Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пайдалану материал.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.66 Кб
Скачать

Дизель жанармайының присадкалары

Д/ж-ның сапасын арттыру үшінәртүрлі присадкалар қосылады: депрессорлық, тотықтандырмағышытар,ЦЧ-ны арттырғыштар, жуғыштар және қалдық газдардың түтінін азайтқыштар.Түтінге қарсы присадкаларды пайдалану қалдық газдардың түтінін 40-50 пайыз азайтады. Қазіргі таңда көпмақсатты присадкалар АДДП шығарылады, ол д/ж-ның ресурсын арттырып, қалдық газдардың улылығын кемітеді. Мысалы осы присадканы жаздық отынға қосудан қату Т-сы 20-250С, сүзілгіштігінің шекті Т-сы 10-120С, қалдық газдардың түтініні 20-55% және қақтануы 50-60% азайады.

Дизель жанармайына экологиялық талаптар

Ав-ль көліктерінің шығаратын қалдықтарының экологиялық талаптарына: күкірттің массалық мөлшері, ароматты көмірсутектерінің массалық мөлшері, фракциялық құрамы жатады.

Д/ж-да күкірт қоспасының қалдық газдардағы мөлшері күкірт диоксидінің түзілуімен анықталады.

Отындағы күкірттің мөлшері, % Күкірт диоксидінің қалдық массасы, г/кг

0,2 3,6

0,1 1,8

0,05 0,9

1996 жылдан бастап Европада д/ж-дағы күкірттің мөлшерін 0,05 % асырмау шектелген.

Ароматты көмірсутектерінің құрамы. Отандық шығарушылардың д/ж-ның құрамында ароматты көмірсутектерінің мөлшері 23-28% . Экологиялық талаптар бойынша ароматты көмірсутектерінің массалық құрамы 10%-нан аспауы керек.

Фракциялық құрам. Бұл қазіргі таңда жаздық және қыстық отындар үшін қайнау Т-сы 50% отындарға 2800С, 96% үшін 3600С, тұтану Т-сы 400С аз емес. Европалық ЕN -590 стандартына сәйкес қалыпты климаттық аймақ үшін д/ж-ның 6 түрі: А, В, С, D, Е, F шығарылады.

Дизель жанармайының шығынын азайту

Отынның шығыны сақтау, тасымалдау және құю кезінде болады. Сондықтан бұл жұмыстардың орындалуына аса маңыз беріледі. Отынның жаздық және қыстық түрлерінің араласуына жол беріледі.Тасымалдау және сақтау барысында д/ж ауамен жанасады да тотығады, органикалық қышқылдар мен смола заттары түзіледі. Сондықтан ыдыстарды жабу және сырлау керек, толтырғаннан кейін 2-3 күн сайын тығынды ашып тұнбаны төгіп отырады.

Сондай-ақ су және механикалық қалдықтармен ластануы да отынның сапасын жояды. Содан барып плунжер жұбы тозады, саңылаулар пайда болады. Отынның ластануын азайту үшін Қ-тың әрбір 50 сағат жұмысынан кейін бактан, сүзгілерден, қалдық жинағыштардан тұнбаларды шығарып отыру керек. Бакты жылына екі рет, ал сүзгіні 250 мото/сағат сайын тазалайды. Көлікті пайдалану барысында, егер форсункалар жарамсыз болса 15-20%, реттелмесе - 20-25%, бүрку бұрышы өзгерсе – 20-25% шығынға жол беріледі. Қ-тың қуатына сәйкес жүктемеуден де айтарлықтай, 35-40 % дейін шығын көбейеді.

Салқындату сұйықтары. Қ-тың жану барысында пайда болған жоғары Т-ны оның бөлшектерінен алып кету үшін оны суыту сұйықтары қолданылады.Суыту сұйықтығы есебінде суды пайдалану өте арзан, өртқауіпсіз, денсаулыққа зиянсыз.Судың меншікті жылу сиымдылығы 4,2кДж/(кг0С). Суды механикалық қалдықтардан тазарту да оңай, бірақ оның құрамында майлар, қышқылдар болуы мүмкін. Сондықтан суыту жейдесінің қабырғаларында қақ түзіледі, қақтың жылу өткізгіштігі темірденде 10-15 есетөмен. Суды жұмсарту үшін оны қайнатады.Жаңбыр, қар суы жұмсақ, өзен, көл суы біршама жұмсақ, құдық, бұлақ, теңіз суы қатты, оны жұмсарту керек.

