- •«Девиантология» пәні бойынша емтихан жауаптары. Сәттілік)))
- •31.Қылмыс себептерін анықтауда қазіргі ғылымда биологиялық-антропологиялық бағытты қолдану неліктен тиімсіз болатындығын талдаңыз
- •32.Әлеуметтік мәртебе, жас ерекшелік, гендер сияқты факторлар жүйесін ауытқымалы мінез құлыққа қандай әсері болатындығын талдаңыз.
- •33.Наркотизацияға қауіп және қауіптен қорғау факторын талдаңыз және психологиялық мазмұнды социологиялық мазмұннан ажыратып көрсетіңіз.
- •34.Девиантты және делинквентті мінез құлықтың айырмашылығын талдаңыз. Төмен аталғандардың қайсысы девиантты, қайсысы делинквентті мінез құлыққа жатады:
- •35.«Алғашқы» және «екінші» девианттылық түсінігі нені білдіреді? Неге «ярлык» теориясы екінші девианттылықты қарастырады? Осы теорияның негізгі шарттарын талдаңыз.
- •37.«Ярлык» теориясы мен «стигматизация» теорияларының ортақ жақтарын және ерекшеліктерін көрсетіп, негізгі идеяларын талдаңыз
- •39.Әлеуметтанулық теория шеңберінде ауытқымалы мінез-құлықтағы «аномия» термині нені білдіреді? э.Дюркгеймнің және Мертонның зерттеулеріндегі «аномия» термині қалай түсіндіріледі?
- •40.Субмәдениет теориясындағы девиантты мінез-құлықты сипаттаушы факторларды талдаңыз. Жасөспірімдердің қылмыстық және гангстеризмдік (бандалық) іс-әрекеттер жасауына субмәдениеттің әсерін көрсетіңіз
- •41.Қазақстандағы жезөкшелік мәселесінің жағдайын сипаттаңыз. Жезөкшелікті заңдастырудың әлемдегі тәжірибесін сипаттаңыз, тиімді және тиімсіз жақтарын көрсетіңіз?
- •44.Қазіргі кезеңде деликвентті мінез-құлықтың жаңа формасына терроризм мен экстремизмді жатқызамыз. Олардың пайда болу көздері болып не табылады? Террористердің психологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •46.Әлеуметтік ауытқуды зерттеудегі басқа ғылымдармен салыстырғанда психологиялық бағыттың айырмашылығы қандай?
- •47.Ішімдікке салыну жағдайын әлеуметтанулық көрсеткіштер негізінде талдаңыз
- •48.Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы девиантты мінез-құлықтың алдын-алу жұмыстарын біріншілік, екіншілік, үшіншілік профилактикаға бөлуді ұсынады. Осы профилактикалық жұмыстарды сипаттаңыз.
- •49.Индивидуалды және топтық әлеуметтік ауытқуды басым мәдениет пен субмәдениет тарапынан қалай бағалауға болады?
- •51.Р.Мертон бойынша мақсат пен жетістікке жету құралына қатысты тұлғаның ауытқымалы мінез-құлық типологиясы неге негізделген?
- •55.Э.Дюркгеймнің әлеуметтік дезорганизация және аномия концепциясының негіздері қандай жағдайлардан тұрады?
- •58.Әлеуметтанулық теориялар қатарындағы әлеуметтік ауытқулардың тұлғаның әлеуметтенуі процесінің рөлі қандай? Әлеуметтік институттардың ауытқымалы мінез-құлыққа әсері қалай жүзеге асады?
- •59.Р.Мертон бойынша мақсат пен жетістікке жету құралына қатысты тұлғаның ауытқымалы мінез-құлық типологиясы неге негізделген?
- •60.Әлеуметтік ауытқуды зерттеудегі басқа ғылымдармен салыстырғанда психологиялық бағыттың айырмашылығы қандай?
44.Қазіргі кезеңде деликвентті мінез-құлықтың жаңа формасына терроризм мен экстремизмді жатқызамыз. Олардың пайда болу көздері болып не табылады? Террористердің психологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз
Терроризм - бір адамға немесе қоғамға бағытталған қорқыту формасында болатын қылмыстық әрекет, онда саналы түрде қоғамда қорқыныш, қысым көрсету жағдайы жасалынады, мұның мақсаты - терроршыларға тиімді шешімді шығартуға бағытталады.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 233 тармағының 1 бабында терроризмге төмендегідей анықтама берілген: терроризм – қоғамдық қауіпсіздікті бұзу жолында, ҚР мемлекеттік органдары, шетел мемлекеттері, халықаралық ұйымдар қабылдайтын шешімдерге қарсы ниетте адамдардың өміріне қатер төндіретін және мүлікке зиян келтіретін әрекеттер жарылыс, өрт т.б. ұйымдастыру.
