Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бж сессия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
148.31 Кб
Скачать

4. Ине шаншу әдiстерi

Бұлшық етке енгізілген дәрілік заттар тері астылық инъекцияларға қарағанда тезірек сіңіріледі. Бұлшық еттік инъекция жасау үшін көбінесе бұлшық ет қабаттары жақсы дамыған жерлерді таңдап алады: жамбастың жоғарғы сыртқы квадранты, жауырын асты аймағы. Бұлшық еттік инъекция кезінде дәрілік зат тері асты шел қабатына қарағанда тамырлардың көптігінен қанға тезірек түседі. Инъекция жасауға болатын жерді сүйекке бағдарлап анықтауға болады. Бұл үшін 5 бел омыртқаның қылқанды өсіндісінен сан сүйегінің үлкен істігіне дейін ойша сызық жүргізу керек. Құйымшак нерві осы сызықтан төмен орналасқан, және инъекцияны сызықтан жоғары, яғни жамбастың жоғарғы сыртқы квадрантына жасау керек. Инъекция жасағанда науқас бір қырына немесе ішіне жатады, тек түрегеп тұруға болмайды.

1) Спиртке матырылған мақтамен алдымен жоғарғы сыртқы квадранттың үлкен бөлігін, содан кейін инъекция жасайтын жерді өңдейді;

2) Шприцті былай ұстайды: оң қолдың екінші саусағымен поршеньді, бесінші саусағымен иненің канюлясын, ал қалғандарымен цилиндрді ұстайды,поршеннің сабы бос. Шприцті науқастың денесіне тік ұстайды;

3) Инъекция жасайтын жерді сол қолмен тартыңыз;

4) Шприцті теріге тік ұстаған бетте шешімді қимылмен инені канюляға таман Ісм қалтырып, 7-8 см тереңдікке кіргізеді;

5) Сол қолды поршеньге ауыстырыңыз да дәрілік затты енгізіңіз. Майлы ерітіндіні енгізер алдында поршеньді тартыңқырап, қан тамырына түспегеніңізге көз жеткізіңіз, тек содан кейін ғана ерітіндіні енгізіңіз;

6) Спиртке матырылған домалақ мактаны теріге басып, тез қимылмен инені шығарыңыз.

Санның бүлшық етіне енгізгенде шприцті сүйек қабығын зақымдамас үшін, жазатын қауырсын сияқты бұрыштап ұстау қажет. Іс-әрекеттер:

1. Дәрінің атын, мөлшерін қай уақытқа дейін қолдануға болатын мерзімін ұқыпты оқып, сосын ашыңыз.

2. Ампула мойнын немесе флаконды спиртке малынған тампонмен сүртіңіз.

3. Дәріні керекті мөлшерде сорып алып, инені ауыстырып, ауасын шығарыңыз.

4. Шприцты қағаз пакетке немесе стерильды астаушаға салыңыз.

5. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу.

6. Инъекция жасайтын жердің терісін спиртке батырылған мақта шаригімен 2-3 рет сүртіңіз.7. Шариктерді дез ерітіндіге тастаңыз. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолмен төмен қарай тартыңыз. Әзірленген шприцтің инесінің қиылысын жоғары қаратып ұстаңыз ( екінші саусақпен бойлай инені канюлядан, ал басқа саусақпен цилиндрді ұстаңыз)

8. Инені теріге қатарластыра ұстап ұшын терінің ішіне енгізіңіз (иненің ұшы тері арасынан көрініп тұруы керек) Шприцті оң қолмен ұстап тұрып сол қолдың 2-3 -ші саусақтарымен цилиндрдің жиегін ұстап, бірінші саусақпен поршеньді итеріп дәріні жіберіңіз. Инъекция жасаған жерде кішкене (лимон тәрізді ) түйін пайда болса, сіз байқауды дұрыс жасағансыз.

9. Спиртке батырылған мақта шаригімен ақырын басып инені теріден шығарып алыңыз.

