Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бж сессия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
148.31 Кб
Скачать

38.Дезактивтендіру, дегаздау, дезинфекция, дезинсекция, дератизация түсініктеріне анықтама беріңіз

ДЕЗАКТИВАЦИЯ дегеніміз-радиоактивті (РЗ) заттармен ластанған нәрселерді тазалау. Оларды дененің үстінен сыпырып немесе жуып кетіруге болады.Немесе Дезактивация – жұмысшының денесі мен киіміндегі радиоактивті дақтардан жою, сонымен қатар бөлме, лабораториялық жабдықтар, ыдыстар.Дегаздау – улы объектілердің жұғу дәрежесінің рұқсат етілген нормаларына дейінгі төмендеуі (техниканың, кийімнің, адам терісінің жамылғысы, су және т.б.). Немесе қатты әсер ететін улы заттарды жою, бейтараптандыру немесе оларды үстіңгі бетпен зақымданудың жол берілетін нормаларына дейін немесе толық жою-дегазация деп аталады. Оны жүзеге асыру заттардың сапасына және түрлілігіне байланысты болады. Тағы бір анықтама дегазация – ластанған денелерден УЗ-ды жою.ДЕЗИНФЕКЦИЯ(ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ) – бұл жұқпалы аурулар мен бактериалдық қоздырғыштардың, вирустық этиологиялардың (тұрғын жайдың үстінен, инвентарларды, қондырғыларды немесе микробтарды, вирустарды, күнделікті қолданатын заттарды препарат ерітіндісімен жуу арқылы жоюдың) алдын-алу шаралар кешені. Еден жуу, сүрту, кір жуу арқылы жұқпалы микробтар жойылмайды. Оларды тек жоғарғы температураны пайдаланып және 2-3 сағат қайнатып қана жоюға болады.

ДЕЗИНСЕКЦИЯ (дез... және лат. іnsecta – жәндік) – ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою үшін мал фермаларында, құс фабрикаларында,ет комбинаттарында, қоймаларда, т.б. қолданылатын малдәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі. Дезинсекцияның мақсаты – ауру қоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне жол бермеу. Дезинсекцияның физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық әдістері бар. Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу, жоғары тербелісті ультраток, иондаушы сәулелердің әсерін пайдалану арқылы ұсақ жәндіктерді жояды. Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып, қоражай көң-қоқыстан тазартылады. Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жою үшін улы препараттар (ДДТ, гексахлоран, хлорофос, нафталин, анабазин, күкіртті газ, т.б.) қолданылады. Биологиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жоюға құс, балық, микроорганизмдер пайдаланылады. Дезинсекция арнайы мекемелер мамандарының бекітуімен белгіленген ережеге сай жүргізіледі. Әдетте Дезинсекциялық шаралар дератизациямен қатар орындаладыДератизация — егеуқұйрықтар мен тышқандарға, атжалмандар мен суырларға, сондай-ақ саршұнақтарға және т.б. зиянды кеміргіштерге қарсы қолданылатын алдын алу шараларының жүйесі. Алдын алу (профилактикалық) шаралары санитарлық-гигиеналық және санитарлық-техникалық болып бөлінеді. Санитарлық-гигиеналық шараларға: тұрғын үйлерді, қоймалар мен сауда саттық орындарын, мал қораларын және құрылыс маңындағы жер телімдерін таза ұстау, сондай-ақ тамақ өнімдерін кеміргіш зиянкестер тимейтін жерде сақтау, тағамның қалдықтары мен қоқыстарын мұқият жинап, тазарту (тағамның қалдықтары мен қоқыстарды беті жабық ыдысқа салу), тұрғын үйлер мен оның подвалдарын қоқырсытпау жатады. Ал санитарлық-техникалық шаралардың мақсаты — тұрғын үйлерде, қоймалар мен сауда орындарында, мал қораларында кеміргіштердің пайда болуына жол бермеу. Ол үшін подвалды үйлердің есіктері қиюына келтіріліп, тығыз жабылуы тиіс; сондай-ақ терезелер әйнектеліп, құбырлар енетін саңылаулары цементпен бітеліп, желдеткіштердің тесіктері де 5 мм-лік ұяшығы бар торлармен жабылуы қажет.

39.ТЖ кезінде қолданылатын ұжымдық қорғаныс құралдарына (панахана, баспана) сипаттама беріңіз.

ТЖ аймағында жұмыс атқарып жатқандарға қауіпті және зиянды факторлардың әсер ету дәрежесін болдырмау немесе төмендету үшін қорғаныс құралдары пайдаланылады. Қорғаныс құралдарының нақты түрін таңдау аталған үрдіс немесе жұмыс түріне қойылатын талаптарды есепке ала отырып жүргізілуі керек. Жұмыс атқарушылардың қорғаныс құралдары пайдаланылу сипатына қарай екі түрге бөлінеді:

1. ұжымдық қорғаныс құралдары;

2. жеке қорғаныс құралдары.

