- •« Шығыс елдеріндегі қарігі тарихи процестер» пәні бойынша Дәрістер
- •Дәріс. Үндістанның қоғамдық дамуы және халықаралық қатынастардағы орны мен рөлі
- •9. Иран Ислам Республикасының тарихи даму процесі және аймақтық ықпалы
- •XIX ғасырдың бірінші ширегіндегі Осман имеприясының жағдайы.
- •Патша үкіметінің XVIII ғасырдағы ислам дініне қатысты ұстанған саясаты[өңдеу]
- •Еңбектері[өңдеу]
- •Содержание
- •Мазмұны
- •Мазмұны
- •Содержание
- •История[править код]
- •Мазмұны
- •75. Н.Мандела саяси талғалық портреті.
- •76. Отарсызданудан кейінгі Шығыс:колонизация (отарлау) мұрасы және тарихи ролі
- •77. Ауғаныстанға ксро әскері кіруі.
- •78. Саддам Хусейн тұсындағы Ирак.
- •79. Ирак-Кувейт соғысы. «Шөлдегі дауыл».
- •80. Ислам фундаментализмі.
- •81. Діни экстремизм және терроризм
- •82. Үндістан-Пәкістан қарым-қатнас мәселелері
- •83. Солтүстік Корея: ядролық қару мәселесі
- •84. Ауғанстандағы талибан қозғалысы.
- •85. Усама бен Ладен: шындық пен аңыз.
- •86. Араб көктемі: алғышарттары, барысы және салдары.
- •87. Даиш және Сирия мәселесі.
- •88. «Азия жолбарыстары» феномені.
- •89. Қытай мен Жапония арасындағы саяси-экономикалық бәсекелестік.
- •90. Жаһандағы миграциялық үдерістер: қауіпті салдары.
- •99. Демографиялық мәселелер.
- •100. Азия және Африканың жаңа және қазірге заман тарихы пәнінің мақсаты, нысаны.
84. Ауғанстандағы талибан қозғалысы.
Тарихы[өңдеу]
«Талибан» сөзінің арабша төркіні «талиб» - білім іздеуші, оқушы.
Талибан қозғалысы Исламшыл студенттердің әскери ұйымы ретінде пайда болды. Кеңес Одағының басқыншылық әрекеттерінен қашқан босқын студенттер солтүстік-батыс Пәкстанда талибтер қозғалысын негіздеді. Оның құрамы «ауған соғысының жетімдерінен» жасақталды.
Талибтер өздерін «Аллаһтың шэкірттеріміз»депатады.
Мақсаттары[өңдеу]
Ислам дінін таза ұстау; ауған жерінде Аллаһтың калауымен мемлекет орнату; Ислам билігін басқа елдерге тарату. Талибан көсемдерінің көпшілігі Пешеварға таяу жердегі Хаккани медресесін тәмамдағандар.
Негізін салушы[өңдеу]
молла Мохаммад Омар және молла Мохаммад Раббани.
Талибтер Хаккани медресесін өздерінің идеологиялық орталығы ретінде ерекше қастерлейді. Көпшілігі өздерінің есімдеріне Хаккани сөзін қосып атайды. Көптеген сарапшылар Талибан қозғалысын Кеңес Одағына қарсы АҚШ-тың арнаулы мекемелері ұйымдастырды деп біледі. Кеңес-ауған соғысы жылдарында АҚШ моджахедтермен қоса талибтерді де қарулан дыр ды. Пәкстан арқылы ауған жауынгерлеріне «Стингер» зымырандары жеткізілді. Бұл әскер шуравиге (Кеңес эскеріне) қарсы жасақталған болатын. Кеңес әскері Ауғанстаннан шығарылған соң билікке талас тіптен күшейді. Талибтер сол кезде билік басында тұрған моджахедтер үкіметіне қарсы шықты.
1994 -1995 жылдарында пуштун тайпасынан құралған талиб жасақтары ауған жерінің 50%-ын бағындырды. Қандағар қаласы Талибан қозғалысының ортасына айналды.