5. Қар көшкiнi және  оған  тап  болғандағы адамдардың  іс-әрекеті

Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейінен төмен қарай жылжуы. Еуропада жыл сайын әр түрлі көшкіндер болып тұрады, ол орташа алғанда 100-ші адам өмірін алып кетуде. Ал Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қаупіне ұшырауда.      Қар көшкіндері құлама тау беткейлерінен жаңа қар жауған және күн күрт жылып кеткен кезде пайда болады. Жауын – шашын наурыз – сәуір айларында көп жауатындықтан қар көшкіндері сол айларда көп байқалады. Қар көшкіндерінің 50% жазық жерлерге дейін жетіп, халық пен шаруышылық объектілеріне қауіпін тигізуде. Тау әуесқойларында болатын барлық қайғылы оқиғалардың 25% -на жуығы осы қар көшкінінің еншісінде.     Қар көшкінін тоқтату іс-әрекеттері пассивті және активті болып бөлінеді. Пассивті әдісінде дамбаларды, қар ұстағыш щиттерді және орманды қалпына келтіру іс - әрекеттері жатады. Активті әдісіне уақыты мен қауіпсіздік әрекеттерін белгілеп, қолдан қар көшкінін жасау жатады. 

Қауіпті аймақта тұрсаңыз қандай әрекет жасау керек?

Көшкін шығатын аудандардағы негізгі әрекет ережелерін сақтаңыз: - тауға қар жауып тұрғанда және қолайсыз ауа-райында, тауда жүрсеңіз ауа райы өзгерістерін бақылаңыз;

- тауға шығарда, жолыңыздағы немесе қыдыратын ауданыңызда көшкін түсуі мүмкін жерлерді біліңіз;

Көшкін түсуі мүмкін жерлерден алшақ жүріңіз. Олар көбінде 30 градусқа құлама беткейлерден, егер беткейде ағаш, бұталар болмаса, 20 градустық құламадан түседі. 45 градустық құламада көшкін әрбір қар жауған сайын құлайды.

Есіңізде болсын, көшкін түсу қаупі бар уақытта тауларда құтқару жасақтары құрылады.

Алдын-алу шаралары

Көшкін түсу қауіпті жағдайында көшкін қаупі бар жерлерде қардың жиналуына бақылау ұйымдастырылады, түзіліп келе жатқан қар көшкінін жасанды құлатады, көшкін түсу қаупі бар жерлерде қорғаныс имараттары салынады, құтқару құралдары дайындалып, құтқару жұмыстары жоспарланады.

Есіңізде болсын, көшкін түсу ең қауіпті мерзімдер көктем мен жаз, таңертеңгі сағат 10-нан күн батқанға дейін.

Ернеудің үстінде жүргенде, олардан алшақ жүріңіз. Суретте ернеулердің құлауы мүмкін сызықтары көрсетілген. Беткейдің қырынан көрінісі. Томпақ беткейлер түзу немесе ойыс беткейлерден қауіптірек. Ең жоғарғы томпақ жері – көшкіннің жиі құлайтын жері.  Егер сізге қар көшкіні құласа не істеу керек?

Аузыңыз бен мұрыныңызды қолғаппен, бөкебаймен, жеңмен жауып, көшкінмен келе жатып, қолыңызбен жүзу қимылымен көшкіннің бет жағында, шет жағына жылжып жылдамдығы аздау жерде болуға тырысыңыз. Көшкін тоқтаған уақытта бетіңіз бен кеудеңіз тұсынан ашық жер жасаңыз, бұл дем алуға көмектеседі. Егер мүмкіндік болса жоғары қарай жылжыңыз. Көшкін арасында жатып айғайламаңыз, себебі қар дауысты жібермейді, айғай мен бос қимылдар сізді күшіңізден, ауа мен жылудан айырады. Өзіңізге ие болыңыз, ұйықтауға жол бермеңіз, есіңізде болсын сізді іздеп жатыр (көшкін астынан бесінші, тіпті он үшінші күні адамдарды құтқарған оқиғалар белгілі)  Көшкін түскеннен кейін не істеу керек

Егер сіз көшкіннің түскен орнынан тыс жерде болсаңыз, болған оқиға туралы қалай да болсын жақын жердегі елді мекеннің әкімшілігіне хабарлаңыз да, адамдарды іздеуге, құтқаруға кірісіңіз. Қардың астынан шыққан соң өзіңіз немесе құтқарушылардың көмегімен денеңізді қарап шығыңыз және қажет болса өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Жақын елді мекенге жеткеннен кейін, жергілікті әкімшілікке болған жағдай туралы хабарлаңыз. Деніңіз сау деп ойлап тұрсаңыз да медпунктке немесе дәрігерге барыңыз. Ары қа арай дәрігердің немесе құтқару жасағының нұсқауы бойынша жасаңыз. Туған туысқандарыңызға жағдайыңыз бен қайда екеніңізді хабарлаңыз.