Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Azia_Afrika_1-100.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.23 Mб
Скачать

Мазмұны

  • 1Тарихы

  • 2Мақсаттары

  • 3Негізін салушы

  • 4Дереккөздер

Тарихы[өңдеу]

«Талибан» сөзінің арабша төркіні «талиб» - білім іздеуші, оқушы.

Талибан қозғалысы Исламшыл студенттердің әскери ұйымы ретінде пайда болды. Кеңес Одағының басқыншылық әрекеттерінен қашқан босқын студенттер солтүстік-батыс Пәкстанда талибтер қозғалысын негіздеді. Оның құрамы «ауған соғысының жетімдерінен» жасақталды.

Талибтер өздерін «Аллаһтың шэкірттеріміз»депатады.

Мақсаттары[өңдеу]

Ислам дінін таза ұстау; ауған жерінде Аллаһтың калауымен мемлекет орнату; Ислам билігін басқа елдерге тарату. Талибан көсемдерінің көпшілігі Пешеварға таяу жердегі Хаккани медресесін тәмамдағандар.

Негізін салушы[өңдеу]

молла Мохаммад Омар және молла Мохаммад Раббани.

Талибтер Хаккани медресесін өздерінің идеологиялық орталығы ретінде ерекше қастерлейді. Көпшілігі өздерінің есімдеріне Хаккани сөзін қосып атайды. Көптеген сарапшылар Талибан қозғалысын Кеңес Одағына қарсы АҚШ-тың арнаулы мекемелері ұйымдастырды деп біледі. Кеңес-ауған соғысы жылдарында АҚШ моджахедтермен қоса талибтерді де қарулан дыр ды. Пәкстан арқылы ауған жауынгерлеріне «Стингер» зымырандары жеткізілді. Бұл әскер шуравиге (Кеңес эскеріне) қарсы жасақталған болатын. Кеңес әскері Ауғанстаннан шығарылған соң билікке талас тіптен күшейді. Талибтер сол кезде билік басында тұрған моджахедтер үкіметіне қарсы шықты.

1994 -1995 жылдарында пуштун тайпасынан құралған талиб жасақтары ауған жерінің 50%-ын бағындырды. Қандағар қаласы Талибан қозғалысының ортасына айналды.

1996 жылында Кабулды басып алып, талибтер өкімет басына келді. Мохаммад Омар «мұсылмандар билеушісі» титулына ие болып, Шуру (кеңес) органын басқар ды. Ауған жерінде қатаң Исламдық саяси құрылыс пен өмір салты енгізіле бастады. Әйелдерге түгелдей паранжа кию міндеттелді. Тырнақ бояғандардың саусағы кесілетін болды. Радио мен теледидар таралымы тоқгатылды, музыка тыңдауға, Батыс әдебиетін оқуғатыйым салынды. Мәдени салала талибтердің Исламға қарсы дүниемен күресі Бамиан аңғарындағы Будданың алып ескерткіштерін күйретумен шетіне жетті.

II-V ғасырларда жасалған 38,53 метрлік биік ескерткіштер БҰҰ, Ислам конференциясы ұйымы отініштеріне қарамастан талқандалды.

2001 жылында шығарылған жарлық бойынша ауған ерлеріне Батыс үлгісімен шаш қоюға, сақал қыруға тыйым салынды. Исламнан өзге дінді уағыздауға қатаң шек қойылды. Жезөкшелік, зинақорлық, гомосексуализм үшін өлім жазасы белгілейді.

2003 жылында АҚШ пен оның одақтастары Ауғанстанға басып кіріп, елдегі 19 Талибан Қозғалысын биліктен тайдыр ды. Алайда АҚШ әскері талибтерді толық талқандай алмады.

86.

Stratfor Commentary сараптама орталығы қаңтардың 16-сы күні «Екі жылдан соңғы «Араб көктемі» деген мақала жариялады. Онда халық толқулары болған бес елдің қазіргі жағдайына талдау жасалған.

2010 жылы қаңтардың 18-і күні араб елдерінде билікке қарсы көтерілістер басталды. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) оны «Араб көктемі» деп атады.  «БАРЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ ДЕМОКРАТИЯҒА ЖЕТКІЗБЕЙДІ»  Stratfor Commentary орталығының мақаласы осы аптада Тунис президенті Зин әл-Әбидин Бен Әлидің елінен қашқанына екі жыл толғанын баяндаудан басталады. «БАҚ «Араб көктемі» деп аталған оқиға осы елден басталды. «Араб көктемі» – араб елдеріндегі бұқара халықтың сыбайлас жемқорлық жайлаған ескі режимге қарсы шығып, демократиялы, либералды ел болуға ұмтылуы. Қазір сол оқиғаларға шолу жасайтын сәт туды» деп жазады ұйым.  Бұдан ары мақала «Барлық бас көтерулер революция емес, барлық революция демократиялық қоғамға ұмтылады деуге келмейді және демократияланудың бәрі либералдану дегенді де білдірмейді» деген ойлармен жалғасады.

"Араб көктемінен" кейінгі сайлауда жеңіске жеткен Тунис исламшылары тойлап жатыр. 25 қараша 2011 жыл.

Араб әлеміндегі толқулар жайлы сақтанып сөйлеу керектігін ескерткен Stratfor Commentary: «Біздің сақтығымыз осы үш тұжырымның шекарасынан шықпайды» дейді. Мақалада америкалық саясаттанушы, аталмыш ұйымның негізін қалаушы Джордж Фридман былай дейді:  «Әрине, араб әлемінде көтеріліс болды. Кей жердегі шерулердің ауқымы теледидарда көрсеткеннен де асып түсті. Кей елдерде үкімет толқуды басып отырды. Кейбір жағдайда басшының өзі биліктен кетті, бірақ оның режимі сақталып қалды. Ливия сияқты елдерде ескі режим құлап, ешкім түсінбейтін аласапыран кезең басталды. Ал Египетте демократияның жаңа, сенімділеу түрі орнады. Бірақ Египеттегі демократиялық режимді либералды режиммен шатастырмау керек. Египет демократиясына қазіргі кезде «Мұсылман бауырлар» ұйымы ықпал етіп отыр. Сондықтан елдегі режимді либералды дей алмаймыз. Бірақ «Араб көктемінің» келе жатқаны сол кезде-ақ анық болды».  Stratfor Commentary бұл мақаласында «Араб көктемі» болған бес елдегі жағдайды жеке-жеке сипаттап шыққан. ЕГИПЕТ  «Араб көктемі» дегенде көп жағдайда Египеттегі саяси оқиғаларға баса мән беріледі. Себебі бұл мемлекет - араб елдерінің ішіндегі ең үлкені. Бірақ ондағы жағдайды дөп басып түсіндіру әлі күнге дейін мүмкін емес. Қуатты әскердің билікті қалай бере салғаны түсініксіз, «Мұсылман бауырлар» ұйымының либералды режимді қаншалықты қолдайтындықтары да белгісіз. Египеттегі оқиға адамды екіұшты ойға жетелейді. Көтерілісшілер не пайда тапты? Бұл елде не болғаны, болашақта қандай жағдай болатыны әлі күнге айқын емес» дейді мақала авторы. ЛИВИЯ «Араб көктемі» кезінде шынымен көне режимді талқандаған ел деп Ливияны атауға болар. Бірақ оны тұтас халықтық көтеріліс деу де қиын, НАТО-ның ықпалы аз болған жоқ. НАТО «Муаммар Каддафи Бенгазидегі қарсыластарын бауыздамақ болғаны үшін араластық» деп ақталды» деп жазады ұйым. БАХРЕЙН МЕН ЙЕМЕН «Бахрейндегі режим Сауд Арабиясының араласуымен аман қалды. Көтерілісшілердің билікті төңкеруге күші жетпеді. Йеменде президент Әли Абдулла Салех қарсыластарының талаптарына құлақ асып, биліктен бас тартты. Бірақ ел ішіндегі бұрынғы бей-берекет жағдай, қақтығыстар мен шиеленістер және ескі режимнің қағидалары өзгеріссіз қалды». СИРИЯ «Сирияда президент Башар Асад режимінің қақтығыстан көз ашпағанына бір жылдай болды, ол орнынан кетеді деген болжам да орындалмады. 

Сириядағы үкімет әскері мен көтерілісшілер арасындағы қақтығыстың бірінде Алеппо қаласына түскен зымыранның орны. 13 қаңтар 2013 жыл.

Асад биліктен кетпесе, Сириядағы саяси жағдай шиеленісті жағдайда қала беруі ғажап емес. Асад Сирияны да Ливан сияқты үкіметі әлсіз, ал әскери қуаты мықты ел жасап, өзі ең мықты әскери қолбасшыға айналуы ықтимал. Ондай жағдай туып жатса, Асадқа қарсыластарының қауқары жетпеуі мүмкін. Оның үстіне Асадтың қарсыластары либералды демократия құруға ниетті ме? Керісінше, Сириядағы топтар Асад режимін исламдық режиммен алмастырғысы келетін сияқты» деп жазады мақала авторы. «ЛИБЕРАЛИЗМГЕ ЖЕТПЕЙ ТОҚТАЙТЫН ДЕМОКРАТИЯ» «Араб әлемінде болған өзгерістер екі түрлі болды. Ливия мен Сирия сияқты елдерде жағдай ушығып, хаос орнады. Египет тәрізді мемлекеттер либерализмге жетпейтін демократияны қанағат етті. Араб әлемі 1989 жылғы Шығыс Европаның күйін кешеді деген жорамал шындыққа айналмады. Бір қарағанда оқиғалар ұқсас көрінеді, бірақ ол - тек сыртқы ұқсастық» деп жазады Stratfor Commentary. Мақаланың соңында саясаттанушы Фридманның «Бірақ осының бәрі «Араб көктемі» мақсатына жетпеді дегенді білдірмейді» деген сөзі берілген.  Фридманның ойынша, «Араб көктемі» Батыс көзқарасымен қараған адамға мақсатына жетпегендей көрінуі мүмкін. Өйткені либерализм араб елдеріне бармады. Егер «Араб көктемінің» мақсаты либерализм болды деп ойласақ, әрине, ол бұл мақсатқа жеткен жоқ. Егер мәселеге либерализм тұрғысынан қарайтын болсақ, онда Бен Әлидің елінен қашуы да либералдық дамуға әкелген жоқ, соғыс пен дағдарыс, хаостың бастамасы болып шығады». Stratfor Commentary мақаласын «Араб көктемі» мақсатына жетті деген сарында аяқтаған.

87.

Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоған ДАИШ-тың астыртын әрекеттеріне және Сирияның мұнай контрабандасына қатысы бар деп хабарлайды eadaily.com. Бұл туралы Сирия президенті Башар Асад жапондық телеарнаға берген сұхбатында мәлімдеді.  

«Егер ашық айтсам, ДАИШ 2006 жылы Иракта АҚШ-тың бақылауымен құрылды. Сирия қайшылығы басталғанда Түркия бұл ұйымға демеушілік етті. Себебі ДАИШ сириялық мұнай кен орнын шикізат экспортына пайдаланды. Түркия Эрдоғанның басшылығымен мұнай контрабандасына араласты. Сондықтан Түркия мен АҚШ-тан  ДАИШ-пен шынайы күресті күтудің қажеті жоқ» дейді Башар Асад.  

Асадтың ойынша Эрдоған ДАИШ террористері мен «Джебхат Ан-Нусраға»  қарсы шыққандай болады, шын мәнісінде аталмыш ұйымға қолдау білдіріп отыр. Ал оның көмегінсіз олар өмір сүруін тоқтатады деп есептейді Сирия президенті.

Сұхбатта Асад Дамаскте химиялық қару қолданғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл мүмкін емес. Ең алдымен моралдық тұрғыдан мүмкін емес. Себебі ешкім өз халқына қарсы халықты қырып салатын қаруды қолданбайды. Оның үстіне біз 2013 жылы химиялық қаруды пайдалануға тыйым салатын келісімге қол қойып, барлық арсеналдан бас тарттық. Бізде ондай қару жоқ. Химиялық қаруды алғаш 2013 жылы террористер қолданды».

Сирия билігі сол уақытта БҰҰ Сирияға арнайы тексеру комиссиясын жіберуін сұрады. Бірақ бұл бастама АҚШ тарапынан қарсылыққа ие болды.

«Себебі комиссия Сирияға келсе, террористтер әскерге қарсы хлорды қолданғаны туралы нақты дәлелдерді табушы еді» дейді Сирия президенті.

EADaily хабарлағандай 23 қаңтарда Астанада Сирия мәселесі жөнінде кезекті келіссөздер жүргізіледі. Сирия армиясы мен оппозицияның қарулы тобы да келеді деп күтілуде. Онда қарулы қақтығысты тоқтатып, режимді қолдау мәселелері қаралмақ. 

БҰҰ Бас ассамблеясының негізгі тақырыбы Сирия болып тұр. Нью-Йорктегі жиында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри кездесті. Ал Франция президенті Франсуа Олланд "Асад режимінің орнына жаңа үкімет құрылуы тиіс" деп мәлімдеді. Ресей мен АҚШ «Сирияда химиялық қаруды кім қолданды?» деген сауал төңірегінде мәмілеге келе алмай жатыр. Ресей "химиялық қаруды Асад үкіметі қолданғаны дәлелденбейінше, Сирияға шабуыл жасауға болмайды" деген позиция ұстанып отыр. БҰҰ эксперттер тобын химиялық шабуыл туралы жаңа айғақтар жинау үшін Сирияға қайта аттандырды. АҚШ пен Ресей мұның алдында Сириядағы химиялық қаруды жоюға немесе елден алып кетуге келіскен. Бұл келісім Сирияға АҚШ шабуылын тоқтатуға ықпал етті. Алайда АҚШ Асад режиміне қарсы қатаң шаралар қолдану қажеттігін айтып келеді. 21 тамыз күні Дамаск маңында химиялық қару қолданылып, жүздеген адам қаза тапқан еді.

88.

