Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УИРС ВВ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.26 Mб
Скачать

1.1.2 Пиротехникалық жарылғыш заттар

Пиротехникалық заттардың отшашуда қолдануы өте қауіпті жарылыс және өрт шығуы мүмкін. Олардың жану өнімдері қоршаған ортаға, адамдарға қауіпті. Сыртқы факторлар әсерінен (соққы, жылу, электромагнитті сәуле т.б.) жану жарылысқа өтуі мүмкін. Жарылу соққы толқынында конструкциялардың жарықшақтардың ұшуына әкеледі.

Пиротехникалық құралдар (ПҚ) конструкция ерекшелігіне байланысты бір немесе бірнеше қауіпті факторларға әкеліп соғады. Қорғанған жағдайда ол заттарға арналған арнайы техникалық қауіпсіздік ережелерінің құжаттары болуы керек. Қауіпті аймақтың өзінің аумағы болады. Пиротехникалық зат пен жұмыс істеп жатқан фактор қауіпті болып саналады. Қауіпті аймақта ПҚ-ң қауіпті факторлары әсер ететін аймақ жатады.

Қауіпсіз аймақ дегеніміз әсер етуші пиротехникалық заттардың факторының әсері қауіпті деңгейге дейін жетпеуі.

Пироқұрамдардың жануы. Жану механизмі

Пироқосылыстардың жану процесіне кондинсирленген жүйенің жалпы жану қасиеттері тән. Жану процесі жүру үшін тотықтырғыш және жану көзі (инициатор) болу керек.

Пиротехникалық бұйымдардың жану процесін үш сатыға бөлуге болады. Иницирлеу, тұтану және жану. Әдетте иницирлеу қоршалған аймақтың құрам бетіне, берілетін жылу импульсі арқылы іске асады.

Иницирлеу құрамның шектелген бетіне жылулық импульс беру арқылы жүреді.

Тұтану деп құрам бетіне жалынның таралуын айтады.

Жану дегеніміз белгілі бір жылдамдықпен жалынның қосылыс түбіне таралуы.

Барлық қосылыстың тұтану жылдамдығы мынаған тәуелді

1) компоненттің ұсақталу дәрежесіне тәуелді, компонент ұсақ болса, қосылыстың жалпы беті жоғары болады және тұтану жылдам жүреді.

2) қосылыс тығыздығына тәуелді. Тығыздығы жоғары болған сайын, қосылыстың жалпы беті азаяды (кеуек мөлшері азаяды) және тұтану қиын, әрі жай жүреді;

3) бастапқы температураға тәуелді. Температура жоғары болған сайын, тұтану жеңіл және тез жүреді;

4) сыртқы қысымға тәуелді. Қысым жоғары болған сайын, тұтану жылдамдығы жоғарылайды;

5) қоршаған газ фазасының құрамына, сонымен қатар, көптеген пиротехникалық қосылыстардың тұтану процесіне белсенді қатысатын газ фазасы құрамындағы оттегі мөлшеріне тәуелді;

Аз тығыздалған фотоқоспаларда және түтінді оқ дәрілердің тұтану жылдамдығы жоғары болады.

Пиротехникалық қосылыстардың жану процесі күрделі. Жану кезінде экзо- және эндотермиялық химиялық процестер, диффузия, жылу берілу физикалық процестері жүреді.

Конденсирленген фазада жүретін процестер әдетте әлсіз экзотермиялық болады. Конденсирленген фазадағы экзотермиялық дәрежесі қосылыс құрамы мен оның жану жағдайына тәуелді (сыртқы қысым). Жалпы газ фазасында (жалында) өтетін процестер экзотермиялық процестер. Көптеген жағдайда конденсирленген фазада жүретін процестер газ фазасынан түсетін жылу әсерінен болады.

Қысым 133 Н/м2 төмен болғанда, бір қатар пиротехникалық қосылыстар жану қабілетін жоғалтады, ол зерттеу кезінде дәлелденген [6].

1.1.3 Пиротехникалық құрамдар мен құралдардың классификациясы

Пиротехникалық құрамдар мен әскери мақсаттағы заттардың келесі түрлерін жабдықтайды:

1. түнгі жағдайларда жергілікті аймақты жарықтандыру үшін қолданылатын заттар (авиабомбалар, артилериялық снарядтар, авиациялық жалындар және т.б.);

2. түнгі уақытта аэросуреттер түсіру және басқа да мақсаттар үшін пайдаланылатын заттар (фотобомбалар, фотопатрондар);

3. снарядтар мен оқтарды (және басқа да қозғалғыш объектілері) жалын, ізін айқындау арқылы жылдам қозғалғыш нысаналарды атуды жеңілдететін бағыттау заттары;

4. зымырандардың ұшуын қадағалау үшін және алдамшы мақсаттар үшін пайдаланатын инфрақызыл сәулелер шығаратын заттар;

5. белгілер берілу мақсатында пайдаланылатын түнгі белгі беру заттары (патрондар және т.б.);

6. дәл сол сияқты мақсаттар үшін күндізгі уақытта пайдаланылатын сигналды заттар;

7. қарсыластардың нысаналарын жою үшін пайдаланылатын жағу заттары (бомбалар, снарядтар, оқтар және т.б.);

8. түтінді перделер түзу үшін пайдаланылатын жасырғыш заттар (түтінді шашкалар, снарядтар және т.б.);

9. қатты пиротехникалық отындар пайдаланатын, алысқа ұшырылатын және әртүрлі мақсаттағы заттар;

10. маневрлар мен жаттығулар кезінде, сондай-ақ ұрыс жағдайларында қолданылатын оқу имитациялық заттар;

11. қарсыластардың нысаналары орналасқан жерді көрсететін мақсатта қолданылатын заттар (снарядтар, бомбалар және басқалар);

12. әртүрлі мақсатта пайдаланылатын пиротехникалық газ генераторлары.

Сонымен, пиротехникалық заттар халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданылатыны белгілі болды.

Пиротехникалық құрамдар жану процесінің сипаттамасына тәуелді келесі топтарға бөлінеді:

Жалынды құрамдар

1) ақ жалындар

2) түрлі-түсті жалындар

3) инфрақызыл сәулелі құрамдар

Жылулы құрамдар

1) термитті-тұтандырғыш

2) тотықсыздандырылған

Түтінді құрамдар

1) ақ және қара түтінді

2) түрлі-түсті түтінді

Ауадағы оттек есебінде жанатын құрамдар

1) металдар және металдардың құймалары

2) фосфор, оның ерітінділері мен қосылыстары

3) мұнай өнімдерінің қалдықтары

4) сумен немесе ауамен жанасқанда жанып кететін әртүрлі заттар мен қоспалар.