- •Мұнайдың химиялық құрамы, оның жанар-жағар майдың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •Мұнайдан жанар-жағар майларды алу
- •Мұнай шикізатынан сұйық жанармай алу
- •Мұнай өнімдерінің жалпы физико-химиялық көрсеткіштері
- •. Отынның түрлері, олардың сипаттамасы
- •Отынның іштен жану қозғалтқыштарындағы жануы және оған қойылатын талаптар
- •Бензинге қойылатын талаптар қандай?
- •Бензинннің қалдықтары,ассортименті, экологиялық талаптар
- •Бензиннің шығынын үнемдеу
- •Дизель жанармайының негізгі қасиеттері
- •Дизель жанармайының присадкалары
- •Дизель жанармайының шығынын азайту
- •Арі мотор майларын пайдалану қасиеттеріне байланысты сараптау
- •1999 Ж. 1 наурыздан бастап барлық майлар барынша жаңа асеа-98 талаптарына сәйкес болуы керек.
- •Транмиссиялық майлардың түрлері, қасиеттері, қолданылуы
- •Автокөліктердің гидрожүйелерінің майлары
- •Индустриалдық майлар
- •Пластикалық жақпалар
- •Жанар-жағар майлардың, және басқа материалдардың улылығы
- •Автокөліктерден зиянды және улы газдардың түзілуі
- •Автокөліктерде қолданылатын резина-техникалық бөлшектерді ата ,бөлшектерінің ақауларын, оларды сақтау жолдарын баянда
Отынның іштен жану қозғалтқыштарындағы жануы және оған қойылатын талаптар
ІЖҚ дегеніміз отынның химиялық энергиясын жылу энергиясына, сосын механикалық жұмысқа айналдыратын құрылғы. Қазіргі заманғы ІЖҚ-да бензин немесе газды отын пайдаланылады.
Бензин -ароматты, нафтанды, парафинді көмірсутектердің жеңіл қоспасы. ІЖҚ-ның сенімді, үнемді және ұзақ жұмысын қамтамасыз ету үшін оның төмендегідей талаптарға жауап беруі тиіс:
Жану қоспасының барынша жоғары қызулы болуы;
Қ-тың тез оталуы мен кез-келген режимдегі тұрақты жұмысын қамтамасыз ететіндей тиімді қоспаның түзілуі;
Жеткілікті детонациялық тұрақтылығының болуы;
Қ-тың бөлшектерінде смола және тотық қалдырмайтындай толық жанатын болуы;
Тотығуға қарсылық қасиеттерінің жақсы болуы;
Тасымалдауға және сақтауға төзімді болуы.
Қазіргі таңдағы ІЖҚ-ның сығылу дәрежесінің жоғары болуына байлынысты бензиннің детонациялық тұрақтылығына басты назар аударылады. Жану қоспасының басты физико-химиялық қасиеті оның булануы, ал ол фрикциялық құрамы мен будың қысымына тәуелді. Отынның булануы деп оның сұйық күйден буға айналу қасиеті айтылады. ІЖҚ-да отын динамикалық булану күйінде жанады, егер булануы нашар болса толықтай жанбай қалады.
Фракция – бұл бензиннің белгілі бір температурада қайнайтын бөлігі, ол ГОСТ –пен анықталады.100 мл. бензин арнайы құрылғыда қыздырылады, пайда болған бу салқындайды, кондицияланады, сұйыққа айналады, оны өлшемді цилиндрге жинайды. Осы үрдіс кезінде оның алғашқы қайнау температурасын, сосын 10,50,90 пайыздық қайнауын жазып алады. Осы мәліметтер бензиннің стандарты мен сапалық паспортына жазылады.
Бензиннің буланғыштығын оның саңлаусыз ыдыста 38 0С температурада 20 минут ұстаған уақытта пайда болған буының қысымымен анықтайды.
Жану қоспасы қалыпты болса тұтандырғыштан тарайтын жалынның жылдамдығы 25-40 м/с.Жылдамдыққа отынның химиялық құрамы мен көлемі, цилиндрдегі қалдық газдың мөлшері, қоспаның Т-ы мен қысымы, жану камерасының құрылымы, т.б әсер етеді. Жұмыс қоспасы мөлшердан тыс байытылған немесе кедейленген болса жану жылдамдығы азайады да, ол ІЖҚ-ның күші мен үнемшілдігіне әсер етеді. Сығылу дәрежесі жоғары Қ-та қысым мен Т. жоғары болса, сондай-ақ бензин мен Қ-тың сәйкессіздігінде де детонация (Д) тудыруы мүмкін. Д. кезінде жалынның таралу жылдамдығы 1500-2000 м/с. жетеді. одан Қ-та металдың соққы дыбысы пайда болады. Д. жану үрдісін бұзады, Қ-тың бөлшектерін тербелтеді, ысытады, нәтижесінде тез тозады. Д. кезінде түтін қара түске боялады, бұл қоспаның толық жанбағанын көрсетеді. Д-ға тұрақтылығы бензиннің маркасында октандық санымен (ОЧ) белгіленеді, ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым бензин Д–ға тұрақты.Бензиннің ОЧ –ы моторлық немесе зерттеулік (исследовательский) әдіспен анықталады, яғни ОЧ-ы анықталған эталондық бензин мен белгісіз бензин салыстырылып жағылып, олардың Д. кезіндегі өлшемдері алынып, оның құрамындағы изооктан бойынша ОЧ тағайындалады. Автомобиль бензинінің маркасы оның зерттеу арқылы анықталған жағдайда «И» әрпімен, мысалы АИ-93, белгіленеді. ОЧ-ны жақсарту үшін 1 кг бензинге 0,50-0,80 г. антидетонатор қосылады. Антидетонатор (ТЭС) бензинге этилді сұйық күйінде қосылып, ол ОЧ-ны 8-12 бірлікке арттырады.
