- •1.Көздің сәуле сындырғыш орталарынан сәуле қалай өтеді? Рефракция, аккомодация құбылыстары, олардың кемістіктері.
- •2, Жарықты, түсті қабылдаудың механизмін сипаттаңыз, олардың қарапайым бұзылыстары.
- •3. Фоторецепция механизмы (торлы қабаттадағы фотохимиялық процестер).
- •4.Ортаңғы құлақ құрылымдары арқылы дыбыс берілуінің механизмі.
- •5. Кортиев мүшесінің құрылысы. Перилимфа мен эндолимфаның құрамы мен қасиеттері.
- •6. Вестибулоспиналдық, вестибулоокулярлық, вестибуломишықтық жүйе, олардың организмде вегетативтік қызметтерді реттеудегі маңызы.
- •7. Дәм сезу, иіс сезу сенсорлық жүйелерінің рецепция механизмдері. Организмдегі маңызы.
- •8. Тері рецепциясы, оның механизмі.
- •9. Зерденің түрлері және қалыптасу механизмі.
- •10. Ұйқы мен гипноз ерекшеліктері. Ұйқының кезеңдері (орто- және парадоксальдық ұйқы). Ұйқының нейрохимиялық механимзі.
- •1.Көздің торлы қабығының қабаттарының физиологиялық маңызы неде?
- •2. Эмоцияның мінез-құлықтық және вегетативтік сипаттары.
- •3. Ұйықтау мен оянудағы нейромедиаторлардың, пептидтердің және биологилық активті заттардың маңызы.
- •4. Шартты рефлекстердің жіктемесі. Шартты рефлекстің түзілу заңдылықтары (шарттары).
- •5. Есту анализаторын сипаттаңыз. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың оррганизмдегі маңызы.Есту анализаторының адамның сөйлеу қабілетімен байланысы туралы.
- •6. Дәм сезу сенсорлық жүйесінің морфофункционалдық құрылысы
- •7. Аносмия, паросмия, дизосмия, иістік галлюцинациялар.
- •9. Тілдің дәм сезу картасы. Дәм сезу емізікшелерінің жіктемесі.
- •10. Иіс сезу сенсорлық жүйесінің морфофункционалдық құрылысы.
- •11. Теріде орналасқан рецепторлардың құрылысы мен жіктемесі.
- •2. Қарашық рефлексін зерттеу
- •3. Ольфактометрия жүргізу
- •4. Дыбыстың ауа және сүйек арқылы өткізгіштігін анықтау
- •5. Аудиометрия жүргізу
- •6. Температуралық сезімталдылықты анықтау (эстезиометрия)
- •7. Дәм сезу табалдырығын анықтау (густометрия)
- •8. Тері терморецепторларының жоғарғы және төменгі температуралар әсеріне бейімделуін анықтау
- •9. Түстерді араластыру тәжірибесін жүргізу
- •10. Көз аккомадациясын анықтау
- •11. Мариотт тәжірибесін жасау (соқыр дақты анықтау).
- •12. Есту өткірлігін ориентациялық бағалау
- •13.Дәм сезу рецепторларының функционалдық мобильділігін анықтау
- •14.Иіс сезу,дәм сезу және көру сенсорлық жүйелерінің байланысын анықтау
5. Кортиев мүшесінің құрылысы. Перилимфа мен эндолимфаның құрамы мен қасиеттері.
Ішкі құлақ ортаңғы құлақпен сопақша терезе арқылы байланысқан, сопақша терезеге үзеңгі сүйегі бекиді. Ішкі құлақта тепе-теңдік және есту аппараты бар. Есту аппараты- ұлу. Үлу ұзындығы 35 мм. Ол 2,5 иірімді құрайды. Ұлуда екі түрлі мембрана бар екі шеткі-іші перилимфаға толы, ортаңғы мембрана-эндолимфаға толы. Осы ортаңғы негізгі мембранада дыбыс қабылдайтын рецепторлар –кірпікшелі жасушалар бір қатарға тізілген (адамда 3500) кортиев мүшесі орналасқан. Дыбыс дірілі перилимфадан эндолимфаға, ал ол арқылы ұлуға беріледі. Есту жүйкесінің шеті орналасқан ұлудан дыбысты қабылдайтын жүйке клеткалары бар есту жүйкесі шығады. Дыбыс өткізгіш аппаратына құлақтың сыртқы, ортаңғы, ішкі бөліктері мен перилимфа, эндолимфа, геликотрема жатса, дыбыс қабылдағыш аппаратына кортий мүшесінің сезімтал клеткалары, ұлудың сүйекті бөлігіндегі спиральді түйін, есту жүйкесінің өткізгіш жолдары мен ядролары, ми қыртысының самай бөлігіндегі оң және сол жақтағы (ми орталығы) орталықтары жатады. Тепе теңдік сақтау мүшесі лабиринт.Ішкі құлақ – лабиринт деп аталады.Ол шеміршекті және сүйекті бөліктерге бөлінеді. Сүйекті лабиринт: кіре беріс, жартылай үш иірім өзектерден тұрады. Шеміршекті бөлігі сүйекті лабиринттің ішінде орналасқан.Оның іші мөлдір сұйық эндолимфамен, ал осы екі лабиринттің арасы перилимфамен толған.
