- •«Девиантология» пәні бойынша емтихан жауаптары. Сәттілік)))
- •31.Қылмыс себептерін анықтауда қазіргі ғылымда биологиялық-антропологиялық бағытты қолдану неліктен тиімсіз болатындығын талдаңыз
- •32.Әлеуметтік мәртебе, жас ерекшелік, гендер сияқты факторлар жүйесін ауытқымалы мінез құлыққа қандай әсері болатындығын талдаңыз.
- •33.Наркотизацияға қауіп және қауіптен қорғау факторын талдаңыз және психологиялық мазмұнды социологиялық мазмұннан ажыратып көрсетіңіз.
- •34.Девиантты және делинквентті мінез құлықтың айырмашылығын талдаңыз. Төмен аталғандардың қайсысы девиантты, қайсысы делинквентті мінез құлыққа жатады:
- •35.«Алғашқы» және «екінші» девианттылық түсінігі нені білдіреді? Неге «ярлык» теориясы екінші девианттылықты қарастырады? Осы теорияның негізгі шарттарын талдаңыз.
- •37.«Ярлык» теориясы мен «стигматизация» теорияларының ортақ жақтарын және ерекшеліктерін көрсетіп, негізгі идеяларын талдаңыз
- •39.Әлеуметтанулық теория шеңберінде ауытқымалы мінез-құлықтағы «аномия» термині нені білдіреді? э.Дюркгеймнің және Мертонның зерттеулеріндегі «аномия» термині қалай түсіндіріледі?
- •40.Субмәдениет теориясындағы девиантты мінез-құлықты сипаттаушы факторларды талдаңыз. Жасөспірімдердің қылмыстық және гангстеризмдік (бандалық) іс-әрекеттер жасауына субмәдениеттің әсерін көрсетіңіз
- •41.Қазақстандағы жезөкшелік мәселесінің жағдайын сипаттаңыз. Жезөкшелікті заңдастырудың әлемдегі тәжірибесін сипаттаңыз, тиімді және тиімсіз жақтарын көрсетіңіз?
- •44.Қазіргі кезеңде деликвентті мінез-құлықтың жаңа формасына терроризм мен экстремизмді жатқызамыз. Олардың пайда болу көздері болып не табылады? Террористердің психологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •46.Әлеуметтік ауытқуды зерттеудегі басқа ғылымдармен салыстырғанда психологиялық бағыттың айырмашылығы қандай?
- •47.Ішімдікке салыну жағдайын әлеуметтанулық көрсеткіштер негізінде талдаңыз
- •48.Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы девиантты мінез-құлықтың алдын-алу жұмыстарын біріншілік, екіншілік, үшіншілік профилактикаға бөлуді ұсынады. Осы профилактикалық жұмыстарды сипаттаңыз.
- •49.Индивидуалды және топтық әлеуметтік ауытқуды басым мәдениет пен субмәдениет тарапынан қалай бағалауға болады?
- •51.Р.Мертон бойынша мақсат пен жетістікке жету құралына қатысты тұлғаның ауытқымалы мінез-құлық типологиясы неге негізделген?
- •55.Э.Дюркгеймнің әлеуметтік дезорганизация және аномия концепциясының негіздері қандай жағдайлардан тұрады?
- •58.Әлеуметтанулық теориялар қатарындағы әлеуметтік ауытқулардың тұлғаның әлеуметтенуі процесінің рөлі қандай? Әлеуметтік институттардың ауытқымалы мінез-құлыққа әсері қалай жүзеге асады?
- •59.Р.Мертон бойынша мақсат пен жетістікке жету құралына қатысты тұлғаның ауытқымалы мінез-құлық типологиясы неге негізделген?
- •60.Әлеуметтік ауытқуды зерттеудегі басқа ғылымдармен салыстырғанда психологиялық бағыттың айырмашылығы қандай?
58.Әлеуметтанулық теориялар қатарындағы әлеуметтік ауытқулардың тұлғаның әлеуметтенуі процесінің рөлі қандай? Әлеуметтік институттардың ауытқымалы мінез-құлыққа әсері қалай жүзеге асады?
Қоғамдық ғылымдардың негiзгi категорияларының бiрi - әлеуметтік ауытқу. С.И.Ожеговтың түсiндiрмелi сөздiгiнде ауытқу ''қандай да бiр дұрыс емес мінез-құлық'' ретiнде көрсетiлсе, Оксфорд сөздiгi ауытқуды ''ерекшелiк, шетке бұрылу'' деп түсiндiредi. Отандық әдептанушылар (этиктер) ауытқу немесе девиантты мінез-құлықты саралай келе, оған ''iс-әрекет, мiнез-құлық үлгiсiнен және нормасынан жағымсыз ауытқудан көрiнетiн рухани жамандықтың ерекше бiр түрi'' деген анықтама бередi. (8,172 б.)