Әлемдік қауымдастық бүгінде Оңтүстік Азия мен Оңтүстік Шығыс Азияның бірқатар елдерін бейнелі түрде «Азия жолбарыстары» деп атайды.  Өйткені,соңғы жарты ғасыр көлеміндегі бұл елдердің экономикалық өрлеуі расында да  жолбарыстың әрекеті мен секірісі секілді. Оның үстіне олар осынау керемет өсу көрсеткіштерімен  «дамудың кілті батыста – Еуропада» деген түсінікті теріске шығарып, әлемді мойындатты.  Жалпы елдерді бұлай бейнелеу дәстүрде бар нәрсе. Мысал үшін Ирландия елін «кельт жолбарысы», сол секілді Латвия, Литва және Эстонияны «балтық жолбарыстары» деседі.

Айтылып, мойындалып жүргеніндей «азия жолбарыстарының» алғашқы толқынына: Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг және Тайвань жатады. Бұлар тарихи өлшеммен алып қарғанда өте аз мерзім ішінде артта қалған мешеу елден осы заманғы озық техника мен технологияны, тіпті электрониканы жетік  меңгерген алдыңғы қатардағы индустриалды мемлекеттерге айналды.

    Мәселен, Оңтүстік Корея Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың қолдап-қуаттауымен Солтүстік Кореядан бөлінген, елуінші жылдардардың орта тұсында  берекесі кетіп, ішер ас, киер киімнің  өзін  әзер тауып отырған кедей мемлекет болатын. Дүние жүзілік банктің есебі бойынша сол тұстағы елдің ЖІӨ–нің жан басына шаққандағы мөлшері 100 доллардың шамасында ғана болған көрінеді. Ал, 1994 жылдан бастап (арада 40 жылдай өткен соң!) Оңтүстік Корея Республикасы  жоғары қарқынмен дамыған бай мемлекеттердің қатарына еніп, ЖІӨ-нің  әр адамға шаққандағы шамасы 38,5 мың долларды құрады, яғни Швейцария мен Финляндияның деңгейіне жетті.

    Бүгінде Оңтүстік Корея ЖІӨ деңгейі (710 млрд.$)  бойынша әлемде 11-ші орынды иеленеді. Елдің экономикасы кешегі 80-90 жылдары шапшаң қарқынмен дамып, жылына 8-12 пайызды құрады. Экономикалық дамудың бірден-бір көзі оған нәр беретін электр энергиясында дейтін болсақ, мұнда жалпы қуаты 17,7 гигаваттық 20 АЭС (Атом электр станциялары) жұмыс істейді.Ел территориясында су ресурстарының да мол көзі мен мүмкіндігі болғанына қарамастан ол аз пайдаланылады.

     Әйтсе де Оңтүстік Корея машина жасау, оның ішінде автокөліктер шығару өндірісі жақсы жолға қойылған, жетекші елдер қатарына жатады. Мұнда жылына 2,5 млн-нан астам автокөлік жасап шығарылады.  Басқаларды айтпағанда, біздің Қазақстанда да Оңтүстік Кореяның «Даewoo», «Hyndai» фирмалары шығарған жеңіл автокөліктер мен басқа да техникалардың кеңінен тұтынылып,  пайдаланылатыны да осының бірден бір дәлелі. Олар шығарған техникалардың бағасы салыстырмалы түрде арзандау болғандықтан үлкен сұранысқа ие болып отырады. Бұл бір жағынан тұтыну рыногында олардың маркетинг қызметінің жақсы жұмыс істейтіндігінің белгісі болса керек.Осы сияқты Корея кеме жасау ісінен де Жапониядан қалыспайды.

Сингапур да 90-шы жылдардың орта тұсында Оңтүстік Шығыс Азиядағы өндірісі жедел қарқынмен (жылына 14 %) дамыған елдердің қатарына қосылды. Бүгінде бұл елдің өнеркәсібінде роботтар кеңінен пайдаланылады. Жапония мен Гонконг ірі инвесторлар саналады. Сингапур мұнай өңдеу жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы орындардың бірінде. Мұнда жылына 20 млн. тоннадан астам мұнай өңделеді. Жоғары технологиялар саласында ғылымның жетістігі табысты қолданылады. Сондықтан да Сингапур компьютерлер шығару мен роботтарды өндіріске енгізу бойынша Азияда Жапониядан кейінгі екінші орында. Жыл сайын Сингапурға 5 млн. турист келіп қайтады. Олар Сингапурды «сүйкімді Азия» немесе «экватордағы Еуропа» деп атайды.

Англияның бұрыңғы премьер-министрі, «темірдей тарамыс ханым» атанған, әйгілі саясаткер Маргарет Тэтчердің: «Бір кезде Сингапур бізден үйреніп еді, біз енді  Сингапурдан үйренетін болдық» деп мойындауы біршама ойды аңғартқандай. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қарай Сингапурдан компьютер мен басқа да электроникалық тауарлар тасымалдайтын «Алси» компаниясы жемісті жұмыс істеп келеді.

    Гонконг (Сянган) бірнеше аралдардан тұратын,  ұзақ уақыт Англияның отары болып келген, тек 1997 жылдан ресми түрде ҚытайХалық Республикасының құрамына енген кең автономиялық құқықтағы бар арнайы әкімшілік аудан.Аспан асты елінің басқа аудандарынан басты айырмашылығы  таза капиталистік даму жолындағы аумақ. Сол себепті бұған қатысты «бір мемлекет – екі жүйе» деген тіркес жиі айтылады. Әрі ЖІӨ мөлшері жөнінен Қытайдың ең бай ауданы саналады, оның жан басына шаққандағы көрсеткіші (38 мың доллардан астам) және тұрғындардың сатып алу мүмкіндігі, халықтың әл-ауқаты деңгейі бойынша батыстың Ұлыбритания, Франция, Германия және Италия секілді дамыған елдерін, тіпті Жапонияны да басып озды. Елдің экономикасы еркін нарықтық қатынасқа негізделген, салық мөлшері төмен, мемлекет экономикаға араласпайды. Мұнда ауыл шаруашылығына жарамды жер де аз, табиғи ресурстарға аса бай емес. Сондықтан да азық-түлік пен шикізаттың көп бөлігі, тіпті ауызсуға дейін шеттен тасымалданады.ЖІӨ 90 пайызы қызмет көрсету салаларының үлесіне тиеді. Бүгінде Гонконг тектен тек дүние жүзілік ірі қаржы орталықтарының бірі аталып отырған жоқ. Бұл жөнінен ол Азияда бірінші, ал әлемде алғашқы үштікке кіреді. Жуырда Гонконг пен  Қазақстан арасында Бейнеу-Шымкент магистралды газ құбырын салуға он бес жылдық мерзімге  1,8 млрд. доллар несие беру жөнінде келісімге қол қойылды.

Тайвань да Қытайдың провинциясы саналғанымен шын мәнінде тәуелсіз мемлекет. Ол әлемдегі капиталды ең ірі сыртқа әсіресе, Оңтүстік Шығыс Азияға шығарушылардың бірі. Соңғы бес жылда оның көлемі 36 млрд. $ жетті. Бұл елде де электр қуаты  негізінен жалпы әлеуеті 4,9 млн. КВт-тық  алты АЭС-те өндіріледі. Оған қажетті уран шикізаты Шығыс Азияның басқа елдері секілді Африкадан әкелінеді. Осы заманғы озық технологияға қол жеткізген Тайвань электрондық тауарлардан ОЕМ-құрылғысы мен оған  дисплейлер шығаруға маманданған. Кеме жасау ісіне де маманданып, әсіресе спорттық яхталарды көбірек шығарады. Сондай-ақ, бұл ел шығаратын сапалы спорттық киімдер мен аяқ киімдер, құрал-жабдықтар, теннис ракеткалары мен түрлі доптар әлемдік рынокта үлкен сұранысқа ие. Туризм саласы да елдің экономикасында елеулі рөл атқарады. Мұнда демалыс пен қонақ үйлерде шығысқа тән дастархан молшылығы мен батыстық үлгідегі жанға жайлы қызмет көрсету жағдайлары жасалғандықтан әлемнің әр түкпірінен туристер ағылып келіп жатады. Дегенмен, Тайвань экономикасы шеттен тасымалданатын отын мен шикізаттарға тәуелді. Ал, экспортқа осы заманғы өнеркәсіп тауарлары шығарылады. АҚШ, Жапония, Германия және Гонконг елдері сауда-саттықтағы ең басты әріптестері.

Демек, бұл елдердің «азия жолбарыстары» атанып, экономикалық дамуда алдыңғы шепке шыққаны талассыз шындық.Ендеше, олар мұндай жетістік пен табысқа қалай қол жеткізді? Бүгінде өзімшіл батыстың қызғанышын тудырып, экономиканы зерттеуші сарапшыларының басын қатырып отырған басты сұрақ осы! Өйткені, кәзіргідей  өркениет заманында  даму мен өркендеудің бірден бір қозғаушы күші бәсекелестік болып отырғаны даусыз.

      Сарапшы мамандардың басым көпшілігі бұл елдерді мұндай дәрежеге жеткізген елде жүргізілген қатаң экономикалық саясат деседі. Бәлкім солай да шығар. Дегенмен, олардың экономикалық саясатында ортақ белгілер мен ұқсастықтар да  баршылық.

Кейбір зерттеушілердің пікірінше бұларда  басқалар тәрізді жер астының қазба байлықтары,  мол табиғи ресурстарболмағанымен, тәртіпті де тыңғылықты,арзан жұмысшыкүші бар. Олар  конфуциялық тәлім-тәрбиенің ықпалымен ғасырлар бойы күріш алқаптарында төзімділікпен, белдері бүгіле, жұмыс істеп, аз нәпақа мен барға қанағат етіп үйренген.Былайша айтқанда, салғыласпай, басшының айтқанын екі етпейтін шығыстық менталитет пен мінез-құлық қалыптасқан. Осының бәрін ескере келіп, бұл мемлекеттер өздерінің еңбек сүйгіштігі мен бар өнер-шеберліктерін жұмсап, әдемі де сапалы тауарлар жасап, сыртқа шығару, яғни«экспорттық бағытты» ұстанды. Және мұндай экономикалық таңдаулары дұрыс болып шығып, оларды тығырықтан шығарып қана қоймай, биік деңгейге көтерді. Әйтпесе, бұрыңғы жапон офицері  Пак Чжон Хи – Оңтүстік Кореяны, арғы тегі қытайлық, Кембридж университетінде оқыған адвокат Ли Куан Ю– Сингапурды, Сталиннің шақыруымен Мәскеуге келіп, Шығыс еңбекшілері университетінде білім алған, колхоздастыру ісіне қатысқан, «Уралмаш» зауытында жұмыс істеген Чан Кай Шидің ұлы  Цзян Цзинго – Тайваньды өрге сүйреп, өркендетеді, дамыған елдердің қатарына қосады  деп кім ойлаған?

Генерал Пак Чжон Хиотандастарының бір бөлігі үшін  демократияны тұншықтырушы қанды қол диктатор болса,екінші бөлігі үшін Оңтүстік Кореяны кедейшіліктен алып шыққан көрнекті реформатор,«экономикалық  кереметтің» архитекторы.Тарих қайталанады дегенрас. Жақында өткен сайлаудың қорытындысы бойынша Пак Чжон Хидің қызы Пак Кын Хе Оңтүстік Кореяның президенті болып сайланды.Алпыс жастағы Пак Кын Хе өзінің алдына ел тұрғындарын жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. Өйткені соңғы жылдары бұл елде азық-түлік бағасы бірнеше есе қымбатса да жалақы мөлшері бұрыңғы деңгейінде қалған.

Журналистердің бірі Ли Куан Ю-ге «Парақорлық пен сыбайлас жемқорлықты қалай жеңдіңіз?» дегенде, «Тәртіп орнатуды алдымен туыстарыңыздан бастаңыз. Ең жақын адамыңыздың бір-екеуін жемқорлығы үшін түрмеге отырғызсаңыз, сонда бәрі орнына келеді» деп жауап берген.

      1978 жылы қайтыс болған  диктатор әкесі Чан Кай Ши-дің орнын басқан Цзян Цзинго экономиканы түбегейлі қайта құрылымдап, инвестициялық қаражатпен ең алдымен жеңіл өнеркәсіпті өркендетуді қолға алып, Тайваньды  дамудың дұрыс жолына сала білді.

Бұл елдердің стартегиясында ұқсастық болғанымен, амал-әрекеттеріндебірқатар айырмашылықтар кездеседі. Мысалы, Оңтүстік Корея үкіметі өзінің даму бағытында соғысқа дейінгі императорлық Жапонияның саясатын ұстанып, сан салалы  қызметтер  атқаратын ірі фирмалар ашып жұмыс істете бастаған болса, Тайваньда керісінше орта және кіші бизнесті дамытуға ден қойылып, оларға барынша қолайлы жағдайлар мен  мүмкіндіктер жасалынды.Ал, Гонконг   өзімен көршілес алып мемлекет Қытайдың бар мүмкіндік пен әлеуетін өз мүддесіне пайдалануға ұмтылды.

       Азияның «жолбарыс» елдерінде  (Гонконгтан басқа) экспорттық бағыт-бағдар (мейілінше тауарларды сыртқа көбірек шығарып сатуға)  қоса, бұлардың  бәріне  тән тағы бір ортақ белгі  – мемлекет ешкімнің көңіліне қарамай экономиканың даму барысына мықтап араласып отырды. Тіпті қажет кезінде,либерализм мен демократияға қайшы келетін, қатаң авторитарлық тәртіппен де басқарылды.Мұндай жағдайда  парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың белең алатыны анық. Бұған қоса, бұл елдердің халқында мемлекеттік шенеунік міндетті түрде пара алады, қазынаның мүлкіне қол салады, онсыз болмайды, ол кәдімгі үйреншікті де қалыпты нәрсе деген түсінік қалыптасқан.

    Тағы бір айта кететіні, Азия «жолбарыстары»  елдерінің еңсе көтеріп, дамуы екі лагерьдің капиталистік және социалистік, ең бастысы АҚШ пен КСРО-ның текетіресі, яғни екі дүниенің  арасындағы «қырғиқабақ соғыс» саясаты белең алғанкезеңмен сәйкес келді.

«Құланның қасуына мылтықтың басу» демекші, бұл елдер батыстың ыңғайына жығылып, антикоммунистік саясат ұстанғандықтан АҚШ бастаған капиталистік қауымдастық  бұларға барынша қолдау мен қуаттау көрсетті. Сөйтіп, бұл елдерге қарай батыстың жеңілдетілген қарыз-несилері, инвестицияларымен бірге осы заманғы озық техника мен технология үлгілері ағылды.Әрине шет елден қарыз бен несиенің келуі бар да, оны қайтарым мен пайда беретін салаларға салу тағы бар. Осы тұрғыдан алғанда Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің  сауатты да кәделі қадам-қарекеттер жасай білгенін атап өткен жөн. Әйтпесе, ондай қарыз-несиенің құмға сіңген судай жолшыбай жырымдалып, ұрланып-жырланып, не сұғанақ шенеуніктердің қалталарына түсіп кеткен мысалдары жеткілікті.Кейбір сарапшылар, бәлкім, мұндай тарихи жағдай мен мүмкіндік болмағанда бұл елдердің экономикалық секіріс жасап,әлемдік деңгейге көтерілуі екіталай еді, деген пікір айтады. Солай болуы да ықтимал. Кейде өмірдегі немесе қоғамдағы кейбір кездейсоқ жәйттер мен оқиғалар біреулерге ақжолтай болып, бағын ашып жатады.

Дегенменде Азияның жолбарыс елдерінде 1960-90 жылдар аралығында жылма-жыл ЖІӨ-нің Тайвань мен Гонконгта 6,3 пайызға, Оңтүстік Кореяда 6,9 пайызға, ал Сингапурда 7 пайызға өсіп отырды. Әлемдік өлшеммен қарағанда бұл расында да «экономикалық керемет» деп айтуға тұрарлық  табыстар болатын.

Ал енді, Азия «жолбарыстарының» екіншітолқынына жататын Малайазия, Таиланд  және Индонезия мемлекеттеріконфуциялық мәдениет пен дәстүрдің, тәлім-тәрбиенің  ықпалынан тыс жатқандықтан бұлардағы экономикалық ілгерілеу менөркендеу басқашалау сипатта жүріп, өзгеше ыңғайда жүзеге асты. Алайда зер салып,  тереңірек үңіле қарайтын болсақ, бәрібір Оңтүстік Шығыс Азияның бұл елдеріндегі экономикалық өрлеуде  этникалық қытайлықтар–хуацяолардың айтарлықтай рөл атқарғанын аңғарамыз.  Қытайлық эмигранттар әуелден кішігірім қалаларға қоныстанып, негізінен cауда-саттықпен айналысты, біртіндеп осы саланы меншіктеп иемденіп алды. Сыртқа тауарлар шығаратын да осылар болды. Үндемей жүріп-ақ басқаларға өсімге қарыз берушілерге, кіріптар етушілерге  айналды. Сырттай қарағанда бұлардың тыныс-тіршілігі жергілікті тұрғындарға ұсақ, әрі елеусіз сияқты  көрінді. Тіпті, ауық-ауық оларға шабуылдап, дүние-мүліктерін қиратып тастау оқиғалары орын алып отырды. Әйтсе де ың-шыңсыз талай шаруа тындыратын қытайлық эмигранттардың жанкешті іс-әрекеттерінің арқасында дамудың келешегін айқындайтын индустрия мен қаржы-қаражат саласы солардың қолына көшті.

Бір айта кетерлігі, Малайзия мемлекеті өз жерінде табиғи ресурстардың мұнай мен газдың, қалайы рудаларының, басқа да сирек кездесетін металлдардың айтарлықтай қоры бар екеніне қарамастан жоғары технологиялық өнімдер,  әсіресе жаппай сұранысқа ие электроникалық тауарлар шығырып сатуға ден қойды. Оның үстіне 80-ші жылдары бұл елдің бағына атқарушы билікке «ұлттық құндылықтарға» басымдық беріп, ең бірінші кезекте жойыла жаздаған малай тілінің мәртебесін көтеруді қолға алған Махатхир Мохамад келді. Ол бас-аяғы он шақты жылдың ішінде  Малайзияны артта қалған аграрлық елден алдыңғы қатардағы индустриалды мемлекетке айналдырды.

Жасыратыны жоқ, екінші толқындағы аталған елдерде этникалық қытайлықтар үшін бірқатар шектеулер қолданылады. Мысалы, жоғары оқу орындарына түсуде немесе мемлекеттік қызметке қабылдануда. Бұл шара тіпті, Малайзияда ресми түрде мойындалған. Соған қарамастан қытайлықтар бизнес пен қаражат саласында жетекші рөлге ие. Мәселен, Индонезияда қытайлықтар тұрғын халықтың 2,5 пайызын құраса да елдегі жеке капиталдың 75 пайызы солардың қолында. Осы сияқты Таиландта тұратын 10 пайыз қытайлықтар 50 пайыз қаражатқа иелік етеді. Инвестицияның 90 пайызы солар арқылы жүреді. Филиппин елінде де капиталдың жартысына жуығы 1,5 пайыздық қытайлықтардың еншісінде. Бұған қоса, көптеген салаларда өз кәсібін жетік меңгерген білікті мамандар болып қытайлықтар саналады. Сондықтан да формальды түрде бірінші басшы жергілікті  халықтың өкілі болғанымен барлық жұмысты жалдамалы қытайлық менеджерлер мен кәсіпкерлер атқарып, солар жүргізді.

Төрт аяғын тең басқандай бәрі жақсы болды деуге болмас. Азия «жолбарыстары» өздерінің даму барысында жетістікпен қатар қиындықтарды да бастан кешті. Басқасын айтпағанда, кешегі 90-шы жылдардың аяғындағы экономикалық дағдарыс бұларды да шарпып өтті. Бұл әсіресе, Оңтүстік Корея мен Индонезияға ауырлау тиді.Шамалы уақыт ішінде корей ақшасы вон құны екі есеге, ал индонезиялық рупий  үш есеге жуық төмендеп кетті. Индонезияда парақорлық пен тамыр-таныстықтың кеңінен жайлап, асқынып кеткені соншалықты оның бір ұшы тікелей ел президентіне барып тіреліп жатты. Кейбір мәліметтерге қарағанда елдегі 1247 кәсіпорын президент Сухарто мен оның туыстарының меншігінде не жартылай иелігінде болып, олар бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдаланып отырған.Мұның ақыры төңкеріске апарып соқтырып, 1998 жылы генерал Сухартоның диктатурасы құлады. Оның орнына әлсіздеу, алауыздау болса да азаматтық билік орнады.

     Міне, осы кезде тырнақ астынан кір іздейтін, шығыстың табысына онша қуана қоймайтын батыстың кінәмшіл сарапшылары «Азия жолбарыстарының» күні бітті. Олардың жетістігі көзбояушылық болып шықты. Дамулары  интенсивті емес, экстенсивті екен. Бұларды ешқандай да еңбек өнімділігінің өсуі, өндірістің өркендеу болмаған. Сондықтан бұлардың жуық арада оңалып, еңсе көтеруі неғайбыл» деген тұжырым жасап, әр түрлі қауесеттер таратты. Бұл елдердің ұлттық ерекшеліктері мен құндылықтары – азиялық авторитаризм мен диктатураны бүркемелеу екен десті.Бірақ та, ол сәуегейлердің  тұжырымдары мен болжамдарыдұрыс болмай шықты.

Шындығында 1997 жылғы қаржылық дағдарыс Сингапур, Тайвань және Гонконгқа аса бір қиындық әкеле қойған жоқ. Дағдарысты көбірек сезінген Оңтүстік Кореяның өзі шұғыл жүргізілген шаралардың арқасында тез арада есін жиып алды. Мұнда 1999 жылдың өзінде ЖІӨ көрсеткіші 10,2 пайызға көтерілді.Малайзия мен Таиланд та тез арада қайта қатарғақосылды. Бұл орайда әйгілі реформатор Махаткир Мохамад өз елінің мұндай қиындыққа тап болуына экономика жөніндегі вице-премьерді кінәлі деп тауып, «халықаралық еврей капталын» айыптады. Ол жүргізген шапшаң реформалардың  нәтижесінде малай елінің экономикасы дағдарысты еңсеріп, ЖІӨ 1999 жылы – 5,4 пайызға, ал 2000 жылы – 7,8 пайызға өсті.

Дегенмен, кешегі 90-шы жылдардың аяғындағы экономикалық дағдарыс Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азия елдері үшін үнемі ескеріп отыратындай сынақ пен сабақ болды.

   Өзінің даму барысында біздің Қазақстанның да «Азия жолбарыстарына» еліктеп, солардың тәжірибесінен үлгі алуға тырысатыны байқалады. Малайзиядағыдай «Көкжиек-2020» тәрізді бізде де «Қазақстан-2030» стратегиялық  бағдарламасының қабылданып, оның «Қазақстан-2050-ге» ұласуы, экономикада индустриалды-инновациялық бағдарға ден қойылуы осының айқын айғағы. Бұл орайда Малайзияның премьер-министрі Нәджип Тун Разақтың: «Сіздердің елдеріңіз  осы аймақта аса қолайлы инвестициялық жағдайымен ерекшеленеді. Біз Қазақстанды Біртұтас экономикалық кеңістік рыногына шығатын бірден бір жол ретінде қарастырамыз. Өз кезегінде Малайзия да Қазақстан үшін Оңтүстік Шығыс Азияға шығатын қақпа бола алады» дегені көңілге көкжиекті үміттер ұялатады. Малайзияның басқалардан бір ерекшелігі мұнда экономиканың басқарылуы бес жылдық мерзім бойынша орталықтанған стартегиялық жоспарлау үлгісіне негізделген.

«Жақсыдан үйренсең – жетерсің мұратқа» демекші, бұл елден үлгі алып, үйреніп «Азия жолбарыстарының» қатарына қосылып жатсақ нұр үстіне нұр болмақ.

89.

Токио мен Пекин арасындағы екі жақты қатынастар көптеген сарапшылар мен зерттеушілердің қызығушылығын тудырады. Себебі Жапония да, ҚХР да Азия Тынықмұхит аймағындағы әлемдік және беделді державалар ретінде аймақтың тұрақтылығына ғана емес, жалпы әлемге де әсерін тигізетін елдер. Бұл мақалада Қытай Халық Республикасы құрылғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі жапон-қытай қатынастарының даму кезеңдері талданып, екі жақты байланыстардың нормативтік-құқықтық негізіне ерекше мән беріледі. Екі жақты қатынастардың даму үрдісін талдай келе, оны шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бұл кезеңдердің хронологиялық сипаты екі жақты қатынастардағы оқиғалармен және екі елдің байланыс сипатына үлкен әсерін тигізген Жапония мен ҚХР-дің ішкі және сыртқы процестерімен анықталады. Бірінші кезең – Қытай Халық Республикасы құрылған 1949 жылдан бастап 1972 жылға дейін, яғни Токио мен Пекин арасында ресми дипломатиялық байланыстар болмағандығымен ерекшеленеді; екінші кезең – 1972 жылдан 1989 жылға дейін, бұл кезеңде Жапония ҚХР-да мойындап, 1972 жылы 29 қыркүйекте бірлескен коммюнике жарияланғаннан кейін екіжақты қарым-қатынастар тұрақтандырылады және 1978 жылы Жапония мен ҚХР арасында бейбітшілік және достық Келісіміне қол қойылады; үшінші кезең – сыртқы саясаттағы бағытқа әсер еткен әлемдегі биполярлы жүйенің ыдырап, халықаралық қатынастар құрылымының өзгеруінен басталды, яғни 1989 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін, жапон сыртқы саясатында «қытай факторы» негізгі компонентке айналған кезең. Бірінші кезеңде екі ел арасындағы сауда экономикалық байланыстарды нығайту арқылы дипломатиялық қатынастардың ретке келтірілуіне, жапон билік басындағы топтардың проамерикандық саясаты кедергі болды. 1952 жылы АҚШ-тың қысым көрсетуімен жапон үкіметі Қытайдың Тайваньдағы чанкайшийлік үкіметін мойындап, онымен келісімге қол қояды. Бұл дипломатиялық қадам Жапонияның халықаралық аренада Қытай Халық Республикасы үкіметін мойындамайтындығын білдірді. Соған қарамастан, осы кезеңде екі жақ арасындағы экономикалық қатынастарды жалғастырып, дамыту мақсатында төрт ресми емес сауда келісіміне қол қойылды. Жапон үкіметінің бұл кезеңдегі ҚХР-ға қатысты сыртқы бағыты «саясатты экономикадан бөліп қарастыру» саясатына негізделген еді. Бұл кезеңдегі екіжақты қатынастар дамуының басты ерекшелігін сипаттайтын жағдай – Токионың ресми түрде ҚХР-ды жалғыз және заңды үкімет ретінде мойындаудан бас тартуы. Бірақ, соған қарамастан екі ел арасында сауда экономикалық байланыстар жоғарыда аталған келісімдер арқылы жүзеге асырылып жатты. Алайда Пекин үкіметінің «үлкен секіріс» жылдарындағы сыртқы саясаттағы авантюристік бағыты және жапон үкіметіне ҚХР-дың дипломатиялық мәртебесін мойындатуда қысым көрсете бастауы, 1958 жылғы «нагасакидегі инциденттен» кейін Токио мен Пекин арасындағы екіжақты қатынастардың екі жылға тоқтауына алып келді. Одан кейін Токио мен Пекин арасында қатынастар біртіндеп жақсара түсіп, екі ел арасында ресми емес экономикалық және саяси байланыстар тез жандана бастады. ҚХР үкімет басшыларының әлемдік коммунистік және жұмысшы қозғалысы бағытынан бас тартуы оның социалистік елдермен байланыстарын үзуіне әкелді және Жапониямен қатынастарының жақсаруына септігін тигізеді. Осы жылдар Қытай үкіметінің ішкі бағыттағы «мәдени революцияға» байланысты сыртқы саясатта белсенділігінің төмендеуі және Пекин үкіметінің жапон үкіметіне ҚХР-да дипломатиялық мойындау мәселесінде қысым көрсетуімен ерекшеленді. Елдер арасындағы сауда байланыстарының тиімділігін пайдалана отырып, Қытай жағы Жапониямен тек экономикалық қатынастар ғана орнатпай, сонымен қатар жапон- қытай дипломатиялық байланыстарын құруға мүдделі болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Токио мен Пекин арасындағы байланыстардың қалыптандырылуына кері әсерін тигізген американдық «ҚХР-сын тежеу және изоляциялау» бағытына жапон саясатының тәуелділігі еді. 1971 жылғы Киссинджердің Пекинге сапарының нәтижесінде басталған америка-қытай қатынастарының өзгере бастауы Жапония мен Қытай арасындағы дипломатиялық байланыстардың реттелуіне әкелген еді. Жапон-қытай қатынастары дамуының екінші кезеңі 1972 жылдың қыркүйек айында дипломатиялық қатынастардың қалпына келуімен және 1978 жылдың тамыз айында Жапония мен Қытай арасында «бейбітшілік пен достастық Келісіміне» қол қойылуымен сипатталады. Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстардың орнатылуы Жапония мен ҚХР байланыстары дамуындағы өте маңызды және тарихи қадам болды, сонымен қатар ол сол кезеңдегі Азиядағы және бүкіл әлемдегі күштер арасалмағындағы өзгерістерге тікелей байланысты болды. Енді Жапонияның сыртқы саясатында Қытаймен қатынастарына ерекше маңызды мән беріле бастады. Жапон билеуші топтары әрдайым Қытайды табиғи байлығы мол, халық саны көп ел ретінде шикізаттың маңызды көзі және тауарларын сыртқа шығарудың әлеуетті нарығы ретінде қарастырды, оларды пайдалану географиялық жақындық және белгілі тарихи-мәдени дәстүрдің жақын болуы сияқты объективті факторлар жеңілдеткен еді. Қытай үшін де Жапониямен қатынастар өте маңызды болды. Қытай үшін бұл, біріншіден, географиялық және этникалық жақындықты пайдалану арқылы Жапониядан қажетті өнеркәсіп тауарларын алу мүмкіндігімен, екіншіден, қытай басшылары жапон экономикалық әлеуетін Пекин жариялаған Қытай мен Жапонияның «азиаттық бірлігі» негізде гегемонистік, ұлыдержавалық мақсатында пайдалануды көздеді. Жапон-қытай дипломатиялық байланыстары орнатылуы және 1970-80 жылдардағы саяси және экономикалық қатынастардың белсенділігі Жапония мен ҚХР арасында байланыстың одан әрі дамуына үлкен септігін тигізді. Алайда, соғыс кезінде қалыптасқан жапон-қытай қатынастарының арасындағы қарама-қайшылықтар жойылмай қала берді [1]. 1970-80 жж. жапон-қытай қатынастарының дамуын саралағанда, ең бастысы Токио мен Пекин арасындағы идеологиялық және саяси келіспеушіліктің болғанын ескеру керек. Жапония мен Қытайдағы кең таралған тарихи және нәсілдік бірлік идеясына қарамастан, әлеуметтік- қоғамдық құрылыстағы түбегейлі айырмашылықтар Жапония мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың дамуын тежеп отырды. 1978 жылдың 12 тамызында қол қойылған жапон-қытай «бейбітшілік және достық Келісімі» екі жақтың барлық маңызды мәселелерін бейбіт жолмен шешуге, территориялық біртұтастық пен суверенитетті сыйлау, өзара шабуыл жасамау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, теңдік және өзара тиімділік, бейбіт көршілестік принциптеріне негізделді. Сол жылғы Пекиннің «ашық есік және реформалар» саясаты жапон-қытай экономикалық байланыстарының ары қарай кеңеюіне жол ашып берді. Әлемдегі халықаралық қатынастардың биполярлы жүйесі құлдырағаннан кейінгі, яғни үшінші кезеңдегі Қытай және Жапония арасындағы қатынастар қатты өзгерістерге ұшырады. Геосаяси жағдайлар Жапонияны сыртқы саясатта стратегиялық және тактикалық мақсаттарын айқындауды және қайта қарауды талап етті, өйткені ол негізінен совет-американдық конфронтациясына негізделген еді. Негізгі стратегиялық одақтасы АҚШ-қа сүйене отырып, Жапония сыртқы саясатындағы барлық бағыттарында белсенді қызметтер жүргізе бастады. Бұған дейін ұзақ уақыт бойы Жапония ҚХР-ді оның антисоветтік сыртқы бағытына сәйкес «советтік қауіпке» қарсы тұрушы ретінде қарастырған еді. Совет үкіметі ыдырағаннан кейін Азия Тынықмұхиты аймағында жаңа күштер арасалмағы орын алды. Енді Ресей және Қытай қырғи қабақ қатынастарын тоқтатып, стратегиялық серіктестікке көшкендігін жариялады. Соған байланысты жапон саясаткерлері пайда болған саяси вакуумді экономикалық және әскери қуаты күн санап өрлеген Қытай толтырады деп қауіптенді. Осындай жағдайда жапон сыртқы саясатында «қытай факторын» ескеру негізгі компонентке айналды: ол Азиядағы жағдайды ушықтыруға итермелейтін қадамдардан сақтап қалу үшін Қытайға әсер ету тетіктерін анықтау, соған байланысты саясат құруға негізделді [2]. Жапонияның Қытайдағы саяси ставкалары өте жоғары болды, тіпті 1989 жылдың мамыр-маусым айларындағы Тяньаньмынь алаңында болған, әлемді Пекин үкіметіне қарсы қойған, қайғылы оқиғадан кейін де Жапония Қытайға көмегін тоқтатпады. Жапон үкіметі Қытайға қатысты халықаралық санкцияларды жоюға белсенді түрде қатысты. ҚХР мен Жапония арасындағы қатынастар 1990 жылдың басында жоғарылай бастады, әсіресе, экономика саласында. Осы жылдары Жапония Қытайдың басты сауда серіктесі позициясын ұстап тұрды. Алайда экономикалық фактордың екі ел арасындағы саяси мәселелерімен байланысы әлсіз болды. Токио мен Пекин арасындағы саяси келіссөздер сауда-экономикалық серіктестік деңгейінен әлдеқайда төмен болды. Дегенмен, сауда- экономикалық байланыстар тиімділігін ескере отырып, саясат саласындағы келіспеушіліктерді барынша ушықтырмай отырды. Саяси келіспеушіліктің негізінде «Тайвань мәселесі», Сэнкаку (Дяоюйдао) аралдарының кімге қарасты екені туралы территориялық дау-талас, соғыс кезіндегі Қытайға жасаған Жапонияның шығынын өтеу, т.с.с. мәселелер жатыр. Екі елдің жақындасуына Азияда мүдделерінің түйісуі де кері әсерін тигізді. Жапонияны Қытайдың әскери әлеуетін нығайтуы, ракеталық-ядролық қаруын кемелдендіруі әсіресе қауіптендірді. Екі елдің экономикалық және саяси мүдделері Азия Тынықмұхитында аймақтық деңгейде де қиылысты, болашақтағы екі елдің аймақта көшбасшы роліне бәсекелестігі айқын болды [3]. 1990 жж. аяғында жапон-қытай қатынастарында үлкен өзгерістер болды. Бейбітшілік пен достық келісіміне сәйкес екі ел арасында жаңа ғасыр басында жанжалдарды қойып, жаңа саясатқа бет алуы күтілді. 1990 жылдардағы сыртқы саясат ағымына сәйкес Токио мен Пекин арасында саяси қатынастар нығая түсті, ресми өкілдердің бір біріне сапары артты, аймақтық деңгейде серіктестік келісімдері қабылданды. Аталған дипломатиялық қызметтің қорытындысы 1998 жылдың күзінде Токиода өткен жапон-қытай саммитінде қорытындыланды, сол кезде Бірлескен декларацияға қол қойылды, онда «серіктестік және достастық рухындағы байланысқа» ұмтылу жарияланды. Аймақтық деңгейдегі маңызды мәселелерді шешуде объективтілікке бағыт алынды: қоршаған ортаны қорғау, Азиядағы валюта қаржы дағдарысын шешу, Корей түбегіндегі жағдайды реттеу. XXІ ғасырға бет алған жапон-қытай қатынастарының нығаюы туралы Бірлескен өтініш жарияланды. ҚХР Председателі Цзян Цзэминнің Жапонияға бірінші сапары жүзеге асты. Жаңа мыңжылдық басында Жапония мен Қытай қатынастары барлық салада дамуын бастады. Сауда экономикалық салада және гуманитарлық салада бірлескен жобалар саяси ағыммен ұштаса бастады. Жапон-қытай қатынастары Шығыс Азиядағы жағдайдың дамуына және Азия Тынықмұхиты аймағының интеграциялану процесіне септігін тигізді. Соған қарамастан, Жапония мен Қытай арасында толық саяси жақындасу болған жоқ: екі жақтың бір біріне деген сенімі толық болмады. Жаңа ғасырдағы жапон-қытай қатынастарына тоқталсақ, екі жақты қатынастардың аймақтық аспектісі көзге ерекше түседі, себебі Жапония да, Қытай да Шығыс Азияда экономикалық көшбасшылар, олардың арасындағы серіктестік, көптеген басқа да мәселелермен қатар, Пекин мен Токио арасындағы аймақтық көшбасшылыққа деген өзара бәсекелестікті де қамтиды. Жаңа мыңжылдық басында Жапония мен Қытай екіжақты қатынастары өте қатты ушықты. 2001-2006 жж. Пекин Токиомен ресми жоғары деңгейдегі байланыстарын үзді, оған себеп: жапон премьері Дзюнъитиро Коидзумидің Ясукуни храмына барып тұруы, бұл храмды Қытайда жапон милитаризмінің символы деп қабылдайды. Қытай және Азияның басқа да мемлекеттері, аймақта жапондық колониалдық өткен саясатын ескере отырып, премьердің Ясукуни храмына жиі баруына үлкен наразылық білдірді. Жапон-қытай қатынастарының ең төмен деңгейі осы жылдары байқалды. 2005 жылдың сәуір айында екі ел арасындағы дағдарыс шарықтау шыңына жетті, Қытайда жаппай антижапондық бой көтерулер болып өтті. 2006 жылдың қыркүйек айында Жапонияда үкімет басына Синдзо Абэ келуімен екі жақты қатынастар жақсара бастады. Премьердің Ясукуни храмына баруы туралы мәселе шешілді. Абэ дипломатия саласында жапон-қытай экономикалық қатынастарына ерекше көңіл бөлді, тіпті Жапонияның ұзақ экономикалық дағдарыстан шығуы, Қытай экономикасының өсуінен болды деп есептеді. С.Абэнің айтуынша, жапон-қытай қатынастарын тұрақтандыру үшін «саясатты экономикадан бөлу принципін нығайту» болып табылады [4]. Жапон-қытай қатынастарындағы ең маңызды оқиға деп 2008 жылдың мамыр айындағы ҚХР төрағасы Ху Цзинтаоның Токиоға жасаған ресми сапарын айтуға болады. Осы сапар нәтижесінде Қытай мен Жапония арасында тарихи «Бейбітшілік пен серіктестік Келісіміне» қол қойылды және бұл қадам екі ел қатынастарының жаңа сатысы басталғандығының белгісі ретінде қабылданды. «Екі ел, Жапония мен Қытай бүкіл әлемдегі бейбітшілік үшін жауапты және XXІ ғасырдың дамуына да жауапты», – деп екі ел арасындағы саммитті қорытындылаған коммюникеде жария етілді [5]. Осы келісім екі ел арасында шексіз экономикалық серіктестік мүмкіндіктеріне жол ашты және жапон сыртқы істер министрлігінің бағалауы бойынша, 1972 жылғы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтірген уақыттан бергі екі ел арасындағы төртінші маңызды құжат болып табылды. 2009 жылы жапон-қытай қатынастарындағы маңызды оқиға – Жапонияның премьр-министрі Таро Асоның Қытайға ресми сапары. 2009 жылдың 30 сәуірінде Пекинде Жапон премьер-министрі Таро Асо ҚХР төрағасы Ху Цзинтаомен кездесіп, екі жақты серіктестік мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қорытындылай келгенде, қазіргі кезеңде жапон-қытай қатынастарының оңды қарқынмен дамуына қарамастан, Токио мен Пекин арасында көптеген күрделі мәселелер орын алуда. Қытайдың экономикалық және саяси күрт көтерілуі және Жапонияның экономикалық мүмкіндіктеріне негізделген саяси өрлеуге деген белсенділік танытуы екі ел арасындағы бұрыннан келе жатқан мәселелерді ушықтырып отыр. Бірақ бұл күрделі мәселелердің аяғына дейін шешілмеуі екі ел арасындағы қарым-қатынастардың деңгейі мен қарқынын реттестіріп отыру құралы ретінде пайдаланылуының себебінен де болып отыр. Жапония мен Қытайдың өзара мүдделері екі елдің бір-біріне деген экономикалық тәуелділігіне тікелей байланысты. Іс жүзінде екі ел арасындағы қатынастарда «саясатты экономикадан бөліп қарастыру принципі» қолданылады. Жапония үшін Қытай ең басты сауда серіктесіне және тікелей инвестициялар нысанына айналды. Ал Қытай үшін Жапония оған саяси әрі экономикалық жағынан да өте тиімді әсер ете алатын серіктеске айналып отыр. Қазіргі кезеңде экономикалық жағынан әлдеқайда дамыған Жапония ішкі ресурстардың жетіспеушілігінен Қытай экономикасынан тәуелді болып отыр. Сонымен қатар, назар аударатын жайт, жапон-қытай қатынастары қазіргі кезеңде екіжақты ғана болудан қалды. Олар қазір аймақтық және жаһандық мәселелерге әсерін тигізе алатын деңгейге көтерілді. Екіжақты қатынастардың сипаты Жапония мен Қытайдың жаһандық саяси және аймақтық бақталастығымен ерекшеленіп отыр. Олар өзара Шығыс Азия мен Азия-Тынық-мұхиты аймағында әрі серіктес, әрі бақталас. Бұл аймақтың болашағы Қытай мен Жапонияның қандай рөл атқаратынына тікелей байланысты болмақ

96.

