- •Мұнайдың химиялық құрамы, оның жанар-жағар майдың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •Мұнайдан жанар-жағар майларды алу
- •Мұнай шикізатынан сұйық жанармай алу
- •Мұнай өнімдерінің жалпы физико-химиялық көрсеткіштері
- •. Отынның түрлері, олардың сипаттамасы
- •Отынның іштен жану қозғалтқыштарындағы жануы және оған қойылатын талаптар
- •Бензинге қойылатын талаптар қандай?
- •Бензинннің қалдықтары,ассортименті, экологиялық талаптар
- •Бензиннің шығынын үнемдеу
- •Дизель жанармайының негізгі қасиеттері
- •Дизель жанармайының присадкалары
- •Дизель жанармайының шығынын азайту
- •Арі мотор майларын пайдалану қасиеттеріне байланысты сараптау
- •1999 Ж. 1 наурыздан бастап барлық майлар барынша жаңа асеа-98 талаптарына сәйкес болуы керек.
- •Транмиссиялық майлардың түрлері, қасиеттері, қолданылуы
- •Автокөліктердің гидрожүйелерінің майлары
- •Индустриалдық майлар
- •Пластикалық жақпалар
- •Жанар-жағар майлардың, және басқа материалдардың улылығы
- •Автокөліктерден зиянды және улы газдардың түзілуі
- •Автокөліктерде қолданылатын резина-техникалық бөлшектерді ата ,бөлшектерінің ақауларын, оларды сақтау жолдарын баянда
Автокөлік қозғалтқыштың жоспарлы ресурсының (жаңа ІЖҚ) 25 пайызынан аз мөлшерінде жүрсе барлықмаусымдық SAE 5W30 или 10W30 класындағы майлар;
Автокөлік қозғалтқыштың жоспарлы ресурсының (жарамды ІЖҚ) 25-75 пайызы мөлшерінде жүрсе жазда SAE 10W40, 15W40,қыста 5W30 и 10W30, немесе барлық маусымдық 10W30 класындағы майлар;
Автокөлік қозғалтқыштың жоспарлы ресурсының (ескі ІЖҚ) 75 пайызынан артық мөлшерінде жүрсе жазда SAE 10W40, 20W40,қыста 5W40 и 10W40, немесе барлық маусымдық 10W40 класындағы майлар;
Арі мотор майларын пайдалану қасиеттеріне байланысты сараптау
Категория S (бензинді ІЖҚ)
Категория С (дизельді ІЖҚ)
Майдың пайдалану шарттары мен қасиеттері бойынша алғашқы сараптамасы 1947 жылы Американың мұнай институтының ұсынысымен жасалған. Содан бері қарай ол бірнеше рет толықтырылды, бірақ майды екі категорияға бөлу "S" және "С" сақталды. "S" (Service) категориясы 4-тактылы бензинді ІЖҚ-на, "С" (Commercial) – дизельді ІЖҚ-на жіктеледі.
АРІ майларының пайдаланылу деңгейіне және сапаға қойылатын талаптың жоғарылуына қарай "S" тоғыз класқа (SA, SB, SC, SD, SE, SF, SG, SH и SJ) , ал «С» категориясы он класқа (CA, CB, CC, CD, CD-II, CE, CF, CF-2, CF-4 и CG-4) бөлінеді. Класты таңбалаудың сандары (CD-II, CF-2, CF-4 и CG-4) оның қандай ІЖҚ-да 2- немесе 4-тактылы ма, қолданылуын көрсетеді . Бензинді және дизель ІЖҚ-да қатар қолданылатын әмбебап майларда қосарланған таңбалар, мысалы SF/CC, SG/CD, SJ/SF-4 и т.б. қолданылады.
АСЕА сараптамасы
Автокөлік өкілдіктерінің Европалық ассоциациясы (АСЕА) 1996ж. бастап мотор майларының сынаудың европалық, сондай-ақ сынаудың физико-химиялық әдістерінің API, SAE и ASTM бойынша жалпыға бірдей америкалық тәсіліне негізделген жаңа сараптамасын енгізді.
1999 Ж. 1 наурыздан бастап барлық майлар барынша жаңа асеа-98 талаптарына сәйкес болуы керек.
АСЕА-98 және АРІ саратамаларының сәйкестігі
АСЕА-ға барлық автоқұрастырушы алыптар - BMW, DAF, Ford of Europe, General Motors Europe, MAN, Mercedes-Benz, Peugeot, Porsche, Renault, Rolls Royce, Rover, Saab-Scania, Volksvagen, Volvo, FIAT ж.б. кіреді.