Терроризм ұғымын анықтаудың тағы бір жолы - оның сипатын анықтау. Терроризм сипаты дегеніміз – оны әлеуметтік-саяси және құқықтық категория ретінде көрсететін және ішкі мазмұнын ашатын әмбебап белгілер мен өзіндік ерешеліктерінің жиынтығы. Қазіргі кездегі заң әдебиеттерінде терроризмді қылмыстық әрекет ретінде анықтайтын мынадай белгілерін көрсетеді:
- біріншіден, терроризмнің басты ерекшелігі ол қоғамда үлкен қауіптілік төндіреді, ол жұртшылыққа қауіпті әрекеттер нәтижесінде туындайды;
- екіншіден, терроризмнің жариялануы, қарапайым қылмыстық әрекетте көп жағдайда ешкім хабарланбайды, ал терроризм қоғамда теңсіздік тудыру үшін алдын-ала жарияланып отырады;
- үшіншіден, терроризм жағдайында саналы түрде үрейлі, қорқынышты жағдай туындауға жол беріледі. Бұл кезде осы жағдай индивидуалды немесе кіші топ деңгейінде болмайды, ол әлеуметтік деңгейде болып, объективті тұрғыдағы әлеуметтік-саяси факторға айналады. Осы жерде қоғамда қорқыныш жағдайын тудыру басты мақсат болмайды, басқа мақсатқа қол жеткізудегі құрал ретінде пайдаланылады;
- төртіншіден, терроризм жүзеге асқанда қауіпті қысым көрсету бір адамдарға бағытталса, психологиялық әсер ету басқа адамдарға бағытталып, солардан терроршыларға тиімді жүріс-тұрыс формасын талап етеді.
Кейбір авторлар терроризмді – қылмыс, террорды – кез-келген субъекттің (мемлекет, ұйым, жеке тұлға) күштеу, қорқыту түріндегі әрекет тәсілі ретінде қарастырады. В.П. Емельянов террорды “агрессия”, “геноцид”, “соғыс” ұғымдарымен салыстыра қарастырып, “террор - билік субъектілері тарапынан болатын бұқаралық қысым көрсету” деді. В.П. Емельяновтың пікірінше, терроризм мен террорлық акт ұғымдарын қатар салыстыру тиімді, террорлық акт терроризмнің барлық белгілерін қамтиды, тек бұл қатарға ең алғашқы саты қоғамда қаіптілікті туындату деңгейін қоспаса да болады.
Қарастырылып отырған құбылыстардың негізін “террорлау” (фр. terrorizer) ұғымы қамтиды. Террорлау – адамдарды қорқыныш қалпында ұстап отыра, қысым көрсету, қорқыту формасында болатын талаптарды қою. Террорлауға қылмыстық әрекет құрылымы ретінде мына белгілер тән:
- біріншіден, әрекет етушінің қысым көрсету немесе басқа әрекетінің өзіндік мақсаты болмайды, ол басқа мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылады;
- екіншіден, қорқыныш жағдайы әрекет етушімен арнайы түрде оның қызығушылықтарына сай келетін шарттарды орындату үшін ұйымдастырылады;
- үшіншіден, соңғы нәтижеге қол жеткізу әрекет етушінің іс-қимылынан емес, террорлау бағытталған тұлғалардың әрекетіне байланысты болады.
Кейбір заң әдебиеттерінде терроризм экстремизмнің ақтық фазасы ретінде қарастырылады. Ал экстремистік іс-әрекетке мына қасиеттер тән:
- конституциялық құрылымды, мемлекет тұтастығын, ұлт қауіпсіздігін т.б. жоспарлайтын, ұйымдастыратын, дайындайтын жеке тұлғалар мен түрлі ұйымдардың (діни, қоғамдық) іс-әрекеті;
- нацистік және соған ұқсас символика, атрибутикаларға насихат жүргізу;
- аталған әрекеттерге бұқаралық қолдау көрсетуді талап ету;
- аталған әрекеттерді қаржыландыру.
