- •Мұнайдың химиялық құрамы, оның жанар-жағар майдың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •Мұнайдан жанар-жағар майларды алу
- •Мұнай шикізатынан сұйық жанармай алу
- •Мұнай өнімдерінің жалпы физико-химиялық көрсеткіштері
- •. Отынның түрлері, олардың сипаттамасы
- •Отынның іштен жану қозғалтқыштарындағы жануы және оған қойылатын талаптар
- •Бензинге қойылатын талаптар қандай?
- •Бензинннің қалдықтары,ассортименті, экологиялық талаптар
- •Бензиннің шығынын үнемдеу
- •Дизель жанармайының негізгі қасиеттері
- •Дизель жанармайының присадкалары
- •Дизель жанармайының шығынын азайту
- •Арі мотор майларын пайдалану қасиеттеріне байланысты сараптау
- •1999 Ж. 1 наурыздан бастап барлық майлар барынша жаңа асеа-98 талаптарына сәйкес болуы керек.
- •Транмиссиялық майлардың түрлері, қасиеттері, қолданылуы
- •Автокөліктердің гидрожүйелерінің майлары
- •Индустриалдық майлар
- •Пластикалық жақпалар
- •Жанар-жағар майлардың, және басқа материалдардың улылығы
- •Автокөліктерден зиянды және улы газдардың түзілуі
- •Автокөліктерде қолданылатын резина-техникалық бөлшектерді ата ,бөлшектерінің ақауларын, оларды сақтау жолдарын баянда
Автокөліктерден зиянды және улы газдардың түзілуі
Резина-техникалық бөлшектер (РТБ) мен шинаны жасау үшін әртүрлі құрамдағы резиналар, теникалық маталар, полимер негіздегі кордтар, теміркордтар, болат сымдар т.б. пайдаланады.
Каучуктің типіне қарай оның 20 дан астам түрлері қолданады: табиғи, изопренді, бутадиенді, ж.б. Осылардың бір түрі жоғары Т-ға төзмді, екіншісі төменгі Т-ға төзімді, үшіншісі қышқылдардың әсеріне төзімді, т.с.с. Сондықтан қажетті қасиетке ие каучук алу үшін арнайы ингидренттер қосады. Толықтырғыштар әрбір резинаға міндетті. Резинаның құрамында техникалық сутегінің болуы оған мықтылық, төзімділік, серпімділік, қаттылық ж.б. қасиеттер береді. Резина өндірісіндегі барлық технологиялық үрдістер күрделі жабдықтарды пайдаланып өтеді, сондықтан оны арнайы өндірістен тысқары жағдайда алу мүмкін емес.
Автокөлік шинасы- бұл күрделі құрылымды, доңғалақтың ободына кигізілетін, ауамен толтырылатын резинакордты былқылдақ қаптама. Шина автокөлікті пайдалану барысында маңызды және күрделі қызмет жасайды. Пайдалану кезінде шина автокөліктің жүрісіндегі соққыны, тербелісті, жұлқуды азайтады, тарту және тежеу күшін жалғастырады, автокөлік доңғалағының жолмен тістесуін, орнықтылығын, қауіпсіз қозғалуын және басқарылуын , әртүрлі жолмен жүрістілігін қамтамасыз етеді, жанармай шығынынына ықпал жасайды. Автокөлік шиналары бөлінеді:
Мақсатына байланысты:
Жеңіл автокөліктің шиналары жеңіл автокөліктерде, жүккөтергіштігі аз жүк көліктерінде, шағын автобустар мен олардың тіркемелерінде сыртқы ортаның Т-сы ---- 450С мен +550С аралығында ;
Жүк көліктерінің шиналары жүк көліктерінде, тіркемелерде, автобустар мен тролейбустарда, сыртқы ортаның Т-сы -450С дейін .
