Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
41.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.61 Mб
Скачать

47. Пісірмелі біріктіру

Өте кең қолданылатын пісірмелер түрлерін дұрыс кескіндеу және белгілеу үшін жеткілікті мағлұматтар келтірейік. Олар МЕСТ 2.312-72-ден алынған. Біріктірілетін тетікбөлшектердің өзара орналасуларына қарай пісіріп біріктіруді төрт түрге бөледі.

Түйістіре пісіру. Мұнда біріктірілетін бөлшектер бір-бірімен түйісіп, біреуі екіншісін жалғастырады. Бөлшектерді жазық фигуралар түрінде қарастырсақ, онда олар бірікеннен кейін бір жазықтықта жатады. Түйістіре пісіруді шартты түрде С әрпімен белгілейді (сурет 9.16,а).

Бұрыштап пісіру. Пісірілетін бөлшектер бір-бірімен бұрыш жасап орналасады және бір-біріне қырлары арқылы түйіседі. Бұрыштап пісіруді У әрпімен белгілейді (сурет 9.16,б).

Т әрпі тәріздендіріп пісіру. Пісірілетін бөлшектердің біреуінің қыры екіншісінің бүйір бетімен біріктіріледі; көлденең қимасы Т әрпіне ұқсайды, сондықтан оларды Т әрпімен белгілеу түсінікті болады (сурет 9.16,в).

Қапсыра пісіру. Пісірілетін бөлшектердің біреуінің бүйір беті екіншісінің бүйір бетімен дәл келеді, яғни олар қапсыра айқастырылады. Қапсыра пісіруді Н әрпімен белгілейді (сурет 9.16,г).

Сурет 9.16

Пісірмелі біріктірулердің кеңістікте орналасуы (МСТ 11969-79*) бойынша (сурет 9.17,а): төменгі 1, тік 2, көлденең 3, жартылай төбелі және төбелі, ал, ұзынбойлық бойынша тұйықталған (сурет 9.17,ә) және үзілмелі (сурет 9.17,б) болып бөлінеді. Үзілмелі тігіс нақты t қадаммен орналасқан және пісірілетін ℓ бөліктерінің ұзындығы бойынша сипатталады.

а ә б

Сурет 9.17

Сыртқы пішіні бойынша пісірмелі бірікітірулер шығыңқы (сурет 9.18,а), тегіс (сурет 9.18,ә), және иілген (сурет 9.18,б) болып бөлінеді.

Сурет 9.18-де белгіленген:

а- бұрыштық тігістің қалыңдығы;

q- нығайту биіктігі;

к- тігіс катетінің биіктігі;

а ә б

Сурет 9.18

Тетікбөлшектерді қолдан пісіруге, автоматты түрде және жартылай автоматты түрде пісіруге болады. Оларды Р, А және П әріптерімен белгілейді. Бөлшектерді пісіріп біріктіруге олардың қырларын жонып алдын-ала дайындауға болады. Осыған байланысты жапсарларды жиектері жонылмаған, бір жиегі жонылған және екі жиегі жонылған деп атайды. Жапсардың орындалу түріне қарай бір жақты жапсар, екі жақты жапсар болулары мүмкін.

Пісірмелі біріктірудің түріне, пісірілетін жиектердің пішініне және орындалуына қарай оларға әріптік-сандық белгілер тағайындалған. Пісірмелі біріктірудегі пісіру жапсарларының кейбіреуі 9.1-кестеде беріліп отыр.

48. Пісіру жапсарының 7 бөліктен тұратын белгісі

Кесте 9.1

Пісірмелі біріктіру жапсарын кескіндеу. Пісіру тәсіліне қарамай пісірмелі біріктірудің жапсарын шартты түрде: а) көрінетінін – тұтас негізгі жуан сызықпен (9.19,а,в-суреттері) ә) көрінбейтінін – үзілме сызықпен (сурет 9.19,б) кескіндейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]