Терроризмнің қоғамда зор мәнге ие болуына қоғамдық пікір де өзіндік әсер етеді. “Терроризмнің күштілігі саны мен сапасында емес, қоғамдық пікірде” – бұны айтқан Гарвард криминологиялық орталығының ағылшындық философы Ян Шрайбер болатын. Оның айтуынша, терроризм көп кешенді құбылыс, оның артында әрқашан кекшілдік, үміт, қайғылану, таңдану сезімдері жүреді. Бұл сынық айна сияқты, бірақ оны үстемелейтін бір фактор бар. Ол – масс-медиа. Газеттер мен теледидар терроризмді “миллондардың университетіне” айналдырды. 20 ғасырдың өте қорқынышты құбылысы бүкіләлемдік шоуға айналды. Терроршыларға да бұл қол болды, аудитория, көрермендерсіз олар бір күнде өмір сүре алмайды.
Терроризмнің сипаты болатын ұғымдарға жасалған талдауды осылай көрсетуге болады. Енді терроризммен қатар жүретін террор, терроршы ұғымдарын қарастырсақ, кеңестік энциклопедиялық сөздікте “Террор – Антарктидадағы сөнген вулкан, Росса жартыаралында орналасқан... және экспедициялық кеме атына қойылған” деп анықтама берілген. Бұл анықтаманың, көріп отырғанымыздай, біздің зерттеуге еш қатысы жоқ.
Ожеговтың сөздігінде террорға “саяси қарсыластарға қарсы тәни қысым көрсету” деп анықтама берілген. Шынымен де, саяси қарсыластарға ғана ма? Ресейде соңғы кездері терроризм психологиясын зерттеп жүрген Д.В. Ольшанский “террордың психологиялық және экономикалық түрлері де болады” деп бұл оймен келіспейді. Осы сөздікте “террорлау”, ”терроршы” сөздеріне де анықтама берілген:
Терроршы – индивидуалды террор актіне қатысушы немесе жақтаушы.
45.Девианттық мінез-құлықтың бір түрі – жезөкшелік. Әлемдік тәжірбие көрсетіп отырғандай, экономикалық жағдайдың төмендеуі мен әлеуметтік қорғансыздық үнемі жезөкшеліктің өсуіне әсер етеді. Әлеуметтік қызметкердің жезөкшелермен тәжірбиесінде әлеуметтік терапияны қандай мақсатта қолдана алады?
Жезөкшелік құбылысы біздің еліміздің өміріне өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап ене бастады, қазір бұл қауіпті құбылыс елімізде етек алды. Жезөкшелік дегеніміз жеке тұлғаның сыйақы алып, басқа адаммен бейберекет жыныстық қатынаста болуын айтамыз. Жалпы жезөкшелікпен әйелдер айналысады, ал қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғандай жезөкшелікпен ер адамдардың да ақы алып айналысатыны көрініс алып отыр. Мысалы, ағылшын заңдылықтарында жезөкшелік деп әйелдердің өз денесін нақты төлем алу мақсатымен тәртіпсіз азғындыққа салуы немесе ұсынуы белгіленген; Болгарияда — адамгершілікке жат қызметтен түсетін еңбексіз пайда табу; АҚШ-та — сыйақы үшін жыныстық қатынасқа түсу, ал Чехословакияда өмір сүру үшін еңбектен жалтарып пайда табу ретінде қарастырылады. Осы айтылған барлық түсініктер әрекеттің адамгершілікке қарсы жақтарын, пайдақорлықпен байланысты жақтарын ашып отыр. Жезөкшелік — өте қауіпті құбылыс. Ол ең алдымен қоғамдық адамгершілікті аяққа таптайды, қалыптасқан отбасының рухани құндылықтарын аяққа басады. Арсыздықты, дөрекілікті, ұятсыздықты, есепқорлықты дәріптеп, адалдық, сүйіспеншілік, махаббат, сенім, отбасына деген құрметті сезімдерді жоққа шығарады. Жезөкше төсек ақысы үшін не бір сұмдық, қауіпті іс-әрекеттерге дайын тұрады. Жезөкшелер дін мен ұлттық салт-дәстүрді аяққа таптап, халықтың ұлттық намысын, туыстарының арнамысын қорлап, беделін түсіреді. Венерологиялық, одан да басқа жұқпалы аурулардың таратушысы да жезөкшелер екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Ол маскүнемдікпен, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен тығыз байланысты, яғни жезөкшелікпен айналысушылардың басым көпшілігі осы аталған кәсіппен қоса айналысады. Жезөкшеліктің тағы бір қоғамға қауіптілігі сол - олардың басым көпшілігі жасанды түсік тастайды, заңсыз аборт жасайды, әкесіз, некесіз туған жас нәрестелерін қараусыз тастап кетеді, ал қыз балаларын өз кәсібіне баулитын жезөкшелер де пайда бола бастады. Жезөкшелікпен айналысатындар қоғамға пайдалы еңбектен жалтарып, жеңіл табыс табу үшін арамтамақтық кәсіпке үйренеді, олар адамгершілік қасиеттерді жоғалтып, құлдырауға ұшырап, моральдық ауытқушылыққа тап болады.