- •« Шығыс елдеріндегі қарігі тарихи процестер» пәні бойынша Дәрістер
- •Дәріс. Үндістанның қоғамдық дамуы және халықаралық қатынастардағы орны мен рөлі
- •9. Иран Ислам Республикасының тарихи даму процесі және аймақтық ықпалы
- •XIX ғасырдың бірінші ширегіндегі Осман имеприясының жағдайы.
- •Патша үкіметінің XVIII ғасырдағы ислам дініне қатысты ұстанған саясаты[өңдеу]
- •Еңбектері[өңдеу]
- •Содержание
- •Мазмұны
- •Мазмұны
- •Содержание
- •История[править код]
- •Мазмұны
- •75. Н.Мандела саяси талғалық портреті.
- •76. Отарсызданудан кейінгі Шығыс:колонизация (отарлау) мұрасы және тарихи ролі
- •77. Ауғаныстанға ксро әскері кіруі.
- •78. Саддам Хусейн тұсындағы Ирак.
- •79. Ирак-Кувейт соғысы. «Шөлдегі дауыл».
- •80. Ислам фундаментализмі.
- •81. Діни экстремизм және терроризм
- •82. Үндістан-Пәкістан қарым-қатнас мәселелері
- •83. Солтүстік Корея: ядролық қару мәселесі
- •84. Ауғанстандағы талибан қозғалысы.
- •85. Усама бен Ладен: шындық пен аңыз.
- •86. Араб көктемі: алғышарттары, барысы және салдары.
- •87. Даиш және Сирия мәселесі.
- •88. «Азия жолбарыстары» феномені.
- •89. Қытай мен Жапония арасындағы саяси-экономикалық бәсекелестік.
- •90. Жаһандағы миграциялық үдерістер: қауіпті салдары.
- •99. Демографиялық мәселелер.
- •100. Азия және Африканың жаңа және қазірге заман тарихы пәнінің мақсаты, нысаны.
История[править код]
Современные фундаменталисты выступают за реставрацию раннеисламских социальных институтов через радикальное очищение всяческих «нововведений» (бида). Современные фундаменталисты отождествляет суть ислама с её буквальным выражением, что непременно ведёт к признанию греховным любое нововведение, не зафиксированное в Коране и сунне пророка Мухаммеда. Характерной чертой такой логики является тенденция к монополизации истины, наиболее ярко проявляющееся в идее «обвинения в неверии и уходе от мира» (ат-такфир ва-ль-хиджра). Погрязшему в невежестве (джахалие) миру, противопоставляется «спасшаяся группа» (фирка наджия), обладающая наиболее адекватным пониманием шариата и считающая себя единственной группой, претендующей на «истину». Впервые проявления подобной логики встречаются уже у хариджитов, выдвинувших тезис о возможности обвинения в неверии (такфире) мусульман, совершивших большой грех (кабира). Возникшее в середине XVIII в. движение ваххабитов явилось ярким проявлением подобной логики[6].
По существу, под понятием исламский фундаментализм в исламском мире понимается увеличивающееся число группировок, которые критически настроены в отношении исламских реформистских движений. Эти группировки критикуют также светских лидеров и правительства мусульманских стран, не выполняющие религиозные обязательства перед исламским сообществом (уммой). Это направление исламского реформирования создано в XIX в. Джамалуддином аль-Афгани(1837-97) и Мухаммедом Абдо (1849—1905) с целью защиты и возрождение ислама и исламского общества, поскольку судьба исламской цивилизации все больше и больше представлялась отданной на откуп европейцам[7].
В 1920-х гг. в Египте ассоциация «Братья-мусульмане» выступила в качестве радикальной религиозно-политической оппозиции египетской монархии. Рост исламского фундаментализма в исламском мире был связан с вытеснением с политической арены левых сил. В этой ситуации специфика политизации ислама выражалась прежде всего в использовании исламских лозунгов для достижения вполне секулярных целей. Для политизации ислама в радикальном русле использовались элементы исламского нормативного и идеологического наследия[4].
