- •Мұнайдың химиялық құрамы, оның жанар-жағар майдың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •Мұнайдан жанар-жағар майларды алу
- •Мұнай шикізатынан сұйық жанармай алу
- •Мұнай өнімдерінің жалпы физико-химиялық көрсеткіштері
- •. Отынның түрлері, олардың сипаттамасы
- •Отынның іштен жану қозғалтқыштарындағы жануы және оған қойылатын талаптар
- •Бензинге қойылатын талаптар қандай?
- •Бензинннің қалдықтары,ассортименті, экологиялық талаптар
- •Бензиннің шығынын үнемдеу
- •Дизель жанармайының негізгі қасиеттері
- •Дизель жанармайының присадкалары
- •Дизель жанармайының шығынын азайту
- •Арі мотор майларын пайдалану қасиеттеріне байланысты сараптау
- •1999 Ж. 1 наурыздан бастап барлық майлар барынша жаңа асеа-98 талаптарына сәйкес болуы керек.
- •Транмиссиялық майлардың түрлері, қасиеттері, қолданылуы
- •Автокөліктердің гидрожүйелерінің майлары
- •Индустриалдық майлар
- •Пластикалық жақпалар
- •Жанар-жағар майлардың, және басқа материалдардың улылығы
- •Автокөліктерден зиянды және улы газдардың түзілуі
- •Автокөліктерде қолданылатын резина-техникалық бөлшектерді ата ,бөлшектерінің ақауларын, оларды сақтау жолдарын баянда
Жанар-жағар майлардың, және басқа материалдардың улылығы
Жанар-жағар майлардың, жақпалардың, арнайы сұйықтардың барлық түрлері белгілі дәрежеде улы және отқауіпті. Жанармай, сонымен бірге, қопарылысқа бейім.Сондықтан бұл материалдарды пайдалану барысында уланудан, өрт, қопарылыс және зарядталу қаупінен сақтану қажеттілігі туады.
Бензиннің ауадағы қоспасының мөлшері 0,3 мг/л аспауы керек, ол улы, адам организміне тыныс жолдары, терісі және тамақтану органдары арқылы енеді. 35-40 мг/л асатын бензин буы адамның есінен айырып, өміріне қауіп төндіреді. Бензин сақталған ыдыстарды тазалау, бензинді ауыз арқылы сору, бензин жүретін жүйелерді үпіріп тазалау барысында техника кауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау талап етіледі. Этилденген бензиннің құрамындағы тетраэтилқорғасын – адамға күшті әсер ететін нағыз у. Этилденген бензинді тек қана жанармай есебінде пайдалану керек, оны шамшыраққа, бөлшек жууға, еріткіш ретінде, қол жууға пайдалануға болмайды. Ол тағамға да тез сіңіп кетеді, қайнатқанда кетпейді,сондықтан тағаммен бірге сақтауға немесе тасымалдауға тиым салынады. Этилденген бензин төгілген орынды міндетті түрде хлорлы известь ерітіндісімен тазалау керек. Этилденген бензинмен жуылған ыдыстарды, бөлшектерді соңынан керосинмен жуып, тазалап, қалдықтарды өртеп жібереді. Егер этилденген бензин денеңізге төгілген немесе шашыраған болса, оны керосимен жуып тазалап, соңынан сабынды сумен жуады. Ластанған киім ауыстырылады.
Дизель жанармайы буының улылығы бензинге қарағанда жоғары, бірақ оның булануы аз мөлшерде. Будың шекті концентрациясы 0,3 мг/л . Сақтану шаралары мен алғашқы көмек көрсету әдістері бензиннен сақтау шараларымен бірдей.
Шығару газдарының құрамындағы көміртегі тотығы СО өте улы, оның ауадағы мөлшері 0,02 мг/л шектеледі. Автокөліктің Қ-ы жұмыс істеп тұрғанда, жабық орында кабинада ұзақ отыруға болмайды, улану үрдісі байқалмай өтеді, адам өміріне өте қауіпті.
Майлар мен гидравликалық сұйықтар да, соның ішінде присадка қосылғаны, улы заттар болып есептеледі. Ол тері ауруларының пайда болуына ықпал етеді.
Этиленгликоль және оның судағы ерітіндісі – антифриз, сондай-ақ тежеуіш сұйықтықтар да өте улы, адамның ішкі органына ену арқылы бүйрек пен нерв жүйелерін жаралайды. 50 г. этиленгликоль дозасы (100 г. Антифриз) өлімге соқтырады. Оларды пайдаланғаннан кейін қолды сабынмен сумен жуу керек. Егер ішкі органға енсе, 2% ас содасының ерітіндісімен асқазанды жуып, шұғыл дәрігер шақырады. Олар сақталған ыдыстар «улы» деген таңбамен белгіленіп, сақтаудың, тасымалдаудың және пайдаланудың жайы бақылауда ұстайды.
Жанар-жағар майлардың от алуы, әдетте, ашық жалын, темекі ұшқыны, статикалық электр ұшқыны, соққы кезіндегі ұшқын, немесе ысытылған бетке жанасудан болады. 200 л. ыдыстағы 10-15 г. бензиннің булануы қопарылысқа бейім қоспаның түзілуі үшін жеткілікті. Сондықтан бұндай ыдысты темір құралмен соғуға, ашық жалынды жақындатуға болмайды, жөндеу кезінде сумен толтырады, немесе алдын ала сумен тазалайды, булайды. Басқа да жанар-жағар майлармен жұмыс ережесінде осылар сақталады.
Ав-ль көлігі ауаны бірден-бір ластаушы (2.5. тақырыбын қара), ол атмосфераны, гидросфераны және литосфераны улайды. Ең қауіптісі гидросфераның ластануы, қышқылдар, сілтілер, майлар топырақ арқылы суға сіңіп, одан таза су қоймаларына жетіп, тағамға араласады. Сондықтан қоймалардан қалдықтарды тазалаудың жайы өте маңызды, оның химилық жолмен тазарту әдісі кең қолданылады. Қалдық суды қайталама тазалау, химиялық реагенттермен немесе присадкалармен залалсыздандыру, сүзгіден өткізу, хлор немесе оттегі (иондау) арқылы микробтарды, бактерияларды, вирустарды т.б. жою, тұндырып алып тазалау т.б. әдістері қолданылады. Бастысы, автокөлік кәсіпорындарында суды үнемдеу және қалдықтардың гидросфераны ластануы болдырмау үшін пайдаланудың тұйықталған жүйесін енгізіу талабы қойылады. Бұл жағдайда пайдаланған судың белгілі көлемі тазартылып, салқындатылып, қайтадан өз мақсатына жұмсалады.
