Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ркен толын баяндама.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.31 Кб
Скачать

2.1 XX ғ. 70-90 жж. Батыс Еуропадағы бизнес мұрағаттардың дамуы

Мұрағаттану саласындағы бизнес мұрағат немесе экономикалық мұрағаттар туралы зерттеу жүргізген ғалымдар И.В. Карапетянц пен Н.В. Брожтовская өз еңбектерінде XX ғ. 70-90 жж. Батыс Еуропадағы бизнес мұрағаттардың дамуының жаңа сатысына жан-жақты талдау жүргізеді. Шетел экономикалық мұрағаттарын зерттеуде И.В. Караптеянц 1970 жылдардағы қаржы-шаруашылық және өндірістік технология салаларындағы құжаттардың әртүрлігімен ерекшеленеді деп атап көрсетті. Сонымен бірге бұл кезеңде қоғамдағы өзгерістер экономикалық мұрағат құжаттарын мемлекеттік ұйымдар мен жеке кәсіпорындардың да ғылыми қолданбалы мақсатта да қолдануымен ерекшеленеді. Себебі жеке кәсіпорын мұрағаттары құжаттары толықтығымен, обьективтігі мен шынайылығы ол құжаттардың құндылығын арттыра туседі. Ғылымға сүйенген экономиканың дамуына байланысты арнайы компаниялардың зерттеулері негізінде, кәсіпорындарда жаңа инновациялық технологиялардың көптеп енгізіле бастады. Жаңа технолгиялардың енгізілуі компаниялар мен фирмалардың жетекші ірі алпауыт компанияға айналуына алып келді. Нәтижесінде өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және т.б. Мұрағаттанушылар үшін экономика саласына ҒТР әсерінен, бизнес мұрағат қорының оптималды ауқымының сақталуы — үлкен ғылыми маңызы бар мәселе болды. Сондықтан да сақтауға қалдырылатын құжаттардың санын қысқарту жолдарын іздестіру, бірақ ғылым мен мемлекеттің елдің саяси, экономикалық, мәдени және басқа да салалары туралық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілу зиян шекпеуге тиіс болды. Ғылыми техникалық мұрағат құжаттары халық шаруашылығы, ғылым мен техника саласындағы аса құнды және жаңа жетістіктерін көрсететін ғылыми техникалық құжаттамаларды сақтау, есепке алу және пайдалануды қамтамасыз етуді орталықтандыру жұмыстарын атқара бастады. Ғылыми техникалық прогрестің қарқынды өсуі мен дамуы, жобалау ұйымдарының конструкторлық сызбалары мен ғылыми зерттеу институттарының бірегей компьютерлік бағдарламалары, жұмыстарды санды орындаудың жаңа жұмыс әдістеріне көшуін есепке ала отырып жаңа технологиялар енгізу бойынша жұмыстар атқарып отырған. Сонымен ХХ ғасырдың соңында компьютерлік технологиялар адам шығармашылығның барлық салаларына және мұрағат мекемелеріне ене бастады. Мұрағат саласына ақпараттық технологиялардың енгізілуі, құжаттық ақпаратқа қол жеткізу, мұрағаттық ақпарат секілді байлыққа ғылыми анализ жасау және жаңа мұрағаттық эвристиканы қалыптастыруға қол жеткізеді. CD және DVD секілді тасымалдаушыларда құжаттарды және анықтамаларды жариялай білу және әлемдік киберортаға мұрағаттық ақпарат деректерін интеграциялауға өз әсерін тигізеді.

Біз мұрағат ісін ақпараттандыруды 4 кезеңдерге бөлеміз:

  1. ХІХ ғасырдың соңы – 1950 жылдар;

  2. 1950 жылдың бірінші ширегі – 1970 жылдың бірінші ширегі;

  3. 1970 жылдың екінші ширегі – 1980 жылдың бірінші ширегі;

  4. 1980 жылдың екінші ширегі – қазіргі таңға дейін.

Мұрағат ісін автоматизациялау және механизациялау электронды есептегіш машиналар, ақпаратты тасымалдаушылар тарихымен тығыз байланысты. Жоғарыда аталған кезеңдердің өзіндік ерекшеліктері бар. Оларға нақты тоқталатын болсақ;

Бірінші кезең – мұрағат ісін механизациялау негізінен ведомствалық мұрағаттарда іс жүзіне асты. «Кіші механизация» құралдары сирек болғанымен көбіне матрикалық ақпарат тасымалдаушылармен (перфокарта, перфолента және кодекс) шектелді, сондай–ақ халық санағында, өндірісте жобалау мен есептеуде белгілі талаптарды шешуде есептеу–перфокарталық құралдар қолданыста табылды.

Екінші кезең – бұнда мұрағат ісін ақпарттандыру мұрағаттарда қолданылатын техника мен бағдарламанаң дамуымен ғана емес, сонымен бірге информатиканың дамуымен оның тарих ғылымына соның ішінде мұрағаттану саласына тигізген әсерімен ерекшеленді.

Үшінші кезең – болса жергілікті және мұрағат аралық ақпараттандырылған іздестіру жүйелері (АІЖ) пайда болуымен және тәжірибесімен анықталады. Аталмыш кезең негізінен ақпараттандырылған іздестіру жүйелерінің қолданылуы ақпаратты тасымалдаушылардың (микропленкалар, магнитті ленталар, дискілер), техниканың алмасуымен сипатталады. Осы кезеңде алғаш рет машинада оқылатын құжаттардың сақталу мәселесі көтеріле бастады.

Төртінші кезең- мұрағат саласындағы компьютеризациялау жұмыстары жүргізіле бастады. Енді экономикалық мұрағаттарда да құнды құжаттарды сақтау жұмыстары барысында микрофильмдеу жүргізіле бастады.

1973 жылдан бастап Батыс Еуропа елдерінде экономика саласындағы ынтымақтастық ЕЭҚ аясындағы Ұлттық шаруашылық жүйесіндегі тәжірбие алмасуда экономикалық мұрағат құжаттарының құндылығы арттыра түсті. XX ғ. 70-90жж. Әлемдік нарықта Батыс еуропалық компаниялардың іріленіп енді трансұлттық компанияларға айнала бастауы, бизнес құжаттарын бір орталыққа топтастыру үшін компаниялардың бас ғимараты жанынан бизнес мұрағаттар құрыла бастады. Себебі : басқа елдердегі компаниялардың өкілдіктерінің құжаттары маңыздылығына қарай осы орталыққа жинақталған.

Батыс Еуропалық мемлекеттер Экономикалық мұрағаттар қызметін ұйымдастыруға байланысты халықаралық ынтымақтастықта ортақ Халықаралық Стандартар мен құжаттарды сақтауды бірізділікке салуда заңдар қабылдады. Мысалы Іскерлік құжаттарды рәсімдеуге байланысты ИСО 9000 стандартының қабылдануы Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы келісім шарттарға сәйкес, сауда және баға тарифтеріне байланысты ұлттық заңдардың және ережелердің негізінде жасалатын құжаттар осы стандарттармен рәсімделетін болды. Сондықтанда экономикалық мұрағаттардағы құжаттарды топтастыру, сақтау және жариялау жұмыстары осы халықаралық стандарттармен реттеліп отырған.

