Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бж сессия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
148.31 Кб
Скачать

1. Боран, дауыл және қатты желдер, зардаптары, тiрi қалу жолдары

Дауыл– бұл үлкен көлемді, жылдамдығы сағатына 120 метр, ал жерге жақын жерлерде сағатына 200 км ауа құйыны. 

Боран –ұзақ соғатын, жылдамдығы сағатына 20 сек. өте қатты жел. Әдетте циклон өткенде байқалады, теңізді қатты буырқантып, құрғақта қиратады.

Құйын – күн күркірегенде бұлтта пайда болып, төмен, көбінде жердің бетіне дейін тарайтын диаметрі ондаған, жүздеген метр бұлт жеңі немесе піл тұмсығы тәрізді ауа құйыны. Бұлтпен бірге қозғалып, ұзақ болмайды.

Бұлар сияқты табиғи құбылыстарда адамдар үшін қауіптісі жолдар мен көпір беттерінің, имараттардың, электржеткізгіштер мен байланыс желілерінің, жер үстіндегі құбырлардың бұзылуы, сонымен қатар адамдардың қатты жылдамдықпен ұшып жатқан қираған имараттар, шыны сынықтарынан жарақаттануы болып табылады. Сонымен бірге ғимараттар толық қираған жағдайда адамдардың мерт болуы және жарақат алуы мүмкін. Қарлы және шаңды боран кезінде далалар, жолдар мен елді мекендерді қар басып қалуы, шаңның жиналуы («қара дауыл») және судың лайлануы қауіпті. Дауыл, боран мен құйындардың негізгі сипаты жел жылдамдығының күшеюі, ауа қысымының күрт төмендеуі, нөсер жауын мен дауылдың суды айдауы, қардың қарқынды жаууы мен шаңның қатты соғуы. Егер сіз дауыл, боран, құйын соғу қаупі бар аудандарда (Ресей федерациясының Алыс-шығыс, Орталық және де басқа экономикалық аудандары) тұратын болсаңыз, төмендегімен танысыңыз:

- жақындап келе жатқан табиғи зілзала туралы хабарлау дабылдарымен, адамдарды қорғау тәсілдері және ғимараттардың (имараттар) қатты жел мен дауылдың суды айдауы әсеріне төзімділігін жоғарылату туралы;  - дауыл, боран және құмды бұрқасын, құйын болған кездегі адамдардың әрекеті туралы ережелермен;  - дауылдар, құйындар, дауылдың суды айдауы, қарлы, құмды құйындардың салдарын жою тәсілдерімен, құралдарымен, сонымен қатар қираған ғимараттар мен имараттардың астында қалған, зардап шеккендерге көмек көрсету тәсілдерімен;  - жақындағы жертөлелер, ықтар мен неғұрлым мықты төзімді ғимараттарда сіздің отбасыңыз, туыстарыңыз бен көршілеріңіз паналайтын орындармен;  - қауіптілігі жоғары аймақтардан ұйымдастырылған көшіру кезіндегі шығу жолдары мен орналастыру аудандарымен;  -Өзіңіздің елді мекеніңіздегі АҚ және ТЖ басқармалары, төтенше жағдайлар жөніндегі әкімшілік пен комиссиясының мекенжайлары мен телефондарымен. Дауыл туралы дабылды естігеннен кейін келесі әрекеттерге көшіңіз: шатырды, пеш және желдету құбырларын бекіту;  -шатыр жайларының терезелерін бекіту (тақтайдан жасалған қалқандармен, шарбақтармен немесе қаңылтырмен), балкондар мен аула аумағын өрт қауіпті заттардан босату; - қауіпсіз аудандарға көшіру жағдайына 2-3 тәулікке жететін азық-түлік пен су және өзі жанатын жарық көздерін (фонарьлар, керосин шамдары) дайындау; - жеңіл құрылыстарынан неғұрлым мықты құрылыстарға немесе азаматтық қорғаныстың қорғау имараттарына көшіңіз.