Суыту жүйесінің сенімділігі оған қолданылатын сұйықтың төмендегідей қасиеттеріне жауап беруі тиіс:

- Жоғары қайнау Т-ы және жылу сиымдылығы болуы;

- Қату Т-ның сыртқы ортаның Т-нан төмен болуы;

- Қ-тың су жейдесі мен суыту жүйесінің бөлшектерінде қақтың тұрмауы;

- Қ-ш бөлшектерін тотықтырмауы және тығыздағыш қосылыстарды бұзбауы;

- Пайдалануға қауіпсіз, арзан және әмбебаптығы.

Сыртқы ортаның Т-сы төмен болғанда қатпайтын сұйықтар антифриз пайдаланады. Оның басты артықшылықтары: 00-тан -750қа дейінгі қатпайтын қоспа дайындауға болады; жоғары қайнау Т-сы; жоғары тұтқырлық қасиеті; жанбайды; жылу сиымдылығы мен жылу өткізгіштігі жоғары. Тосол 2,5-3,0 % тотығуға және көбіктенуге қарсы компоненттердің қосылу мен этиленгликолдың негізінде дайындалады.

Тосол

АМ

А-40

А-65

«Лена» ОЖ-К

«Лена» ОЖ-40

«Лена» ОЖ-65

түсі

көк

көк

қызыл

Сары-жасыл

Сары-жасыл

Сары-жасыл

200С тығыздығы

1120-1140

1075-1085

1085-1095

1120-1150

1075-1085

1085-1100

Қата бастау Т-сы, 0С

-40

-40

-65

-40

-40

-65

Құрамы: этиленгликоль

97

56

64

96

56

65

су

3,0

44

36

3

44

35

Амортизатор сұйығы. Қазіргі таңда 8-10% кремнии-органикалық қосылыстыармен араласқан тұтқырлығы аз мұнай дистиляттары кең қолданыс тапқан.

Тежеу сұйығы. Тежеу сұйығы көліктердің гидравликалық тежеу жүйесін толтыруға арналған және тежеу күшін тежеуіш бөлшектерге жеткізеді.БСК, «Нева», «Томь», «Роса»Дот» маркалары кең таралған.

Түрі

«Нева»,

«Томь»,

«Роса» . «Дот»

БСК

түсі

Ашық-сары

Ашық-сары

Ашық-сары

Ашық қызыл

Кинематикалық тұтқырлығы , мм2/с, Т-сы 500 С

-400 С

5,0

1500

5,0

1500

5,01-4,50

9,0

2500

Қайнау Т-сы, 0С

195

220

260

115

Бұлардан басқа Қ-тың төменгі Т-да (-20 -250С)оталуын жеіңлдету үшін тезтұтанғыш оталдыру сұйықтары қолданады. Дизелдер үшін «Холод-Д40», Б-ді Қ-қа «Арктика» маркасы шығарылады.

Майлау материалдары (автомобильдер үшін). Пайдаланылуына қарай автомобильдерге арналған майлау материалдары былайша бөлінеді: двигатель (мотор) майы, берілістер қорабын және басқару жүйесін майлайтын тарнсмиссионды май, сондай-ақ консистентті (пластикалық) майлар-қоюландырғыштар қосылған минералды майлардың қоспасы. Мұның өзі машиналардың конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты минералды майларды қолдануға болмайтын жағдайда пайдаланылады. Майдың сапасын білдіретін негізгі көрсеткіш-тұтқырлық, оның өзі майланатын жерге майдың ағып келуінен, майлы қабаттың қалыптасуынан, от алдырар кездегі двигатель тетіктерінің жеңіл айналуынан, қоспалы жерлерге майдың жақсы барып тұруынан, жеңіл қотарылуынан байқалады. Майдың тұтқырлығы температураға байланысты, температура төмендеген сайын, ол қоюлана береді. Температураға қарай тұтқырлықтың өзгеруі неғұрлым аз болса, май соғұрлым жақсы, әрі от алдыру сапасы жоғары болып есептеледі. Майлардың қасиеттерін арттыра түсу үшін оларға әртүрлі тұнбалар қосады. Пайдалану мерзіміне қарай автомобиль двигательдеріне арналған майлар жаздық, қыстық және барлықмаусымдық (жазғы майдың тұтқырлығы қыстағыдан жоғары болады) түрлерге бөлінеді, ал мақсатына қарайкарбюраторлы двигательдерге (бұрынғы аты автол) және дизельдерге арналады. Майды маркалау бұрын былайша қалыптасты; ркарбюраторлы двигательдерге арналған автомобиль майын, Д дизельді, К немесе С тазалаудың қышқылды немесе селективті әдісін, 3 — қоюланғаны, П әртүрлі тұнбаларды, ал цифрлар немесе күйі сантистокспен (сСт) есептегенде 100оС температурадағы майдың орташа тұтқырлығын көрсетеді.

Жаңа жүйе енгізілгенге дейін шығарылған майлар жаңа белгілерге ие болды, алайда практикада бұрынғы маркалау әдісі сақталып қалды. 70 жылдардың басында шығарылған майлар (мәселен, «Жигули» автомобильдері үшін) тек жаңа жүйеге сәйкес сарапталады.

1974 жылдың январь айында енгізілген 1747972 ГОСТ-ке сәйкес моторға арналған майлар тұтқырлық класына, пайдалану қасиеттері және қолдану маусымына қарай белгіленетін болды. Мысалы, майды М 6з/10 Г1 деп белгілеу былайша түсіндіріледі: М моторға арналған; 6 цифры майдың тұтқырлық класын (18оС суықтықта оның тұтқырлық мөлшері 260010400 сСт) білдіреді; 3 майға қоюлатқыш тұнбалар қосылғандығын, сондай-ақ оның қыста қалай қолданылса, барлық маусымда да солай қолдануға болатындығын көрсетеді; бөлшек сызықтан кейінгі 10 цифры 100оС жылылықта майдың тұгқырлығы 10 сСт екендігін білдіреді; 1 деген индексі бар Г әрпі майдың Г тобына жататындығын және жоғары қуатты карбюраторлы двигательдерге арналғандығын көрсетеді. М 8ГИ, М10ГИ, М-12ГИ майларының 100оС температурадағы тұтқырлығы тиісінше 8, 10 және 12 сСт, оның өзі жоғары қуатты карбюраторлы двигательдерге арналған жаңа құрамында шетелдік тұнбасы (И әрпі осыны білдіреді) бар май екенін көрсетеді. Көп күш түсетін қатты үйкеліс тудыратын жағдайда трансмиссиялық майлар қолданылады, сондықтан ол жақсы майлағыш және үрдіс қозғалыстарға төтеп беретіндей қасиеттерге ие болуы керек, бұны арнайы тұнбалар енгізу арқылы алуға болады. Двигательдерді, беріліс қорабын, басқару жүйесін және басқа да тораптарды майлау үшін сол автомобильге арнап нұсқауда көрсетілген майларды пайдаланған жөн.

Мотор майларының ең негізгі қасиеттерінің бірі оның үлкен аралықтағы температуралық айырмашылыққа ( қысты күні төменгі тепературадағы оталдыруы мен жазды күнгі қозғалтқыштың жоғары температурадағы барынша қуатпен жұмысы барысындағы ауаның өзгерісіне) қарай тұтқырлығының тұрақтылығы болып табылады. Майлардың ІЖҚ-ның тұтқырлық-температуралық талаптарына сәйкестігінің толық жазылуы халықаралық SAE3000. сараптамасында көрсетіледі.

Ол бойынша қысқы алты (0W, 5W, 10W, 15W, 20W, 25W) және бес жазғы тұтқырлық класқа (20, 30, 40, 50, 60) бөлінеді. Қысқы кластағылар "W", белгісімен, Winter қыс сөзі таңбаланады. Таңбадағы санның жоғарылығына қарай майдың да тұтқырлығы жоғары болады. Барлықмаусымдық майлар қосарланған таңбамен, біріншісі майдың төменгі температурадағы динамикалық тұтқырлығын көрсетіп, оталдыруына мүмкіндік жасаса, екіншісі 100о тағы кинеметикалық, 150отағы динамикалық тұтқырлықтарының класына сәйкес тұтқырлығын сипаттайды. Бұл сараптаманың артықшылығы салқын оталдыру кезінде майсорабының жұмысын және оталдырғыштың айналысын қамтамасыз ететін шекті температура жөнінде мәлімет береді.

ІЖҚ-ның әртүрлі конструкциясына сәйкес берілген кластағы майлардың жұмысқа қабілетті температуралық кеңістігі де айырықша болатынын тұтынушылар білуі тиіс.Ол оталдырғыштың қуатына, иінді біліктің ІЖҚ-н іске қосуға қажетті төменгі айналыс жиілігіне, май сорабының өнімділігіне, майдың қабылдау кезіндегі гидравликалық қарсылығына, ж.б. құрылымдық ерекшеліктеріне, технологиялық және эксплуатациялық факторларға ( авкөліктің техникалық жай-күйіне, бензин мен дизель отынының сапасына, жүргізушінің шеберлігіне т.б.) байланысты.

Синтетикалық майлар сұйықтау келеді, сондықтан саңылаулар арқылы тез өтеді. Тығыздағыштың тозған жиегінен ағып кететін болғандықтан ескірген жағдайда бұл майды қолданбайды.

Майды тұтқырлығы бойынша іріктеу: