Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пайдалану материал.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.66 Кб
Скачать
  1. Автокөліктерде қолданылатын резина-техникалық бөлшектерді ата ,бөлшектерінің ақауларын, оларды сақтау жолдарын баянда

Лак-сыр материалдарын қолдану автокөлікті сыртқы ортаның әсерінен қорғаудың көпмақсатты және кең тараған түрі. Жеңіл автокөліктерде қорабының іші, сырты, Қ-тың бөлшектері, шасси, трансмиссия т.б сырланады. Лак-сыр материалдарының сапасы мен мерзімі оның қасиеттері мен ав. қорабының дайындық сапасына да байланысты. Ав. зауыттарындағы лак-сыр материалдарын пайдаланудың технологиясы төмендегідей жұмыстарды қамтиды: майсыздандыру, фосфаттау, электрофорез әдісімен 1-грунтовка, құрғату; электростатистика немесе ауақысымды әдіспен 2- грунтовка және құрғату, сосын эмал жағу. Сырлау үшін қолданылатын материалдарды екі топқа бөледі. Қосымша материалдар сырлау бетін дайындау үшін жұмсарту, және сырлау мен құрғатуды тездету үшін, жасалады. Негізгі материалдарға грунтовка, шпатлевка және эмаль, жатады.

Лак бұл қабаттүзуші заттардың органикалық ерітінділерде немесе судағы ерітіндісі. Ол түссіз, кепкеннен кейін сырланған беттің үстін қатайтып, мықты байланыстыратын физико-химиялық қасиеті бар. Бұл қабаттүзгіш заттар - поликонденсациялық және полимеризациялық қасиеті бар олигомерлер.

Грунтовка, шпатлевка және сырлар пигменттер мен толықтырғыштардың олифтегі немесе еріткіштердегі суспензиялары (қойырпақтары). Эмальда дайындалған сырлар эмальдар, олифте --майлы сырлар, деп аталады. Лак-сыр материалдары пайдалау алдында ерітіліп, қажетті тұтқырлыққа дейін дайындалады. Оның құрамына енгізілетін еріткіштер мен басқа да қоспалардың ауамен қосылысы жоғары өрт, қопарылыс қауіпті және улы.

Лаксыр материалдарын жағудың ең тиімді тәсілі ауақысымды шашу, бұл сапалы және кез-келгкен бетті, кез-келген лаксырды тиімді жағуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өндірісте нәрсені толықтай енгізу, немесе, жаққышпен сырлау тәсілдері бар. Күрделі жағдайда лаксырлауды жасаудың электрофорез әдісі, яғни катод немесе анодтық түрі қолданылады. Лаксыр материалдарының су ерітіндісінің жоғары өткізгіштік қасиетінің арқасында бұл әдіспен ең қиын сыртқы және ішкі беттерге бірқалыпты жұқа қабатты жағады. Лаксыр , 6- майбензиге тұрақты, 7- химилық

Пластикалық материалдар халық шаруашылығының кез-келген саласында қолданылады, соның ішінде машина жасау және жөндеу өнеркәсібінде. Платмасса материалдарын жөндеу үрдісінде қолдану бөлшектердің қалпына келтіру жұмысын 20-30%, жөндеудің өзіндік шығынын 15-20%, материал шығынын 40-50% азайтады. Пл/м күрделі көпқұрамды жоғарымолекулярлық органикалық заттардың қоспасы, жоғары Т-а мен қысымда белгілі формасын өзгертпей, пайдалану барысында сақталады. Оның ең негізгі құрамы полимер, сонымен бірге оның құрамына толықтырғыштар, пластификаторлар, қатырғыштар, катализаторлар, бояғыштар және басқа қоспалар енеді. Химиялық құрамына байланысты термопластикалық және термореактивтік деп бөледі.

Термопластикалық платмассалар көп қайтара қыздыру, және салқындату барысында өзінің жұмсақтық, балқу және қайта қату, қасиеттерін сақтайды. Бөлшектер қысым астында құйып, престеп, ерітінділермен толтырып дайындалады.

Термореактивтік пластмассалар қызғанда балқымайтын және қатпайтын күйге ауысады, бөлшектер престелу және ерітіндіден толтыру арқылы дайындалады.

Ц-лер блогы, қақпағы, беріліс қорабының картері ж. б. бөлшектер эпоксидтік смола пайдалану арқылы жөнделеді.Толықтырғыштардың көмегімен физика-химиялық, фрикциондық және қарсыфрикциондық қасиеттері жақсарады, жылу өткізгіштік және жылутұрақтылықтары жоғарылайды, құны арзандайды. Оларға темір және алюминии ұнтақтары, асбест, цемент, кварц ұнтағы, графит, шыныталшық, ж.б. жатады.

Анаэробтық тығыздағыштар- бұл ауада қасиеттерін жоймай ұзақ сақталатын және 15-35оС Т-да ауа қатысынсыз тез қататын көпкомпонентті сұйық қоспалар. Негізгі бөлігі қанықпаған полимерленген акрилді қатардың қосылыстары. Демеушілер мен катализатор полимердің түзілу үрдісін тездетеді. Тұрақтандырғыш жүйе ауада оттегінің қатысуымен демеушінің әрекетін бөгейді. Тұтқырлық модификаторы тығыздағыштың мақсатына байланысты қажетті тұтқырлықты алу үшін енгізіледі. Бөлшектің бетіне жағылған тығыздағыштың белгісін алу үшін бояғыштар қосылады.

Анаэробтық тығыздағыштар ауа кірмейтін жалпақ флакондармен беріледі. Флакондар оның жалпы көлемінің 50-60 көлемінде ғана толтырылады. Қалған бос орындағы ауадағы оттегі композицияның тұрақтылығын сақтау үшін беріліп тұрады. Тығыздағыштардың сақталу мерзімі 12 ай.

Тығыздағышты пайдаланар алдында бетті жақсылап ылғалдан, тоттан тазартады. Сосын бетке тығыздағышты флаконнан тамшылатып жағып, тамшыны кистімен тегістеп, қосылыстарды құрастырып, тығыздағыштың қатаюын күтеді. Бұл жерде аралық саңылаулардың толық толтырылуын қадағалайды.

Полимерлену үрдісі әртүрлі жылдамдықтарда өтеді, ол металдың активтілігіне, саңылауға, Т-ға және үдеткішке байланысты. Осы үрдістің жүру жылдамдығына байланысты барлық металды активті, қалыпты және пассивті деп бөледі.