Дауыл, боран, құйын кезінде қалай әрекет ету керек Егер дауыл, боран, құйын сіз ғимаратта болғанда басталса, терезеден аулақ тұрыңыз да, жайдың ішкі жақ қабырғаларының жанында, дәлізде, құрылған шкафтардың қасында, жуынатын бөлмелерде, дәретханада, қойма, мықты шкафтарының жанында, үстелдің астында қауіпсіз орындарға тұрыңыз. Пештегі отты, электр энергиясын өшіріңіз, газ желілерінің шүмектерін жабыңыз. Қараңғы уақытта фонарьлар мен шамдарды пайдаланыңыз, АҚ және ТЖ басқармалары, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының ақпараттарын есту үшін радиоқабылдағышты қосып қойыңыз, мүмкіндігінше терең паналарда, жерқоймаларда отырыңыз.  Егер дауыл, боран, құйын сіз елді мекеннің көшесінде жүргенде басталса, неғұрлым жеңіл құрылыстар ғимараттар, көпірлер, электр өткізгіш желілер, діңгектер, тоғайлар, өзен, көлдер мен өндіріс обьектілерінен алыс жүріңіз.  Ұшып жатқан шыны сынықтарынан қорғану үшін қаңылтыр, қатты қағаз немесе пластик жәшіктер, тақтай немесе қолда бар кез-келген заттарды пайдаланыңыз. Тезірек елді мекендегі жертөлелерде, жерқоймалар мен радияцияға қарсы паналарда тығылуға тырысыңыз. Зақымдалған ғимараттарға кірмеңіз, себебі қайта соққан желде құлауы мүмкін. Қарлы боранда ғимараттарға тығылыңыз. Егер далада немесе ауыл жолдарында келе жатсаңыз уақ-уақ тазаланып отыратын, және сізге көмек берілу мүмкіндігі бар басты жолға шығыңыз. Шаңды құйын кезінде бетіңізді дәкемен, шытпен, мата қиындысымен, көзіңізді көзілдірікпен жабыңыз.

Құйынның жақындауы туралы дабыл түскен кезде дереу ық жерге, үй жертөлесіне немесе қоймажайына түсу керек, немесе төсектің, басқа да жиһаздың астына кіру қажет. Егер құйын сіз ашық жерде жүргенде басталса, жол шетіне, шұңқырға, орларға, тар сайларға тығылып, басыңызды киіммен немесе тоғай бұтақтарымен жауып жерге жақын жатыңыз. Автомобильде қалмаңыз, шығып, жоғарыда көрсетілгендей тығылыңыз.

 

2. Сел, оның  пайда  болу  себептері, оған  қарсы  қауіпсіздік шаралары

Сел – бұл қысқа мерзімді, лай мен тас араласқан, таулы жерлерде болатын су тасқыны. Олар еріген қар мен мұздың, жауын-шашынның салдарынан тау өзендерінің тасуы негізінде болады. Қазақстанның таулы аймақтарындағы сел тасқындары жылдың жылы мезгілдерінде (мамыр-қыркүйек) болады.

Сел тасқынының биіктігі 10-20 метрге дейін барады. (жекелеген жағдайларда 40-50 метрге дейін жетеді), жылдамдығы тау өзендерінің жылдамдығына жақын (3-5 м/с артық). Сел тасқынынан аман қалу мүмкін емес, сондықтан сел қаупінің алдын алу шараларына үлкен мән беріледі.

Сел қаупінің белгілері:

1) Сел қаупі басым аймақта нөсер жаңбырдың жиі жаууы;

2) Ауа температурасының тез әрі ұзақ уақыт жылы болуының салдарынан таудағы көлдердін суға толып, сел қаупі бар өзендердің тасуы;

3) Көлдегі су деңгейінің тез төмендеуі немесе оның бетінде өзен дамбысын бұзатын қуыстың (воронка) пайда болуы.

4) Көл дамбысын бұзуға әкеліп соғатын жер сілкінуі.

Сел қаупі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіздік шаралары:

1. Таудағы жағдай туралы баспасөз хабарларын ұдайы қадағалаңыз.

2. Сел қаупі бар биіктікте қатты нөсер жауа бастаса жылдам кетіңіз.

3. Сел тасқынына 50-70 м артық жақындамаңыз.

4.Тік жартас пен құлама беткейдің жанына тоқтамаңыз, өйткені тасқынның соққысынан сырғыма мен опарылма түсуі мумкін.

5. Сел араларымен жүрген кезде адамдардың арасындағы қашықтық кемінде 20-30 м болға тиіс.

6. Сел қаупі бар арналардың, өзен бөгеттерінің жанына демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз.

7. Сел тасқынының белгісін сезген бойда арнадан қашығырақ кетіп, тау беткейі бойынша мүмкіндігінше жоғары көтеріліңіз.

8. Сел тасқыны өткеннен кейін селдік арнаға түспеңіз, өйткені ол қайталануы мүмкін.

 

9. Арнаға төмен түскен кезде және онымен жүрген кезде, әсіресе ой-шұңқырдан аса сақ болыңыз.

10. Морендік – мұздақтық кешенде және оның бойымен сел тасқыны қаупі болмайтын немесе өте сирек болатын кезеңде, ең жақсысы, ауа температурасы қалыпты кезде жүру ұсынылады.