[1] Жезөкшеліктен қыруар қаржы табуға болады. Тек жезөкшелер ғана емес, жеңгетайлар да, олар шоғырланып отыратын сауна, қонақүйлер де, тіпті жезөкшелердің «жеке меншік» жүргізушілері де дән риза. Оған көрсе де, көрмегенсіп, түйеқұстың кейпіне еніп жүрген полиция қызметкерлерінің қалтасына түсетін қаржыны да қосыңыз. Бір ауыз сөзбен айтсақ, бұл кәсіп түрі тасы өрге домалаған бизнес көзіне, заңсыз рынокқа айналды десек те болады. Мұндай секс-қызмет рыногын қазір жік-жікке бөліп те қарастыруға болады. Неше «түске боялып» жатса да онымен қазір ешкімді таңғалдыра алмайсың. Трансвистит, көгілдірлер, лесбиянкалар, тіпті ерлі-зайыптыларға қызмет көрсететіндер де өздерін ашық жарнамалап жатады. Қыз-келіншектердің көңілін көтеруге дайын жігіттердің де жағдайы жаман емес. Нәзік жандыларымыздың кезекке алдын ала жазылып қоятындарын қайтерсіз! Енді бағаларына тоқталайық..Естуімізше, ерлі-зайыптыларға арналғандар сағатына 10 мың теңге табады. Ал жоғарыда сөз болған қыз-келіншектер «көңілін тапқан» жігіттердің қалтасына ойланбастан 7-8 мың салып береді деседі. Трансвеститтер қымбаттау ма деп қалдық. Жейдені көйлекпен алмастырған олар өз қызметтерін 80-100 долларға бағалайды. Алматылық жезөкшелердің қаламыздың бес көшесінде бөлініп тұратыны көпшілікке мәлім. Атап айтсақ, Саин, Сейфуллин, Әуезов пен Гоголь көшелерінің қиылысы, Құрманғазы мен Пушкин және Абылайханнан Мақатаевқа дейін. Бір айта кетерлігі, жезөкшелер аталған көшелерге бөлінерде өздерінің келбетін ескеретін көрінеді. Мәселен, орталық көшелердегі қыздар көрікті болып келсе, бағалары да басқаларынікіне қарағанда жоғарылау. Ал жалпы айтсақ, 3 мыңнан 6 мыңға дейін. Қазақстан географиялық жағынан есірткі тасымалы үшін транзиттік жолға айналып, ақыр аяғында бармағымызды тістеп отырмыз. Енді міне, жезөкшелік жақын шет елден келген қыздардың есебінен барған сайын дендеп барады. Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Ресейден және Украинадан ағылып келіп жатқан қыздар өздерін тым еркін сезініп, ешкімнен тыйым көрер емес. Неге екенін қайдам, Ресей мен Украинадан келгендер сағатты қойып, тәулікке жалданғанды тәуір көретін көрінеді. Бір тәулікте ол сылқымдарың 1000-1500 долларға дейін табыс табатын көрінеді. Тәуелсіз сарапшылардың дерегіне жүгінсек, бүгінгі күні Қазақстанда сырттан келгендерді қоспағанда, 10 мыңнан астам жезөкше бар. Жезөкшеліктің заңдастырылмағанына қарамастан, олардың қатары күннен-күнге өсуде. Құқық қорғау органы қызметкерлерінің айтуына қарағанда, жезөкшелікпен күресу мүмкін емес. Өйткені Қылмыстық кодекстен бұл бап алынып тасталған. Демек, оларға не заңды түрде рұқсат етілмейді, не жазаға тартылмайды. Мұндай екі ұдай жағдайда адам саудасы сияқты аса ауыр қылмыстың алдын алу қиынның-қиыны. Өздеріңіз білесіздер, осындай жағдайларды ескерген мамандар «бәлкім, жезөкшелікті заңдастыру керек шығар?» деген ұсыныс білдіріп отыр. Әрине, қарсыластар да жоқ емес. Ал жезөкшелікті басқа қырынан зерттеген сарапшылар мұндай көлеңкелі бизнес айналымында қыруар қаржы жүргендігін айтады. Олардың онысы рас. Әңгіме басында біз оған тоқталғанбыз. Мысал келтіре кетсек, жезөкшелік заңдастырылған Германияда мемлекеттік бюджетке құйылатын қаржының бірнеше жүздеген миллион еуросы тек жезөкшеліктен