстейдi және жабулы акционерлiк серiктестiк және серiктестiктер сияқты жүргiзiледi.
Iрi корпорациялардың әрбiрi «кэйрэцу» деп аталатын топтардың ядросы болып табылады. Жапон кэйрэцуiнде байланыстыратын элемент болып меншiк қатынастар және шарттар болып табылады. Заң бойынша банктерге акциялардың 5% көп мөлшерде ұстауына тиым салынады. Сондықтан «кэйрэцу» қаржылай-өнеркәсiптiк топтармен банктердiң құзыры болып табылмайды.
«Кэйрэцу» арасында технологиялық негіздегі тік интеграциямен қоса конгломераттар да бар. Машина жасау корпорациялары 300-400 жуық компанияларды иеленіп отыр. Олар: «Мицубиси дзюкоге», «Комацу», электрические «Хитати», «Тосиба», «Сони», «Мацусита дэнки».
Түгелдей дерлiк кәсiпорындардың ерiктi мүшелiгi, пайдасыз ұйымдар және еркiн бөлiнiп шығу еркіндігі бар салалық одақтарға топтастырылған. Жапонияда жалпыұлттық кәсiпкерлiк одақтардың саны жүзден асады, ұсақ бизнестiң жергiлiктi ұйымдарының кәсiпкерлер саны 20 мың.
Жапония корпорацияларының қаржы құрылымының капиталы 30% кем. Банктер кезiнде елдiң өте қарқынды индустриалды дамытуын қаржыландыру бойынша негiзгi жүктемелердi алып жүрдi.
Алып держава Қытай елінің әлемді дүрілдетіп тұрған тірлігі тағы бір басқышқа өтетін түрі бар.
Қытайдың сенгені ШЫҰ мен Африка
Қытайдың ұлттық корпоративтік үлгідегі экономикалық саясаты – қытай экономикасын батыс елдері мен АҚШ-тың жаулауынан сақтайтын ұлттық саясат іретінде өз ролін атқаруда. Ал шет ел инвесртлерін көптеп тарту арқылы мемлекетке салмақ түсіріп отырған жұмыссыздық мәселесін шешті әрі қытайлардың экономикалық бәсекелестік деңгейін практика жүзінде көтерді. Деседе соңғы екі жылда қытай экономикасының аяғына қан түсті. Міне бұл Ши жинпиң бастаған қытай билігіне ауыр сынақ болып тұр.
Себебі қытай мен батыс елдері арасындағы, АҚШ арасындағы, Жер таласы ушыға бастаған көршілері арасындағы саяси-экономикалық бақталастық асқына бастағаны белгілі. Қытай басшысы Ши мырзаның мемлекеттік сапарды алдымен Орысқа сосын Африка елдеріне бағыттағандығынан бір аз нәрсе түсінуге болады. Тіптен мұнай-газі арқылы қытайдың бір аз жыртығын жамап жүрген қазақ елі басшысын да ренжітпестен қошаметтеп, қонақ етіп қайтарды. Экономикалық жақтан еңсесі еңкейе бастаған батыс елдеріне иек сүйеудің қажаті шамалы. Саяси жақтан орысқа сүйеніп, экономикалық жаулау саясатын африка елдеріне бағыттауды жөн көріпті. Бұдан латын америкасы да қағыс қалмайтыны белгілі. Ал шаңхай ынтымақтастық ұйымы – қытайдың бірден-бір сенімді серігі. Міне бұл – қытайдың батыс елдерінің, АҚШ-тың, шығыс-оңтүстік азия елдерінің алдын орап істеген саяси бетбұрысы. Тіпті жетім баланың күйін кешіп жүрген пакістанға да көмегін аямауға уәде етіп, гуадар портын, танзанияның багомоя портын өткізіп алды. Бұл қытайдың энергетикалық қауыпсіздігі мен иінді мұхиты айдынындағы ықпалын қорғайтын маңызды қадам болмақ.
Ши мырза Экономикалық қайта құрылымдауды бастайды деген дақпырт шыққалы да 2 жылға айналды. Әзірше елеулі өзгеріс жоқ. Реформаның иісі де сезілмейді. Бірақ ұлттық корпоративтік компаниялар арқылы шет елмен жұмыс жасауды барынша қолға алды.
Міне осы мәселелер туралы әлімізше сараптамалық талқы жасауды жөн көрдік.
Лаң Шианпиң: «Қытай экономикасы ең қатарлі кезеңге тап болды»
(Лаң Шианпиң(郎咸平): АҚШ Wharton Business School-нің докторы, қазір Гаңкоң (Hongkong) қытай тілі университетінің профессоры)
Күллі әлем экономикасын жыландай арбап жұтып, айдаһарға айналған алып қытай енді шаршай бастағандай. Әлде жан-жақтан құйылған ақшаға қағанағы қарық, сағанағы сарық боп тояттай қалды ма!? Әлде бір алпауыт алаяқтардың қақпанына түсіп қалды ма? Әйтеуір бір тықыр таянғаны белгілі. Бұл туралы олар өздері дабыл қағып отыр.
