Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aeshka.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22.48 Кб
Скачать

21. Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша ғылыми зерттеудің өзектілігін сипаттаңыз.

Дипломдық жұмыс тақырыбы: Кадмий сульфиді негізіндегі нанокомпозиттерді алу және олардың қатты фазадағы синтезі.

Нанотехнология – кеңістіктің нанометрлік аймағындағы жеке атомдарға, молекулаларға, молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физика-химиялық қасиеттері бар молекулалар, наноқұрылымдар, наноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін зерттейтін қолданбалы ғылым. Тағы басқаша айтар болсақ нанотехнология - бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру. Нанометр дегеніміз бір метрдің миллиардтан бір бөлігі (1 нанометр=10−9 метр). Нанотехнология осындай ауқымды өлшемдермен айналысады.Нанобөлшектер дегеніміз – өзіндік анық шекарасы бар, размері 1-100 нанометр аралығында болатын қатты фазалы объект. Нанобөлшектерді келесідей: ультра кіші бөлшектер 1-100 нм аралығында, ұсақ бөлшектер 100-2500 нм аралығында және ірі бөлшектер 2500-10000 нм аралығында деп жіктеуімізге болады. Генетика, медицина, клондау, микроағзалардағы бактерияларға әсер ету және машина жасау, электроника, т.б. өндірістерге арналған жаңа материалдар алу, техника мен өндірістің барлық түрлерін жаңа сапа деңгейіне көтеру мәселелерін нанотехнологияны дамыту арқылы ғана шешуге болады. Размерлері бір макрометрден үлкен массивті материалдарда беттегі атомдардың барлық атомдарға қатынасы шамалас болып келеді. Нанобөлшектеріміздің меншікті беттік ауданы өте үлкен болып келеді. Осы қасиеті арқылы жоғары температураларда диффузияға үлкен қозғаушы күш береді. Ірі бөлшектермен салыстырғанда жабысу айтарлықтай төмен температурада және қысқа уақытта жүргізіледі. Қазіргі таңда нанокомпозиттердің қолдану аясы өте кең. Осыған орай нанохимияның қазіргі таңдағы басты таңдауы – әртүрлі химико-технологиялық процестерде катализатор ретінде наноматериалдардың қолданылуы болып табылады. Нанокатализаторлар әлемінде күн сәулесі астында фотокатализатор ретінде қолданылып жатқан TiO2, ZnO, AgCl, ZnS, CuS, CdS негізіндегі нанокомпозиттерге ерекше көңіл бөлінуде.

Жұмыс өзектілігі: Кадмий сульфиді негізіндегі нанокомпозиттер көптеген салаларда, соның ішінде: химиялық технологияда, медицинада және электроникада кең қолданылуда. Кадмий сульфиді нанобөлшектерін синтездеудің жаңа әдістерін табу және олардың өндірілуі өзекті мәселе болып отыр. Келтірілген жұмыста механикалық активтендіру кезінде ультракүлгін сәулелерімен сәулелендіру арқылы жүретін CdS/S гибридті нанокомпозитін синтездеудің жаңа әдісін ұсынамыз. Әдіс қатты фазада кадмий сульфиді мен күміс нитратының және т.б реагенттер арасында ион алмасу реакциясының жеңіл жүруіне және кадмий сульфидінің фотосезімталдық қасиетіне негізделген. Кадмий сульфиді ультракүлгін сәулелерінің әсерінен оңай ыдырайды (241 нм-382 нм).

22. Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша ғылыми зерттеудің жаңалығын көрсетіңіз.

Дипломдық жұмыс тақырыбы: Кадмий сульфиді негізіндегі нанокомпозиттерді алу және олардың қатты фазадағы синтезі. Берілген жұмыста CdS негізіндегі нанокомпазиттердің механохимиялық синтезі және фотокаталитикалық белсенділігі зерттелген. Кадмий сульфиді негізіндегі нанокомпозиттер көптеген салаларда, соның ішінде: химиялық технологияда, медицинада және электроникада кең қолданылуда. Олардың нанобөлшектерін синтездеудің жаңа әдістерін табу және олардың өндірілуі өзекті мәселе болып отыр.

Келтірілген жұмыста механикалық активтендіру кезінде ультракүлгін сәулелерімен сәулелендіру арқылы жүретін CdS/S гибридті нанокомпозитін синтездеудің жаңа әдісі ұсынамыз. Әдіс қатты фазада кадмий сульфиді мен күміс нитратының және т.б реагенттер арасында ион алмасу реакциясының жеңіл жүруіне және кадмий сульфидінің фотосезімталдық қасиетіне негізделген. Кадмий сульфиді ультракүлгін сәулелерінің әсерінен оңай ыдырайды (241 нм-382 нм).Бұл жұмыста да Мак Кормик ұсынған механохимиялық әдісті одан әрі дамытып, жоғарғы дәрежелі өнімдер алу мүмкіншілігі қарастырылған.Фотокаталитикалық активтілігі жоғары CdS негізіндегі нанокомпазиттерді механохимиялық активация үдерісі арқылы синтездеу. Осы мақсатқы жету жолында келесі міндеттер қарастырылады:

1. CdS негізіндегі нанокомпазиттерді механохимиялық синтездеу жүйелерін таңдау

2. Жүйелерді механоактивтендіруге және алынған өнімдерді термоөңдеу үшін қолайлы болатын жағдайларды анықтау;

3. Алынған нанокомпозиттердің фазалық құрамын және морфологиясын физика-химиялық әдістермен сипаттау.

4. Синтезделген нанобөлшектер фотокаталитикалық активтілігін зерттеу

Ғылыми зерттеудің жаңашылдығы : фотокаталитикалық белсенділігі жоғары күміс хлориді негізіндегі нанокомпазиттерді механохимиялық әдіспен алынуында. 

23. Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша ғылыми зерттеудің практикалық маңыздылығын сипаттаңыз.

Дипломдық жұмыс тақырыбы: Кадмий сульфиді негізіндегі нанокомпозиттерді алу және олардың қатты фазадағы синтезі. Берілген жұмыста CdS негізіндегі нанокомпозиттердің қатты фазадағы синтезі және олардың фотокаталитикалық белсенділігі зерттелген. Келтірілген жұмыста механикалық активтендіру кезінде ультракүлгін сәулелерімен сәулелендіру арқылы жүретін CdS/S гибридті нанокомпозитін синтездеудің жаңа әдісі ұсынамыз. Әдіс қатты фазада кадмий сульфиді мен күміс нитратының және т.б реагенттер арасында ион алмасу реакциясының жеңіл жүруіне және кадмий сульфидінің фотосезімталдық қасиетіне негізделген. Кадмий сульфиді ультракүлгін сәулелерінің әсерінен оңай ыдырайды (241 нм-382 нм).Бұл жұмыста да Мак Кормик ұсынған механохимиялық әдісті одан әрі дамытып, жоғарғы дәрежелі өнімдер алу мүмкіншілігі қарастырылған.Фотокаталитикалық активтілігі жоғары CdS негізіндегі нанокомпазиттерді механохимиялық активация үдерісі арқылы синтездеу. Практикалық қолданылуы: механохимиялық синтезделген кадмий сульфиді нанобөлшектері наноұнтақтар өндірісі индустриясында қолданыс табады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]