11. Үйінділер бейберекет жатқан, сондай-ақ мұздақтан немесе қар көшкінінен пайда болған кедергілері бар өзен бөгеттерінің жанынан жүрмеңіз.

3. Қан кету түрлері, қан кетуін тоқтату әдістері

Қан жүру арнасынан қанның шығуы қанның ағуы деп аталады. Қан ағуының себептері: Қан ағу – жарақаттану, тамыр қабырғасының іріңдеп желінуі, тамыр қабырғасының өткізгіштігінің немесе қан химизмының бұзылуы салдарынан тамырдың бүтіндігінің бұзылуынан пайда болады. Қан ағуларының түрлері Жарақаттанған тамырдың өзгешелігіне және түріне қарай қанның ағулары төмендегі түрлерге бөлінеді.Қызыл қан тамырларынан қан ағу. Бұл қан ағудың ең қауіпті түрі. Үлкен қызыл қан тамырларының зақымдануында бірнеше минуттан кейін адам өліп кетуі мүмкін. Белгілері – ашық қызыл түрдегі қан шүмектеп, шапшып ағады. Тамырдың орталық бөлімін қысқанда қан ағуы тоқтайды.Көк тамырдан қан кету. Қызыл қан тамырынан ағудан көк тамырдан қан ағудың ерекшелігі, бұнда қан бір қалыпта, бәсең ағады, түрі қара қошқыл. Тамырдың орталық бөлімін қысқанда қан ағуы тоқтамайды. Үлкен көк тамырларының, әсіресе, мойын, кеудк аймағы зақымданғанда ауаның тамырға сорылып кіруінен ауа эмболиясы салдарынан өлім – жітім болады. Ауа «тығыны» жүректің оң жақ бөлімдерін немесе өкпе қызыл қан тамырын тығындайды. Бұл қан қозғалысының кенеттен бұзылуына әкеледі. Үшінші түрі – аралас ағу түрі болып есептеледі. Ұзақтығына қарай – жедел және созылмалы: қайталауына байланысты – бір рет қайталанған, көп рет қайталанған болып бөлінеді. Капилярлық қан ағу. Жараның барлық беті қанайды. Қан түрі бойынша артериялық және көк тамыры қандарының арасындағы орталық жағдайда болады. Қан ағуы қауіпті, мысалы, гемофилияда, сепсисте, өйткені бұнда қан ұюының бәсеңдеуі байқалады. Әдетте капилярлық қан ағулар өз-өзінен тоқтап қалады. Паренхиматоздық қан ағу. Бұндай қан ағу ішкі мүшелердің: бауырдың, талақтың, өкпенің, бүйректің барлық тамырларының (артерия, көк тамыр, капиллярлар) зақымданғанда байқалады. Бұл қан ағу өте қауіпті, себебі паренхиматозды мүшелер дәнекер тірегі (строма) тамырлар қабырғасын ұстап тұру себебінен олардың қысылмауы, сондай-ақ паренхиматоздық мүшеде антикоагулянттық заттардың болуына байланысты, тромбо болмау нәтижесінде өз-өзінен тоқтауға мүмкіншілік болмайды. Қан ағулар, бірінші ағу (тамыр зақымданғаннан соң бірден басталады) және екінші ағу (тоқтатылғаннан кейін біраз уақыттан соң пайда болады, мысалы, операциядан кейін жіп жылжып кетеді немесе жараның қабыну жағдайында тамырдың іріп шіруі себеп болады). Сондай-ақ қан ағулар сыртқа ағу (қан жарадан қоршаған атмосфераға ағады) және ішке ағу (қан тұйық қуысқа ағады, мысалы, іш қуысы, көкірек қуысы, тканьдарға және т.б.). Қан ағулардың кейінгі түрі көбінесе жарақаттан соң ішкі мүшелердің бауырдың, талақтың және т.б. зақымдануларынан болады. Жедел қан ағудың клиникалық белгілері (жедел қан аздық) тері және кілегейлі қабықтарының бірден бозаруымен басталады. Беті қуарып, жүдеу тартады, көздері шүңірейеді, артериалдық және көк қан тамыры қысымы төмендейді, тамыр соғысы жиілейді, толуы осал, жіптей болады, дем алуы жиіленеді, басы айналу, жалпы әлсіздік, шөлдеу, көздерінің қарауытуы, жүрегі айнып, кейде құсық пайда болады. Қан жоғалтуда оттегінің көп жетіспеуі себебінен дем алу орталығының сал болуы және жүрек жұмысының тоқтауы нәтижесінде адам өлуі мүмкін. Әлсіз науқастарда (аш болу, шаршау, рухани жүйке жарақаты, шок және т.б.) тіпті азғантай қан жоғалтудың өзі-ақ өлімге жеткізуі мүмкін.