Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пайдалану материал.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.66 Кб
Скачать

Индустриалдық майлар

Өндірістік жабдықтарға қолданылатын майларды индустриалдық майлар деп атайды.Жұмыс істеу диапазоны мен режимі әртүрлі. Жұмыс Т-сы 50-600С арлығында. Қолданылу мақсаттарына қарай Инд/м төрт топқа бөлінеді: Л жеңіл жүктемелі қосылыстар (шпинделдер, подшипниктер мен олармен жанасатын қосылыстар); Г гидравликалық жүйелер; Н бағытталған сырғымалар; Т ауыр жүктемелі қосылыстар (тісті берілістер).

Пайдалану қасиеттеріне байланысты бес топтамаларға: А, В, С, Д, Е, бөлінеді. А/ш да негізінен А топтамасындағы майлар қолданылады.

Инд/м лар тұтқырлық қасиетіне байланысты 18 класқа жіктелед.і : Мысалы: И-ЛГ-А-15 (И-12А) , бұнда И- индустриалдық; ЛГ жеңіл жүктемелі қосылыстар және гидравликалық жүйелер; А присадкасыз; 15 тұтқырлық класы; (И-12А) жалпы қабылданған белгісі; автокөліктердің гидрокүшейткіштерінде, ж.б. пайдаланады. 200С Т-дағы тығыздығы 880 кг/м3; 400С Т-дағы тұтқырлығы 13..17 мм2/с; Т-а 0С : тұтану 150, қату (-15)

Бақылау сұрақтары :

1. Трансмиссиялық майларға қойылатын талаптар, қасиеттері қандай болуы керек?

2. Трансмиссиялық майларға қойылатын тұтқырлықтың төменгі шегі қандай?

3. Трансмиссиялық майлардың тұтқырлық класына байланысты бөлінуі

4. Автокөлік жүйеллеріне қолданатын гидромайлар, талаптар, қасиеттері, кластары, топтары,

5. Автокөлік жүйелеріне қолданатын индустриалдық майлар, талаптар, қасиеттері, топтары,

Пластикалық жақпалар

Пл/ж бұл қою жақпатәрізді өнім, оның құрамына: негізі май, қоюландырғыш сабын, қатты көмірсутегілер, тұрақтандырғыштар, кейде толықтырғыштар (графит). Пл/ж-лар конструкциясына байланысты қайталап майлап отыруға қиындық келтіретін бөлшектердің қосылыстарын майлауға қолданады. Ол сондай-ақ бөлшектердің ішкі және сыртқы беттерін даттанудан қорғауға пайдаланады.Пл/ж-лар сараптамасына байланысты төрт топқа бөлінеді: антифрикцинды, консервациялаушы, тығыздағыш және арқандық. Антифрикциондық топқа: С солидол, қалыпты Т-да, жалпы мақсатқа; О жоғары Т-да, жалпы мақсатқа; М көпмақсатты, жоғары ылғалдықта; Ж қызуға тұрақты; Н аязғатөзімді; И тозуға және жонылуға қарсылығы; П аспаптық; Х химиялық тұрақты.Консервациялық жақпалар З механизмнің темір бөлшектерінің сақтау және пайдалану кезінде коррозиядан қорғалуын ; Тығыздағыш жақпалар: А арматуралық, Р резьбалық, В вакуммдық; Арқандық жақпалар К.

Әрбір майлар үшін оның белгілі жүктемеде, яғни деформациялануы мен күш түсудің пропорциясы бұзылатын, нәтижесінде майдың сұйыққа айналатын шегі болады. Бұндай шектік жүктемені төзімділік шегі деп атайды, ол 20-1200С Т-да 100-150 Па.с (0,5-20 г/см2 ).

Жақпалардың пайдалану және сақтауға төзімділігі оның тұрақтылығын білдіреді. Ол: коллойдтық, механикалық, химиялық деп бөлінеді.

Әртүрлі машиналардың үйкеліс және сырғанау беттерін майлау үшін кальцилі және синтетикалық жақпа солидол кең тараған. Оның қолдану Т-сы 50-700С аралығы.

Графитті жақпа Ска 2/6-г3 (УСсА) баяу жүрісті ауыржүктемелі механизмдерге, рессорларда, бұранда қосылыстарында, торсиондарда қолданылады. Т-лық шегі 20-600С.

Консталин, 1200С Т-ға дейін домалау подшипниктерінде пайдаланады.

Автокөлік жақпасы ОНаКа-3/10-2 доңғалақтың ішпегін, беріліс қорабының бұрандалы білігін,ж.б майлауға арналған.

УЛи 4/13-э3 (1331) жақпасы -40 тан 1300С Т-ға арлығында жабық домалау подшипниктерін майлауға қолданады.

Литол-24, солидол автокөліктің көптеген тетіктерін майлауға пайдаланады. Олардан басқа: АМ кардандық- шарнирлер мен бұрғыш жұдырықшаның шкворнясына; ЦИАТИМ-201 спидометрдің иілгіш валына, тростарды; УСсА рессорға жағуға қолданады.

Жақпаларға қойылатын талаптар:

  • Жоғары төзімділік шегінің болуы;

  • Жабысқақтық қасиеті;

  • Белгілі дәрежедегі қоюлығы;

  • Белгілі пайдалану Т-лық шегінің болуы;

  • Бастапқы күйін сақтау және өзгертпеу мүмкіндігі;

  • Жұмыс істеу және сақтау үрдісінің ұзақтығы;

  • Даттануға, тозуға және жонылуға қарсы тұрушылық, қорғағыштық қасиеттерінің болуы.