А1, А2, А3 - бензинді ІЖҚ үшін майдың үш деңгейлі сапасы
В1, В2, В3, В4 - жеңіл ав-дер, жеңіл ав-дер базасындағы фургондар және жеңіл дизельді ІЖҚ-үшін майлардың төрт деңгейлі сапасы
Е1, Е2, Е3, Е4 - ауыр жүк көліктерінің дизельді ІЖҚ-үшін майлардың төрт деңгейлі сапасы
Майлау материалдары минералдық және органикалық болып бөлінеді. Минералдық (мұнайдан өңдеуден алынатын) майлар негізгі топты ( 90% ) құрайды. Органикалық –өсімдік немесе жануардан алынатын майлар – жақсы майлау қасиетіне ие, бірақ жоғары Т-ға төзімсіз.Сондықтан оларды таза күйінде пайдаланбайды, минералды майлардың сапасын арттыру үшін қосады. Майлардың бұл екі түрінің де кемшілігі Т-ның аз аралығында жұмыс жасауы. 200С төмен Т-да қатып қалады да, 150-2000С жоғары буланып, тотығуға жол береді.
Синтетикалық майлар пайдаланудың жақсы көрсеткіштеріне ие, оны әртүрлі тәсілдермен әртүрлі шикізаттардан өндіреді. Ол қымбат тұрады, сондықтан оны аса қажетті бөліктерге пайдалану көзделеді. Пластикалық майлар жақпатәрізді өнімдер, оны минералды майларды қойылту арқылы алады. Пластикалық майларды антифрикциондық, консервациондық, тығыздағыш ж.б. бөледі.
Майлар: карбюраторлы Қ-тарға, дизельді Қ-ға, ұшақ Қ-на, трансмиссиялық, гидравликалық, индустриалдық (өндіріс құрал-жабдықтары, станоктар, сеператорлар, центрифугалар, автоматты тізбектер), арнайы мақсаттарға (вакумм сорабы, бу машиналары), турбиналық, компрессорлық, электроизоляциялық, аспаптық (аспаптардың бөлшектері, КИп) болып бөлінеді.
Тұтқырлық майдың негізгі сипаттамаларының бірі, оған сұйықтық үйкелістің қамтылуы, үйкелістегі бөлшектерден жылудың алынуы, үйкелістегі бөлшектерді тығыздау, Қ-тың тұтану жеңілдігі байланысты. Сондықтан майдың таңбалануында вискозометрмен анықталған тұтқырлық көрсеткіші беріледі. Тұтқырлық шамасының Т-ның өзгерісіне байланысты өзгеру қасиеті тұтқырлық индексімен (ИВ) бағаланады. Индекс жоғары болған сайын майдың сапасы жоғары, жақсы майларда ол 150 шамасында болады. Сондай-ақ майдың тұтқырлығы қысым артқан сайын жақсарады, қысым 15 МПа болғанда ол 50-60%, ал қысым 200 МПа болғанда – 20 есе артады.
Термототығу, яғни бөлшектерде қақ пен лас түзілуге тұрақтылығы – майдың маңызды қасиеттерінің бірі. Қақтар- бұл жану камерасының қабырғаларында, поршеннің төбесінде, клапандардың басында, форсункаларда, тұтандырғыштырда пайда болатын көміршектер. Ластар – бұл поршень сақиналарында, сайларында,етегінде, шатунда ж.б. пайда болатын жұқа қатты қабыршақтар. Тұнбалар мен ластар – бұл Қ-тың бөлшектерінде, сүзгілерде, түтікшелерде түзілетін жақпа тәріздес қоймалжың қалдықтар. Майдың жоғары Т-да тотығуға шыдамдылығын термототығу тұрақтылығы деп атайды. Оны арттыру үшін майларға әртүрлі присадкалар қосады.
Қ-тардың бөлшектерінің тотығу мен ластануын болдырмай тазалап тұру қасиетін майдың жуу қасиеті деп атайды. Әртүрлі присадкалар қосу арқылы бұл қасиетті арттырып, майдың пайдалану мерзімін ұзартады.
Майдың құрамында агрессивті таттандырғыш өнімдер – күкірт қоспалары, қышқылдар мен сілтілер, су болады. Таттану барысында бөлшектердің бетінде дақтар, шұңқырлар, жарықтар т.б. пайда болып, ол Қ-тың сенімді , ұзақ жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, тіпті сындырады.
Майларға ,әдетте, оның әртүрлі қасиеттерінің жақсаруына бірден әсер ететін көпмақсатты присадкалар қосылады.
