Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ркен толын баяндама.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.31 Кб
Скачать

2.3 XX ғ. Басындағы Швецариядағы экономикалық мұрағаттардың қалыптасуы

Германиядан кейін, 1910 жылы Швейцарияда Экономикалық мұрағат – Базельде, коммерциялық және индустриалды мұрағат - Цюрихе қаласында құрылды. Олардың дәрежесі Кельонск мұрағатымен тең дәрежеде деуге болады, себебі олар аймақтық құжаттамаларды зертеумен айналысты. Десе де, олар Базельдік мұрағат дәрежесінен төмен болды. Себебі Базелбдік мұрағаттың негізі Швейцария тарихының жалпыұлттық экономикалық мәселелері болды. Швейцарияда орталықтандырылған экономикалық мұрағат жүйесін құру - тарихи деректердің сақталуын жеке бөлім ретінде қарастыру, экономикалық ведомствалық орталықтарды құру болды. Базельдік мұрағат тек қана Швейцария мекемесі ғана емес, сонымен қатар шаруашылық құжаттарымен индустриалды құжаттарды келешек ұрпаққа қалдыруды көздеді.

Экономикалық мұрағаттардың толықтыру көздері мемлекет сауда-саттық палаталары, коммерциялық банктер сауда компаниялары, өндірістік мекемелер, акционерлік қоғамдар жаңа мемлекеттік мұрағаттың толықтыру көзі болып саналды.

1910 жылы 7-ші Желтоқсанда аталған жобаға мемлекет тарапынан 2000 Швейцарлық франк бөлінді. Экономикалық мұрағат үшін 9500кв м құрайтын Базелдік мұрағат аз уақыт ішінде әртүрлі қолжазбалар мен олардың тарихи құндылығын зерттеу негізінде экономикалық мұрағат дәрежесін арттырды.

Мұрағат құрамына:

  • Мемлекеттік іс шаралар түсіндірмесі,

  • Акционерлер жиналысының хаттамалары,

  • Регламенттер,

  • Есеп беру құжаттары,

  • Бухгалтерлік кітаптар,

  • Есептер,

  • Сызбалар,

  • Жобалар,

  • Мекемелердің хаттары және т.б. Щвейцария құжаттары сақталды.

Аталған құжаттар 18-20ғасыр аралығындағы құжаттар негізіне арналды. Мұрағатта құжаттар әр түрлі топтарға, салаларға байланысты бөлінді. Мұрағатқа келіп түскен архив ұжаттары ең алдымен кіріс кітапшасына белгіленуі тиіс. Кіріс номері арқылы архивке келіп түскен құжаттарды табы және пайдалануға ыңғайлы жүйе деп көрсеткен. Кіріс кітапшалары архивтік заңдар мен талаптарға сай жүргізіліп отырды, сонымен қатар мұрағатқа келіп түскен әр құжатқа жеке номер берілді және сол номер негізінде құжат архив мұрағатына тапсырылады. Келіп түскен құжатқа тіркеу номерінен басқа белгі яғни ол құжаттың келіп түскен уақыты, күні белгіленуі тиіс.

Мұрағаттың ыңғайлы әрі қолайлы жүйесіне қараамастан жекеменшік фирмалар өз құжаттарын мұрағаттық қорларға тапсыруға қарсы болды. Осыған қарамастан Базель мұрағаты жеке қорлар, құпия қорлар деп саналатын қор жүйелерін артырды. Базельдік мұрағат қорында 12000мұрағат қорлары мен құжаттары, тарихи деректер пайдаланушыларға қол жетімді болды.

Базельдік мұрағат қорының құрамына:

  • Щвейцарлық фирмалар құжаты;

  • Білім жүйесінің құжаттары;

  • Коммерциялық құжаттар;

  • Сауда-саттық құжаттары,

  • Кітап журналдар, экономика саласына байланысты мерзімді басылымдар;

  • Жарнамалық плакаттар және т.б.

Аталған қорлар бойынша мұрағат құжаттары қор болып толықтырылды. Базельдік мұрағаттығ пайда болуымен әр түрлі методикалық, ғылыми-зерттеулер негізінде проблемалар пайда бола бастады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]