Осы әлеуметтiк құбылыстың пайда болу себептерiн түсiндiру үшiн көптеген сұрақтарға, оның iшiнде ''норма'' категориясының мәнi (әлеуметтiк норма) және одан ауытқу жайлы сұрақтарға жауап iздеуге тура келедi. Әлеуметтiк норма - әлеуметтiк бақылау мен басқарудың құралы ролiн атқаратын әлеуметтiк практиканың қажеттi және тұрақты элементi. Я.И.Гилинскийдiң айтуынша: ''Әлеуметтiк норма – нақты бiр қоғамдағы тарихи қалыптасқан әлеуметтiк ұйымдардың, әлеуметтiк топтардың, адамдардың атқаруға болатын (ерiк берiлген немесе мiндеттi) iс-әрекеттерiнiң интервалын, шегiн анықтайды.'' (1, 74 б.)
Р.Мертон және Э.Дюркгейм енгiзген ''аномия'' түсiнiгiн (ескi нормалар мен құндылықтардың қазiргi қатынастарға сәйкес келмей, ал жаңаларының әлi орнықпаған кезiндегi қоғамның жағдайы) қолдана отырып, ауытқыған мінез-құлықтардың себебiн қоғам тудырған мақсаттар арасындағы келiспеушiлiктер деп есептейдi.(6, 299 б.)
Девиантты мінез-құлықты екі үлкен категорияға бөлуге болады. Біріншіден, ол нақты немесе жасырын психопатологияның болуын білдіретін психикалық денсаулық нормаларынан ауытқыған мінез-құлық. Екіншіден, бұл қандай да бір әлеуметтік және мәдени, әсіресе, құқықтық нормаларды бұзатын антиәлеуметтік мінез-құлық. Мұндай қылықтар салыстырмалы түрде мәнсіз болса, оларды құқықбұзушылық деп атайды, ал егер салмақты және қылмыстық тәртіп бойынша жазаланса – қылмыс болып табылады.
Дегенмен әлеуметтiк ауытқулар қоғам үшiн әр түрлi мағына беруi мүмкiн. Әлеуметтiк прогрессивтiлiгi және пайдалылығы жөнiнен ауытқуды позитивтi (жағымды), негативтi (жағымсыз) деп бөлуге болады. Позитивтi ауытқулар жүйенiң прогрессивтi дамуы, оның ұйымдастыру дәрежесiн көтеру, мінез-құлықтардың ескiрген, консервативтi стандарттарын жеңу құралы қызметiн атқарады. Оған әлеуметтiк шығармашылықты (ғылыми, техникалық, көркемдiк, қоғамдық-саяси) жатқызуға болады. Негативтi ауытқу - әлеуметтiк патология. Оған соғыс, дiни, нәсiлдiк, ұлттық және т.б. жағдайдағы барлық мүмкiн қайшылықтар, құқықбұзушылық (оның iшiнде қылмыс, өзiн-өзi өлтiру, нашақорлық, маскүнемдiк, жезөкшелiк, т.б.) жатады.
Сонымен, ауытқыған мінез-құлықтар қоғамда екі түрлі мәнге ие: бір жағынан қоғамның тұрақтылығына қауіп төндірсе, екінші жағынан - осы тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Мінез-құлықтың бұзылуын жіктеуде үш негізгі тәсіл қолданылады: психологиялық, әлеуметтік-құқықтық және медициналық.
Психологиялық тәсіл ауытқыған мінез-құлықтың жекелеген түрлерінің психологиялық айырмашылықтарын көрсетуге негізделген. Олар келесі сипаттамаларда көрінеді:
бұзылған норманың түрі;
мінез-құлықтың психологиялық мақсаттары және оның мотивациясы;
нақты мінез-құлықтың нәтижелері және олардың зияны;
мінез-құлықтың даралық-стильдік сипаттамалары.
Ресейлік зерттеушілер Ц.П.Короленко мен Т.А.Донских мінез-құлықтың барлық бұзылуын екі үлкен топқа бөледі: стандарттық емес және деструктивті мінез-құлық.
Стандарттық емес мінез-құлық, авторлардың пікірінше, жаңаша ойлаудың, жаңа идеялардың, сонымен қатар мінез-құлықтың әлеуметтік стереотиптерінің шеңберінен шығатын іс-әрекеттердің формасына ие бола алады. Стандарттық емес мінез-құлыққа мысал ретінде білімнің қандай да бір саласындағы алғашқы жаңалық ашушылардың әрекетін жатқызуға болады. Ескертетін жайт, мінез-құлықтың бұл түрі «девианттылықтың» жоғарыда көрсетілген көрсеткіштеріне сәйкес келмейді және ауытқыған мінез-құлық болып есептелмейді.