Экономикалық даму тұрақты болуы екіталай, тұрақты болуы үшін экономикалық саясат жиі өзгеріп тұру керек. Себебі, сұраныс пен ұсыныс тіпті саяси жағдайдың жиі өзгеруі экономикаға әсер ететіні белгілі. Қытай елі де дәл осындай кезеңге тап болуда. Соңғы 10 жылдағы қытай экономикасының қарыштап дамуы әлемді таңдантты әрі шошытты. Енді, міне бірден шайқала бастады.
Тағы бір себеп ретінде алпауыт АҚШ доллары мен Қытай юаны арасындағы тәуелділік пен саяси күндестіктің кімнің пайдасына шешілетінін қарауға болады. Оған өз қағынан өзі жерген қытай байлары мен шекпенділерінің шет елге асуды мақстат тұтатынын тағы қосыңыз.
Тоқыраудың ең басты бейнесі ретінде алдымен азық-түлік бағасының өсуін және Қытай юанының құнсыздану процесінде тұрғанын айтуға болады.
Біріншіден, жалпы экономикалық саланы дамытуға жаңа талпыныс болмады. Көне сүрдек қиындыққа тіреді. Экономиканың арту қарқынының баяулауы ең төменгі айлық жалақы өлшемінің өсу көрсеткішін көтеруге мүмкіндік бермеуде. Атап айтқанда Қытайдың 16 провинциясында бұл көрсеткіш 2012 жылы 17%-дан аспады.Бұл 2011 жылғы 22%-ға тең, төмендегенін көрсетеді.
Екіншіден, үкімет шет елден инвестиция тартуда тығырыққа тірелді және көптеген ірі, орта-шағын компанияларды мемлекет өз күшімен сүйемелдеп отыр. Әсіресе сыртқы сауда мөлшері айтарлықтай тоқырады, бұны Европа елдерінің экономикалық кризисімен және Еуразиялық одақтың импортты айтарлықтай шектеуымен де түсіндіруге болады.
Үшіншіден, қытай ақшасы құнсыздана бастады. Бұл бір жағынан халықтың қаржы танымына әсер етті. Халық ақшаны жылжымайтын мүлікке салайын десе үй бағасы аспандай бастады, енді бір жағынан жеңілдетілген несие саясатынан пайдаланған ірі үй-құрылыс компаниялары тұрғын үйді көптеп салуда, бұл ертеңгі үй бағасының тұрақты бола алмайтындығын көрсетіп отыр.
Төртіншіден, үкімет ірі, орта және шағын кәсіпкерлікке берген төмен өсімді қаржылар қайтарылымы болмай отыр. Себебі ұйымдастырылуы әлсіз, тек үкметтің сүйемелі керек. Сонымен ішкі қаныққан базарды кеңейту мен экономикаға серпіліс беретін жаңа базар ашу мәселесі қатар келіп отыр.
Бесіншіден, массасы анағұрлым көп халық нақты ақшаны қаржылық айналымға салудан қорқып бірден аманат қоюға өте бастады, бұның себебі мына 3 жақтан көрінеді: алдымен, үй бағасы тұрақсыз; екіншіден, жарна базары тұрақсыз, өсуінен өшуі көп боп тұр; үшіншіден, құнды заттарға салуға халық тартынады, олай болатыны шын-жалғанын парықтай алмайтын халық алданып қалудан қорқады.
Алтыншыдан, қытай көрші елдерімен жер таласын бастады. Осылайша көршілер қытайды экономикалық және саяси жақтан қыспаққа алуды бастады. Қытайдың Индонезия мен Филиппин арасында теңіз қарастылығы мен Шиша топ аралдарынына байланысты дауылы жерлері бер. Вьетнаммен арада жер дауы барған сайын өршіп барады. Сондай-ақ Индия мен Тибет автономиялы окургіне шекаралас жерлерде және Кашмир өлкесіне қарасты шекарада да дауы шекаралар бар. Бұл тіпті Пәкістан мемлекетін де қалыс қалдырмайтын мәселе. Ал Ресей мен Қазақстанға әзірше ештеңе демегенімен, 1969 жылғы «Жалаңашкөл оқиғасы» мен Уссури жақтағы қарулы қақтығысты ешкім ұмыта қойған жоқ. Мұңғұл елімен де белгілі даулы жерлерді әзірше айтпағанымен бір күні оқулықтарына кіргізе қоюы мүмкін. Тіпті мұңғұляны қытай территорясы санайтыны тағы бар. Міне, бұған Жапония мен Таиваньды қосыңыз.
Жетіншіден, қытай байлары мен шенеуниктері шет елге қашуда. Бұл қытай экономикасы мен рухани әлеміне сызат салған күрделі мәселе болып қалуда.
