- •Мұнайдың химиялық құрамы, оның жанар-жағар майдың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •Мұнайдан жанар-жағар майларды алу
- •Мұнай шикізатынан сұйық жанармай алу
- •Мұнай өнімдерінің жалпы физико-химиялық көрсеткіштері
- •. Отынның түрлері, олардың сипаттамасы
- •Отынның іштен жану қозғалтқыштарындағы жануы және оған қойылатын талаптар
- •Бензинге қойылатын талаптар қандай?
- •Бензинннің қалдықтары,ассортименті, экологиялық талаптар
- •Бензиннің шығынын үнемдеу
- •Дизель жанармайының негізгі қасиеттері
- •Дизель жанармайының присадкалары
- •Дизель жанармайының шығынын азайту
- •Арі мотор майларын пайдалану қасиеттеріне байланысты сараптау
- •1999 Ж. 1 наурыздан бастап барлық майлар барынша жаңа асеа-98 талаптарына сәйкес болуы керек.
- •Транмиссиялық майлардың түрлері, қасиеттері, қолданылуы
- •Автокөліктердің гидрожүйелерінің майлары
- •Индустриалдық майлар
- •Пластикалық жақпалар
- •Жанар-жағар майлардың, және басқа материалдардың улылығы
- •Автокөліктерден зиянды және улы газдардың түзілуі
- •Автокөліктерде қолданылатын резина-техникалық бөлшектерді ата ,бөлшектерінің ақауларын, оларды сақтау жолдарын баянда
Мұнайдың химиялық құрамы, оның жанар-жағар майдың қасиеттеріне тигізетін әсері
Бүгінгі таңда мұнай жанар-жағар майлар, пластикалық және арнайы майлар,ж.б. өнімдерді алудың негізгі көзі.Сыртқы түрі бойынша мұнай қара-қоңыр немесе жасыл түсті майлы қою сұйықтық.Мұнайдың тығыздығы 0,75-тен 1,3 г/см3.
Мұнай өсімдік және жануарлар қалдықтарының бұзылып басқа түрге енуінен пайда болады.Органикалық заттар бұзылу барысында теңіз аймақтарындағы алаңдарда жиналады да оған құрылықтан сумен айдалып келіп жинақталған заттар қосылады. Осының нәтижесінде мұнайдың қасиеттеріне оның құрамындағы қалдықтар, яғни ол қандай нәрселерден құралды , сонымен бірге басқа да факторлар мен жағдайлар, әсер етеді.
Мұнайдың негізін оның өндірілу орны мен түзілу жағдайына қарай үш түрлі көмірсутектер тобы: парафинді (алкандар), нафтанды (циклан) және ароматты (арен), құрайды.
Парафинді көмірсутектер қату температурасы жоғары болуына байланысты оның қыстық майлардың құрамында болуы тиімсіз.
Нафтанды көмірсутектер молекулалық массасы жөнінде парафиндермен бірдей және төменгі температурада тотығуға бейім. Нафтанды көмірсутектердің балқу температурасы төмен, сондықтан мұнай өнімдерінің қату температурасын азайтады, бұл оны қыстық майларда пайдалануға қажетті қасиет болып табылады. Нафтанды көмірсутектердің жоғары температурада тотығуға тұрақтылық қасиеті оны бензиннің детонацияға қарсы әсерінің жақсаруына ықпалы тиеді. Нафтанды көмірсутектердің мұнайдың құрамындағы қоспасы 20-дан 30 % дейін, майдың құрамында 70 % жетеді.
Ароматты көмірсутектер тотығу реакциясына барынша термикалық тұрақтылық қасиетке ие. Көмірсутектерінің бұл тобының тұтқырлық , тығыздық және қайнау Т-а көрсеткіштері жоғары. Температура төмендеген жағдайда ароматты көмірсутектердің тұтқырлығы жоғарылайды, бұл жағар майдың қасиеттеріне ықпал етеді.
Ароматты көмірсутектердің бензиннің құрамында болуы оның бензиннің детонацияға қарсы әсерінің жақсаруына, ал дизел жанармайының тұтануы қасиетінің төмендеуіне ықпал етіп, дизельдің жұмысын қатқылдандырады.
Мұнайдың құрамындағы ароматты көмірсутектердің мөлшері 10 нан 48 % дейін.
Мұнайдың құрамындағы көмірсутектердің негізгі үш тобынан басқа мөлшерсіз көмірсутектер, органикалық қышқылдар, смолатипті заттар, минералды қосындылар, күкірт жіне азотты қосылыстар болады. Бұл қосындылардың жанармайдың құрамында мөлшерден артық болуы тиімсіз.
Мұнайдың құрамындағы негізгі органикалық қышқылдар –нафтандар, ол түсті металдармен реакцияға түсіп қабаттар түзеді.
Смолалы-асфальтты заттар негізінен көмірсутектердің, сутектердің, күкірттің, күрделі қосылыстары болып табылады. Бұл қосындылар ерімейді , мұнай өнімдерінің сапасын төмендетеді, сондықтан олардың жазғы жанармайдың құрамында болуы өте тиімсіз.
Күкіртті қосылыстар металдарға әсер ететін активті және әсері жоқ активсіз болып бөлінеді. Сондықтан активті күкір қышқылдың мұнай өнімдерінің құрамында болуына жол берілмейді.
Азотты қосылыстар мұнайдың құрамында өте аз мөлшерде болады да өңдеу кезінде жойылады.
Тапсырма: Мұнайдың жалпы құрылымдық тізбесімен танысып, сызу. Мұнайдың құрамындағы қоспалардың қасиеттерін оқып зер
