- •« Шығыс елдеріндегі қарігі тарихи процестер» пәні бойынша Дәрістер
- •Дәріс. Үндістанның қоғамдық дамуы және халықаралық қатынастардағы орны мен рөлі
- •9. Иран Ислам Республикасының тарихи даму процесі және аймақтық ықпалы
- •XIX ғасырдың бірінші ширегіндегі Осман имеприясының жағдайы.
- •Патша үкіметінің XVIII ғасырдағы ислам дініне қатысты ұстанған саясаты[өңдеу]
- •Еңбектері[өңдеу]
- •Содержание
- •Мазмұны
- •Мазмұны
- •Содержание
- •История[править код]
- •Мазмұны
- •75. Н.Мандела саяси талғалық портреті.
- •76. Отарсызданудан кейінгі Шығыс:колонизация (отарлау) мұрасы және тарихи ролі
- •77. Ауғаныстанға ксро әскері кіруі.
- •78. Саддам Хусейн тұсындағы Ирак.
- •79. Ирак-Кувейт соғысы. «Шөлдегі дауыл».
- •80. Ислам фундаментализмі.
- •81. Діни экстремизм және терроризм
- •82. Үндістан-Пәкістан қарым-қатнас мәселелері
- •83. Солтүстік Корея: ядролық қару мәселесі
- •84. Ауғанстандағы талибан қозғалысы.
- •85. Усама бен Ладен: шындық пен аңыз.
- •86. Араб көктемі: алғышарттары, барысы және салдары.
- •87. Даиш және Сирия мәселесі.
- •88. «Азия жолбарыстары» феномені.
- •89. Қытай мен Жапония арасындағы саяси-экономикалық бәсекелестік.
- •90. Жаһандағы миграциялық үдерістер: қауіпті салдары.
- •99. Демографиялық мәселелер.
- •100. Азия және Африканың жаңа және қазірге заман тарихы пәнінің мақсаты, нысаны.
78. Саддам Хусейн тұсындағы Ирак.
Саддам Хусейн Тикрит атты ирак қаласынан 13 км жердегі Аль-Ауджа ауылында жері жоқ шаруаның жанұясында дүниеге келді. Оның анасы Сабха Тулфан аль-Муссалат (Сабха Тульфах немес Субха) жаңа туған сәбиді «Саддам» ( араб тіліндегі баламасы "қарсы тұра алатын") деп ат қойды. Оның әкесі - Хусейн Абд Аль-Маджид - Саддам дүниеге келместен 6 ай бұрын із түзсіз жоғалған - қайтыс болған немесе отбасын тастап кеткен. Тіпті кейбір жаңсақ пікір, Саддам заңды некеден дүниеге келмеген, әкесінің есімі ойластырылып қойылғандығын айтады. қалай болған күнде де Саддам анасы үшін 1982 жылы ірі мазар тұрғызған екен. Ал әкесіне ештеңе арнамаған.[3]
Болашақ Ирак әміршісінің ағасы 12 жасында сырқаттан қайтыс болады. Осы уақытта қатты жүйке ауруыны шалдыққан анасы жүктілікті үзбек болған, тіпті, өз өміріне де қауіп тудырған. сырқаттың дендегені соншалық, жаңа туған сәбиіне де қарауға құлқы болмаған. Нағашы ағасы - Хейраллах - анасының қолынан баланы алып, біраз уақыт өз қарауында сақтап қалады. Көкесі Британияға қарсы көтеріліске қатысқандықтан оны абақтыға қамады. Ал Саддам болса, анасына қайтып келуіне тура келді. Кейінгі кездері Саддам анасынан көкесінің қайда екендігін сұрағанда, "Хейраллах көкең абақтыда" деген бірізді жауап қана алынатын. Бұл уақытта Саддамның әкесінің туған ағасы Ибрагим аль-Хасан салт бойынша ағасының әйеліне үйленеді және осы некеден Саддам Хусейннің үш ағасы Сабауи, Барзан және Ватбан, сол сияқты Наваль[4] және Самира[5] атты қарындастары дүниеге келді. Отбасы кедейліктен зардап шекті және Саддам кедейлік пен үнемі ашаршылықты бастан өткерді. Бұрынғы әскер болған өгей әке кішкене шаруашылыққа ие болып, Саддамға үнемі қой бақтырып қоятын. Ибрагим баланы үнемі ұрып-соғып, кемсітіп отыратын. Немере інісін ол, тіпті, жабысқақ шайырға салынған таяқпен ұратын. Кейбір мағлұматтар бойынша, Саддамға тауық пен қой ұрлататын. Мәңгілік жоқтық Саддамның бақытты балалығын ұрлады. Балалық шағында бастан өткерген кемсітушілік, әруақыттағы қаттылық мінез көп жағдайда Саддамның мінезінің қалыптасуына ықпалын тигізді. Алайда, кішкене бала өзінің тез тіл табысушылық қасиетінен өзімен қатарлас, тіпті үлкен жастағы адамдар арасынан дос таба білді.