Деструктивті мінез-құлық оның мақсаттарына сәйкес жіктеледі. Бір жағдайда ол әлеуметтік нормаларды (құқықтық, моральдік-этикалық, мәдени) бұзуға бағытталған сыртқы деструктивті мақсаттар, және соған сәйкес сыртқы деструктивті мінез-құлық. Екінші жағдайда – тікелей жекелік ұйымдардың дезинтеграциясына бағытталған ішкі деструктивті мақсаттар, және соған сәйкес, ішкі деструктивті мінез-құлық. Ауытқыған мінез-құлық деструктивтік ретінде, яғни адам мен қоғамға зиян келтіретін, оны бұзатын қылық ретінде қарастырылады.
Сыртқы деструктивті мінез-құлық құрылымында Ц.П.Короленко мен Т.А.Донских аддиктивті және антиәлеуметтік мінез-құлықты бөліп көрсетті.
Ішкі деструктивті мінез-құлық тобына авторлар суицидальдік, конформистік, нарциссикалық, фанатикалық және аутистикалықты жатқызды.
Деструктивті мінез-құлықтың барлық аталған формалары девианттылықтың негізгі көрсеткіштеріне жауап береді, себебі олар өмірдің сапасының нашарлауына, өзін-өзі бағалаудың төмендеуі мен эмоционалдық бұзылуларға, тұлғаны әлеуметтік дезадаптация жағдайына және т.б. әкеп соқтырады. (2, 19-21 б.)
Ауытқыған мінез-құлықтардың пайда болу себептерін қарастыратын болсақ, оның себептерін зерттеуде үш түрлі теория бар: физикалық типтер теориясы, психоаналитикалық және әлеуметтанушылық немесе мәдени теориялар.
1. Физикалық теория бойынша тұлғаның белгілі бір физикалық ерекшеліктері оның нормадан түрлі ауытқуларын алдын ала анықтауға көмектеседі. Физикалық типтер теориясын жалғастырушылардың қатарына Ч. Ломброзо, Э. Кречмер, В. Шелдонды жатқызуға болады. Бұл адамдардың еңбектерінде бір ғана басты идея орын алған: белгілі бір физикалық ерекшеліктері бар адамдар әлеуметтік ауытқуларды жасауға бейім келеді. Дегенмен практика көрсеткендей, бұл теорияның олқы жағы көп. «Қылмыстық» бет бейнесі бар адамдардың ішінде тірі жанға зиян келтіре алмайтындар болатыны, керісінше, түріне қарап тәртіпті деп ойлайтындардың қылмысқа барғандары да белгілі.
2. Психоаналитикалық теорияның негізінде тұлғаның түйсігінде, санасында болып жатқан қайшылықтарды зерттеу жатыр. З.Фрейдтің теориясына сәйкес әрбір тұлғаның белсенді санасының астыңғы қабатында санасыздық жатыр – бұл біздің психикалық энергиямыз. Әр адам өзінің табиғи «заңсыздық» жағдайынан өзіндік «Менін», сонымен қатар қоғам мәдениеті арқылы ғана анықталатын «жоғарғы-Менін» қалыптастыру жолы арқылы қорғана алады. Бірақ «Мен» мен санасыздық арасында, сонымен қатар «жоғарғы-Мен» мен санасыздық арасында болатын қайшылықтар қорғанысты бұзып, мәдениетті білмейтін ішкі жағдай сыртқа шығатын да жағдайлар болады. Мұндай кездері индивидтің қоршаған ортасының әсерінен мәдени нормалардан ауытқу мінез-құлық көрініс береді.
3. Әлеуметтанушылық немесе мәдени теорияларға сәйкес кейбір нормаларға байланысты топтағы әлеуметтену процесі сәтсіз болған жағдайда индивидтер девиант аталады. Ал әлеуметтену процесі сәтті болғанда индивид ең алдымен оны қоршаған мәдени нормаларға бейімделеді, содан кейін қоғамның құндылықтары мен нормалары оның эмоционалдық қажеттілігіне, мәдениеттегі шектеулер оның санасының бөлігіне айналады.
Көп жағдайда девиантты мінез-құлықтардың қалыптасуының басты себептері отбасылық жағдайдың нашарлығы болып табылады: отбасында қалыпты мәдени-адамгершіліктік тәрбиенің болмауы, ұлттық салт-дәстүрлерді мойындамауы, ата-аналарымен және жақындарымен қақтығыстардың жиі болуы және т.б.
