Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БИЗНЕС ПЛАН 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
603.51 Кб
Скачать

Тұжырымдама, шолу, резюме

Сөз бастауын қоян шаруашылығының нефт пен доллар еместігін ескертейін. Әрине бұл бірақта арзанға шығар жалдың ақысы да емес. Бұл бар болғаны өмірлік қажеттіліктеріңді қанағаттандыру үшін жасалған шағын кәсіпкерлік бизнес жоспары болып табылады. Әрбір күнің үшін бар болғаны 3-4 сағатыңды талап ететіндігін мәлімдеймін.

Бұл бөлімде қоян шаруашылығын тұжырымдайтын боламыз, және де осы қоян шаруашылығына байланысты шағын кәсіпкерлікке қысқаша түрде шолу жүргізетін боламыз, бұл жобаның қанша қаржы ресурстарын талап ететіндігі тағы бар.

Жоба анкетасына тоқталар болсақ. Бұл жобаның мақсаты: Қоян етін, терісін, және де мүмкіндік болса қояндарды өсіру барысында, әрбір 1 ай өмірлік кезең үшін 1500 теңге талап ете алатын шағын кәсіпкерлік құру болып табылады. Өйткен себеп «Калифорния» қояны элиталы тұқымдардың қатарынан болып табылады.

Өнімділікке зер салайық: 288 қоянды жылына өсіру жоспарланып отыр.

Жобаның бастапқы құны: 534 492 теңгені құрайды.

Қайтару мерзімі: 8 ай, немесе 244 күнді қамтиды. Бұл 12 ұрғашы және де 3 еркек қоянды тұқым жалғастыруға іріктелген сәттен бастап және де 12 қоянның көжектегінен кейін қайтару мерзімі болып табылады. Өйткен себеп іріктеу шарасы өте күрделі процес болып табылады.

Жобаның тұжырымдамасы қояндарды сойып етті ары қарай сату үшін қояндарды өсіру бойынша шағын кәсіпкерлік құру қарастырылады. Немесе сәйкесінше «Калифорниялық» элиталы қояндарын сату болып табылады. Клеткалар орналасқан жер 48м2 ауданнан тұратын орынға орналастырылады.

Қазіргі кезде бизнес-жоспарда жоспарланған шағын кәсіпкерлік айналымдарын жеке кәсіпкер ретінде іске асырған дұрыс деп есептеймін.

Аталмыш бизнес-жоспар әрекет етуге басшылықтың қорытынды нұсқасы болмайды, тек осы бизнес-ойдың дамуының потенциалды мүмкіндігін көрсетеді. Яғни жеке кәсіпкер ретінде өзімнің субъективтік көзқарасым бойынша тұжырымдар жасалынған болатын. Егерде қоян шаруашылығымен айналысамын деушілер бар болса қанағаттанбаған бөліктеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жұмыстарын жүргізітен болса, және де бұл бизнес жоспардың толықтай немесе кез келген бөлігіне көшірме жұмыстарын жүргізетін болса, бұл жайында бизнес жоспарды құрастырушы тараптан рұқсат қағаз алуға міндетті. Бизнес жоспарды автордың рұқсатынсыз таратуға тыйым салынады.

Қоян шаруашылығына байланысты шағын кәсіпкерліктің бизнес жоспарын құрастырушы: Базарбай Данияр Болатбекұлы және Байзақ Алихан Ерболатұлы. С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенттері болып табылады. Және де бұл бизнес жоспарды тексеру мен сараптаудан өткізуші: Ахметова Эльвира Ерболатовна болып табылады.

Қазіргі таңдағы жағдай және шағын бизнес туралы қысқаша ақпарат

Қоян шаруашылығын қолға алу өзегімде жүрген мәселелердің бірі болып табылады. Қоян еті - диетикалық тағамдар қатарынан болып табылады, және де оның пайдасының өте зор екендігін көптеген ғалымдар дәлелдеп шығарды. Қоян шаруашылығын қолға алуға негізгі мәселелердің бірі, Қазақстан семіздік дертінің бой жазуы. Қазақстан семіздік дерті бойынша Орталық Азиядағы ең семіз адамдар қатарынан болып тұр. Жас өспірімдер қатарын қозмағанның өзін де де, ересек адамдардың 24,4 пайызы - семіздік дертіне шалдыққан. Семіздік жүрек талмасы, миға қан шабу, қан қысымының көтерілуі, холецистит, артрит, панкреатит сияқты ауруларды қоздырады деседі.

Ғалымдар үй қояны жеті айлығына дейін ядролық қалдықтарды, сондай-ақ гербицид пен пестицидті бойына сіңірмейтінін дәлелдеді. Қоян етінде холестерин мүлдем жоқ. Есесіне қоян еті ақуызға, витамин мен минералға бай. Қоян еті гипертония мен тағам аллергиясына шалдыққандарға, ішек құрылысы мен өт жолдары ауыратындарға таптырмайтын тағам. Әрі иммунитетті көтеретін қасиеті бар.

