Нарықтық зерттеу мен талдау және маркетинг жоспары
Қазақстан нарық экономикалық мемлекет қатарынан. Нарықты сегменттеп, яғни басқаша тілмен айтар болсақ, нарықты қоян шаруашылына байланысты зерттеп, зерделейтін болсақ. Бұл шағын кәсіпкерлікке байланысты, яғни қоян щаруашылығында бәсекелестікке тоқталып кетсек, бәсекелестік жоқтың қасы. Бұл жоғарыда аталып өткен сөз мәйегімен, өзімнің тұрғылықты жерім, яғни Шұбарқұдық аумағын меңзеп, қарастырудамын. Еліміздің басқа аумақтарында епсін епсін, қоян шаруашылығымен айналысатындар болғанымен саны тым аз мөлшерде. Бірақ бұл қоян шаруашылығымен айналысу барысында ешқандай бәсекелестік тудырмайды деген көзқарастамын. Сәйкесінше бірігіп жұмыс жүргізуге тура келеді деп есептеймін. Бірақ бұл есепте «Оңтүстік» қазақстандағы «МИАКРО» технологиясымен қоян шаруашылықпен айналысатын, шаруашылықты тізбекке алмай отырмын. Өйткен себеп қоянды көп мөлшерде өсіру шығындардың толассыз болуына алып келуі мүмкін. Менің бұл шағын кәсіпкерлік құру барысындағы неше түрлі мысал есебінде түрлі қилы сынды көзқарастар тізбегін ұсынатын боламын. Бірақ, жеке субъект есебіндегі көз қарасым бойынша 1 жыл ішінде қоян басын, 1 өндіріс цикл барысында 100 көжектен асырмау жоспарлануда. 1 жылда жылда 3 өндірістік цикл, яғни 300 көжектен аспау жоспарлануда. Егерде қоян шаруашылығын мына қазіргі таңдағы дағдарыс заманында, жылдық орташа санын 300 ден асырар болсақ. Толассыз шығындарға ұшырау қаупі бар. Жылдық орташа есеппен 300 ден асырар болсақ шығын саны 3 еселенеді. Мұндай шағын кәсіпкерліктің үлесін арттыруы үшін, жалдаламылы жұмысшыларға жүгінуге тура келеді. Ал бұл өз кезегінде кәсіпкерліктің бастау салмай жатып, құрдымға жіберуі мүмкін.
Бұл бизнес план кәсіпорындар үшін қарастырылмаған, тек жеке қара басы үшін, қоян шаруашылығымен айналысушылар үшін, яғни атап айтар болсақ шағын кәсіпкерлік үшін арналған.
Ендігі кезек шетелдік қоян етін әкелушілерге зер салайық. Қазақстанда шетелдік қоян етін жеткізуге қазіргі таңда іс жүзінде жүзеге асырылмайды.
Негізінен, қоян етін сату нарығына жеке үй шаруашылықтарының өнімі шығарылатын. Жемдердің қымбаттап кетуін ескере отырып қоян етін нарыққа шығару қысқартылып кетті, алайда қоян еті бүгінгі таңда нарықта басымдық жағдайда. Осы жоғарыда аталып өткендерді ескере отырып, Батыс Қазақстан обылысында қоян етін сатушылардың арасында бәсекелестік жоқтың қасы, егерде бар болған жағдайдың өзінде де, бірлесе тәжірибе алмасып әрекет етуге тура келеді. Бірақ та бәсекеге қабілеттілік деңгейі жоғарылаған сәт, сәйкесінше қарама-қарсы пікірге көзқарасымды ауыстыруға тура келеді.
Өндірістің басты ерекшелігі нарықта ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныстың әрдайым болуында. Төмендегі кестеде біздің жаңадан құрылған шағын кәсіпкерлік өніміне деген жоспарлы бағалар көрсетілген.
1-кесте. Шағын кәсіпкерліктің ұсынған бағасы
Өнім |
Шағын кәсіпкерліктің бағасы |
Ет |
1200 тг. / Кг |
Тері |
200 тг. / Кг |
1 ай өмір сүрген көжек үшін |
1500 тг. / Әрбір өмір сүрген айы үшін |
Атақты еуропалық, американыдық, австралиялық фирмалар маркетологтарының қоғамдық зерттеулері, және компанияның жеке зерттеулері көрсеткендей, әлемнің қоян етін дәстүрлі түрде қолданатын барлық елдерінде осы өнімге деген сұраныс олардың жеке өндірісін көп есе жоғарылатады.
Қоянды тірі кезеңінде өткізу үшін. Яғни 1 ай өмір сүрген көжек үшін 1500 талап ете білу үшін, яғни көжектерді өткізу үшін Youtube, Instagram Вконтакте әлеуметтік желілеріне, Шұбарқұдықта қоян шаруашылығымен айналысатындығы туралы, мәліметтер таратып, бұдан басқа іс шаралар жүргізуге болады. Және де газеттерге жарнама шығару арқылы, атап айтар болсақ: Темір газеті, Ақтөбе облысы газеті және де басқа да жарнамалық тәсілдерді пайдалану арқылы маркетингтік қадам жасалынуы тиісті. Зерттеулер көрсеткендей, интернеттегі жарнама өте танымал болып табылады, себебі көптеген адамдардың интернетке шығу мүмкіндігі бар. Сондықтан, интернетте және газеттерде жарнама орналастыру жоспарландағы туралы жоғары да атап көрсеткен болатынмын.
Және де әрбір қоянды тірілей, яғни көжек кезеңінде, калифорниялық қоянды сату барысында. Мұнымен қоса әр қоян басына «Ниппельді су ішкіш» сыйлық есебінде беріледі. Айта кеткен жөн мұндай құрылғы шетелден тапсырыс беру арқылы ғана алуға болады. Яғни мұндай өнім қазақстанда өндірілмейді. Бұл инновациялық құрылғы бейнесі келесідей:
3-сурет. «Ниппельді су ішкіш»
Бұл құрылғының пайдалануы өте қарапайым: 1,5 литр күбінің (баклажка) қақпағына орналастырылады және де түбін тесу арқылы, қабырғаға сыммен орналастырады, немесе арнайы құбыршек (шланга) арқылы жүйеленген суландыру жүйесін құрастыруға болады.
Бұл бар болғаны мысал есебінде өнімді өткізу үшін маркетингтік қадам болып табылады. Бұдан басқа өзге де акциялар жүргізуге де болады.
Мысалы: 5 немесе одан да көжектерді сатып алушыларға бағасын түсіру арқылы іс шаралар жүргізу арқылы.
Және де көрме (выставка) жасау арқылы қадам жасауға болады. Жоғары да аталып өткендерді шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып, және де өзімнің ой елегімнен өткізу арқылы маркетингтік жоспарымдағы, маркетинг қадамдарымның ең негізгілерін жіктеп шықтым.