1996 жылында Кабулды басып алып, талибтер өкімет басына келді. Мохаммад Омар «мұсылмандар билеушісі» титулына ие болып, Шуру (кеңес) органын басқар ды. Ауған жерінде қатаң Исламдық саяси құрылыс пен өмір салты енгізіле бастады. Әйелдерге түгелдей паранжа кию міндеттелді. Тырнақ бояғандардың саусағы кесілетін болды. Радио мен теледидар таралымы тоқгатылды, музыка тыңдауға, Батыс әдебиетін оқуғатыйым салынды. Мәдени салала талибтердің Исламға қарсы дүниемен күресі Бамиан аңғарындағы Будданың алып ескерткіштерін күйретумен шетіне жетті.
II-V ғасырларда жасалған 38,53 метрлік биік ескерткіштер БҰҰ, Ислам конференциясы ұйымы отініштеріне қарамастан талқандалды.
2001 жылында шығарылған жарлық бойынша ауған ерлеріне Батыс үлгісімен шаш қоюға, сақал қыруға тыйым салынды. Исламнан өзге дінді уағыздауға қатаң шек қойылды. Жезөкшелік, зинақорлық, гомосексуализм үшін өлім жазасы белгілейді.
2003 жылында АҚШ пен оның одақтастары Ауғанстанға басып кіріп, елдегі 19 Талибан Қозғалысын биліктен тайдыр ды. Алайда АҚШ әскері талибтерді толық талқандай алмады.
85. Усама бен Ладен: шындық пен аңыз.
Әлемге әйгілі АҚШ пен мұқым Еуропаның ішкенін ірің, жегенін желім қылған, он жыл бойы қорқыныш пен үрейде ұстаған Батыс «қаба сақал құбыжық» атаған Усама бен Ладен дүниеден өтті. Дұрысы өткен жоқ, АҚШ арнаулы бөлімдері көзін жойды. «Біз он жыл оның соңына түстік, аңдыдық (бір қолына таяқ, бір қолына орыстың Калашников автоматын ұстап, жартастар арасында жасырынып, қашып жүрген дімкәс бен Ладенді соңғы үлгіде қарауланған американ әскерінің он жыл бойы ұстай алмауы көңілге сенімсіздік ұялатады) ақыры түбіне жеттік. Бұл - біздің лаңкестікпен күрестегі үлкен жеңісіміз. Біздің арнаулы бөлімдеріміз тапсырманы тамаша орындай білді. АҚШ-тың №1 жауы енді жоқ» деп, Ақ үй қожасы Барак Обама жалпақ әлемге сүйінші сұрай мәлімдеме жасады.
Неге екені белгісіз, АҚШ жедел түрде бен Ладеннің мүрдесін қара жердің қойнына тапсырмай теңізге тастады. Айтатын уәжі: «бен Ладенге табынушылар оның моласын зиярат ететін жерге айналдыруы мүмкін, сол себепті теңізге тасталды». Өлген адамның ДНК-сы арнайы орында тексерістен өтіп, 100 пайыз Усама бен Ладен екені нақтыланды. Сонымен «әл-Қайда» лаңкестік тобының серкесі, АҚШ-тың №1 жауы бен Ладен жойылды. Бірақ әлемде енді тыныштық орнай қояр ма екен? Он жыл бойы АҚШ-қа бой бермей, жұртты үрей үстінде ұстаған бен Ладен қалай жойылды? АҚШ президенті Барак Обаманың айтысына қарағанда, өткен жылы тамыз айында барлау орындары Усаманың Пәкстанда жасырынып жүргенін жеткізген. Содан бірнеше ай бақылау жасаудың нәтижесінде оның расында да Пәкстанда екені анықталған. Ал үстіміздегі жылдың 14 наурызынан бастап Барак Обама қауіпсіздік орындарымен бес рет құпия кездесу өткізген. Оның бәрінде бен Ладенді құрту мәселесі қаралғанға ұқсайды. Ақыры 29 наурыз күні Усаманы құртуға жарлық берген. Ал бен Ладенның жасырынған жері елсіз дала, үңгірі көп таулы аймақ емес, Пәкстанның астанасы Исламабадтан 100 шақырым жердегі Абботтабад қаласы екен. Онда да Пәкстан армиясының әскери академиясы орналасқан кешеннен не бәрі жүздеген метр жердегі зәулім сарайда. «әл-Кайда» серкесін жоюға АҚШ-тың «теңіз мысығы» деп аталатын арнаулы жасағының 40 сарбазы қатысқан. Әлемдегі бас Лаңкес жасырынған үйге олар төрт тік ұшақпен жеткізілген. Операция 40 минутқа созылған. Өліспей беріспеуге тырысқан бен Ладенді мергендердің бірі басынан атып өлтірген. Сол атыста қаза тапқандардың қатарында оның үлкен ұлы және үш қорғаушысы бар. Екі әйелі және жиырмаға жуық күтуші, оқ қағарлары қамауға алынған.
Міне, әлемнің жетекші ақпарат құралдары берген хабар осындай. Бірақ «көзі жойылған бен Ладен бе, басқа ма?» деген сұрақ көптің көңілінде қалып қойды. Себебі оның басына оқ тиіп өліп жатқаны, мүрдесінің теңізге тасталғаны - бәрі ешкімге көрсетілмеді. Жұмбақ күйінде қалды. Бұл жағдайды АҚШ соншалықты неге жасырды? Кезінде Саддам Хусейнді дарға асқанын әлемге көрсетіп, жарнамалап еді. Бұл жолы бәрі жедел және құпия түрде өтті. Әлде сырымыз ашылып қалады деп ойлады ма екен... Тіпті үйге шабуыл жасау кезі де бейнетаспаға түсірілмеген. Осының бәрі жұрттың көңіліне сенімсіздік тудырары хақ. Жарайды, бұл өз алдына әңгіме. Оған тереңдеп талдау жасамастан бұрын «Усама бен Ладен кім еді?» дегенге аз-кем тоқтала кетелік.
Усама бен Ладен 1957 жылы Сауд Арабиясында Эр-Рияд шаһарында дүниеге келген. Әкесі құрылыс фирмасының басшысы болған. Өте ауқатты, бай адам. Оның 50 жуық балаларының ішінде Усама жетінші бала. Жас кезінде жақсы білім алды, университет бітірді. Жағдай бар бола тұра ол, бизнесті емес басқа жолды таңдады. 1982 жылдан бастап Ауғанстан жерінде 2000 адамдық отрядты бастап кеңес әскерлерімен соғысты. Сол 1984-1989 жылдар аралығында Пәкстан және Ауғанстанда кеңес әскеріне қарсы можахедтер даярлайтын лагерьлер ашты.
1988 жылы ол өзінің сарбаз даярлайтын лагерьлеріне «әл-Кайда» деген ат берді. Шындығы керек, можахедтер даярлайтын орталықтар ашуға сол кезде АҚШ пен Пәкстан көмектескені белгілі. Ол жөнінде нақты дәлел жеткілікті. Кейіннен Суданға келіп жол салу, үй тұрғызу және ауылшаруашылық өнімдерін өндіріп сатумен біраз уақыт айналысты. 1990 жылдан бастап оның басқа өмірі басталды. Усама «америка мен сионистік жүйеге» қарсы бүкіл мұсылман баласын күресуге шақырды. Толып жатқан терактілер жасады. 1998 жылы Кения мен Танзанияда жасаған жарылыстардың басты себептері сол болғандықтан, ФБР «әлемдегі ең қауіпті он қылмыскердің бірі» деп қара тізімге енгізді. Оны тұс-тұстан аңду, қудалау басталды. Бір кездегі Ауғанстанда кеңес әскерлерімен соғыста Батыстың жақын адамы болған Усама енді сол Батыстың ата жауына айналды.
2001 жылы 11 қыркүйектегі терактіден кейін «әл-Кайда» және бен Ладенге қарсы күрес әлемдік деңгейде жүргізіле бастады. Оның басына АҚШ 50 миллион доллар тікті. Ал 11 қыркүйекте болған жарылыстарға алғашында өзінің түк қатысы болмағандығын айтқан Усама тек 2004 жылы ғана АҚШ-та болған жарылысты өз жауапкершілігіне алатынын ресми мойындады. Неге? Бұл да белгісіз. Кешеге дейін Усама бен Ладен ресми түрде алты рет «өлді» деп хабарланды. Алайда «суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын, атса оқ өтпейтін» жалаңтөс батыр қашанда өзінің тірі қалғанын, жауларының айтқандары өтірік екенін әшкерелеп, радио және бейне таспалардан өз жолдауларын жолдап жатты.
