Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-blok_fiz_zhauaptary-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.31 Кб
Скачать

7. Аносмия, паросмия, дизосмия, иістік галлюцинациялар.

Иіс сезудегі сезімталдықтың төмендеуі, ажырату табалдырығының өсуі - гипосмия, жойылуы - аносмия, иісті теріс түйсіну - паросмия деп аталады. Сонымен бірге белгілі бір иіс тітіркендіргіштері болмаған жағдайда да жалған түйсік - иллюзия мен галюцинация (елестеушілік) пайда болуы мүмкін. Иіс талдағышының ерекшелігі оның сезгіш талшықтары алмас-пайды, яғни мидың қарсы сыңарына ауыспайды.

Иіс буылтығынан шығатын талшықтар бірнеше будадан түрады, олар алдыңғы мидың әртүрлі бөлігіне бағытталады. Бүл жолдардың ми қыртысындағы жобаланыслары үласа байланысқан орталықтар қатарына жатады. Өйткені олар иіс жүйесінің басқа сезім жүйелермен байланысын қамтамасыз етіп, осы негізде бірнеше күрделі тағамдық, қорғаныс, жыныстық т. С. С. Қызмет атқарады.

Иіс талдағышының сезімталдығы өте зор. Адам бірнеше мың әртүрлі заттардың иісін ажырата алады. Алайда ондай қабілет иттер-де 3-6 есе артық болады. Иісті заттың бір молекуласы бір қабылда-ғышты қоздырады, ал бірнеше қабылдағыштағы қозу түйсік туғыза-ды. Белгілі бір иіс тітіркендіргіші әсер еткенде үлкен ми сыңарлары қыртысында жоғары қозғыштықтың түрақты ошағы пайда болады. Мүндай жағдайларда иісті басқа әртүрлі заттар әсер еткенде де түйсінуге болады.

Бүл жолдардың ми қыртысындағы жобаланыслары үласа байланысқан орталықтар қатарына жатады. Өйткені олар иіс жүйесінің басқа сезім жүйелермен байланысын қамтамасыз етіп, осы негізде бірнеше күрделі тағамдық, қорғаныс, жыныстық т. С. С. Қызмет атқарады.

Иіс талдағышының сезімталдығы өте зор. Адам бірнеше мың әртүрлі заттардың иісін ажырата алады. Алайда ондай қабілет иттер-де 3-6 есе артық болады. Иісті заттың бір молекуласы бір қабылда-ғышты қоздырады, ал бірнеше қабылдағыштағы қозу түйсік туғыза-ды. Белгілі бір иіс тітіркендіргіші әсер еткенде үлкен ми сыңарлары қыртысында жоғары қозғыштықтың түрақты ошағы пайда болады. Мүндай жағдайларда иісті басқа әртүрлі заттар әсер еткенде де түйсінуге болады.

9. Тілдің дәм сезу картасы. Дәм сезу емізікшелерінің жіктемесі.

Дәм сезу мүшесі ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды. Дәм сезу рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде, жиегінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасады. Дәм сезу рецепторлары тағамның химиялық құрамын жақсы сезеді. Әсіресе тәтті, ащы, тұзды, қышқылдың әсерін сезеді. Тілдің сілемейлі қабықшасында дәм сезу емізікшелері мен бүртіктері болады. Бүртік жасушаларының ұшында 40-50-дей жіңішке түтікшелер орналасқан. Тамақ заттары дәм сезу жасушаларының түтікшелерін тітіркендіреді. Қозу дәм сезу рецепторларынан тілге келетін жүйке талшығы арқылы сопақша миға, одан ортаңғы мидағы көру төмпешіктері мен ми қыртысына беріледі. Тілде сезімтал рецепторлар біркелкі орналаспайды. Мысалы, тілдің ұшы тәттіні, артқы бөлігі ащыны, жиегі қышқылды, ұшы мен жиегі тұздыны сезеді.

10. Иіс сезу сенсорлық жүйесінің морфофункционалдық құрылысы.

Иіс сезу - заттың иісін қабылдау. Иісті қабылдайтын иіс сезу жасушалары мен рецепторлар мұрын қуысының сілемейлі қабықшасының жоғарғы жағында орналасады.Рецептор жасушалары шеткі қысқа өсінділер (15-20 мкм) мен ұзын орталық өсінділерден тұрады. Жасушаның денесі сілемейлі қабықшаға тереңірек еніп жатады. Иіс сезу жасушаларының шеткі өсінділерінің ұшы кеңейіп, жуандап, онда 10-12 үшкір түктер орналасады. Бұл түктер иісті заттардың молекулаларымен өзара әрекеттеседі. Иісті заттардың молекулалары мұрын қуысының сілемейлі қабығының беткі жағында болады. Бұл молекулалар мұрынның сілемейлі қабығындағы бездерден бөлінетін сұйықтықта ериді. Еріген заттар иіс сезу түктері мен оның жуан ұшын тітіркендіреді. Қозу иіс сезу жүйкесі арқылы ми қыртысының маңдай бөлігінде болатын иіс сезу орталығына өтеді. Осы орталықта заттың иісін сезу талданады. Иіс сезу мүшесінің рецепторлары тек газ тәрізді заттарға ғана тітіркенеді.

Иіс сезу анализаторы иіс сезу рецепторларының жиынтығынан, иіс сезу жүйкесінен және иіс сезу орталығынан құралады. Тағамның сапасын айыру, ауадағы зиянды газдардан сақтану үшін иіс сезудің маңызы зор. Иіс қабылдағыштарының бетінен тіркелетін электр көрсеткішін электроольфактограмма д.а.Иіс сезу мүшелерінде қозу тудыратын заттың ең аз мөлшерін оның табалдырығы деп атайды. Стереохимиялық теория б/ша заттың иісі оның құрамындағы бөлшектердің мөлшері, пішіні,көлемімен айқындалады.Иістің жіктемесі : камфора, жұпар, гүл, жалбыз, эфир, сасық иіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]