Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-blok_fiz_zhauaptary-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.31 Кб
Скачать

6. Температуралық сезімталдылықты анықтау (эстезиометрия)

Керекті аспаптарды дұрыс таңдап алды:

• Термоэстезиометр (болат сыммен балқытылған шыны сауыт - термоқысқыш)

• 1 см² алаңдық саңылаулы трафарет

• Мұз

• Ыстық су (қайнаған)

Кушетка

Зерттелушіні кушеткаға жатқызды.Зерттелушінің терісіне трафаретті жабыстырдытрафареттің ауданында біркелкі орналасқан зерттелетін терідегі нүктелерге 1-2с аралығында 36 рет термоқысқышпен жанасу жүргіздітермоцепторлардың тығыздығын суықты сезетін рецепторлардан бастап, термоэстезиометрді жаншылған мұзбен толтырды.Ыстықты сезетін термоцепторлардың тығыздығын зерттеу үшін термоэстезиометрді ыстық сумен толтырды.Термоэстезиометрияны арқаның терісінде, алақанның сыртқы терісінде, сұқ саусақтың ұшында жүргізді.Алынған мәліметтерді салыстырып, айырмашылықтарына түсініктеме берді.

7. Дәм сезу табалдырығын анықтау (густометрия)

Студент өзін зерттелушіге таныстырды.

Қандай әрекетті жүргізуін қажеттігін атап өтті.

Керекті аспаптарды дұрыс таңдап алды:

• Концентрациялары көрсетілген төрт сериялы флакондар: қант ерітіндісінің, натрий хлориді ерітіндісінің, лимон қышқылы ерітіндісінің және хинин гидрохлоридінің (0,001%, 0,01%, 0,1%, 1%)

• Көз пипеткалары

• Суы бар стакан

Зерттелушіні орындыққа отырғызды.

Зерттелушінің тіліне ерітінділердің тамшысын (тілдегі дәм сезу топографиясын ескере отырып).

Зерттеуді минимальдық концентрациядан бастап, зерттелуші дәмді анық сезгенше дейін көтерді.

Әрбір сынаманы 10-12 с жүргізіп болған соң, зерттелушінің ауыз қуысын сумен шайғызды.

Әрбір сынаманы 1-2 мин аралықта жүргізді.

Алынған мәліметтерді арнайы кестеге енгізді.

Алынған мәліметтерді қалыпты жағдаймен салыстырды.

8. Тері терморецепторларының жоғарғы және төменгі температуралар әсеріне бейімделуін анықтау

Студент өзін зерттелушіге таныстырды.

Қандай әрекетті жүргізуін қажеттігін атап өтті.

Керекті аспаптарды дұрыс таңдап алды:

• Түрлі температуралық суы бар ыдыстар (10, 25, 40°С)

• Секундомер

Зерттелушіні орындыққа отырғызды.

Зерттелушінің алақанын ыстық (40°С) немесе суық (10°С) суға салдырып, оның терморецепторларының бейімделу уақытын, яғни суықты немесе ыстықты сезіну төмендеген уақытты анықтады.

Зерттелушінің екі қолының да алақан саусақтрын жылы суға (25°С) салдырды.

Зерттелушінің екі қолындағы сезім бірдей екенін анықтаған соң, бір қолын ыстық суға, екіншісін суық суға салдырды.

1-2 мин соң зерттелушінің екі қолын бір уақытта 25°С суға салдырды.

Контраст құбылысының пайда болғанын анықтады.

Терморецепторлардың суық пен ыстыққа бейімделу уақыттарын анықтады.

9. Түстерді араластыру тәжірибесін жүргізу

Студент өзін зерттелушіге таныстырды.

Қандай әрекетті жүргізуін қажеттігін атап өтті.

Керекті аспаптарды дұрыс таңдап алды:

• Түрлі түсті квадратты кестелер (қара және ақшыл фондағы сұр квадрат, қызыл және ақ фондағы сары квадрат, қызыл, жасыл, көк, сары, қара және ақ квадраттар)

Зерттелушіге түрлі фондағы квадратты кестелерге қарауын сұрады.

Зерттелушінің сұр квадратты кестесі қара фонда ақшыл, сары квадратты кестенің қызыл фонда жасылдау болып сезгенін сұрап анықтады.

Зерттелушінің ұзақ уақыт қызыл квадратқа, кейін ақ квадратқа қарауын сұрады, оның жасыл түсті квадрат сезгенін сұрап анықтады.

Осы әрекеттерді басқа түсті квадраттармен қайталап жасатты.

1-2 мин соң зерттелушінің екі қолын бір уақытта 25°С суға салдырды.

Түстік және жарықтық контраст құбылыстарының пайда болғанын анықтады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]