- •«Девиантология» пәні бойынша емтихан жауаптары. Сәттілік)))
- •31.Қылмыс себептерін анықтауда қазіргі ғылымда биологиялық-антропологиялық бағытты қолдану неліктен тиімсіз болатындығын талдаңыз
- •32.Әлеуметтік мәртебе, жас ерекшелік, гендер сияқты факторлар жүйесін ауытқымалы мінез құлыққа қандай әсері болатындығын талдаңыз.
- •33.Наркотизацияға қауіп және қауіптен қорғау факторын талдаңыз және психологиялық мазмұнды социологиялық мазмұннан ажыратып көрсетіңіз.
- •34.Девиантты және делинквентті мінез құлықтың айырмашылығын талдаңыз. Төмен аталғандардың қайсысы девиантты, қайсысы делинквентті мінез құлыққа жатады:
- •35.«Алғашқы» және «екінші» девианттылық түсінігі нені білдіреді? Неге «ярлык» теориясы екінші девианттылықты қарастырады? Осы теорияның негізгі шарттарын талдаңыз.
- •37.«Ярлык» теориясы мен «стигматизация» теорияларының ортақ жақтарын және ерекшеліктерін көрсетіп, негізгі идеяларын талдаңыз
- •39.Әлеуметтанулық теория шеңберінде ауытқымалы мінез-құлықтағы «аномия» термині нені білдіреді? э.Дюркгеймнің және Мертонның зерттеулеріндегі «аномия» термині қалай түсіндіріледі?
- •40.Субмәдениет теориясындағы девиантты мінез-құлықты сипаттаушы факторларды талдаңыз. Жасөспірімдердің қылмыстық және гангстеризмдік (бандалық) іс-әрекеттер жасауына субмәдениеттің әсерін көрсетіңіз
- •41.Қазақстандағы жезөкшелік мәселесінің жағдайын сипаттаңыз. Жезөкшелікті заңдастырудың әлемдегі тәжірибесін сипаттаңыз, тиімді және тиімсіз жақтарын көрсетіңіз?
- •44.Қазіргі кезеңде деликвентті мінез-құлықтың жаңа формасына терроризм мен экстремизмді жатқызамыз. Олардың пайда болу көздері болып не табылады? Террористердің психологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •46.Әлеуметтік ауытқуды зерттеудегі басқа ғылымдармен салыстырғанда психологиялық бағыттың айырмашылығы қандай?
- •47.Ішімдікке салыну жағдайын әлеуметтанулық көрсеткіштер негізінде талдаңыз
- •48.Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы девиантты мінез-құлықтың алдын-алу жұмыстарын біріншілік, екіншілік, үшіншілік профилактикаға бөлуді ұсынады. Осы профилактикалық жұмыстарды сипаттаңыз.
- •49.Индивидуалды және топтық әлеуметтік ауытқуды басым мәдениет пен субмәдениет тарапынан қалай бағалауға болады?
- •51.Р.Мертон бойынша мақсат пен жетістікке жету құралына қатысты тұлғаның ауытқымалы мінез-құлық типологиясы неге негізделген?
- •55.Э.Дюркгеймнің әлеуметтік дезорганизация және аномия концепциясының негіздері қандай жағдайлардан тұрады?
- •58.Әлеуметтанулық теориялар қатарындағы әлеуметтік ауытқулардың тұлғаның әлеуметтенуі процесінің рөлі қандай? Әлеуметтік институттардың ауытқымалы мінез-құлыққа әсері қалай жүзеге асады?
- •59.Р.Мертон бойынша мақсат пен жетістікке жету құралына қатысты тұлғаның ауытқымалы мінез-құлық типологиясы неге негізделген?
- •60.Әлеуметтік ауытқуды зерттеудегі басқа ғылымдармен салыстырғанда психологиялық бағыттың айырмашылығы қандай?
32.Әлеуметтік мәртебе, жас ерекшелік, гендер сияқты факторлар жүйесін ауытқымалы мінез құлыққа қандай әсері болатындығын талдаңыз.
Жеткіншек шақ – балалық шақтағы ең қиын және ең күрделі кезең. Бұл кезеңді өтпелі кезең деп те атайды. Себебі, бұл кезде жеткіншектер балалық шақтан ересек шаққа өтеді. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерістер болады. Ол анатомиялық , физиологиялық , интелектуалдық, адамгершілік дамуында және оның әрекет түрлерінде өзгерістер болады.
Өтпелі кезеңде балалар сабағы өзгереді, жақсы оқып жүрген балалар сабағы нашарлайды. Балаларда өзімдік “мен”сезімі пайда болады. Олар еркін жасауға құмар келеді.Тым еліктегіш болады .Жасөспірімдік шақта оларда өзін - өзі тануға күшті болады. Олардың өз көзқарастары мен пікірлері әрекеттері барысында айқын байқалады. Бұл кезеңде балаларды ересектермен, әсіресе ата-аналармен көбірек ерегіске барып, ортақ тіл табыса алмайды. Балалар ата-аналарының тең құрдастай қарым - қатынас жасауын қалайды. Бұл кезде балалар көбірек өз бетінше өмір сүруге тырысады. Олар өзіне кумир сайлап алады да, соған еліктейді. Басқа балалардан ерекшеленуге тырысады.
Девиантты (ауытқулы) мінез – құлық - деп, қазіргі қоғамда белгіленген ережеге сәйкес келмейтін, әлеуметтік мінез - құлықты айтады (И.А.Невский).Танымал социолог И.С.Кон анықтамасында, - “Девиантты мінез - құлық ол психикалық саулық , құқық,мәдениет және адамгершіліктің әрекет жүйесі ретінде, жалпы бекітілген ережеден ауытқуы” - деп қарастырды. Бейімделген мінез - құлық тұжырымдамасына сәйкес ауытқу процесі кез - келген бейімделуді бұзады ( психикалық , әлеуметтік , әлеуметтік - психологиялық орта )
Әлеуметтiк мәртебе - қоғамдағы жеке түлғалар мен әлеуметтік топтардың қандай да бір қүқықтар мен міндеттер жиынтығымен байланысты жалпы жағдайы. Әлеуметтiк статус- жеке түлғаның немесе әлеу¬меттік топтыңР.Мертон "статустық жиынтық" деп атаған қоғамдағы дәрежесінің, кәсібінің, білігінің, лауазымының, материалдық жағдайының, саяси ықпалының, партиялық және кәсіподақтық мүшелігінің, іскерлік байланыстарының, үлтының, діншілдігінің, жасының, отбасылық жағдайының, туыстық байланыстарының интегралды көрсеткіші. Әлеуметтiк статус таңылған, яғни, субъектінің әз қалауынсыз, әдетте, туа бітті (нәсіл, жыныс, жас, үлты) және жеке түлғаның өз күшімен қол жеткізген табыстары болып екіге бөлінеді. Сондай-ақ жеке түлға аралас, яғни, жоғарыда аталған екі түрінен қүралған Әлеуметтiк статусқа ие болуы мүмкін. Әдетте жеке түлғаның бір мезгілде бірнеше әлеуметтік статусы болады, бірақ соның ішінде біреуі (мысалы, қызметі) негізгі болып табылады.
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз — адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю — ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру — бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғат-тан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.
Гендер («gender» ағылшын тілінен ауд. «род», «тек» деген мағ. білд.) – бұл, биологиялық емес, әлеуметтік жағдайларға (қоғамдық еңбектің бөлінуі, спецификалық әлеуметтік функциялар, мәдени стереотиптер) тәуелді әлеуметтік жыныс, әйелдер мен еркектер арасындағы айырмашылықтар. Гендер ұғымымен тығыз байланысты 2 ұғымдар бар: гендерлік идентификация және гендерлік стереотиптер.
Гендерлік идентификация - өзінің әйел немесе еркек жынысына жатуын саналы түрде түсіну. Гендерлік идентификация өзіміздің жынысымыз туралы түсінігімізбен байланысты: шынымен де біз өзімізді әйел немесе еркек ретінде сезінеміз бе? Басқа сөздермен айтқанда, гендерлік идентификация – бұл адамның белгілі бір жыныс өкілі ретінде сезінуін бейнелейтін өзіндік сананың бір аспектісі, өзінің әлеуметтік контекстіндегі жынысқа (жыныстың нақты бейнелеріне немесе эталондарына) жатуын сезіну.
Гендерлік стереотиптер – еркектер мен әйелдердің бейнелері жайлы қарапайымдалған, белгілі бір жүйеге келтірілген және нормативті түсініктер. Яғни әйел адам қандай қасиеттерге ие болуы керек және еркек адам қандай болуы керек деген сияқты түсініктерге негізделген.