Қимасының үлгісіне байланысты :
Қимасының биіктігі ( Н) оның еніне (В ) қатынасы 0,89 дан аспайтын қалыпты шиналар;
Н/В қатынасы 0,6 – 0,9 аралығындағы кең қималы шиналар;
Н/В қатынасы 0,7 - 0,8 аралығындағы кіші қималы шиналар;
Н/В қатынасы 0,7 ге дейінгі асакіші қималы шиналар;
Н/В қатынасы 0,39 – 0,5, арочный шиналар;
Н/В қатынасы 0,25-0,39 , ауакатоктор;
қима ені 350 мм және одан жоғары ірікөлемді шиналар;
қима ені 200 - 350 мм ортакөлемді шиналар;
қима ені 260 мм-ден аспайтын және отырғызу диаметрі 457 мм кішікөлемді шиналар.
Құрылымына байланысты:
Диагоналдық шиналар, орталық жүріс бөлігіндегі талшықтардың еңістік бұрышы және брекері 40 тен 600 қа дейінгі ;
Радиалдық шиналар, талшықтардың еңістік бұрышы 00 және брекері 650 аз емес;
Қысымы реттелетін шиналар, пайдалану жағдайына байланысты ішкі қысымды кең ауқымда реттеуге болатын;
Тығыздалу ұстанымына байланысты:
Камералы шиналар, ауа кеңістігі герметикалық камерамен жасалған;
Камерасыз шиналар, ауа кеңістігі доңғалақтың ободы және покрышкамен шектелген,
Қаптаманың сыртқы суретіне байланысты қолданылу мақсатына қарай :
Қатты жақсартылған жолмен жүруге арналған (Д) қаптама суретті
Қатты жолмен және жолсызбен бесаспап (У) қаптама суретті, (универсалды),
Жұмсақ жолмен жүруга арналған жүрістілігі жоғары (ПП) қаптама суретті,
Қарлы және мұзды жолдарға арналған шипті және шипсіз қыстық (З) қаптама суретті,
Карьерлерде және орманда жүруге арналған карьерлік (Кар) қаптама суретті.
Шиналар миллиметрлік және дюмдық өлшемдермен белгіленеді, мысалы 260-508, бұнда 260 – шинаның қаптамасының енінің шартты таңбалануы, 508- ободтың отырғызу диаметрі, мм. 5,90 -13 болып таңбаланса, (5,90) қаптама енінің шартты белгісі, 13-отырғызу диаметрі, дюммен берілген. Радиалды шиналарды Р және R таңбасы, мысалы 260 – 508 H ;және 207/70R14.
Жол-көлік оқиғаларының болуына шиналардың да көп жағдайда әсері бар. Шиналардың мерзімінен бұрын тозуы және бүлінуі төмендегідей әсерлерден болады:
- Шиналарды мақсатына сәйкес емес жағдайда пайдалану,
- Комплектілеу, құрастыру және бөлшектеу барысындаға ережелердің сақталмауы,
- Шинадағы ауа қысымының жеткіліксіз болуы,
- Шинадағы ауа қысымының мөлшерден артық болуы,
- Автокөліктің артық жүктелуі,
- Автокөліктті дұрыс жүргізбеу,
- Жолдың және ауа райының әсері,
- Қозғалыстың қатты жылдамдығының әсері,
- Автокөліктің жүріс бөлігінің жарамсыздығы,
- Доңғалақтың сәйкессіздігі, әртүрлі дәрежедегі тозу және сынамалау,
- Мерзімді күтімнің, шинаны қалыпқа келтіру және жөндеудің өткізілмеуі ,
- Шинаның бүлінуіне соқтыратын дұрыс сақталмауы,
- Шинаның бүлінуінің басқа да себептері.
Шинаның пайдалану мерзімін ұзартудың жолдары жоғарыда келтірілген әсерлерден сақтау. Сонымен бірге шинаны автокөліктен тыс жағдайда дұрыс сақтау мен күтім жасаудың да оның пайдалану мерзімінің ұзаруына ықпалы бар, мысалы оны тікелей түсетін күн сәулесінен, аса ыстық немесе аса суық Т-дан қорғау, судан майдан, химиялық қосылыстардың әсерінен қорғау, қоймада сақтаудың ережелерін орындау, т.б.