В 1979 г. произошла Иранская революция, ставшая проявлением шиитской версии «исламского фундаментализма». Пришедшее к власти оппозиционное шиитское духовенство, возглавляемое аятоллой Хомейни, провозгласило о том, что конечной целью революции является построение всемирного «исламского государства». В основе разработанной Хомейни религиозно-политической доктрины лежала концепция «правления богослова-законоведа» (вилайат-и факих), предусматривающая подчинение светских правителей суждениям шиитских богословов, официально имевшим всю полноту власти. Помимо своих основных религиозных обязанностей, факихи осуществляют надзор за всеми государственными и общественными институтами. Доктрина Хомейни подтверждает стереотипное представление о теократическом характере исламской политической модели. В отличие от шиизма, суннизм не предполагает жесткой связи между государством (даула) и религиозной корпорацией (фукаха, улама)[5].
Часть мусульман пыталась отвести от себя угрозу Запада путём реформирования ислама, включив в него многие черты западного рационализма (rationalism), а другая часть стремилась избавиться от всего наносного и обновления путём возврата к принципам первых мусульман (саляфам). Нарастание исламской деятельности можно проследить с конца арабо-израильской войны 1967 г., в которой арабские войска потерпели поражение, ослабившее веру в арабский национализм как жизнеспособную идеологию и стратегию. Это усугубилось последствиями длительной ирако-иранской войны (1980-88), а также войной в Персидском заливе (1990-91)[2].
81.
Діни экстремизм Ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм(лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді. Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады. Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды. Олардың басты қаруы қатігездік пен шапқыншылық. Сонымен қатар діни антқа байлап қойған адамдардың экстремистік қатардан шыға қоюы өте қиын. Экстремизмді айыптау, егер Құран және сүннет негізінде болмаса, онда адасушы мұсылмандар айыптауды мойындамайды, бос сөз қатарында қабылдайды. Кінәлілер айыптаушыларды - надан, жалақор ретінде азғыруы да мүмкін. Ислам шариғатымен амал етіп, басқаға үлгі бола білу, әрі шариғат талаптарын орындау, өркениетті қоғам орнатудағы аса сенімді жол екенін түсіндіре білу - діни эктремизмге қарсы қолданар ең үлкен қару. Әлемдегі құбылыстардың қандайы болмасын өзіндік пайда болу ықтималдығына бағытталған әсерге негізделе отырып, ережелер мен заңдарға сүйенген себептері мен салдары бар. Бұл заңдылықтар қатарына тек философиялық ой-пікір тұжырымдары ғана емес, еш күдіксіз қабылдануы бұйырылған Илаһи заңдылықтар да жатады.[1]
Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады. 1977 жылы Еуропалық Кеңеске мүше-мемлекеттер терроризммен күрес жөнінде Еуропалық конвенция қабылдады. Терроризм (ең алдымен, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерін өлтіру) тарих ағынына елеулі ықпал етеді, бірақ саяси қайраткерлерге қарсы терактілер өздігінен жалпы адамзатқа аса қауіп төндіре қоймайды. XX ғ. екінші жартысында жағдай түбегейлі өзгерді, терроризмнің әртүрлі түрлерінің күрт жіктелуі орын алды. Ол өмір сүріп отырған бүкіл саясат тәртіптеріне, институттарға, заңды билік құрылымдарына қарсы жаппай соғысқа айналды. Терроризмнің иррационалдық қыры саясатқа еш қатысы жоқ қарапайым халықты жаппай қырудан көрініс тапты. Нәтижесінде зорлық-зомбылық апаты және вакханалия жер шарының әрбір адамын терактіні ұйымдастырушылардың ақылға қонымсыз идеяларының бұғауында қалдырды. XX ғ. соңында терроризм қазіргі заманның өткір ғаламдық мәселелеріне айналды. 1960-1970-шы жылдары солшыл экстремистік пиғылдағы Италиядағы "Қызыл бригада" және Германиядағы Баадер-Майнхоф сияқты топтардың әрекеттерімен байланысты терроризм толқыны Батыс Еуропаны шарпып өтті. 1990-шы жылдардың басында Ресей қанды террористік зомбылықтың ортасында қалды. Кейіннен оған ислам экстремизмі, шешен сепаратизмі қосылды. Антитеррордың әдістері, технологиясы және тиімді стратегиясы отандық және шетелдік арнайы қызметтер күшіне сүйенеді.Cаяси мақсаттарын іске асыру үшін өлімді, адамдарды үрлауға, диверсияны және басқа да басып-жаншу актілерін құрал ретінде көлдану.
69. 1960 жылы, 27 мамырда ұсақ шенді офицерлер астыртын түрде мемлекеттік әскери төңкеріс жасады. Төңкеріске ел басқарудағы «зайырлылық» ауытқулары сылтау етіп көрсетілді. Төңкеріс жасаған 37 әскери адамның бірі белгілі түрікші, полковник шенді Алпарслан Түркеш еді. Төңкеріс нәтижесінде Желал Баяр жасына байланысты қамалып, Аднан Мендерес асып өлтірілді. Осы төңкерістен кейін билік жиі ауысып, билікте тұрақсыздықтар орын алды. Арада әскерилердің билікке үстемдік ететін сәтті және сәтсіз бірнеше әрекеттері болды. Олардың бірі 1971 жылы, 12 наурыздағы әскерилердің үкіметті отставкаға кетіруі. 1980 жылға дейін Республикашылар және Сүлеймен Демирелдің Әділет партиясы ауыса билеп келген Түркия үкіметінде үшінші рет әскерлердің билікке ашық араласуы (1980 жыл. 12 қыркүйек) болды. Бұл уақыт аралығындағы үкіметтердің 1974 жылы Бүлент Ежевит үкіметі кезінде Кипрге әскер кіргізуінен басқа айтарлықтай қызметі бола қойған жоқ. Сондықтан көп тоқталмауды жөн көрдік.
82.
Үнді елі мен Пәкіс тан арасында кезекті жанжал туды. Бұған тағы да баяғы Джамму мен Кашмир «мәселесі» себеп болып отыр. Өзіміз тарихтан білетіндей, 1947 жылы соған дейін Ұлы британияның отары болып келген бұл өңір Үндістан және Пәкістан деген дара-дара мемлекетке бөлінді. Сол бөліністің нәтижесінде, негізінен, мұсылмандар тұратын Джамму мен Кашмир штатының үштен екі бөлігі Үндістанның, қалған бір бөлігі ғана Пәкістанның еншісіне тиді. Мұны Пәкіс тан жағы әділетсіздік деп қабылдады. Міне, содан бері осы территорияға байланысты екі мемлекет арасында ауық-ауық дау-жанжал туып, оның аяғы қарулы қақтығысқа ұласып тұрады.
Сәл шегініс жасап мына жәйтті айта кетейік.
Біздің әлі есімізде. Ол кезде біз мектеп оқу шысымыз. 1966 жылдың қаңтарында Өзбекстан ның астанасы Ташкентте Кеңес одағының араағайындығымен Пәкістан президенті Мұхаммед Айыпхан мен Үндістан премьер-министрі Лал Бахадур Шастридің кездесуі өтті. Кездесу барысында қос тарап ымыраға келіп, соғысты тоқтату жөнінде келісімге қол қойды. Екі ел басшыларының арасында дәнекер болып, сол тұстағы КСРО Министрлер кеңесінің төрағасы А.Н.Косыгин отырды. Осының бәрін теледидар арқылы көрсетті. Бір өкініштісі, ертеңіне «келісімнен кейін түнгі сағат 1-ден 20 минут өткенде Үндістан премьер-министрі Лал Бахадур Шастри жүрек талмасынан қайтыс болды» деген суық хабар тарады. Баламыз, оқиғаның мәнісін, жай-жапсарын онша түсіне қойған жоқпыз. Бірақ, үлкендерден: «Екі арадағы соғыстың тоқтағанына қуанғаннан үнді басшысының жүрегі жарылып кетіпті», – дегенді естідік.