Қытай болса «modern», «modernization» деген ұғымды батыстан қабылдаған. Бірақ қытайлар батыстың модерзация концепциясын сол қалпында емес, оны өздерінің ұғымына бейімдеу арқылы «қытайландырып» барып өзіне сіңірді. Қытайлар ағылшын тіліндегі «modern» сөзін “ xian dai de», яғни «қазіргі заманғы» немесе «заманауи» деген мағынада аударып, оны дәстүрге, ескілікке салыстырмалы түрде айтылатын ұғым ретінде қолданып келеді. Алайда Қытайдың жаңа заманы ХІХ ғасырдың ортасынан басталады. Демек, Батыс пен Қытайдың әлеуметтік дамуларында ежелден айтарлықтай айырмашылықтар сақталған.

«Modern» сөзі ХҮІ ғасырда жарыққа шыққанымен, модернизация (жаңару) теория немесе ілім ретінде өткен ғасырдың орта шенінде ғана қалыптасқан. Егер модернизацияны Италиядағы Ренессанстан басталды десек, ол ХҮІІІ ғасырдың соңғы жартысындағы өнеркәсіп революциясынан кейін бүкіл әлемге кең тарай бастаған ауқым деп қарау керек. Бірақ содан бергі бес жүз жылда модернизция теориясы қалыптаспады. Алайда тарих ХХ ғасырдың ортасына келгенде, алуан үрлі модернизация теориясы жарыққа шықты. Бұның басты себебі, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін бұрыннан бері индустриялды державалардың отарында болған елдер бірінен соң бірі тәуелсіздікке қол жеткізді. Жаңадан дербестенген мемлекеттердің барлығы дегендей ол кезде артта қалған қоғамдық жүйеде болып, экономикасы мен мәдениеті дамымаған жағдайда тұрған еді. Сондықтан олардың ортақ мақсаты - саяси дербестіктерін күшейтумен қатар, экономика мен мәдениетті қарқынды дамыту болды. Шығыстағығы алып ел Қытайдың өзі де осы қатардағы мемлекеттердің бірі еді.

ХХ ғасырдағы тарихи ерекшеліктердің бірі – отарланушы елдердің ілгері-кейінді тәуелсіздікке қол жеткізуі болды. Олардың тағдыры мен арманы ұқсас немесе ортақ, яғни олардың алдына қойған ең басты мақсаты – даму болды. Сондықтан олардың барлығы қалайда өз елдерінің даму жолдарын таңдауға тиісті болды. Осыны жақсы білетін Еуропа және Америкадағы дамыған мемлекеттер ендігі жерде жаңадан тәуелсіздік алған дамушы мемлекеттерге үлгі болатын және олар жалпы беттік қабылдай алатын даму теориясы мен құндылықтарды қалыптастыру арқылы оларды өздерінің ырқына көндіруді көздеді. Сөйтіп, өткен ғасырдың 50–ші жылдарында даму социалогиясы және даму экономикасы деген теориялардың негізінде модернизация (жаңару) теориясын дүниеге келді.

Ал саяси саладағы модернизация жөнінде кейбір политологтар: қазіргі дүниежүзіндегі мемлекеттер – модернизацияны іске асырған заманауи қоғамдағы мемлекеттер және модернизацияны әлі іске асыра алмаған дәстүрлі қоғамдағы мемлекеттер болып екіге жіктеледі. Ұлыбртания, Америка Құрама Штаттары сияқты дамыған мемлекеттер модернизацияны іске асырғандар. Дәстүрлі қоғамдағы мемлекеттер олардың соңынан ілеседі. Дәстүрлі мемлекеттердің модернизациясы - өз елінің ұлттық мәдени дәстүрін тастап, біртіндеп қазіргі заманғы құндылық өлшемдерін қабылдайтын азапты процесс болады – деп түсіндіреді.

Әдетте модернизация теориясын консервативтік және либералдық деп екіге жіктейді. Консервативтік ұстанымдағылар қоғамдық саяси тәртіпті орталықтанған институттардың беріктігі мен тұрақтылығына баса назар аударса, либералдық теория өкілдері модернизациялық проблемаларды шешу барысанда биліктегілер мен халық арасындағы тұрақты диалогтың болғанын дұрыс деп санайды. Осындай диалогті ұйымдастыру ашық саяси және әлеуметтік қатынастарды қалыптастыруға алып келеді деп санайды. Либералды теория өкілдері орта таптың пайда болуы және халық білімінің өсуі басқарудың сипаты мен ұйымдастырылуына үлкен өзгерістер енгізеді деп пайымдайды. Сондай-ақ олар саяси модернизацияның негізгі көрсеткіші ретінде халықтың өкілетті демократиялық жүйеге араласу деңгейін атайды. Мысалы, К.Дейч саяси модернизацияны бұқараның саясатқа араласу деңгейімен анықтайды. Ол халықтың саясатқа араласудың кеңеюі саяси дамудың кілті – деп санайды.

Батыстың экономикалық модернизация теориясы - өсу экономикасы және даму экономикасының теориясын негіз еткен. Олар экономикалық өсудің анықтамасы - «халыққа күнделікті өсіп отырған әр түрлі экономикалық тауарларды қамтамасыз ету қаблетінің үнемі жоғарлап отыруы» - деп санайды. Сондай-ақ олар – бұл сынды өсу қаблетін технологиялық процесс және ол қажет ететін әлеуметтік жүйе мен идеология арқылы реттеліп отырады – дейді. Көптеген экономист ғалымдар: дамыған мемлекеттердің модернизациясы - өнеркәсіптенудің немесе индустрияланудың нәтижесі. Дамушы мемлекеттердің модернизация процесі де индустрияланудың нәтижесінде жүзеге асады – деп тұжырымдайды.

АҚШ ғалымдары У.Мур, А.Экштейн модернизацияны қоғамдық құрылымдар мен адам діліне (менталитетіне) өзгерістер енгізетін индустриализациядан бастау қажет деп санайды.

Самюэль П. Хантингтон әлемде өзінің ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, вестернизацияны теріске шығара отырып модернизацияланған батыстық емес елдердің бар екендігін ескертеді. Сондай-ақ ол Жапония, Сингапур, Тайвань; Сауд Арабиясы және аз да болса Иран батыс қоғамы болмай-ақ қазіргі заманғы қоғамға айналды. Қытайды моденизацияланып жатыр, бірақ вестернизацияланып жатқан жоқ – деген қортынды шығарады.

Бұл көзқарасты шындықтан тұжырымдалған ақиқат деп санаймыз. Модернизация туралы «Қытай энциклопедиясы»: «Дәстүрлі қоғамнан қазіргі заманғы немесе заманауиласқан қоғамға қарай даму процесі – модернизация болады» - деп түсіндіреді. Ал Қытайдың модернизация процесіне қадам басқанына көп бола қойған жоқ.

Қытай Халық Республикасы модернизация мәселесін ең алғаш 1964 жылы Бүкіл мемлекеттік халық құрылтайының 3 –ші кезекті съезінде премьер министр Чжоу Энлай алғаш рет алға қойған болатын. 1975 жылығы Бүкіл мемлекеттік халық құрылтайының 4–ші кезекті съезінде модернизацияны нақтылай түсіп, ХХ ғасырда «төртті модернизациялау» арқылы Қытай эконмикасын әлемнің алдыңғы қатарындағы елдердің деңгейіне жеткізу жоспарын қабылдады. 1978 жылы шақырылған 5-ші кезекті Бүкіл мемлекеттік халық құрылтайында, «төртті модернизациялау» - қытайдың жаңа тарихи дәуірде жүзеге асыратын басты міндетті болып белгіленді.

Шығыс елдерінің халықаралық қатынастары: Жаонияның екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастары АҚШ-тың позициясына байланысты болып келді...

Солайда Жапония өзінің өнеркәсіптегі озық технология мен экономикалық қуатына байланысты халықаралық қатынастарды державалық рөл атқарып келеді...

Корея елдері өздеріне тән ерекшеліктер арқылы әлем назарын өздеріне аудару да...

Қытайдың халықаралық қатынастарының дамуы өзіндік бірнеше кезеңдерді басып өтті...

АСЕАН елдерінің де әлемдік қатынастардағы орымен рөлі ерекше болды...

Үндістан мен Пакістан ад сол сияқты...

Иран Ислам Республикасы қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардың басты түйткілді мәселесі болып отыр...

79.

ИРАК-КУВЕЙТ СОҒЫСЫ – 1990 – 91 ж. болған соғыс. Осының алдындағы Иран-Ирак соғысы салдарынан Ирак үкіметі Кувейтке 20 млрд. АҚШ долл-ы көлемінде қарыз болды. С.Хусейн үкіметі Парсы бұғазындағы Кувейттің мұнай қорлары Иракқа тиесілі деп есептеп, қарыз төлеуден бас тартты, әрі аталған жерлерді Иракқа беруді талап етті. 1990 ж. 2 тамыз күні Ирак әскерлері Кувейтке басып кіріп, елді толығымен жаулап алды. 8 тамыз күні Ирак үкіметі Кувейттің Иракқа “толығымен әрі біржолата қосылғандығын” жариялады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ирактың Кувейтті басып алуын заңсыз деп тапты және әскерлерін елден дереу шығаруын талап етті. 1991 ж. 15 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иракқа Кувейттен әскер шығаруға белгілеген мерзімі бітті де, 17 қаңтар күні 29 мемлекеттен тұратын біріккен күштер (негізінен, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, кейбір араб елдері) Кувейтті азат етуге кірісті. 26 ақпанда Кувейт толық азат етіліп, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі екі елдің мемлекетік шекараларын бекітіп берді. И.-К. с. аймақтағы саяси жағдайды қатты ушықтырды. Туысқан араб елдері арасына жік түсті. Ирак басқыншылығын Ливия, Йемен, Палестинаны азат ету ұйымы қолдағанымен, қалғандары оған қарсы шықты, кейбіреулері (Сауд Арабиясы, Египет, т.б.) С.Хусейн режиміне қарсы бағытталған “Шөлдегі боран” операциясына белсене қатысты. Бұрын тек өз күштеріне сүйеніп келген Кувейт осы соғыстан кейін АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей елдерімен әскери байланыс жөнінде келісім жасасты. Соғысқа дейін Кувейт халқының тұрмыс деңгейі жөнінен алғашқы ондыққа кіретін. Ирак басқыншылығы елді аса қиын жағдайда қалдырды. Дегенмен, Кувейт 1993 ж. мұнайды экспорттауды соғысқа дейінгі деңгейге жеткізіп, өз жағдайын түзеуге кірісті. Әскері талқандалғаннан кейін Ирак БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімдерін ресми түрде мойындауға мәжбүр болды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімімен құрылған арнайы комиссия Ирактың жаппай қырып жою қаруларын жасауына тыйым салу үшін елде тексеру жүргізуге кірісті. БҰҰ-ның көп ұлтты әскерлері Ирактың солт. және оңт. аймақтарын өз бақылауларына алып, ол жерлерде әскер шоғырландыруға, ұшақтар ұшыруға тыйым салды. Елдің ішкі-сыртқы саудасын шектеп, оған тек шектеулі мөлшердегі мұнай өнімдеріне азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуына рұқсат етті. 1994 ж. 10 қарашада Ирак үкіметі Кувейттің БҰҰ бекіткен мемлекеттік шекаралары мен терр. тұтастығын түпкілікті мойындайтынын мәлімдеді.

95.

Жаһандану үрдісі қазіргі əлеуметтік əлемнің маңызды да өзекті мəселесі болып

табылатындығы анық. Ол жан-жақты қарастыруды қажет етеді, өйткені жаһандану көптеген

қайшылықтарға толы үрдіс.

Қазіргі жаһандану үрдістері жəне олардың ұлттық мəдениеттерге тигізетін əсері соңғы

жылдары ғалымдар болсын, қызу талқыланатын мəселеге айналды. Француз философы Жан

Аттали ХХІ ғасырда «жаңа көшпелілердің дəуірі басталады дейді. Жаңа көшпелі тамырсыз

ризома келбетті, магниттік карточка оның түгел тұлғалық көрсеткіштерін ауыстыратын,

əмбебап нарыққа жол ашатын, «Меннің протезі» болып табылады дейді.

Метамəдениет пен ұлттық мəдениеттердің арақатынасында үлгі-модельдерді таңдауда

үш жол бар екендігін зерттеушілер атап өтеді.

Бірінші үлгіні дамудың (немесе стагнацияның) этнократиялық моделі деп атауға

болады. Мұнда көп этникалық қоғам бір этностың басымдылығын мойындау арқылы

тұрақтанады. Сыртқы ықпалдар мен инновациялар шектеліп отырады.

Екінші үлгіде мемлекет жаһандық орталықтарға тəуелді шеткі кеңістік ретінде əрекет

етеді. Бұл жағдайда мəдениеттің «вестернизациясы», «макдональдизациясы» жүзеге асады.

Ұлттық ерекшеліктерді сақтап қалу басты мəселеге айналып кетеді.

Тартымды жəне үйлесімді үлгіге үшіншісі жатады, бұл жағдайда мемлекет

дүниежүзілік мəдени процеске оның теңқұқылы мүшесі ретінде қатысады. Бұл жағдайда

этномəдениет жаңа сатыға көтерілу үшін өзінің бүкіл шығармашылық қабілеттілігін шұғыл

арттыруы қажет.

Соңғы позицияны кейде мультикультуризм деп те атайды. Оның мəнісі басым

этномəдениет өркендеуіне жағдай туғызу. Бұл мəселе тіпті АҚШ сияқты дамыған елдерде де

əлі шешімін күтіп тұр. Айталық АҚШ-тағы «вамп»-тер (ақ нəсілді еркек протестант

американдықтар) үстемдігі туралы ділдік құбылыс анда-санда өз нобайын көрсетіп қояды.

Мультикультурализмге, біздің ойымызша, ұтымды анықтаманы қазақстандық философ Г.

Нарбекова береді.

«Мультикультурализм – это прежде всего взаимосвязь и взаимообогащение

национальных культур, признание и приобщение к духовным ценностям, нормам, сущность

которых состоит в уважении статуса и свободы самореализации каждого этнокультурного

субъекта. Способность народов к восприятию другой национальной культуры предполагает

наличие в воспринимаемой культуре общечеловеческого содержания» [1, 33 б.].

XX ғасырдың аяғына қарай ахуал едəуір өзгерді, дəлірек айтқанда "екіге жарылды". Бір

жағынан, барлық жерде дерлік ұлтшылдықтың, əсіресе этникалық жəне діни сананың өсуі

ұлттың мəн-маңызының ұлғая түскенінен хабар береді. Екінші жағынан, ұлттық бөліністер

261

мен құндылықтар күмəн мен қайта қарауға ұшырауда жəне көпшіліктің көзіне олар архаизм

болып көрінеді.

Этникалық пен ұлттың маңызы туралы сұрақтың жауабы, біз айтып өткендей,

дəстүршілдік пен одан туындайтын барлық феномендерді қалай түсінуге байланысты болып

келеді. Дəстүрлі институттар ретіндегі этникалық, ұлт немесе ұлттық мемлекет туралы

айтқанда, біз дəстүрді əлеуметтік ұйымдасу нормалары мен институттарының бір түрлерін

игеріп жəне жаңасын түзудің ұдайы үдерісін ұғынамыз. Тарихи дамудың барысында сол

заманғы функцияларды атқаратын институттар бірте-бірте өз функцияларын жоғалтып,

дəстүрмен шайыла отырып, кейінгі орынға шегінеді жəне "жаңа заманауимен" алмаса

отырып, ақыры соңында ығыстырылып, дəстүрге айналады.

Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін қазақ мəдениеті үшін бұрын-соңды болып

көрмеген тарихи мүмкіндік пайда болды: ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі озық

мəдениеттер жетістіктерімен үйлесімді қосу. Бұл ұжымдылық пен жеке-даралықты,

үлкендерді сыйлау мен тұлға еркіндігін, экологиялық сана мен жасампаздықты, төзімділік

пен белсенділікті жəне т.б. үйлесімді қоса білуді талап етеді. Бірақ бұл жүзеге аса ала ма?

Əлде көшпелілер ұрпақтары батыстық либералдық құндылықтарды қабылдауға қабілетсіз

болып шыға ма? Біз осының бəрі мүмкін деп жауап бергіміз келеді. Қазақ мəдениеті

тарихынан осыған көптеген мысалдар келтіруге болады: ру-тайпалық өрістен шыға білген

қазақ ақын-жырауларының индивидуалдық дискурсы, Абайдағы Шығыс пен Батыстың

сұхбаты, ХХ ғасырдағы тоталитаризм қысымында болғанымен, көшпелілер ұрпақтарының

батыс технологиясын жəне рухани мəдениетін игеруге деген талпынысы, Қазақстан

Республикасында жүргізіліп жатқан көпбағытты саясат.

Əрине, мультимəдениет идеясында қазақтың ұлттық мүдделеріне теріс келетін жақтары

да бар. Мысалы, гетерогендіктің ұлттық гомогендікке ұмтылысымен қайшылықта болуы,

мультимəдениет идеясын жастардың бұқаралық мəдениетінде теріс түсінуі, мəдени

релятивизді əсерлеу т.т. Бірақ, мəселе терминді қалай қолдануда тұр, əйтсе де,

«мультимəдениет» термині өзімен-өзі бейтарап болып табылады. Дұрыс мағынадағы

мультимəдениет мəдени нəсілшілдікке, ксенофобияға, этноцентризмге, лингвисизмге (тілдік

кемсіту), сексизмге (жыныстық əсірелеу), əлеуметтік жікшілдікке, партикуляризмге,

фундаментализмге т.т. қарсы бағытталған. Басқаша айтқанда, қазақстандық мəдениеттің

осындай сипаты оны батыстандырудың сыңаржақтылығынан жоғары қоя алады.

Қазақстандық мультимəдениет туралы айтқанда, оның тек көпэтникалық сипатта

екендігі жөнінде ғана емес, сонымен бірге оның көптеген діни сұхбаттар нəтижесінде

қалыптасқандығы жайында айту қажет. Осы конфессиялар арасында өзара қарым-қатынаста

ислам дінінің ерекше рөлі болды. Қазақ мəдениетіне қатысты «ұлттық ислам» деп қаншама

ерекшелегенмен, исламның ұлттық бітімін оның жалпы өркениеттік тұтастығына қарсы

қоймаған жөн. Православиялық жəне конфуцийлік өркениеттер арасында ғасырлар бойы

əрекет етіп келген қазақ мəдениеті үшін ислам басты қорғаушы, мəдени архетиптерді

сақтаушы күш рөлін атқарады. Кесімді айтқанда, ислам қазақ халқын ресейлік, қытайлық

жəне батыстық қысымнан рухани қорғап отырды.

Белгілі болғандай, қазіргі əлемде вестернизация мен жаһандануға төтеп бере алатын аз

күштер қалды. Бір жағынан ол барша адамзатқа ортақ көкейкесті мəселелерді (атомдық

ядролық бомбаның қауіпі, экологиялық жағдайлар, соғыстар т.с.с.) бірігіп шешу жолын

бағыттайтын болса жəне жалпы адамзаттық мəдениет пен өркениеттің ағымына кіру

мүмкіншілігін анықтаса, екінші жағынан, ол басқалардың ішінде ыдырап кетуді, өзіндік

ұлттық ерекшеліктің жоғалуына алып келуі мүмкін. Жаһандану үрдісінде адамның жекелік

проекциясы, өзіндік ерекшелігі, даралығы жоғалып кетеді, ол саясаттың манипуляторына

айналады. Ол тек «нақты – тарихи əлеуметтіліктің жекелік құбылысын айналады» [2, 135б.].

Осыдан мынадай бір тұжырымға баруға болады. Жаһандық үрдісімен келіп жатқан

вестернизация бұқаралық əлсіз қоғамға өз ойын тез, əрі ұтымды жүзеге асырады. Өйткені,

еліктегіш болмыс, тез сенгіштік жəне өз тарихын бағаламау, өзіндік ұлттық ерекшеліктерін

айыруға барынша мүмкіндік туғызады. Сол себептен, мəдениеттер арасындағы сұхбатты

262

жүргізе отырып, өзіміздің тарихи-мəдени мұраларымызды тек сақтап қана қоймай, оларды

құндылық ретінде ұлттық мұраға айналдыру қажет. Ұлттық мұраны сақтаудағы факторларға

тек көшпелілік өмір салтымен келген құндылықтар ғана емес, сонымен бірге мұсылмандық

өркениетпен байланысты Қазақстан аумағындағы қалалық мəдениет те жатады.

Қазіргі заманғы батыстық мəдениеттің универсалды басты принципі түріндегі

техницизмнің жаппай таралуы гуманитарлық бағдардағы интеллигенция өкілдерінің

антитехницистік, антисциентистік қозғалыстарын тудырды.

Қазіргі əлемде жаһандану үдерістерінің толассыз қарыштауына бəріміз куəгеріне

айналып отырмыз. Шын мəнісінде жаһанданудың түпнегізінде батыстану жатқанын

дəлелдеу онша қиынға соқпайды. Əрине, глобализм қай жерде мүмкін болса трайбализм

үрдістерін жəне əлеуметтік теңсіздікті күшейтіп ұлттық мемлекеттерді ыдыратуға ұмтылады.

Бұрынғы КСРО-ның кеңістігінің барлығында автократиялық кландық мемлекеттердің

құрылуы бекер емес. Бірақ, глобализмнің оппоненті антиглобализмдік құбылысы мəселеден

шығудың жолы емес. Кейде ол жаһаншылдарға қызмет етіп кетеді. Мысалы, кейбір

мемлекеттерде билік пен оппозиция барынша ұлттық тəуелсіздікті көксеп, бірақ Батыстан

демеушілік көріп отырса, шын мəнінде бұның барлығы Батыстың мақсаты үшін жасалады,

өйткені, осындай жағдайда глобализм бөліп билеу үшін жақсы мүмкіндіктерге ие болады.__

97.

16.03.11 - Геосаясат және халықаралық қатынастар

ҚЫТАЙДЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ САЯСАТЫ

00

Сәкен ЕСІРКЕПОВ, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Конфуцзы институты Қытай–Орталық Азия қатынастарының тарихы тереңнен басталады. Орталық Азия аймағында өмір сүрген Түркі тайпалары мен Қытайдың ертедегі патшалықтары арасында саяси-экономикалық қатынастардың болғаны тарихи деректерден белгілі. Бұл екі жақтың көрші орналасуларына негізделген. XX ғасырдың ортасынан бастап Қытай әлемдік деңгейде өзін мойындата бастады. Қытай бұдан бір жарым ғасыр бұрын Азияда орын алған «Үлкен Ойында» (The Great Game) Ресей мен Англияның бөлісіне ұшыраған болатын. Иран мен Ауғанстан жерлерін өзара иеленген екі алып империя Қытай жерін де бөліске салған болатын. Ресейге Ұлы Қытай Қорғанының солтүстік аймағы мен Манчжур жері тиесілі болды. Ресей бұл жаққа темір жол құрылысын жүргізуді қолға алды. Англия болса Қытайдағы «Апиын соғыстарына» себеп болып Янг Че даласына иелік етті. 1907 жылы Антанта одағына қол қойған Ресей мен Англия Азияны қайтадан өзара бөліске салады. Бұған сәйкес Иранды үшке бөлген империялистер Тибетті Қытайдың құрамында қалдыруға келіседі [1]. 1911 жылғы Синьхай революциясынан соң елде өзара ішкі кикілжіңдерді өткерген Қытай өзінің қазіргі даму жолына осы ғасырдың екінші жартысынан бастап түсті. 1978 жылы Қытай билігін қолға алған Дэн Сяопин ел экономикасының қарыштауына жағдай жасады. Ол бірінші экономикалық реформалар жүргізуді қолға алып, саяси реформалардың бұдан соң оңай реттелетінін түсінген болатын [2]. Жақсы ойластырылған экономикалық реформалар нәтижесінде елдің әлеуеті дами түсті. Осы сәттен бастап Қытай экспанциясының қаупі тек көрші мемлекеттерді ғана емес бүкіл әлемді толғандыра бастады. 1991 жылы КСРО-ның ыдырауы Азияда Қытайдың үстемдігі туралы болжамдарды расқа шығара бастады. Алып державаның жойылуы Қытай гегемониясының Орталық Азия бағыты үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Қытайдың Орталық Азияға қатысты саясаты экономикалық және саяси бағыттарда дамытылуда. Саяси ерекшелік ҚХР-ның териториялық тұтастығын сақтау, елдің әлемдік күшке айналуы жолында Орталық Азия аймағында үстемдігін орнату секілді мақсаттарға негізделсе, экономикалық бағыт бірінші кезекте елдің энергия көздеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету, аймақта қытай тауарларының үстемдігін орнату, Шыңжан аймағының әлеуметтік ахуалын жақсарту секілді жоспарларды негізге алған. Қытай-Орталық Азия қатынастарының 20 жылдық тарихынан Қытайдың Орталық Азиямен қарым-қатынасқа алғашқы жылдар қауіпсіздік мәселесіне жіті мән беріп уақыт өте келе экономикалық мақсаттарға маңыз бергендігін байқауға болады. Қытай–Орталық Азия дипломатиялық қатынастары 1992 жылы құрылды. Бұл Қытайдың Орталық Азия республикалары тәуелсіздігін ресми тануымен басталған болатын. Қытайдың Қазақстанмен қатынасқа жіті мән беретінін байқауға болады. Өйткені 1991 жылдан қазірге дейінгі Қазақстан–Қытай қатынастарының экономикалық көрсеткіштері Орталық Азияның өзге төрт мемлекетімен болған қатынастардан да жоғары. Мұны көбіне мұнай саласындағы екі жақты ынтымақтастықтар құрайды. Ресми деректерге сәйкес Қытайдың 2003 жылға дейін жүргізген табиғи газ құбырларының жалпы ұзындығы 13.000 миль (21.000 шақырым) болса бұл көрсеткіштің 2010 жылдың соңында 20.000 мильге (36.000 шақырым) жететітіндігі жоспарланып қойған болатын [3]. Бұл Қытайдың жылдан-жылға энергияға қажеттілігінің артуымен байланысты екендігі даусыз. 1997 жылы Қытай ұлттық мұнай компаниясы Ақтөбедегі Маңғыстаумұнайгаз компаниясы акция пакетінің 60 пайызын сатып алғандығы белгілі. 20 жылға жасалған осы келісімшарт бойынша Қытай аталған жылдар ішінде компанияның дамуына 43 млрд. АҚШ долларын жұмсауға қол қойған болатын [4]. Қазіргі күнге дейін Қазақстан мен Қытай арасында энергетикалық салада бірқатар келісімшарттар жасалды. «Мәселен, 2006 жылы жылына 10 млн. тонна мұнайды тасымалдауға шамасы жететін алғашқы «Атасу–Алашаңқай» мұнай құбыры іске қосылса, 2009 жылдың қазан айында 20 млн. тонна мұнайды тасымалдауға мүмкіншілігі бар екінші «Кеңқияқ–Құмкөл» мұнай құбырының іске қосылғандығы баршамызға мәлім» [5]. Қазақстан жағы жыл сайын Қытайға 30 млн. текшеметр мұнай экспорттауға уағдаласты. 1996 жылдың сәуір айында да Қытай мен Түркменстан арасында табиғи-газға байланысты келісімшартқа қол қойылып нәтижеде Түркменстан Қытайға 2008 жылдан бастап жылына 30 млрд. текшеметр, 2010 жылдан бастап әр жыл сайын 50 млрд. текшеметр газ экспорттауға келіскен болатын[6]. Қазіргі таңда бұл уағдаластық жүзеге асуда. 2010 жылы 9–11 маусымда Қытай ұлттық мұнай компаниясы мен «Узбекнефтегаз» арасында келісім жасалып өзбектер де Қытайға 10 млрд. текшеметр газ экспорттауға қол қойды [7]. Ресми деректерге сәйкес Қытайдың энергияға деген қажеттілігі жыл сайын артып келеді. Каспийдегі қазақ мұнайы мен Түркменстандағы табиғи газ қоры Қытай үшін өте маңызды. Осыған сәкес жалпы ұзындығы 8 мың шақырымға жуықтайтын және Каспий теңізі мен Шығыс Қытайды жалғайтын мұнай-газ құбыр жобасы жүзеге асырылуда. «Ғасыр жобасы» аталған бұл құбыр арқылы Орталық Азиядағы энергия көздері Шығыс Қытайға жеткізіліп одан әрі Жапония мен Кореяға берілуі жоспарлануда. Жапондар мен кәрістерден де бұл жоба үшін қыруар қаржы алған Қытай жағы энергияны ең көп қажет ететін Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс аймақтарына ең тиімді жолмен энергия көздерін тартуды жолға қойды. Сонымен қатар Шығыс Еуропа – Шығыс Қытай жобасы бойынша аталмыш екі аралықты қосатын әлемдік стандарттарға сай тас жол салынуда. Бұны Қытайдың жемісті саясатының нәтижесі деп қабылдауға болады. Батыс елдері мен Ресей «Набукко» құбыры бойынша, Америка мен Үндістан құбырды Иран жері арқылы салу мәселесін талқылап өзара ымыраға келе алмай жатқан тұста Қытай осылайша еш кедергісіз-ақ өз саясатын оңай жүзеге асыра білді. Қазақстан–Қытай саяси қатынастары да өткен 20 жылда айтарлықтай дамып келеді. Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып таныған Қытай 1992 жылы Қазақстанмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақстанның көп векторлы саясатына қолдау көрсеткен Қытай еліміздің инициативасымен ұйымдастырылған әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың белсенді қатысушысы да болды. Ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік берген Қытай 2002 жылы екі ел арасындағы шекараны делимитациялау процесінде де түсіністік танытты. Екі жақты комиссияның еңбектенуімен трансшекаралық өзендер мәселесі де өз шешімін тапты. 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғаларына дейін Орталық Азияда саяси-экономикалық гегемониясын орнатып келе жатқан Қытай аталмыш оқиғадан соң аймақта АҚШ-тың күшеюіне тосқауыл қоя алмады. Аймақтағы геосаяси ойында АҚШ-қа қарсы мүдделері тоғысқан Қытай мен Ресей үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) құзыретін қолданып іс-шаралар атқаруға тура келді. 1996 жылы «Шанхай бестігі» ретінде құрылған ШЫҰ-ның аясында аталмыш екі ел бірлесе жұмыс істеуде. «Шанхай ұйымы» құрылғаннан бастап 5 жыл ішінде Орталық Азия аймағында антитерор операцияларын көптеп өткізген болатын [8]. Шанхай ұйымының құзыретін қолдану арқылы Қытай Орталық Азия аймағында Шыңжандағы ұйғырларға қолдау көрсететін жекелеген адамдар мен топтарды құрықтауға мүмкіндіктер алды. Бұл Шыңжан ұйғырларының тәуелсіздік үшін күресін басып «біртұтас, бөлінбес Қытай» қағидасының сақталуы жолындағы маңызды шаралардан болатын. Сонымен қатар Шыңжан аймағы Қытайдың экономикалық әлеуеті артта қалған облысы болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі таңда Қытайда «Батысты игеру» стратегиялық жобасы жолға қойылған. Бұл 1999 жылы Қытай үкіметінің ресми бекітуімен басталды [9]. Аталмыш стратегиялық жоба бойынша аймақтың экономикалық дамуының кезеңдері белгіленіп жоспарланған. Бұл мәселеде де Орталық Азия елдерінің берері көп. Қытай-Орталық Азия қатынастарының Шыңжан аймағы арқылы жүргендіктен екі жақты қатынастардың дамуы аймақтың алға ілгерлеуіне себеп болуда. Мысалы, Қазақстан мен Шыңжай аймағы арасындағы тауар айналымы 2007 жылы 9,2 млрд. доллар болса, бұл көрсеткіш 2008 жылы 12,24 млрд.-қа жеткен. Екі жақты тауар айналымның көрсеткіші 2011 жылы 18 млрд. АҚШ долларын құрайтындығы жоспарлануда[10]. Бірақ қауіпсіздік мәселесі әрқашан алдыңғы орында. Себебі Қытаймен шекаралас Орталық Азияның үш мемлекетінде 300 мыңға жуық ұйғыр тұрады. Бұл ресми Пекиннің үнемі назарында. Сол үшін Қытай Орталық Азия елдерімен тығыз қатынаста болуға мүдделі. Шанхай Ұйымына мүше елдер және АҚШ, Еуропа елдері, Үндістан, Түркия секілді елдер Қытайдың териториялық тұтастығын мойындап бұны өзгертуге әкелер кез-келген әрекеттің сепаратистік бағытта екендігін мәлімдеген болатын. Қытай дипломаттары осылайша ұйғырлардың тәуелсіздігін мақсат еткен екі ұйымды халықаралық дәрежеде терорлық ұйым ретінде қабылдата білді. Бұған Қытай АҚШ-тың Әл Каеданы, Ресейдің шешен содырларын, Түркияның күрд әрекеттерін терорлық сипатта екендігін мойындауының қарымтасы ретінде қол жеткізген болатын. Қытай ШЫҰ арқылы Ауғанстаннан келетін есірткі және қару-жарақ саудасын тоқтатудың шараларын жасауда. Осылайша Орталық Азияда әскери жаттығулар және антитеррор операцияларын ұйымдастырған Қытай Ресеймен күш біріктіру арқылы АҚШ-тың Орталық Азияда күшеюін болдырмау үшін шаралар атқаруда. ШЫҰ-на Үндістан, Пәкістан, Иран, Түркия секілді елдердің қызығушылық танытып мүше болуға ұмтылуы ұйымның саяси салмағын арттырып отыр. Бұл ұйымның АҚШ және батыстық елдердің Азиядағы ықпалын азайтатындығы туралы гипотезалар да жоқ емес. Бұл мәселеде Қытаймен мүддесі тоғысқан Ресей Орталық Азияда өз үстемдігін орнату үшін ТМД, ЕурАзЕҚ, ҰҚШҰ секілді ұйымдар арқылы Орталық Азиямен байланысын «Қытайсыз» жолға қоюда. Мысалы 2010 ортасынан бастап Қазақстан және Белоруссиямен біртұтас Кеден одағын құрған Ресей Қытай тауарлары үшін Қазақстан нарығында қиындық туғызуға тырысып бағуда. Қытай ЕурЭҚ-қа мүше болуға мүдделілік танытып Ресейдің бұл саясатына қарсы шыққан болатын. Осылайша КСРО-ның ыдырауымен Орталық Азияда басталған геосаяси текетіресті әлемдік саясаттанушылар «Жаңа Үлкен Ойын» [11] (The New Great Game) деп атаған болатын. 1 млрд. 300 млн. халқы бар Қытайдың көрші мемлекеттерге миграциялық көші Қазақстанды да алаңдатуда. «Деректер бойынша 200 милион халқы бар мұсылман Индонезиясында қытайлықтар (халықтың 3,5%-ы) елдегі листинг компанияларының шамамен 73% капиталына, 300 аса ірі кәсіпорындардың 68%-на, 10 аса ірі қаржы-кәсіптік топтардың 9-на иелік етеді» [12]. Бұған ұқсас мысалдарды аймақтың басқа елдерінен де келтіруге болады. Қытайлықтардың экономикасы дамыған Азия-Тынық Мұхит Аймағына уақыт өткен сайын күшейе түсуі Қазақстан және Орталық Азия елдерін экономикалық-саяси қауіпсіздік тұрғысынан алаңдатпай қоймайды. «Шекара қызметінің белгілі ресми деректеріне сәйкес тек 1993–1995 жылдары 130–150 мың Қытай азаматы Қазақстанға келген. Бірқатар зерттеулерде ресейлік авторлар мұның 300 мың екендігін айтады» [13]. Өткен жылы ресми мәліметтер бойынша 5593 қытайлық Қазақстанға келген. Алматы облысында қытайлықтардың жиі ұшырасуы да ойландырады. Әлемдік деңгейде өзекті болып табылатын «Чайна-таундардың» (Chinatown) мәселесі Қазақстан үшін де маңызды. Қытайдың Қазақстаннан аграрлық мақсатта 1 млн. га жер сұрағаны да көпшілікті дүр сілкінтті. Елбасымыздың көп векторлы саясатын осындай қауіптерді алдын алудың шарасы деп қабылдағанымыз жөн. АҚШ Президенті Дж. Буштің Н. Назарбаевқа «Сіздер өздеріңіздің кең далаңызды игере бастайтын қытайлардан қорықпайсыздар ма?» деген сауалына Елбасымыз «Міне сол үшін де мен сіздерде қонақта отырған жоқпын ба?» [14] деп әзіл аралас жауап берген болатын. Қытай және өзге де алып мемлекеттердің Орталық Азия аумағына экономикалық және саясы ықпалын азайту біз үшін өте маңызды. Ол үшін Орталық Азия республикаларының өзара интеграциялануы қажет. Еуропалық Одақ, AСЕАН, Скандинавия елдерінің интеграциялану тарихы Орталық Азия мемлекеттері үшін үлгі болуы тиіс. Бұл одақтардың барлығы сыртқы күштердің экономикалық және саяси ықпалынан құтылу үшін құрылып оң нәтиже берген болатын. Аталмыш процесті жүзеге асыру жолында Орталық Азия мемлекеттеріне оң әсер ететін факторлар сыртқы елдердің экспанциясынан құтылуға деген қажеттілік, халықтардың тарихи туыстығы, мемлекет шекараларының жақындығы болып табылады. Теріс әсер ететін факторларға келсек сыртқы күштердің кедергісі және аймақ елдерінің өзара ымыраға келе алмауы. Ресми экономикалық көрсеткіштер бойынша өз тауарын өзі тұтынатын сыртқа тәуелсіз мемлекет үшін кем дегенде халық саны 70 млн. шамасында болу тиіс. Орталық Азияның бес мемлекетінде осыған жуықтайтын халық саны бар. Орталық Азияның кіндігіндегі Өзбекстанның интеграциялық ұсыныстарға қырын қарауы мәселені қиындатуда. Қазақстан мен Өзбекстан арасында бәсекелестік және екі ел басшыларының арасындағы келісе алмаушылық екі арадағы дипломатиялық қатынасқа салқынын тигізуде. Бірақ Ислам Каримовтен кейінгі кезеңде интеграция процесінің жүзеге асырылуына үміт бар. Орталық Азиядағы экономикалық-саяси әлеуеті жоғары Қазақстан мен Өзбекстанның ықпалдасуы аймақтағы жағдайды реттеудің негізі бола алады. Өйткені аталмыш екі мемлекет интеграцияны бастаса Қырғызстан, Тәжікістан және Түркменстан секілді өзге елдердің қолдау көрсетері сөзсіз. «ХХІ ғасырда Орталық Азия өзін әлемдік сахнада тек тарих қалауымен көрші болуға тура келген мемлекеттер жиынтығы ретінде ғана емес, ортақ геоэкономикалық және геосаяси мүдделері бар біртұтас ағза ретінде әрекет етуі қажет» [15]. Орталық Азияда интеграция процестерін бастауды сатылап жүргізуге болады. Мәселен ең бірінші аймақ елдерінің экономикалық ынтымақтастығын арттыратын шаралар атқару. Инфрақұрылымды дамыту, мақта, азық-түлік саудасы, өнімдерді тасымалдауда өзара жеңілдіктер жасау. Сондықтан, мамандар белгілі бір салаларда, әрине болашағы бар салаларда, бәсекелесе алатын салаларда мемлекетаралық кластерді дамыту саясатының іске асуы сөзсіз пайдалы болар еді дейді [16]. Бұл ХХ ғасырдың басында зиялылардың ұсынып кеткен бастамалары болатын. Бұлар күні бүгінге дейін шейін маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Басы ашық бір жайт Қытай, Ресей, АҚШ секілді алып мемлекеттер Орталық Азия елдерінің интеграцияланғанын қаламайды. Өйткені бұл аталмыш мемлекеттердің саяси мүдделеріне қайшы келеді. Орталық Азия аймағының тарихи біртектілігін алға тартып интеграция процесін ұсынған идеяларды аталмыш мемлекеттер «пантүрікшіл», «панисламшыл» бағытта сипаттаған болатын. Орталық Азияда жағдайдың тұрақты болуы Қытай үшін өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Посткеңестік аймақта «түрлі-түсті төңкерістердің» орын алуы Ресей секілді Қытай үшін де тиімсіз болды. Орталық Азияда соның ішінде Қырғызстандағы американдық әскери база Қытайдың шекарасына жақын болғандықтан қытайлықтардың мазасыздануы орынды. АҚШ та аймақтағы өз ықпалын арттыру үшін аянып қалмайды. АҚШ Түркияның Орталық Азиямен тығыз байланысына мүдделі. Өйткені бұл ел «түрікшілік» идеялары арқылы аймақтағы Қытай мен Ресейдің ықпалын азайтады. Бірақ АҚШ-тың негізгі идеясы «Үлкен Орталық Азия Жобасын» жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан және өзге Орталық Азия елдерімен қатынасын күшейткен Қытай болашақта да бұған мән бере бермек. Бірақ бұл қатынастардың көбіне Қытайдың мүддесіне болғаны жасырын емес. 1992 жылдан қазіргі күнге дейін Қазақстан-Қытай қатынастарында Қазақстанның 98 пайыз шикізат экспорттаушы, Қытайдың 98 пайыз дайын өнім экспорттаушы ел болғаны белгілі. Бұл жақын келешекте де жалғаса бермек. Сол үшін Қазақстан және Орталық Азия елдері үшін өндіріс орындарын ашу және индустрияны дамыту маңызды. Өйткені бұл нарықтың Қытай тауарларына түпкілікті тәуелді болу қаупінен туындайды. Біртұтас Кеден Одағы да Қытай тауарлары бағасының көтерілуіне әсер еткенімен Қазақстан нарығында әлсіреуіне әсер ете алмауда. Сонымен қатар 1991 жылдан бүгінгі күнге дейінгі Орталық Азия-Қытай және Орталық Азия-Ресей арасындағы қатынастарда аймақтағы үстемдіктің Қытай жағына қарай ауып бара жатқандығын анық байқауға болады. 2009 жылы Орталық Азия елдерінің шет елдермен сауда айналымы бойынша келтірілген мәліметтерден Қытайдың Орталық Азияға экономикалық енуінің Ресейдің көрсеткіштеріне таяғанын байқай аламыз. Известия газеті 26.05.2010 [17] . Қытайдың Қазақстан және өзге Орталық Азия мемлекеттерімен 30-40 жылға жасаған кейбір келісім-шарттарына қарап Қытай геосаясатының Орталық Азияда көп жұмыстарды жоспарлап отырғанын көруге болады. Кейбір саясаткерлер Қытайдың болашақта екіге немесе үшке бөліну ықтималдығын алға тартуда. Өйткені олар кедей және этникалық ерекшеліктері бар Шыңжан халқына сыртқы күштердің әсер етуі, сондай-ақ 1 млрд. 300 млн. халықтың тек 150 млн.-ның бай болып қалғандарының ауыр жағдайда екендігіне назар аударуда. Халықтың бай бөлігі Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс аймақтарда қалғандары Солтүстік және Орталық аймақтарда өмір сүруде. Бұл дәйектерден-ақ байқағанымыздай Қытайдың өрлеуі көбіне мемлекеттің дамуымен байланысты. Мемлекеттің даму көрсеткіші әлемде екінші орында болғанымен елдегі жан басына шаққандағы табыс айтарлықтай төмен. Қытайдың бөліну ықтималдығы жақын арада жүзеге асатын жәйт емес. Сонымен қатар Қытайдың саяси-экономикалық әлеуетінің жыл сайын артып келе жатқаны белгілі. Қытайдың экономикалық өрлеуінің алдындағы маңызды мәселенің бірі жыл санап артып келе жатқан индустриясы өнімдерін өткізетін нарықты кеңейту болып табылады. Тіпті соңғы әлемдік экономикалық дағдарыс та Қытай экономикасының дамуына кері әсер ете алмады. Бұл Қытай экономикасының капиталистік ерекшеліктері бар коммунистік дамуға негізделгендігіне байланысты. Әлемдік сарапшылардың көбісі Қытайдың 2050 жылдарға қарай АҚШ-ты көптеген салалар бойынша басып озып әлемдегі бірінші мемлекетке айналатынын болжауда. Бұл Қытайдың болашаққа жоспарланған стратегиялық даму бағдарламаларының мерзімінен бұрын орындалып еш кедергісіз жүзеге асып жатқандығымен байланысты. Осыған сәйкес Қытайдың Орталық Азияға әсері болашақта да еш кемімек емес. Бірақ Қытай Орталық Азия мемлекеттерінің тәуелсіздігіне тікелей қауіп төндіре алмайды. Өйткені териториялық тұтастыққа байланысты барлық құжаттар рәсімделген. Бұл құжаттардаң сақталуына өзге ірі мемлекеттер де мүдделі. Қытай ықпалының қаупі экономикалық және демографиялық сипатта жалғаса бермек.

54.

1945 жылдың басында бірнеше қарсыласуға қарамастан Жапония Тынық мұхиты маңындағы аралдарын сақтап қала алмады, сол уақытта Оңтүстік-Батыс Азиядағы позициялары да төмендеп кеткен болатын. Сонымен бірге ьатыс көзқарасы бойынша нацистік Германия да соңғы айларын басынан өткізген. Жапония өз-өзімен барлық күші бар деке мемлекет болып қала алды, өзінің территориялары бар мемлекет болды. 1944 жылдың басында Тынық мұхит маңында бірнеше иеліктерге ие болды: 1,6 млн адам және 6,6 мың ұшағы болды. Флоттары да бірнеше есе көтеріле бастады: 13 линкор, 28 авианос, 32 крейсерад, 120 суасты қайықтары болды.  1. Осыған байланысты америкалықтар енді тек осы сынды қарулармен ғана емес, соғысқа керекті мамндар дайындады, оның ішінде ұшқыштар, ауа қатынастары, радиолокация сынды салаларда жақсы жетістіктерге жеткендіктен, ендігі кезекте еш нәрседен қорықпайтын болды. Ал Жапондарда оңтүстік жаққа 600 мың адам мен 3 мыңға жуық ұшақтарды қалдырды, ал әскерінің көп бөлігін Тынық мұхит аралдарына орналастырды.  2. Олардың бастапқы кездегі саясаты асықпай күресу болды, және Гилберта аралында қақтығысты аяқтап, Маршалдық аралдарды жаулауға дайындақ жүргізді. Жапондар архипелагында 12 мың адамдар мен 100ге жуық ұшақтар болды. Ал осы аралдардың алынуына 50мың десант, 750 мың ұшақ және 300ге жуық қайықтар дайындалды. 3. Бұл қақтығыс 29 қаңтарда басталып, америкалықтардың қатал жоспарымен тек 7 ақпанда жеңді, оның негізгі бұл қақтығыстағы саясаты бірінші әуеден жарылғыштар тастап қарсыластарын үркіту және содан кейін жерден соққы беру болды. Жапонияның жеңілуі Орталық Азия мен Тынық мұхиттағы жағдайды түпкілікті өзгертті. Жапон-Қытай соғыстары кезінде ол аймақтық мемлкет ретінде, ал Подструм бейбіт келісімінен кейін ұлы держава ретінде қатысты. Халықаралық бірден-бір проблема Жапония қызығушылығынан тыс қалмады.

55.

1947 жылы үздіксіз қанды қақтығыстардан соң британдық Үндістан екі тәуелсіз доминионға — Үнді одағы (индуистер) мен Пәкстанға (мұсылмандар) бөлінді. Тәуелсіз Үндістанның бірінші премьер-министрі болып Үнді ұлттық конгресі партиясының өкілі Джавахарлал Неру сайланды. 1950 жылы Үнді одағысіз Үндістан Британ достастығы құрамындағы Үндістан Республикасына айналды. 1962 жылы Қытай арада шекара жөнінде қысқа мерзімдік соғыс болып, Үндістан жеңіліс тапты. 1965 жылы Үндістан Пәкстанмен соғыста Кашмирді өзіне қалдырды. 1966 жылы сайлауда премьер-министр болып Дж. Нерудың қызы Индира Гандисайланды. 1971 жылғы соғыста Үндістан Пәкстанды жеңіп, Шығыс Пәкстанға тәуелсіздік алуға көмектесті. Шығыс Пәкстан өз атауын Бангладеш деп өзгертті. 1984 жылы үкімет әскерлері Амритсардағы Алтын храмды сикх күштерінен тазартты. Көп ұзамай қаза тапты. Оған өштескен сикх оққағары көп ұзамай Гандиді атып өлтірді. Премьер-министр болып Гандидің ұлы Раджив Гандитағайындалды. Ол да 1991 жылы сайлау науқаны кезінде адам өлтірушілердің қолынан қаза тапты. 1998 жылы Үндістан бес жер асты ядролық сынағын өткізді. Бұл дүниежүз. бейбітшілік күштерінің наразылығын тудырды. 1999 жылы Үндістан ядролық сынақтарды тоқтату жөніндегі жан-жақты келісімге қол қоюға уәде берді. Кашмир жөнінде бейбіт келіссөздер өткізуге Пәкстан үкіметіне ұсыныс жасалды.

4. Шығыс деспотизмі - «азиялық қоғам» және сол тектес әлеуметтік ұксас жүйелер түрлеріне арналған Карл Виттфогельдін термині (1955). Ерекшелігі қоғамдық жұмыстарда ирригацияға бақылау жүргізу үшін қажеттіліктен туындап, гидравликалық қоғам баламалық терминінің пайда болуына ықпал етті. Шығыс деспотизмі батыс европалық конституциялық, ақыр соңында либерал - конституциялық басқаруға қарама-қарсы қойылған. «Жеке меншіктің» (және азаматтық қоғамның) болмауы осы айырмашылықты түсіндіруде тағы бір шешуші фактор болып қарастырылған.[1]

Отарлау - 1) "ішкі", өз елінің шет және елсіз аймақтарын игеріп, қоныстану; 2) "сыртқы" - өз елінен өзге жерлерде тұрақтар салуы, өзге аумақтарды басып алу. (Джеймстаун) Вирджинияда 1602 ж. ағылшындар алғашқы тұрақты сыртқы отардың негізін қалады. Ал, 1608 ж. француз С.Шамплейн Канаданы (Жаңа Франция) француздық отарлаудың орталығы болған Квебектің негізін қалады. 1619 ж. ағылшындар Вирджинияға алғашқы 20 негр-құлдарды әкелді, бұл Солтүстік Америкада ағылшын отарларының құлиеленуіне жол салды. Жаңа аумақтарды игерудегі аса маңызды кезең 1620 жылғы "Мэйфлауэр" кемесімен жүзіп келген 41 отбасыдан тұратын ағылшын қоныс аударушылары Жаңа Англияда - Плимут (Массачусетс) алғашқы ірі және жақсы ұйымдасқан еуропалықтар тұрағының негізін қалады. Кемеде олар заң алдында барлығының теңдігін, әркімнің қауымдастыққа ерікті түрде бағынуына болатын болашақ отардың жарғысын қабылдап қойды. Ағылшындардан голландықтар да қалыспады, олар 1621 ж. Амстердамда Америкамен сауда жасасу үшін Вест- Инд компаниясын қалыптастырды, ол кейіннен Манхеттен аралын сатып алып, 1626 ж. онда Жаңа Амстердам өз отарының негізін қалады, бұл тек бәсекелестер арасындағы ширығушылықты күшейте түсті. Вест-Инд компаниясын құрғаннан кейін Голландия португалдықтармен және испандықтармен белсенді түрде бақталасып, оларды бұған дейін басып алған аумақтарынан тықсыра бастады. 1648 ж. Вестфаль келісімі бойынша бүған дейін Испания мен Португалия арасындағы әлемдік үстемдікті бөлісіп тұрған демаркациялық торап, енді Испания мен Голландия арасында жүргізілді. Кейіннен XVII ғ. екінші жартысында үш ағылшын-голландтық теңіз соғыстарында голландтықтар өз үстемдігін ағылшындардың пайдасына жіберіп алды, олар 1651 ж. транзит саудаға голландтықтардың монополиясына қарсы бағытталған Навигациялық акт қабылдады. 1652-1654 жж. сауда және теңіз бәсекелестігінен туындаған Англия мен Біреккен провинциялар арасында алғашқы ағылшын-голландтық соғыс болды. Отарлаушы елдер арасындағы қарсылық үдей түсті, 1654 ж. португалдық отаршылар голландтықтарды Бразилиядан қуып шықты, ал голландтықтар 1658 ж. аралды өзінің экономикалы отарына айналдырып, португалдықтарды Цейлоннан (Шри-Ланка) тықсырды. 1667 ж. олар ағылшындардан Гвиананы да тартып алды, кейіннен 1677 ж. оны Францияға ұтылып, есесін жіберіп алды, оған қосымша олар голландықтардан тағы Горе аралын (Сенегал) тартып алды. Отаршылық соғыстарда француздардың жеңістеріне олардың 1664 ж. Ост-Инд компаниясын құруы септігін тигізді. Жаңа дүниені игеруде жеңіске жетудің қайшыласқан бәсекелестігінде маңызды қадамын ағылшындар 1670 ж. Лондонда Америкамен қарым-қатынасты дамыту мақсатында, компания құрумен жалғастырды. 1690 ж.солтүстік америкалық құрлықта француздар мен ағылшындар арасындағы Акадия мен Жаңа Жерлерді иемдену жолында қақтығыс өршіп кетті, бұл ақыр соңында Солтүстік Америкада, Куба мен Гаитидегі Англия, Франция және Испания арасында аумақ бөлісіне әкеп соқтырды. XVIII ғ. Англия Индостан жарты аралынан француз және голланд бәсекелестерін тықсырып, бүкіл жарты аралдың билеушісіне айналды. Оның Солтүстік Америкадағы, Кариб бассейніндегі және Джеймс Куктың (1768- 1779) экспедициясынан кейін Австралияны отарлауы Англияны адамзат тарихындағы аса ірі отарлы державаға айналдырды. Отарлау саясаты - [лат. colonia - қоныстану] - жергілікті халықты тұралатып, қанаумен жүргізілетін, күшті державаның артта қалған ел мен халыққа аумақтық бақылау орнату саясаты әрі іс-әрекеті. Батыс еуропалық отарлау саясаты өзінің қалыптасу кезеңінде әлемдік экономиканың аса күшті даму тетігіне айналды, өйткені, отар елдер метрополияларда капиталдың жинақталуына және олардың тауарларын өткізуге қолайлы нарық туғызды. Сауданың бұрын-соңды болмаған кеңеюі нәтижесінде әлемдік нарық қалыптасты, ал, экономиканың қыз-қыз қайнауы Жерорта теңізінен Атлантикаға ойысты. Көптеген еуропалық портты қалалар (Лиссабон, Севилья, Лондон және т.б.) сауданың күшті орталықтарына айналды. Еуропаның аса бай қаласы Антверпен болды, онда сауданың толық еркіндігі тәртібінің арқасында ірі көлемдегі халықаралық сауда және несие шаралары жүргізілді. Сауданың дамуы жеке банктермен қатар Бүкіл Еуропада кеңінен таралған қоғамдық банктердің құрылуына қолайлы жағдай туғызды. ХIХ-XX ғғ. басында әлемнің аумақтық бөлінісінен кейін әлемдік отарлық жүйе - ең алдымен Африка, Оңтүстік- Шығыс Азияның отар, тәуелді елдеріне әлемдік державалардың үстемдік жүйесі қалыптасты. Негізгі отарлаушы елдер Ұлыбритания, Испания, Франция, Ресей, Германия, АҚШ, Бельгия, Италия, Жапония болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]