Бақылау сұрақтары:
1. РТМ автокөліктерге пайдалану, түрлері, қасиеттері, дайындалуы
2. Шиналардың түрлері, құрылымы, белгіленуі,
3. Шинаны пайдалану барысындағы ережелер (оқулық бойынша дайындалу)
4. Шинаның пайдалану мерзімін ұзартудың жолдары
Тербелісті қорғаныш бөлшектер – бұларға Қ-тың, беріліс қорабының, кабинаның тіректері, транмиссияның беріліс муфталары, сайлент-блоктар, т.б. жатады.
Бұл бөлшектердің негізгі қызметі – авкөліктіі агрегаттары мен тораптарын тербелістен, соққыдан қорғау, оны жұмсарту немесе сөндіру. Сондықтан ол қамтамасыз етеді:
- Әртүрлі деформация кезінде ұзақ жұмыс істеуін,
- Төмен, 10% аспайтын, қалдық деформация,
- Металл бөлшектермен тығыз жабысуы – 2,45 Мпа дан аз емес мөлшерде.
Тығыздағыш бөлшектер –айналыстағы біліктердің , тежегіш Ц-дің , есік пен терезелердің , қозғалмайтын бөліктердің саңылауларын тығыздау, өзара қозғалыстағы қосылыстардың қорғағыштары ( қаптамалар, пыльниктер т.б.) қызметтерін атқарады.
Желдеткіштердің ремендері - жіпкордты құрылымда дайындалады. Ол үшін хлорренді және бутадиеннитрльді каучуктердің қоспасы пайдаланылады, ол ременге -40-тан 800С Т-ға дейінгі аралықта төзімділік және ұзаруға, сынуға, майысуға қарсылық қасиеттер береді. Жеңіл автокөліктердің Қ-да орташа пайдалану ресурсы 110 мың км. жетеді.
Шлангілер, - майысқақ түтіктер ретінде сұйықтарды автокөлік жүйелеріне тасымалдау ретінде пайдаланады. Шлангілер деформацияға төзімділігі, тербеліске шыдамдылығы , әртүрлі агрессивтік ортаға тұрақтылығы арқылы кең қолданыста болып, пайдалануға сенімділігі және ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Автокөліктерде мақтамата және синтетикалық талшықтармен құрсауланған өрілген немесе оралған құрылымдағы шлангілер оның жанар-жағар май, суыту, тежеу жүйелерінде қолданады.
РТБ – тораптардағы ең ұзақ пайдалаылатын және бейімделгіш бөлшектер, сондықтан оның құрастырылуы мен пайдалануы арнайы нұсқаулықтар арқылы іске асырылады. Оларға күн сәулесі. То-ра, су, май, органикалық еріткіштердің әсері аса күшті.
Ақаулары:
- Саңылаулардаң сұйықтың ағып кетуі, қысымды ұстамауы, соққыны, тербелісті қабылдамауы, берілісті жеткізбеуі
- Механикалық зияндар- майысу, сыну, сызат түсу, жарылу, қабаттардың сыпырылуы, ісіну, қырналу,
- Жұмыстық бөліктерінің қатайып кетуі, құрсауланған бөліктердің жыртылуы,
- Ремендердің созылып кетуі, бұралуы, қабаттарының сыпырылуы , жарылуы, тозуы,
- Шиналардың протектор суреттерінің шекті мөлшерден аласарып кетуі, әртүрлі дәрежеде тозуы, қапталдық жыртықтар пайда болуы, ісінуі.
- Камералардың, шиналардың тесілуі, жыртылуы, жарылуы, бүлінуі, ескіруі.
РТМ-ы толықтай қалыпқа келтіру мүмкін емес, сондықтан оны мерзімінде ауыстырып отыру керек. Сонда біз автокөліктің қымбат және жөндеуі күрделі тораптарды мерзімінен бұрын істен шығудан сақтап, пайдалану мерзімін ұзартамыз.
Бақылау сұрақтары:
