- •Мұнайдың химиялық құрамы, оның жанар-жағар майдың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •Мұнайдан жанар-жағар майларды алу
- •Мұнай шикізатынан сұйық жанармай алу
- •Мұнай өнімдерінің жалпы физико-химиялық көрсеткіштері
- •. Отынның түрлері, олардың сипаттамасы
- •Отынның іштен жану қозғалтқыштарындағы жануы және оған қойылатын талаптар
- •Бензинге қойылатын талаптар қандай?
- •Бензинннің қалдықтары,ассортименті, экологиялық талаптар
- •Бензиннің шығынын үнемдеу
- •Дизель жанармайының негізгі қасиеттері
- •Дизель жанармайының присадкалары
- •Дизель жанармайының шығынын азайту
- •Арі мотор майларын пайдалану қасиеттеріне байланысты сараптау
- •1999 Ж. 1 наурыздан бастап барлық майлар барынша жаңа асеа-98 талаптарына сәйкес болуы керек.
- •Транмиссиялық майлардың түрлері, қасиеттері, қолданылуы
- •Автокөліктердің гидрожүйелерінің майлары
- •Индустриалдық майлар
- •Пластикалық жақпалар
- •Жанар-жағар майлардың, және басқа материалдардың улылығы
- •Автокөліктерден зиянды және улы газдардың түзілуі
- •Автокөліктерде қолданылатын резина-техникалық бөлшектерді ата ,бөлшектерінің ақауларын, оларды сақтау жолдарын баянда
Дизель жанармайының негізгі қасиеттері
Қоспатүзушілік қасиеті. Жану қоспасының түзілуі жану камерасындағы Т. мен қысымға тәуелді , ал олардың пайда болуы иінді біліктің айналыс жылдамдығына, дизельдің салқындығына, қысым дәрежесіне, үру құрылғысына ж.б. факторларға тәуелді. Екінші фактор ол отынның берілу сенімділігі , оған отынның сапасы , сүзгілердің тазалығы, осыдан барып бүріккештердің техникалық жарамдылығы , ал ол жарамды болса бүркілудің қысымы мен беру циклі қалыпты болады. Келесі фактор – бұл тозаңдану дәрежесі , яғни отынның қоспа жасалуы үшін ұсақталып тозаңдануы. Заманауи Қ-да отынның ағынды бүркілуі іске асырылады, бұл жағдайда оның кинетикалық энергиясы көп болады.Ол камерадағы қысылған бұрқасынды қозғалыстағы ауаға тез және толық араласып, буланады, яғни қоспаның сапасы артады. Егер бүрку қысымы жоғары болса,бүрку жылдамдығы артып, түзілетін тамшылардың өлшемдері кішірейеді.
Отынның тұтқырлығы мен қату Т-ының жоғарылығы оның аппараттың элементтері арқылы өткізгіштігін жақсартады.Тұтқырлығы көп те, аз да болмауы тиіс ,жақсы тозаңдануы мен өткізгіш болуы үшін қалыпты тұтқырлық 3-8 мм2/c температура 200С беріледі.
Отынның тұтқырлығы, мм2/с
|
12
8
4
Қысым, МПа 20 40 60 80 100 120
Қату Т-сын азайту үшін д/ж –ға кейде керосин қосады, бірақ бұл жағдайда отынның «ЦЧ» азайып, дизельдің жұмысы қатқыл болады.
Буланғыштығы. Отын неғұрлым жақсы тозаңданғыш болса, соғұрлым булану беті көп, отын сапасы жақсы, қоспаның түзілу жылдамдығы жоғары болады. Отынның булануы фракциондық құрамымен анықталады : ол заманауи дизельдерде қайнау Т-сы 340-3600С аспайды. Фрикциондық құрамы отынның тұтану Т-на тікелей байланысты, яғни отынның буы жалын берілген сәтте бірден тұтанып кетуі үшін отынды қандай Т-ға дейін қыздыру қажеттігі. Д/ж-ның әртүрлі маркасының тұтану Т-сы 35-800С болады.
Қақтану және тотығу. Қақтану және ластану барысында отынның бүркілуі нашарлап, тоқтайды, жану камерасында, клапандарда қақ түзіледі, дизель қызып кетеді, қуаты және үнемшілдігі төмендейді. Жоғары Т-лық қалдықтардың түзілуі: смола, кокс, күл, иод, күкірт механикалық заттар, т.б. стандарттармен реттеледі. Смола д/ж қыстық түрінде – 30, жаздық – 40 мг / 100 см3. Егер смола өлшемнен асса Қ-тың моторесурсы 40-50% төмендейді. Кокстану, бұл жоғары (800-9000С) Т-да көмір калдығының түзілуі. ГОСТ бойынша 0,03% аспауы керек. Күл, бұл минералды қалдық, қақтануға, Қ-тың үгіліп тозуына ықпал етеді, ол 0,01% аспауы керек. Тотығу қасиеті д/ж-ның құрамында кышқылдар мен сілтілердің, органикалық қышқылдардың, күкірттік қосылыстардың судың болуымен сипатталады.
Д-ж маркалау барысында Л, З, А әріптерінен басқа күкірттің массалық үлесі мен қату Т-сын көрсетеді. 00С -тан жоғары Т-да жаздық отын, 0-200С-та қыстық, -500С –тан жоғары арктикалық отынды пайдаланады. Ал солтүстік зонада жазда қыстық, қыста арктикалық отын қолданады.
ТУ 38. 1011348-90 бойынша таза экологиялық отынның екі маркасы; жаздық ДЛЭЧ-В және ДЛЭЧ, күкірті – 0,05%, ароматты көмірсутегісі 20%, қыстық ДЗЭЧ, - күкірті 0,1%- ға дейін, ароматты көмірсутегі 10% шығарылады. Шығарылады:
ДЭК-Л, жаздық, , -50С және одан жоғары
ДЭК-З, қыстық, - 250С та және одан жоғары
ДЭКп-Л, жаздық, присадкамен, -50С және одан жоғары.
ДЭКп-З, қыстық, -150С және одан жоғары
