Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УИРС ВВ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.26 Mб
Скачать

1.1.4 Пиротехникалық заттарға қойылатын негізгі талаптар

1) бастапқы заттарды аз мөлшерінде қолданып, арнайы эффектіні максималды түрде алу;

2) пиротехникалық құрамнан тұратын нығыздалған зат механикалық мықты болу керек;

3) берілген жылдамдықта теңдей жануы қажет;

4) сақтау кезінде химиялық және физикалық тұрақты болуы керек;

5) ұзақ сақтау кезінде қасиеттері өзгермеу керек;

6) сыртқы жылулық әсеріне сезімталдығы төмен болуы керек;

7) минималды жарылғыштық қасиетке ие болуы қажет;

8) реакция өнімдерінде күшті әсер ететін уландыратын заттар болмауы керек;

9) өндірісте қарапайым технологиялық процеске ие болу қажет;

10) улы компоненттер болмауы керек;

11) қымбат компоненттер болмауы керек.

1.1.5 Бастамашыл (инисцинирлеуші) жарылғыш заттардың түрлері мен оларды жіктеу

Бастамашыл (инисцинирлеуші) жарылғыш заттар — жекедар зат немесе қоспа. Бастапқы қарапайым импульстың (соққы, үйкеліс, от ұшқыны) әсерінен оңай жарылады және бұл жарылыс барысында бризантты жарылғыш жаттардың тұтануына немесе детонациялауына қажетті энергия бөледі. Бастамашыл жарылғыш заттардың сипаттамасы — жану оңай түрде жарылысқа ұласады және бұл жарылыс жағдайы екінші жарылыс заттарында орын алмайтын жәйттерде жүреді.

Бастамашыл жарылғыш заттарға қойылатын басты талап, ол жарылысты тудырушы бастаманың жоғары болуы; қопарылыс немесе жарылыстың міндетті болуын қамтамасыз ету; онымен жұмыс жасаудың қауіпсіздігі; жақсы сусу мен нығыздалуы қасиетінің болуы; дайын өнімнен қорабынан сусып түспеуі; химиялық және физикалық тұрақтылығы; екінші жарылғыш заттармен, конструкциялық материалдармен сәйкестігі, ылғалдылық қасиеті [7].

Бастамашыл жарылғыш заттар әскери, тау-кен қазбаларын өндіру және басқа да халықшарушылығы салаларында, арнайы конструкциялық қуат — капсюль-детонатор және капсюль-тұтандырғыш түрінде қолданылады.

Тәжірибеде қолданылатын жеке-дара заттар

Бұл жеке-дара заттар капсюль-детонаторды өндіру саласында қоспалар түрінде қолданылады және бұл қоспалар жеке-дара заттың жарылғыштық қасиетін төмендету және технологиялық өңдеуді жоғарлытау мақсатында қолданылады. Бұл жеке-дара заттар төмендегідей түрлерге бөлінеді [8]:

  • сынап фульминаты (гремучая ртуть);

  • қорғасынның азиді;

  • қорғасынның үшнитрорезерцинаты;

  • цианурүшазид;

  • қорғасын пикраты;

  • мыстың фенилацетилениді.

Бұл заттар таза күйінде қолдануы өте сирек, сондықтан зеке-дара заттардың қоспасы тәжірибеде кең қолданыс тапқан, мысалы оқ-дәлердегі соққы капсюльдерінде 16-28% сынап фульминатынан (гремучая ртуть), 36-55% калий хлоратынан және 28-37%сурьманың сульфатынан тұрады. Сонымен қатар, бұл заттың қоспаларындағы компоненттер жеке-дара өз беттерінше бастамашыл жарылғыш заттар болып табылмайды. Осындай қоспалардың қатарына қызыл фосфар мен калий хлоратының қоспасын атауға болады және бұл қоспа пистондар мен жаңа-жылдық хлопушка және басқа да мақсатта қолданылады.

Жарылғыш заттар қатарына бастамашыл жарылғыш заттар сияқты әрекет ететін зттар да бар. Бұл заттардың сипаттамалары түрлі патенттерді көссетіліп кеткен, бірақ кең қолданысқа ие болмады, оның түрлі себептері бар. Олардың қатарында:

  • ауыр металлдар азиды (мыс, таллий, кадмий);

  • күміс ацетилениді;

  • ацетон тотығы;

  • гексаметиленүшпероксиддиамин (ГМТД);

  • ауыр металдар пикраты;

  • күміс фульминаты (гремучее серебро);

  • 2,4-динитрофенилдиазон перхлораты;

  • диазодинитрофенол;

  • сынаптың 5-нитротетразолаты.