Мәселен, 2001 жылы желтоқсанда АҚШ бомбылаушы ұшақтары Тора-Бора тауын бомбылған кезде «бен Ладен қаза тапты» деген хабар таратылды. Алайда оның тірі қалғандығы белгілі болды. 2006 жылы 23 қыркүйекте Сауд Арабиясының барлау орындары «бен Ладен 23 тамызда Пәкстанда сүзектен қайтыс болды» деп мәлімдеме жасады. Алайда ол да жалған болып шықты. Ал 2007 жылы 2 қарашада Пәкстанның экс-премьер министрі (өлерінен аз-ақ бұрын) Беназир Бхутто «Әл-жазира» телеарнасына берген сұхбатында Усама бен Ладенді өлген, оның түбіне жеткен Омар Шейх дегенді айтқан болатын. Бұл да шындық болмай шықты. 2008 жылы да осындай жалған хабар тарады. Бірақ бәрінде Усама бен Ладен ғайыптан аман қалып отырған. Ендігісі мынау.
Бұл жолы Барак Обама әлемнен «Усаманың түбіне жеттік» деп сүйінші сұрағандай болды. Бен Ладен расында ажал құшты ма, жоқ па, оны уақыт көрсетер. Дегенмен көптеген алыс-жақын шетел сарапшылары, әскери шенеуніктер, саясаттанушылар Усаманың қазасы жөнінде түрлі пікірлер айтуда. Соның бір-екеуін келтіре кетелік. «Усама бен Ладенді өлтірдік» деп, Ақ үй әлемдік деңгейде үлкен шоу жасады. Бірақ оқиға қаншалықты шындыққа жанасады? Өйткені өлген лаңкестің денесін ешкім көрсеткен жоқ. Әрі құпия түрде жедел теңізге тасталған. Осы жері өте күмәнді. Тіпті үйдің төбесіне келіп қалған арнаулы бөлім сарбаздары отырған төрт тік ұшақты бен Ладеннің қорғаушылары сезбей қалуы ақылға қонымсыз. Ең құрығанда тік ұшақтың дауысын естуі керек еді ғой. Сондай-ақ бір тік ұшақ атып түсірілген. Оны құлатқан кім? Алғашында пилотсыз басқарылатын ұшақтар Усаманы құртты деп жариялады. Артынан снайпер бастан атып өлтірді деген хабар тарады. Қайсысы шындық?» десе, екінші бір сарапшылар: «Бұл - Барак Обаманың екінші мәрте сайлауға түсіп жатқан кезде жасалған аса ақылды жоба. «АҚШ-тың №1 жауын өлтірдім» деген Обама және оны жақтаушы демократтар ел алдында үлкен ұпай жинауға ұмтылуда. Шын мәнінде Усама бен Ладен өмірде жоқ адам болуы да мүмкін. Тек 2001 жылғы Қос мұнара мен Пентагонға жасалған шабуылдан кейін Ақ үйдің Ирак және Ауғанстанға басып кіру үшін жасалған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру үшін қолдан әлемдік деңгейде бен Ладен деген терроршыны ойлап тауып, соны құрту керек деген аса қарқынды үгіт-насихат жүргізілді. «Лаңкестікпен күрес» деген мақсатпен АҚШ Ирак пен Ауғанстанға басып кірді. Алға қойылған мақсат орындалды. Өмірде бар-жоғы белгісіз бен Ладенді енді Обаманы екінші мәрте президент болып қалу үшін пайдалану керек болды. Сосын көзін жойдық деп жариялады. Бұл доллары құнсызданып, экономикасы кері кете бастаған АҚШ-та Обама да беделі күрт кеміп кеткені белгілі. Халық алдында түсіп кеткен беделін көтеру үшін лаңкес-терроршы, АҚШ-тың №1 жауын құрттық деп Обаманың мәлімдеме жасауы, оның жоспарлы түрде жасаған қадамы. Халық енді президент сайлауы кезінде Обаманы қолдауы тиіс» деседі. Бұған біздің алып-қосар ештеңеміз жоқ.
