- •Мұнайдың химиялық құрамы, оның жанар-жағар майдың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •Мұнайдан жанар-жағар майларды алу
- •Мұнай шикізатынан сұйық жанармай алу
- •Мұнай өнімдерінің жалпы физико-химиялық көрсеткіштері
- •. Отынның түрлері, олардың сипаттамасы
- •Отынның іштен жану қозғалтқыштарындағы жануы және оған қойылатын талаптар
- •Бензинге қойылатын талаптар қандай?
- •Бензинннің қалдықтары,ассортименті, экологиялық талаптар
- •Бензиннің шығынын үнемдеу
- •Дизель жанармайының негізгі қасиеттері
- •Дизель жанармайының присадкалары
- •Дизель жанармайының шығынын азайту
- •Арі мотор майларын пайдалану қасиеттеріне байланысты сараптау
- •1999 Ж. 1 наурыздан бастап барлық майлар барынша жаңа асеа-98 талаптарына сәйкес болуы керек.
- •Транмиссиялық майлардың түрлері, қасиеттері, қолданылуы
- •Автокөліктердің гидрожүйелерінің майлары
- •Индустриалдық майлар
- •Пластикалық жақпалар
- •Жанар-жағар майлардың, және басқа материалдардың улылығы
- •Автокөліктерден зиянды және улы газдардың түзілуі
- •Автокөліктерде қолданылатын резина-техникалық бөлшектерді ата ,бөлшектерінің ақауларын, оларды сақтау жолдарын баянда
Транмиссиялық майлардың түрлері, қасиеттері, қолданылуы
Беріліс және тарату қораптарында, басқару жүйесінде Трм/м пайдаланады. ТРМ/м-дың негізгі міндеті – үйкелістегі бөлшектердің тозуын баяулату, үйкелісті жеңу күшін азайту, жылуды шығару, тотығудан қорғау, соққы күшін азайту, шуыл мен дірілді жою, қосылыстардағы саңылауларды тығыздау, ж.б . Гидромеханикалық транмиссияда берілісті Қ-тан жетек жүйесіне жеткізу қызметін атқарады.Жүйенің сенімді және ұзақ қызметін қамтамасыз ету үшін Трм/м –дың төмендегідей қасиеттері болуы тиіс:
- Шестернялардың тістері мен басқа бөлшектердегі тозуды азайту және жою;
- Тісті берілістің үйкеліс шығынын азайту және жоғары ПӘК-ін беру;
- Жылуды жақсы шығару және қалдықтарды алып кетуі;
- Трм жүйесінде бөлшек беттерінің даттануын болдырмау;
- Жұмыс барысында өзінің бастапқы қасиеттері сақтау;
- Сыртқы ортаның әртүрлі Т-сы кезінде көліктің қалыпты қозғалуын қамтамасыз ету.
Трм-ның негізгі қасиеттеріне оның бөлшектердің тозу және қырналуына, даттануға қарсылығы, тұтқырлық- температуралық , жатады. Тозу және қырналуға қарсылығы Трм/м-дың арнайы жоғары смолалы мұнай қалдықтарынан дайындалып, оған хлор, фосфор, күкірт және цинк қосындылары бар присадкалар қосылуы арқылы іске асырылады. Бұл заттар жоғары қысым мен Т-да оксидті қабық түзу арқылы тістесу беттерін қорғайды.
Жоғары тұтқырлық- температуралық қасиет Трм/м-дың тістесу беттерінің сенімді жұмысын, қыс мезгілінде көліктің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, оның төменгі шегі 5 мм2/с (сСт) болады.
АзНИИ присадка-депрессорларын қосу арқылы Трм/м-дың қату Т-сын жақсартады. Егер майда сілтінің мөлшері аз болса, ол тотығуға төзімді болады. Күкірттің қоспасының болуы майдың тотығу және қырналу қарсылығы қасиеттерін арттырады.
Кинематикалық тұтқырлығына байланысты Трм/м-лар төрт топқа бөлінеді:
Т
ұтқырлық
класы 1000С
Т-ғы
Кинематикалық
тұтқырлығы,
мм2/с
Пайдалану қасиеттері мен қолдану аясының мүмкіндігіне қарай Трм/м 5 топқа жатады: ТМ-1, ТМ-2, ТМ-3, ТМ-4, ТМ-5. Мысалы: ТМ-5-93, ТМ- транмиссионное масло; 5 – қырналуға қарсы присадка қосылған көпмақсатты тиімділігі жоғары май; 9 – тұтқырлық класы; 3- майға қоюлатқыш присадка қосылған.
Суда еритін қышқылдар мен сілтілердің болмауы майдың даттануға қарсылық қасиетін арттырады. Басқа майлардан ерекшелігі, Трм/м –дың құрамында күкірттің болуы оған тозуға және қырналуға қарсылық қасиет береді. Сонымен бірге, Трм/м-дың құрамында су және механикалық қалдықтардың болуына жол берілмейді.
Майды жылына екі рет, техникалық қүтім жүргізу барысында ауыстырады. Егер заводтық нұсқауда тек бір рет ауыстыру қарастырылған болса, онда бірден көпмаусымдық май құю қарастырылады.
Тракторлардың транмиссиясында арнайы майлар құю көзделген. Мысалы, К-700 тракторы мен оның модификацияларында мотор майын пайдалану ұсынылады.
Автокөліктердің гидрожүйелерінің майлары
Автокөліктердің гидрожүйелеріне пайдаланылатын майлар төмен температуралық қасиетке, жақсы тұтқырлық қасиетке ие, сақтау және пайдалану кезінде жақсы тұрақтылық, құрамында механикалық қоспалардың жоқ болуы керек. Кинематикалық тұтқырлығына байланысты 10 класқа, пайдалану қасиеттеріне байланысты 3 топқа жатқызылады.
Гидравликалық майлардың пайдалану қасиеттеріне байланысты топтары
Тобы |
Майдың құрамы |
Ұсынылатын қолдану аясы |
А |
Присадкасыз минералды майлар |
15 МПа қысымда 800С Т-да жасайтын поршенді тісті сораптардың гидрожүйесінде |
Б |
Тотығу және даттануға қарсылықты минералды майлар |
25 МПа қысымда 800С Т-да жасайтын сораптардың барлық түрлерінің гидрожүйесінде |
В |
Сол, тозуға қарсылықты |
Сол, 900С Т-да |
Гидромайларды белгілеу 3 түрлі белгі топтарынан тұрады: МГ әрпі – минералды гидравликалық; сан – кинематикалық тұтқырлық класын сипаттайды, әріп - пайдалану қасиеттеріне байланысты қандай топқа кіретінін анықтайды. Мысалы: МГ-5-Б, Тауарлық маркасы – МГЕ-4Е, ЛЗ-МГ-2; МГ-22-В, тауарлық маркасы – «р»; т.с.с.
МГ-10А (Мг-15-В) – орташа Т-ра –(60-65) тен (70-75)оС ге дейінгі аралықта жұмыс істейтін автокөліктердің гидрожүйесінде қолданылады; пайдалану қасиеттері: 50оС Т-радағы кинематикалық тұтқырлығы 10 мм2/с; қату Т-сы –( -70оС), тұтану Т-сы 96оС; 20оС т-ғы тығыздығы -860 Кг/м3; қышқылдығы -0,4-0,7 КОН/г майға.
