Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
41.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

Сурет 9.19

Көрінетін жалғыз пісірмелі нүктені шартты түрде «+» белгісімен кескіндейді (9.19,ә,г суреттері).

Жапсардың не жалғыз нүктенің кескінінен бір қанатты нұсқамамен аяқталатын шығарма сызықты жүргізеді (сурет 9.19).

Егер жапсардың құрылымдық элементтерін стандарт тағайындамаса (оны стандартты емес жапсар дейді), онда жапсарды барлық қажетті өлшемдерін келтіріп кескіндейді.

Пісірмелі біріктіру жапсарын шартты белгілеу. Пісіру жапсарын толық белгілеу үшін көмекші белгілер қажет. Олар 9.2-кестеде келтірілген. Белгілердің мәндері: N1 – жапсарды күшейтетін дөңестерді жою; N2 – негізгі металлға жатық еткізіп, жапсардың қаспақтары мен кедір бұдырлықтарды өңдеу; N3 – жапсарды бұйымдарды өз орнына қондырғаннан соң жасау; N4 – үзік немесе нүктелі тізбелі орналасқан жапсар (сызықшаның көлбеулік бұрышы 600 ); N5 – үзік немесе нүктелі шахмат тақтасының көздерінше орналасқан жапсар; N6 – тұйық сызық бойынша орналасқан жапсар (белгінің диаметрі – 3-5 мм); N7 – тұйық емес сызық бойынша орналасқан жапсар.

Кесте 9.2 -Көмекші белгілер

Көмекші белгілерді тұтас жіңішке сызықтармен жасайды, ал олардың биіктігі жапсар белгілеуіне енетін сантаңбалар биіктігімен бірдей болуы керек.

49. Дәнекерлеу және желімдеу арқылы біріктірулердің кескінделуі

50. Тетікбөлшектің эскизін салу

  Тетікбөлшек сызбасы – тетікбөлшек кескіндерінен тұратын және оны жасауға, бақылауға қажетті басқа да мәліметтер бар құрылымдық құжат. Тетікбөлшек сызбасы артық кескіндер мен жазусыз, мейлінше анық, айқын орындалған болуы тиіс. Сызбаны орындауда басты көріністі таңдауға ерекше мән беріледі. Оның таңдалуы тетікбөлшекті жасаудағы негізгі технологиялық операцияның жағдайына байланысты болады, ал тетікбөлшектің құрастыру бірлігінің сызбасында орналасуына тәуелді болмайды.

Мысалы, айналу беттерімен шектелген тетікбөлшектерді, олардың осьтері негізгі жазуға қатысты көлденең орналасатындай етіп кескіндейді.

Стандартты тетікбөлшектердің сызбаларын орындамайды. Олардың өлшемдерін анықтамадан алады.

Тетікбөлшектердің оқу сызбаларынорындау тәртібін қарастыру.

Құрастыру сызбасын оқығаннан кейін эскизін орындайды. Эскиз – тікбұрыштап проекциялау әдісімен қолдан орындалған тетікбөлшек сызбасы. Тетікбөлшек эскизін орындауда  барлық ережелер мен шарттылықтар ұстанылуы тиіс. Сонымен эскиз деген бір ақ рет қолданатын, уақытша сызба.

Эскиз жасау реті:

—   Геометриялық пішініне талдау жасап, тиімді кескіндер анықтау;

—   Масштабын дұрыс таңдау;

—   Егер құрастыру сызбасы нақты өлшемдермен сызылған болса, жетіспейтін өлшемдерді тікелей өлшеп алады.

—  Эскизді орындап, тексергеннен кейін, тетікбөлшекті орындауға болады.

Есте сақтау!

— Бір сызбада бірнеше тетікбөлшектер кескіндерін  орындауға қатаң түрде рұқсат берілмейді. Әр тетікбөлшек бөлек парақта өз негізгі жазуымен атауы жазылып орындалуы тиіс.

— Кескіндер саны мейлінше аз, бірақ сызбаны бір мағынада, дұрыс оқуға болатындай болуы тиіс.

— Таңдалған масштабқа қарамастан  тетікбөлшек сызбасында нақты, яғни тетікбөлшек жасалғаннан кейін болатын өлшемдері қойылуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]