ИСО 5966-82 Халықаралық стандартты ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытынды есептерін рәсімдегенде, ғылыми-техникалық жұмыстарының есептік көрсетікішін осы стандарттың ережелеріне сәйкес рәсімдеуге тиіс. XX ғ. соңғы ширегіндегі мұрағат саласындағы халықаралық бағдарламалардың ықпалымен экономикалық мұрағаттардың да қызметінде өзгерістерге ұшыратты. Экономикалық мұрағаттар Халықаралық Мұрағат Ұйымы аясында «Халықаралық Ұйым мұрағаттарының анықтамалығы». Бұл анықтамалықты жасау жұмыстары ХМҰ мамандарының қатысуымен 1971 жылы Бонн қаласында басталды. Анықтамалықта БҰҰ жанынан құрылған 48- экономикалық және ғылыми- техникалық зерттеу институттарының құжаттарының мәліметтері енгізілген. Мысалы: Сауда және даму ұйымы (CNUCED), Халықаралық Еңбек Ұйымы (BIT), Интеллектуалдық меншіктің бүкіләлемдік ұйымы (OMPI), Телекоммуникаций саласындағы Халықаралық Ұйымы (UIT) құжаттары туралы мәлімет береді. Бұл анықтамалық жасау жұмысы 10-жыл бойы жасалып 1984 ж.жарияланды. 1979 жылы Батыс Еуропа мен АҚШ елдерінің ЮНЕСКО аясында Мұрағаттану және құжаттану саласында ықпалдастықтар нәтижесінде ұзақ мерзімді бағдарлама (RAMP) қабылданды. Бұл бағдарлама аясында кәсіпорын мұрағаттарын елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші болып табылатын тарихи деректерді қалыптастыруға, сақтауға байланысты мемлекеттік қолдаулар жасалды. 1976 жылы Вашингтонда өткен VIII Халықаралық Мұрағатшылар конгрессінде Дат мұрағаттшылары Экономикалық мұрағат құжаттарын құндылығын сараптау жұмыстарына байланысты өз жобаларын ұсынды. 1983 ж. RAMP бағдарламасы аясында Мұрағат қоры құжаттары мен істерін ұйымдастыру сияқты, кәсіпорын мұрағаттары құжаттарын топтастыру үшін ұсынымдар дайындалды.«Методологические директивы в области составления путеводителей по национальным архивам».

Сонымен бірге кәсіби мұрағатшы мамандарды дайындау ісіде ХМҰ өзекті тақырыптарының бірі болды. Бұл мәселе туралы алғашқы пікір білдіріп Ф.Б. Эванс «Американский архивист» журналына «мұрағатшы ма әлде құжаттарды басқарушы ма» деген мақала жариялады. Мамандарды дайындау мәселесі ХМҰ конференцияларында 1970 ж. Иерусалимде (Израиль), 1983 ж. Братиславте (ЧССР), 1984 жылы ХМК де Боннда өткен (ФРГ)және 1992 ж. Монреалда (Канада), 1994жылы ХМҰ конференциясында Ставанжерде (Норвегия) талқыланып Монреаль конгрессе швед архивисті Г. Рабчик ұтымды пікір білдіріп нүкте қойғандай болды. Оның пікірінше

Кәсіпорын мұрағат маманы болу үшін, тек мұрағатшы білімімен бірге жанжақты кәсіби әмбебап маман болу керек деген пікірі көпшіліктің қолдауымен бекітілді.

1970—1995 жж Германияның Экономикалық мұрағаттарының мамандары теориялық, методикалық-іс тәжірбиелік жұмыстардың дамуын жақсарту мақсатында жобалар жасады. Себебі Нарықтық қатынастарға өтуде ретроспективтік құжаттарды зерттеп қоғамды дамыту мақсатында жоспарлар жасауға ықпал етеді деп қызығушылық таныта бастады. Екінші экономикалық мұрағаттардың құжаттары тек мемлекеттік мұрағаттың ақпараттық маңыздылығы мен емес ол құжаттарды ұлттық құндылық деп танылуы мақсатында.

1970 жылдан бастап, Германия тарихнамашылары ортасында елдің индустриалды және постиндустриалды қоғамын, статистикалық есептермен әлеуметтік экономикалық және қаржы саясатының құжаттарын қолдана отырып зерттеу жүргізе бастады. Белгілі тарихшы-экономисттер В. Абельшаузер, X. Кейзеветтер, Г. Ашауэр өз зерттеулерінде аумақтық фирма мұрағаттары мен салалық орталықтардың құжаттарын деректік қорын пайдаланды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]