Нұрсұлу Мырзабекова
Усама бен Ладен (oʊˈsɑːmə bɪn ˈlɑːdən; араб.: أسامة بن محمد بن عوض بن لادن, ʾUsāmah bin Muḥammad bin ʿAwaḍ bin Lādin; 10 наурыз 1957, Джидда немесе Эр-Рияд, Сауд Арабиясы — 2 мамыр 2011, Абботтабад, Пәкістан) - Әлемдегі нөмірі бірінші лаңкес деген атқа ие болған, қарама-қайшылыққа толы саяси тұлға. Әл-Қаида ұйымының басшысы болған.
Ол Вашингтон мен Нью-Иорктағы 2001-ші жылғы 11-ші қыркүйекте орын алған лаңкестік шабуылдады деп АҚШ-тың ең басты жауы деп саналатын. 2001-ші жылдан бастап АҚШ арнайы қызметі Усама бен Ладенге «номері бірінші лаңкесші» деген мәртебе беріп, оның банктық шоттарын қамап, оны ұстауға көмектескен адамға $5 млн тағайындайтынын жариялады. Пәкістан өзінің премьер-министрі Биназир Бхуттоны да Осама бен Ладен өлтірді деп күдіктенеді. Кейбіреулерінің паймдауынша - осама бен Ладен АҚШ-тың Әлемдегі өз империялистік саясатын іске асырудағы жасанды тұлға, яғни құралы деп санайды.
Обама администрациясы Бен Ладенды жою операциясын бақылауда.
Әкесі, түбі йемендік Мұхаммед бен Ладен Сауд Арабиясындағы құрылыс саласында байыған алпауыттардың бірі болыпты, ол өз карьерасын қарапайым жұмысшыдан бастаған-ды. 1931-жылы «Сауди бен Ладен групп» атты компания құрған. Бірте-бірте байып, атағы шет мемлекеттерге дейін жайылған, көп елдерде бизнесі болыпты. Туған елі – Сауд Арабиясына адал қызмет етіп, король әулетінің назарына іліккен, король отбасымен өте жақын қарым-қатынаста болған. Бүгінде оның байлығы 100 миллионнан 5 миллиард долларға дейін жетеді деп есептеледі. Жалпы, бен Ладендер әулеті Сауд Арабиясындағы мұнай өндірісі, кеме жасау, құрылыс, телекоммуникация салаларында қызмет етеді, ел экономикасы кірісінің басым бөлігін береді деседі. Олардың ықпалында бірнеше бұқаралық ақпарат құралдары бар екені айтылады.
Кейбір ақпарат көздерінде жарияланған деректерге қарағанда, Усама бен Ладенге мирасқа туған әкесінен мол байлық қалған, ол әлемдегі көптеген фирмалардың қожайыны, қыруар қаржысы Батыс Еуропадағы өзге адамдардың, кейбір қайырымдылық қорларының есеп-шоттарында сақтаулы тұр. Ал Мұхаммед бен Ладен 1967-жылы АҚШ-та болған ұшақ апаты кезінде қаза тауыпты. Апат себебі анықталмай қалған. Усама осы әйгілі адамның 17-ші баласы, оның 10-шы әйелінен туған жалғыз ұлы. Жалпы, Мұхаммед бен Ладеннің 52 баласы болыпты. Ол Усаманың анасымен бала туыла салып ажырасыпты, Усама өгей әкесі Мұхаммед әл-Аттас деген кісінің тәрбиесінде өскен.
Кезінде Кеңес әскерімен де күрескен[өңдеу]
Усама бен Ладен 1979-жылы Жиддадағы король Әбділ Әзіз атындағы университеттің экономика және менеджмент факультетін бітірген. Сол жылы-ақ Ауғанстанға аттаныпты. Бұл кезде Ауғанстанда соғыс басталғаны белгілі. Усама бен Ладен 1989-жылға дейін Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентіне қарсы шайқастарға қатысқан көрінеді. Кейін «Мұсылман бауырлар» ұйымының мүшелерімен бірігіп, «Қызмет көрсету» атты ұйым құрады. Бұл ұйым соғысқа сарбаздар даярлап, олардың іс-әрекеттерін қаржыландырып отырған деген дерек бар.
Сурет:Laden 80-x.jpg
Осама бен Ладен Ауған сығысында. 1980 жж.