Қоян етінде шамадан тыс май болмайды, 100 грамм өнім үшін бар болғаны, 155 кКал болып табылады. Яғни қоян етін пайдалану арқылы семіздікке қарсы күресі жүргізуге болады. Және де қоян етінің құрамында 19-ға жуық аминокислота бар екендігі дәлелденген. Адам ағзасы қоян етін жатсынбайды, атап айтар болсақ, 95-96 пайызын тұла бойымыз сіңіріп алады. Сиыр және де қой етуімен салыстырар болсақ, сиыр және де қой еті ауыр тағамдар қатарынан болып табылады, яғни бар болғаны 50 пайызы сіңіріліп, қалған бөлігін игеруге асқазанымыздың қауқары жетпейді. Сондай ақ, қоян етінің аллергиялық қарсы көрсетілімі бар. Ұзын сөзден, тобықтай түйін қоян шаруашылығы әлеуметтік және де экономикалық мәселелерді шешуде негіз бола алады.

Қоян шаруашылғымен айналысу барысында, шағын бизнес туралы идеяның пайда болуына негіз болған, жоғары аталып өткен семіздік дерті болғанымен, ол бар болғаны, қазіргі таңдағы барша қазақстандықтардың әлеуметтік өзекті мәселенің бірі ғана.

Шағын кәсіпкерлікті ашу Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдықта қоян шаруашылығы қолға алынбақшы.Тұрғылықты халық саны 2016 жылғы есеп саны бойынша 12991 адамды құрайтын елді мекенде, қоян етін сату 1 килограмм үшін шамамен 1200-1400 теңге аралығында болады деп есепке алынуда. Сонымен қатар қоян терісін Тараз қаласында орналасқан өңдеу зауытына жөнелтiп, балаларға және жастарға арналған сәндi сырт киiмдер, көрпе және тұрмыстық заттар тiгудi жоспарлап отырмыз. Яғни шикізат есебінде терісін өңдеуге жіберілу жоспарлануда, және де сәйкесінше «Калифорниялық» элиталы қояндарын сату болып табылады.

Шағын кәсіпкерлікте қоянның етін, терісін, және де қояндарды ары қарай сату үшін қоян өсірумен айналысатындығыны жоғарыда аталып өткен болатын. Қоянның диеталық және экологиялық таза еті қазіргі кездің талаптарына жауап береді. Тағамдылығы мен нәзік дәмі, тез қорытылатындығы және майлар мен холестериннің төмен болуы оны алғашқы орындардың біріне қояды.

Қоянның бауыры тек үлкендерге ғана емес балаларға да пайдалы. Ол ағзаның ауыр инфекциялық аурулардан кейін қалпына келуіне, бүйрек ауруына көмектеседі, тағам дайындау кезінде де тағамдық дәмі өте дәмді. Терісі әртүрлі киім түрлерін тігуде қолданылатындығы жоғары да атап өттім. Шағын кәсіпкерлік «Калифорниялық қоян» элиталы қояндарды өсірумен айналысады, ол салмағының орташа екендігімен және тез пісуімен сипатталады. Қоянның салмағы бизнес кезеңде 4 айда, 4,5 кг құрайды. Еттің сойылу кезінде 2,5 кг кем емес. 1 жылдық орташа есеппен 288, 1 жылда 3 өндірістік циклде қоянды өсіру жоспарланып отыр.

Қоян шаруашылығын бастауға қолайлы мезгіл көктем айлары болып табылады, мамандардың пайымдауы бойынша қыс айында дүниеге келген көжектер түрлі ауруларғы төзімді екендігін дәлелденген. Әсіресе осы кезең де 3-4 айлық элиталы қоянның тұқымын, яғни көжек кезеңінде алу жоспарлануда. Қоян шаруашылығын ұйымдастыру барысында, колифорниялық қоян тұқымдасын алу туралы жоспарлануда.

Калифорниялық қояндарға тоқталып өтсек:

1-сурет. «Калифорниялық қоян»

-Ересек қояндардың орта есеппен салмағы 4,5 кг құрайды;

-Стандартқа сәйкес бұл қояндар ақ түс болып, келеді. Бірақ: құлағы, аяқтары, мұрны қара түсті болып табылады;

-Орта есеппен калифорниялық тұқымдас қояндарынан жылына 3-4 рет тұқым алуға болады;

-5 айлық кезеңде ұрғашыларын, ал еркектерін 6 айлық кезеңде шағылыстаруға болады;

-Әрбір тұқым алу барысында 8-14 арасында көжек алуға болады;

-Егерде 1 қоян 12 көжек дүниеге алып келсе, 6 көжек дүниеге алып келген қоянға, 3 көжекке орнын ауыстыруға болады, бірақ бұл сақтықпен жүзеге асырылады. Осылайша 9 көжектен реттестіріп отыруға болады. Бұл көжектердің сапасының төмендемеуіне негіз болады.

Жоғарыдағы атап өткен ерекшеліктер калифорниялық қоянның негізгі ерекшеліктері болып табылады. Аталып өткен ерекшеліктері, тек бұл ғана емес. Өзге де ерекшеліктері бар, бірақ мұның бәрін тізбектеуге еш негіз жоқ. Сонымен қоян шаруашылығымен айналысуға идея берген, қазақстандағы семіздік дерті, және де қоян шаруашылығының тиімді, басқа шаруашылықтармен салыстырғанда артықшылықтарының бар екендігі де негіз болып отыр. Бұдан басқа бөлімдеріндеде қоян шаруашылығын бастауға шабыт берген ерекшеліктерін, бизнес планның артықшылықтары мен кемшіліктерін өзге де бөліктерінде қарастырып, жіктейтін боламын.