Жалпы, санап қарасақ, сонау 1947 жылдан бері қарай Үндістан мен Пәкістан арасында Джамму және Кашмирге қатысты үш рет: 1947 – 1949 жж., 1965 жылы және 1971 жылы соғыс болыпты. Шекара маңындағы ұрыс-керіс, бір-біріне қыр көрсету саны қисапыз.
Мәселен, 1984 жылдан бері қарай Сиачен мұздағында шекаралық бірнеше шекісулер мен атыстар болып, 1999 жылы да Каргил округында ірі қарулы қақтығыс орын алған. Мұндай шека ралық қақтығыстар 2003 жылы ғана саябыр сыған.
Қос тарап кездесулер өткізіп, келіссөздер жүргізуден кенде емес. Мысалы, 1998 жылдың аяғы мен 1999 жылдың басында Үндістан мен Пәкістан басшыларының жоғары деңгейдегі кездесулері өткізіліп, бір-біріне жылы қабақ танытқандай болды. Соның әсерімен 1999 жыл дың ақпанында Үндістан премьері А.Б.Ваджпай Пәкістанның Лазор қаласына келіп, осы қаладан үндінің Амритсар қаласына жүретін автобус марш рутының ашылу салтанатына қатысып қайтты. Бірақ, соған қарамастан бәрібір «Каш мир мәселесі» шешілмеген түйін болып қала берді.
Бұл жолғы қайшылықтың тууына тағы да сол «Кашмир мәселесі» себеп болы, нақты алғанда, жанжал шілденің басында үндінің қауіпсіздік күштерінің арнайы операция жүр гізіп, Кашмирді Пәкістанға қосу мәселесін кө теріп жүрген «Хизб-уль-Муджахидин» тобының жетекшісі, 22 жастағы Бурхан Ванидің көзін жою оқиғасынан туындаған. Осының салдары нан қақтығыс барысында 45 адам қайтыс болып, 3 мыңдай адам түрлі жарақаттар алған.
Жанжалдың шығуына Үндістан мен Пәкістан жағы бірін-бірі айыптауда. Оқиға орын алысымен Пәкістанның БҰҰ ұйымындағы өкілі Малика Лохди Қауіпсіздік кеңесінде Үндістанның Кашмир штатындағы кісі өліміне апарып соқтырып отырған қылмыстық қудалау әрекеттерін айыптап, оны тоқтатуға Қауіпсіздік кеңесінің ықпал етуі жөнінде талап қойған.
Осы орайда, Үндістан ішкі істер министрі Раджнатх Сингх парламентте сөз сөйлеп, мұн дай жағдайдың бой көрсетуіне «тікелей дем беруші және терроризмді қолдаушы» деп Исламабадты кінәлаған.
Бүлікті оқиға үнді парламентінің төменгі пала тасында да тыңдалып, онда мәселенің мән-жайын елдің қорғаныс министрі Манохар Паррикар түсіндірген. Мұнда да Пәкістан жағы айыпты саналған.
Пәкістан билігі өздеріне қосылуды арман дайтын кашмирліктерді қолдап-қуаттайтынын жасырмайды. Сондықтан болса керек, Пәкіс тан премьері Науаз Шариф жоғарыда аталған, үнді қауіпсіздік қызметінің қолынан қаза тапқан «Хизб-уль-Муджахидин» ұйымының жетекшісі Бурхан Ваниді «тәуелсіздік жолындағы жауын гер» деп атап, оның серіктеріне барынша қолдау көрсететінін мәлімдеді. Сондай-ақ, Бурхан Вани дің қазасына орай елінде аза тұту күнін жариялады. Соның өзінде Пәкістанда Науаз Шарифті Үндістанға қатысты «солқылдақтық пен босаңдық танытып отыр» деп кінәлаушылар жеткілікті.