Бен Ладен 1989-жылы өз еліне оралып, құрылыс бизнесімен айналысқан. Дегенмен ол құрған ұйым Сауд Арабиясы мен Йемендегі оппозициялық қозғалыстарға көмек беріп отырған. Сондықтан Сауд Арабиясы үкіметі 1991-жылы Усама бен Ладенді елден кетіруге шешім шығарады. Бен Ладен бұдан кейін Суданда тұрған. Ал 1995-жылы Эфиопияда Мысыр (Египет) президенті Хосни Мүбәракқа қастандық жасалады да, АҚШ үкіметі бұған Усаманың қатысы бар деп байбалам салады, Біріккен Ұлттар Ұйымы оны елден кетірмесе экономикалық санкциялар жасайтынын айтып Суданды қорқытады. Сосын Судан үкіметі 1996-жылы Усама бен Ладенді өз елінен қуып шыққан. Осыдан кейін бен Ладен Ауғанстанға өткен. Осында жүріп ол 1998-жылы әлемге «Еврейлер мен крестшілерге қарсы қасиетті күрес жүргізетін ислам майданы» атты ұйым құрғанын, оның негізгі бағыты – әлемге ықпалын жүргізіп отырған АҚШ пен Батыс елдерінің «демократиясына» қарсы күрес болатынын жария еткен. Кейін бұл ұйым ішінен атышулы «Әл-Каида» шығады.
Лаңкестік іскерлігі[өңдеу]
Усама бен Ладенді көптеген террорлық әрекеттердің ұйымдастырушысы, террористерді қаржыландырушы деп атайды. Солардың бірі – 1993-жылы АҚШ-тың халықаралық сауда орталығында болған жарылыс. Кейін бұл жарылысты іске асыруға қатысқандар тұтқындалып, әрқайсысы 240 жылға сотталған еді. 1995-жылғы Эр-Риядтағы Сауд Арабиясы ұлттық гвардиясының жаттығу орталығында болған жарылысты ұйымдастырған да бен Ладен деп айтылды. 1996-жылы Дахрам қаласындағы АҚШ әскери әуе күштері казармасына, 1997-жылы Мысырдағы Луксор храмында еуропалық туристерге жасалған шабуыл үшін де ол сырттай айыпталған. 1998-жылы Найроби мен Дар-эс-Саламда (Кения, Танзания) болған жарылыстардан соң оның есімі жиі атала бастады. 2001-жылы 11-қыркүйекте «Егіз мұнараларда» болған жарылыстан соң АҚШ арнайы қызметі оның соңына шырақ алып түскен еді. Оның қайда жүргенінен хабар берген адамға 5 миллион доллар сыйақы береміз деп жариялаған. Кейін бұл сыйақы мөлшері 1 миллиард долларға дейін өскені мәлім. Ал бүгінде бен Ладеннің ізін көрсеткен адам ретінде оның жақын көмекшісі болған араб азаматының аты аталуда.
Өлтірілуі де қарама-қайшылыққа толы[өңдеу]
АҚШ БАҚ-ның айтуынша Бен Ладен 2 мамырға қараған түні америка әскерінің спецназы тарапынан Пәкістан астанасының маңындағы Абботабад қаласындағы бекініп отырған үйінде өлітірліген. Терроршының денесі теңізге мұсылманша' көмілді.
АҚШ билігі бен Ладенды өлтіру арнайы шара туралы айтқанда, өздері шатасып отырғанға ұқсайды. 5 мамырда Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карни жариялаған соңғы мәліметтер бастапқы деректерге мүлдем сәйкес келмей кетті. Оның айтуынша, бен Ладен операция барысында әйелдің артына жасырынбаған. Сонымен қатар бұған дейін арнайы жасақ сарбаздары қарулы қарсылыққа тап болдық деген еді.
Сурет:DN-SD-04-12769 600x800.jpg
Пәкістандағы бен Ладен пропагандасы, 2002 жыл
Алайда 5 мамырда Ақ үйдің баспасөз хатшысы бен Ладеннің қолында ешқандай қару болмағанын айтты. Және о баста оның жанында болған әйел оққа ұшып өлді делінген болса, бүгін оның тек аяғынан жараланғаны сөз етілді. Сарапшылардың ойынша, 2012 жылы тағы да сайлауға қатысқалы жатқан АҚШ президенті Барак Обама соңғы оқиғалар арқылы ұпай жинап жатқан көрінеді. Соңғы сауалнама қорытындыларына қарағанда, оның рейтингісі 9 пайызға өскен.