6. Вестибулоспиналдық, вестибулоокулярлық, вестибуломишықтық жүйе, олардың организмде вегетативтік қызметтерді реттеудегі маңызы.
Қимылдарды басқарудағы вестибула аппараттарының маңызы. Вестибула аппараты қаңқа бұлшық еттеріне әсерін жұлын арқылы іске асырады. Вестибула жүйелерінің тітіркеністері дененің кейпін, кеңістіктегі бағытын және тепе-теңдігін басқарады. Вестибула тітіркеністері мотонейрондарға тежеуші әсер етеді. Алайда, әсерлердің белгілі бір күші мен жиілігі болған жағдайларда, қимыл тітіркеністерін мотонейрондар арқылы өткізген кезде, жеңілдену эффектісі болуы мүмкін.
Дене мен қол-аяқ қалпын реттеуші тітіркеністер, вестибула тітіркеністерімен жұлынның аралық нейрондарына әрекеттесе алады.
Вестибулалық жүйке орталықтары мишықтың төтенше әсерлерінде. Вестибулалық Дейтерс және мишықтың шатырлы ядросында бір бағыттық соматотониялық аймақтар бар. Мысалы, аяқ-қол бұлшық еттерінің тонусын реттейтін аймақ мишықта да, вестибула ядроларында да бар. Бұлшық ет тонусын мишық вестибула жүйелерінің тиісті аймақтары арқылы реттейді. Бұған қоса, бұлшық еттер тонусын ретеуші тітіркеністерді вестибула аппараттарынан алады.
Ми қыртысының аймағы бұлшық ет тонусын қимыл және вестибула аппарытының өрлеме тітіркеністерінің күші мен жиілігіне сай реттейді. Басқаша айтқанда, бұлшық ет тонусыеың вестибулалық бақылау құрамына үлкен ми сыңары, мишық, вестибулалық ядролар кіреді. Шытырман рецепторларының сигналдары қимылдардың бағытын, айналуды, еңкеюді, бағдарлау рефлекстерін, салмақ орталықтарының орнын ажыратады. Осындай түзетуші әсерлердің мүмкін болатын себебі; вестибула аппаратының анатомиялық құрылысының жалпы салмақ орталығына қатаң бағдарлануынан.
Вестибулалық ядролардың тітіркенулері көз нистамын туғызады. Вестибула ядроларының қозулы ретикула формациясының талшықтары арқылы бұрушы жүйке ядросына беріледі. Вестибулалық ядролардың көзді қимылдатқыш нейрондарымен байланыстыратын арнайы жолдары жоқ. Дәлірек айтқанда, нистагмды қозудың ми діңіндегі ретикулырлы формациясының арнайы емес жолдарымен таратылуының нәтижесі деп түсінген жөн.
Бұлшық ет әрекеттеріне вестибулалық бақылаулар спортшының функциялық күйіне байланысты. Мысалы, асыра машықтану пайда болған жағдайларда айналмалы сынақтарға деген төзімділік төмендейді; машықтанудың дәрежесі жоғары болған жағдайларда айналмалы сынақтарға вегатативтік реакциялар сирек байқалады.
Вестибулалық аппараттың жоғары тұрақтылығы салмақсыздық жағдайында ерекше маңызды. Тыныштық күйде салмақ күштер жоқ болған жағдайда, вестибула аппаратының функциясы жойылады. Бас еңкейіп тұрған қалпындағы айналулар үдеуі, вестибула аппаратының қозғыштығын көтереді. Мұндайда қатты тершеңдік, жүректің айнуы, лоқсу, құсу байқалады.