Ақиқатын айтқан жөн. Үндістанның қазіргі үкімет басшысы Норендра Моди екі елді жақын дастыру жолында бірқатар қадам-қаре кеттер жасады. Ол соған дейінгі текетірес, жан жал, қарама-қайшылықтардың бәрін ысырып қойып, 2014 жылы өзінің премьерлік қызметке кірісу салтанатына Науаз Шарифті шақырып, мәртебелі қонақ ретінде үлкен құрмет көрсетті. Сөйтіп, екі ел басшыларының арасында сенім жібі жалғанып, ол талайлардың үмітін оятқан дай көрінді.
Алайда, үнді премьері «Кашмир мәселесін» аса терең түсініп, бағамдай алмаған еді.
Бір сөзбен айтқанда, Джамму мен Кашмир штаты Үндістан мен Пәкістан арасындағы бітпес дау, жазылмас жараға айналғандай. Ол аз болғандай, осы штаттың Аксай-Чин таулы ауда нындағы аумағы 38 мың шаршы шақырым дай бір бөлігін 1962 жылы Қытай қарулы күшпен басып, иемденген. Демек, Кашмирді үш оттың ортасындағы өңір деуге болады.
Келешекте оның екеуді былай қойып, үш мемлекеттің: Үндістан, Пәкістан және Қы тайдың арасындағы дауға айналып кетпесіне кім кепіл. Бұл, сайып келгенде, Азиядағы үлкен аймақтың тұрақтылық пен қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді.
Бүгінгідей жер жаһанда геосаяси ахуал күрделеніп, экономикалық дағдарыс белең алып тұрған шақта жұрттың тілейтіні – тыныштық пен бейбітшілік.
«Ақшамның» анықтамасы:
Джамму және Кашмир – Үндістан, Пәкістан және Қытай шекаралары түйіскен аумақта орналасқан штат. Жер көлемі 2,2 мың шаршы шақырым, халқы 12,5 млн.-нан астам. 1846-1947 жж. аралығында Англияның отары болды. 1947 жылғы Британиядан бөлініс кезінде оның жерінің 60 пайызы Үндістанның, 30 пайызы Пәкістанның қарамағына өтті. Пәкістанға қараған өңір Азат Кашмир және Солтүстік провинция деп аталады. 1962 жылы Аксай-Чин ауданын, яғни, штат аумағының 10 пайызын Қытай басып алып, өзіне қаратты. Бұған қоса, 1963 жылы Транс-Қарақорым жолына жапсарлас аудандарды Пәкістан Қытайға берді. Джамму және Кашмир тұрғындарының 90 пайызы – мұсылмандар. Олар өздерінің Үндістанның билігінде болғанына наразы. Үндістан Конституциясының 370-бабына сәйкес Джамму мен Кашмир бірден-бір ерекше автономиялық мәртебеге ие штат. Штаттың өз туы және конституциясы бар. Қорғаныс, байланыс және сыртқы саясаттан басқа Үндістанда қабылданған кез-келген заң штаттың өз парламентінде мақұлданбай, күшіне енбейді. Мұнда да көппартиялық демократиялық жүйе және қос палаталы парламент жұмыс істейді. Үнді парламентінде бұларға арнап 111 депутаттық орын белгіленген. Басқа штаттардан келген үндістандықтар Джамму мен Кашмирден жер не үй сатып ала алмайды. Экономикасы ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына және туризмге негізделген.
84. Талибан Қозғалысы Ауғанстандағы діни-саяси күш.
Бұл қозғалыс Ауғанстанның саяси сахнасына 1994 жылы шықты.