түсуде. Ал біздің елдегі бұл бизнесте қанша миллион жүрсе де оның бәрі тасада, біреулердің қалтасында қалып қойып жатыр. Бұл әрине, жезөкшелікті заңдастыру керек деген ойдан тумаса керек. Ойымыз осы салаға «демеуші» болып отырған кейбір ықпалдылардың ұлтымыздың ар-ожданын аяққа таптай отырып, тек өз пайдасының мүддесіне азғындыққа барып жүрген әрекеттеріне тыйым салынса деген тілек төңірегінде. Егер жезөкшелікке қатаң тыйым салынып, тым ушығып кеткен жағдай бақылауға алынса, дұрыс-ақ болар еді. Өкінішке қарай, әзірге ешкімнің онымен ісі жоқ. Соның салдарынан барған сайын неше түрлі сорақылықтарға жол беріліп жатыр. Қалай дегенмен де халқымыздың менталитетіне жат бұл келеңсіз қылықтың тамырына балта шабар кез туған тәрізді.[2] Адамдардың әр нәрсенің заңды болғанын, атқарып отырған қызметтерінің құқылы болғанын қалайтынын алға тартып, Қазақстан жезөкшелері де өз «жұмысын» құқық шеңберінде атқару үшін өз кәсіптерін заңдастыруды талап етіп отыр. Қазақстанда бүгінгі күні 10 мыңнан аса жезөкше бар көрінеді. Бұл – Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан келген транзитті жезөкшелерді есепке алмағандағы өзіміздің қаракөздер құрайтын қомақты сан.
Әлемдегі жезөкшелікпен күресу тәжірибесіне назар аударсақ, көпшілігінде бұл құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық көзделген, ал кейбір елдерде қылмыстық жауаптылық қарастырылған. Мысалы, Албанияның (1959 жылғы), Кореяның (1950жылғы), Моңғолияның (1942 жылғы және 1961 жылғы), Румынияның (1948 жылғы), Австралияның (1945 жылғы), Данияның (1930 жылғы) және АҚШ-тың (Индиана және Нью-Йорк штатының) бұрынғы қылмыстық заңдарында жезөкшелік үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылған болатын. Мысалы, Египет заңдылығына сәйкес, қоғамдық орында сүйіскені үшін екі адамды да екі жылға бас бостандығынан айыру көзделген. Ал, некесіз жыныстық қатынасқа түскені үшін кем дегенде үш жыл түрмеге қамау (соның ішінде шетелдіктер үшін де) көрсетілсе, сұлулық конкурсын өткізуге рұқсат етілмейді, яғни тыйым салынған Малайзияда қоғамдық орында сүйісу, құшақтасу және басқа да жат құбылыстар үшін ақшалай айыппұл қарастырылған .[4] Англияда жезөкшелікпен айналысқаны үшін екі жүз функт стерлингке дейін айыппұл салынады. Егер бір адамға екі рет айыппұл салынған болса, үшінші рет ол адам үш айға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылады. АҚШ-та федералдық заңдылық бойынша әскери бөлім маңында жезөкшелікпен айналысқаны үшін қылмыстық жауаптылық (мың долларға дейін айыппұл немесе бір жылға дейін түрмеге қамау) белгіленген. Иранда жезөкшелікпен айналысқаны үшін өлім жазасы бекітілген.[5] Ал, Қытайда жезөкшелікпен күресу туралы арнайы заң бар. Осы заңға сәйкес, ең жоғарғы жазалау шарасы, яғни осы кәсіппен айналысуға тартқаны үшін өлім жазасы қарастырылған (жазаға жеңгетайдан бастап, жезөкшеге дейін тартылады). Қазіргі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексте жезөкшенің өзін қылмыстық жауапқа тартатын бап жоқ. Қылмыстық кодексте жезекшелікпен айналысуға тартқаны (270-бап) және жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны және жеңгетайлық жасағаны үшін (271-бап) қылмыстық жауаптылық қана көрсетілген. Ал жезөкшелердің тікелей өзі теріс әрекеттері үшін тек қана әкімшілік жауапқа тартылады да, қылмыстық жауаптылыктан тысқары қалады. Сөйтіп олар өз «қызметін» одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алып, оларды жезөкшелікпен айналысуға тарткан, немесе притонда ұстаған, жеңгетайлық жасаған субъектілердің жаңа тобы қылмыстық жауапқа тартылып, жазаланады. Яғни бұл ретте жезөкшелер қылмыстың қайнар көзі болып, көшеде қала береді.