Бір күні өгей әкесіне қонаққа алыс туысқандары келді. Олармен Саддаммен жасы шамалас ұл бала да болды. Ол сол сәтте өзінің екінші сыныпқа барып жүргенін, әріп танитынын және құмға өзінің есімін жаза алатынын да айтты. Қорланып кеткен Хусейн: "Әке, мені мектепке беріңіз!" деп қиғылық салды [6].Өгей әке бұл уақытта да өзінің әдетімен тағы да ұрып-соқты.1947 жылы Саддам білім алуға ұмтылған қалыпта мектепке кіру үшін, Тикритке қашып кетті. Бұл жерде діндар мұсылман-сүннит, ұлтшыл, әскери офицер, Англо-Ирак соғысының ардагері, сол уақытта түрмеден шыққан Хейраллах Тульфах көкесінің тәрбиесін алады. Кейінгі оқиға Саддамның қалыптасуына шешімді ықпал етті. Тикритте Саддам Хусейн бастауыш біліммен мектепті аяқтады. Өзінің есімін де жаза алмайтын сегіз жасар балаға білім алу қиындыққа соғады. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Саддам өзінің сыныптастарына ойға келмейтін қалжыңдар жасайды екен. Бәрде Құран сабағынан дәріс беретін өзіне ұнамаған мұғалімінің сөмкесіне улы жылан салып қойған. Сол үшін Хусейн мектептен шығарылған.
Саддам 15 жасқа толғанда, жақсы көретін аты мерт болып, өмірінде бірінші рет ауыр қайғыны бастан өткерді. Қайғырғаны соншалық, баланың қолы жансызданып қалды. Жарты ай шамасында қолы өз еркімен қозғалысқа келгенінше, халықтық емшарлармен емдеді. Бұл уақытта Хейраллах Тикриттен Бағдатқа жетті, кейін Саддам да екі жылдан кейін келген болатын. Көкесінің ықпалымен СаддамХусейн 1953 жылы Бағдадтағы элитті әскери академияға түсуге бағыт алады. алайда бірінші емтиханнан-ақ құлап қалды. Оқуын аяқтау үшін, келер жылы ұлтшылдық пен панарбизмнің қамалы болған аль-Карх мектебіне түседі[7].
Ирак басшысы 2003 жылғы "Форбс" журналындағы деректерге сәйкес Линхенштейн князі Ханс-Адамс екіншіден кейінгі әлемдегі ең бай адамдар арасында үшінші орынды иемденді. Ол тек Сауд Арабиясының королінен Фатха мен Сұлтан Брунейге ғана жол берді. Оның жеке дәулеті 1 млрд 300 млн доллар деп бағаланды[13]. Саддам құлатылғаннан кейін сауда министрі Ирактың өтпелі өкіметі Али Алауи басқа санды көрсетті - 40 млрд долл., көп уаөқыттар бойында Хусейн елдің мұнай экспорты кірісінен 5 % алып отырған[14]. АҚШ ОББ ФТБ және қаржы министрлігімен серіктесе отырып, Хусейн құлауынан кейін де оның қаржылық жағдайына тексерістер жүргізді , алайда олар ештеңе таба алмады.
Кезінде Месопатамия, кейін Вавилон болған, арабтардың жаулағанына дейін халқы христиан дінін ұстанған, одан соң 95% мұсылмандыққа көшкен қазіргі Ирак мемлекетін көбі Саддам Хусейн арқылы біледі. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ирак өзге көршілес мемлекеттері сияқты Ұлыбританияның мандаттылығына көшкен. Ағылшындар оларға алғашқы конституция жазып, монархияны енгізді. Халық 1958 жылы монархияны құлатып, кейін тәуелсіз республика жариялады. Он жылдан кейін мемлекеттік төңкеріс болып, билікке Баас партиясы келді. Сол кезде С.Хусейн вице-президент еді, ол билікке қалай келді дейсіз ғой? С.Хусейн сол кезде-ақ БАҚ-тың күшін білген еді, елде телевизиялық каналдар, радионы дамытты, әрине ол жерде барлығы тек С.Хусейннің жақсылығын, халықтың қамы үшін еңбек етіп жатқандығын көрсететін. Халықтың сеніміне кіріп алған соң, партияның кезекті отырысында сол кездегі президент Аль-Бакр отставкаға кетеді (ақпараттар бойынша – ауыру себебінен «мұнда бір гәп бар))»). Кішкентай кезінде әкесі қайтыс болып, анасы әкесінің ағасына тұрмысқа шығады, деректер бойынша отбасы өте кедей болған, балалары көп болған, оған қоса өгей әкесі С.Хусейнді ұнатпаған көрінеді, жастайынан өте қатал болып өскен бала 22 жасында ағасын өлтіреді, кінәсін жуып-шаю үшін ақша беріп, кетіп қалатын көрінеді. Жастайынан Гитлер, Ленин, Маркс, Энгельстердің шығармаларын оқып өскен. Президент кезінде кедейлерді жиі тамақтандырған, оларға жер берген, машиналарды сыйға тартқан. Халық оны жақсы көру үшін, мешіттер салдыртқан, тіпті құпия түрде қан тапсырып, оны жинап, кейін соның қанынан Құран кітабын жаздыртқан екен. Туып өскен жерінде С.Хусейн атындағы мешіт бар. Президенттігі кезінде ел екі соғысқа қатысқан: 8 жылдық Ирак-Иран соғысы (территориялық дау, Иранның ішкі саясатқа араласуы) және Кувейтті окупациялау (мұнай өндіруді қысқартпағаны үшін). 90 жылдары Кувейт үшін бүкіл әлем шулағанын, Иракты көбі кінәлағанын, атақты «Буря в пустыне» операциясының қалай өткенін өздеріңіз білетін шығарсыздар. Қысқасы осы))
