- •Мұнайдың химиялық құрамы, оның жанар-жағар майдың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •Мұнайдан жанар-жағар майларды алу
- •Мұнай шикізатынан сұйық жанармай алу
- •Мұнай өнімдерінің жалпы физико-химиялық көрсеткіштері
- •. Отынның түрлері, олардың сипаттамасы
- •Отынның іштен жану қозғалтқыштарындағы жануы және оған қойылатын талаптар
- •Бензинге қойылатын талаптар қандай?
- •Бензинннің қалдықтары,ассортименті, экологиялық талаптар
- •Бензиннің шығынын үнемдеу
- •Дизель жанармайының негізгі қасиеттері
- •Дизель жанармайының присадкалары
- •Дизель жанармайының шығынын азайту
- •Арі мотор майларын пайдалану қасиеттеріне байланысты сараптау
- •1999 Ж. 1 наурыздан бастап барлық майлар барынша жаңа асеа-98 талаптарына сәйкес болуы керек.
- •Транмиссиялық майлардың түрлері, қасиеттері, қолданылуы
- •Автокөліктердің гидрожүйелерінің майлары
- •Индустриалдық майлар
- •Пластикалық жақпалар
- •Жанар-жағар майлардың, және басқа материалдардың улылығы
- •Автокөліктерден зиянды және улы газдардың түзілуі
- •Автокөліктерде қолданылатын резина-техникалық бөлшектерді ата ,бөлшектерінің ақауларын, оларды сақтау жолдарын баянда
Бензиннің шығынын үнемдеу
Бензиннің шығын үш топқа: сапалық, сандық және аралас деп бөледі. Б –бұл кез-келген саңылаудан, түтікшелер мен бактардың, ыдыстардың болмашы жіктерінен, дәнекерлік жіктеден т.б. оңай өтіп кететін сұйық. Сәл ғана тамшының өзінен тонналаған көлемді жоғалтуға болады. Бұндай шығынды болдырмау үшін ыдыстарға мерзімдік күтім жүргізіп, ав-дердің толтырылуын және құю-төгу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру керек.
Б-нің сапалық шығыны, яғни Б-ді дизель отынын таситын ыдыспен тасымалдау, соның нәтижесінде оның құрамына дизель отынының қосылуы, нәтижесінде смолалық қосылыстың көбеюі, оның жану үрдісінің нашарлуы, бөлшектердің тез тозуы мен үнемшілдігінің азаюы да тиімсіз фактор.
Б-нің тасымалдау, сақтау, құю барысында ауамен ұзақ араласуы да сапалық көрсеткішін төмендетеді . Бұндай жағдайда смолалық заттар, органикалық қышқылдар түзіледі.
Б-нің ылғалмен, бөгде заттармен ластануы да оның сапасын төмендетеді. Бұндай жағдайда отын сүзгілері, карбюратордың жиклерлері бітеліп қалады да, жану камерасында қалдық түзіледі.
Бұлардан басқа ав-ді дұрыс пайдаланбаудан да көптеген шығын келеді. Қ-тың үнемшілдігі оның техникалық күйіне, қоректендіру, оталдыру, ГТМ-нің, трансмиссиясы мен жүріс бөлігінің ж.б. жүйелерінің жарамдылығына да байланысты.
Сонымен бірге Б-нің үнемдеу жүргізушінің шеберлігіне да қарайды. Оның көлікті жарамды жолмен, дұрыс маршрутпен, тиімді жылдамдықпен жүргізуі үнемдеуге әсер етеді.
Бензинге қосылатын присадкалар
Отынға қосылатын присадкалар (П) өздерінің мақсаттарына байланысты бөлінеді. П төмендегідей топтары қолданылады.
1 топ. Отынның Қ-тарда жану үрдісін жақсартатын –антидетонаторлар, күйетүзілуіне қарсы, тұтанудың баяулауына қарсы, түтіндеуге қарсы П-лар.
2 топ. Отынның бастапқы қасиеттерінің сақталуына ықпал ететін П-лар- тотықтандырмағыштар, отыннан түрлі қалдықтардың бөлінуін тежейтін деактиваторлар.
3 топ. Отынның аппаратқа, түтікшелерге, сақтау ыдыстарына, бактарға зиянды әсерін болдырмайтын П-лар. Бұған тозуға қарсы, тотығуға қарсы, жуғыш П-лар жатады.
4 топ. Қ-тардың төменгі Т-да пайдаланылуын жеңілдететін П-лар – отынның қату Т-сын төмендететін (депрессаторлар), мұз криссталдарының бөлінуін болдырмайтын П-лар.
Бензиндер үшін әдетте антидетонаторлар, тотықтырмағыштар және жуғыш П-лар пайдаланылады
Бақылау сұрақтары:
Бензинді шығынды азайтып, үнемдеуге қандай факторлар әсер етеді?
Присадкалар дегеніміз не, олар қандай топтарға бөлінеді?
Дизель жанармайы, талаптары және жану шарты
Д/ж парафинді (10-40% ), нафтанды (23-60 %) және ароматты (14-30 %) көмірсутектердің және олардың туындыларының молекулалық массасы 110-2300, 170-1800С Т-да қайнайтын және оталу Т-сы 35-800С , қатуы -50С болатын қоспасы.
Д/ж а-ш тракторлардың, комбаиндардың, жүк ав-дердің, дизельдердің Қ-тарының жұмысына пайдаланылады. Дизельді Қ-дың басты жетістігі оның үнемшілдігі, д/ж арзан және өрткауіпсіз.
Дизельді Қ-ң сенімді, үнемді және ұзақ жұмысын қамтамасыз ету үшін д/ж мына талаптарға жауап беруі тиіс:
Отын аппаратының бөлшектері арқылы кідіріссіз өтуі;
Жақсы бүркілуі және қоспа дайындауды қамтамасыз етуі;
Жану барысында барынша көп жылу бөлуі;
Жануға барынша ықпалды болуы;
Қ-тың бөлшектерінде қақтың тұруына және тоттануға қарсылығы болуы;
Экологиялық таза болуы.
Д/ж цилиндрде жану талаптары карбюраторлы Қ-ға қарағанда өзгеше. Жану үрдісі Ц-гі қысылған және қыздырылған ауаға отынның бүркіліп жақсы араласуы , булануын қажет етеді. Осындай физикалық үрдістерден кейін отынның тотығуы химиялық жолмен іске асады да, ол оталумен аяқталады. Осы үрдістің іске асуына кететін уақыт аралығы оталудың ұзақтығы деп аталады. Бұл арлыққа отынның химиялық қасиеттерінен басқа, физикалық қасиеттері ( тұтқырлығы, фракциялық құрамы, смола мен күкіртті қосылыстың мөлшері) , дизельдің құрылымдық ерекшеліктері, ауаның мөлшері т.б. әсер етеді.
Д/ж қасиеті оның цетандық санымен (ЦЧ) анықталады. «ЦЧ» қысыммен оталдыру принципімен жұмыс істейтін бір цилиндрлі ИТ9-3М қондырғысымен тексеріледі, жану қоспасындағы цетанның пайыздық мөлшері сынақтағы отынның «ЦЧ» санын көрсетеді. Дизельдің қалыпты оталуы мен тұрақты жұмысына оның жаздық түрінің «ЦЧ»-сы 40-45, қыстық түрінің – 45-50 бірлікке тең болуы қажет. Д/ж маркасында «ЦЧ» көрсетілмейді, ол 40-45 бірлікпен дайындалады, оны жақсарту үшін отынға жоғарыцетанды қоспа немесе арнаулы присадкалар қосылады.
Бақылау сұрақтары