Ұжымдық қорғаныс құралдары арналуына қарай келесі топтарға бөлінеді:

•жұмыс орны мен өндірістік ғимараттардың ауалық ортасын қалпына келтіру құралдары;

•жұмыс орны мен өндірістік ғимараттардағы жарықты қалпына келтіру құралдары;

•иондаушы сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•инфроқызыл сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•ултракүлгін сәулеленудің жоғарыланған немесе төменгі деңгейінен қорғау құралдары;

•электормагниттік сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•жоғарыланған магниттік және электрлік кернеуліктен қорғау құралдары;

•лазерлік сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•шудың, сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау кұралдары;

•дірілдің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары (жалпы жәнеижергілікті);

•ультрадыбыстың жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•инфродыбыстық тербелістің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•электр тоғымен зақымданудан қорғау құралдары;

•электр қуатының жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

•құрылғы, материал бетінің жоғарыланған немесе төмен температурасынан қорғау құралдары;

•ауаның жоғарыланған немесе төмен температурасынан және температура өзгерісінен қорғау құралдары;

•механикалық факторлардың әсерінен қорғау құралдары (жылжымалы машиналар мен механизмдер;

•өндірістік құрылғылар мен құралдардың жылжымалы бөліктері;

•қозғалмалы құралдар мен дайын заттар, материалдар;

•конструкция бүтіндігінің бұзылуы, құлаған тау жыныстары;

Ұжымдық қорғану құралдары—жұмыс істейтін екі және одан да көп адамдарды зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар;

Ұжымдық қорғану құралдары (түрлері мен қолдану амалдары) Ұжымдық қорғану құралдары – қорғану құралдары, құрылымдық және функционалды түрде өндіріс процессімен, өндіріс құралдарымен, ғимаратпен, қондырғымен, өндіріс алаңымен тығыз байланысты.

бағытына байланысты былай бөлінеді:

- өдіріс ғимараттары мен жұмыс орындарының әуе кеңістігін реттейтін, зиянды факторларды оқшаулау, жылу беру, желдету құралдары;

- жұмыс орындары мен ғимараттарды жарықтандыруды нормалайтын құралдар (жарық көздері, жарықтандыру құралдары және т.б.);

- ионданушы сәулелерден қорғану құралдары (шектеуіш, герметизациялау құралдары, қауіпсіздік белгілері және т.б.);

- инфракүлгін сәулелерден қорғау құралдары (шектеуіш, герметизациялау, жылуды оқшалаушы құралдар және т.б.);

- ултракүлгін және электромагниттік сәулеленуден қорғау құралдары (ауаны желдету мен алыстан басқаруға арналған шектеуіштер және т.б.);

- лазерлі сәулеленуден қорғау құралдары (шектеуіштер, қауіпсіздік белгілері және т.б.);

- шу мен ультрадыбыстан қорғау құралдары (шектеуіштер, дыбысты оқшаулаушы құралдар және т.б.);

- вибрациядан қорғау құралдары (вибрацияоқшаулаушы, вибросөндіруші, виброжұтушы құралдар және т.б.);

- электр тогымен зақымданудын сақтау құралдары (шектеуіштер, дабылқаққыштар, оқшаулаушы құрылғылар, жерге тұйықтау, зануление (нөлдік деңгейлеу) және т.б.);

- жоғарғы және төменгі температурадан сақтау құралдары (шектеуіштер, термооқшаулаушы жабдықтар, жылыту жіне салқындату);

- химиялық факторлар әсерінен қорғау құралдары (герметизацияға арналған жабдықтар, желдету және ауаны тазарту, қашықтықтан басқару және т.б.);

- биологиялық факторлардан қорғану құралдары (шектеуіштер, желдету, қауіпсіздік белгілері және т.б.); Ұжымдық қорғаныс құралдары: шектеуіш, сақтандырғыш, тежегіш жабдықтар, автоматты бақылау және дабылқаққыш жабдықтар, қашықтықтан басқару, қауіпсіздік белгілері болып бөлінеді.

Панаханалар жан-жақты қымталған құрғылардың және желдеткіш құралдарының болуымен сипатталады Олардың көмегімен адамдар тіпті қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіреберісі мен шығаберісі болуға тиіс, ал ол құлаған жағдайда авариялық шығаберіс болуға тиіс. Панаханалар су баспайтын учаскелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісінен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5 м кем болмауға тиіс. Панахананың сыйымдылығы отыруға (бірінші яруста) және жатуға арналған (екінші және үшінші ярус), орындардың жиынымен анықталады. Шағын — 300 адамға дейін, өрта — 300—600 адам, үлкен — 600-ден астам адам. Авариялық шығаберістер құлаған жағдайда негізгі ғимараттағыдай деңгейде қорғалған кіреберістер мен шығаберістердің болуы. Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады. Қосымша желдетілетін бөлмелер, санитарлық тораптар қорғалатын дизель электростанциялары, тамбур шлюздер, қорғалған кіреберістер мен шығаберістер: Панахананын; ішкі бөлімдері (қорғалатын ди­зель электростанцияларын, тамбур- шлюздерді және кеңейту камераларын қоспағанда) бір жасырынушы үшін 1,5 м3 кем болмауға тиіс.