- •1 Тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына аналитикалық шолу
- •1.1.1 Жару құралдары, түрлері және оларды жіктеу
- •1.1.2 Пиротехникалық жарылғыш заттар
- •1.1.3 Пиротехникалық құрамдар мен құралдардың классификациясы
- •1.1.4 Пиротехникалық заттарға қойылатын негізгі талаптар
- •1.1.5 Бастамашыл (инисцинирлеуші) жарылғыш заттардың түрлері мен оларды жіктеу
- •1.2 Зерттеудің мақсаты мен міндеті
- •2 Тәжірибелік бөлім
- •2.1. Шикізат және өнім мінездемесі, оларға қойылған талаптар
- •2.1.1 Күміс фульминатын (сынап немесе күміс фульминатын) алу
- •2.2 Зерттеуді жүргізу әдістері
- •2.2.1 Жарылғыш заттардың құрамына талдау жасау әдістері
- •3 Зерттелетін объектілермен материалдарды салыстыру
- •3.1 Бризантты жарылғыш заттардың түрлері мен оларды жіктеу
Тұжырым
Бұл оқу ғылыми жұмысымда бүгінгі таңдағы дүниежүзіндегі барлық мемлекеттерідің басы проблемасы болы табылатын терроизммен күрес мәселесіне қатысты маңызды бағыттардың бірі саналатын сараптама — сот-жарылыстехникалық сараптамасын жүргізуге бағыттадым.
Зерттеу жұмысымда түрлі жарылғыш заттары, олардың түрлері мен сипаттамаларына және жарылыс құралдарына тоқталдым. Жарылыс барысында пйада болған іздерді табу, бекіту, алу және оларды зерттеу әлістерін қарастырдым. Сонымен бірге, бұл ғылыми жұмысымда нақты жаралығыш заттарды табу мүмкіндігі болмағандықтан, зертеу нысаны ретінде оқ-дәрілерде қолданылатын бастамашыл (инисцинирлеуші) жарылғыш затты алдым. Бұл бастамашыл жарылғыш заттардың түрлері мен оларды жіктеуді қарастырдым. Осы теңестіру арқылы сарапшының қорытындысын бағалау және қолданудың маңыздылығы атап өтілді.
-
Мазмұны
Нормативтік белгі
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе
1 Тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына аналитикалық шолу
1.1.1 Жару құралдары, түрлері және оларды жіктеу
1.1.2 Пиротехникалық жарылғыш заттар
1.1.3 Пиротехникалық құрамдар мен құралдардың классификациясы
1.1.4 Пиротехникалық заттарға қойылатын негізгі талаптар
1.1.5 Бастамашыл (инисцинирлеуші) жарылғыш заттардың түрлері мен оларды жіктеу
1.2. Зерттеудің мақсаты мен міндеті
2. Тәжірибелік бөлім
2.1. Шикізат және өнім мінездемесі, оларға қойылған талаптар
2.1.1 Күміс фульминатын (сынап немесе күміс фульминатын) алу
2.2 Зерттеу жүргізу әдістері
2.2.1 Жарылғыш заттардың құрамына талдау жасау әдістері
3 Зерттелетін обьектілермен материалдарды салыстыру
3.1 Бризантты жарылғыш заттардың түрлері мен оларды жіктеу
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Нормативтік белгілер
1.ОҚМА ҒӨЗ Сот сарапатама орталығы
2. ҚР Конституциясы
3. ҚР Қылмыстық Кодексі .Алматы 1997
4. ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексі .Алматы 2000
5. ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексі .Алматы 1999
6. ҚР ІІМ 16.06.2004 № 544 бұйрығы “Тергеу, анықтау және жедел криминалистикалық қызметтің өзара бірлесе әрекеттесуі туралы”
7. Жедел іздестіру іс шаралары туралы заңы. Алматы 2001
8. ҚР “Сот сараптамсы туралы заңы” 1997. Алматы
Анықтамалар
Жарылғыш зат - химиялық зат немесе сыртқы әсерлердің белгіленген түрлері кезінде жылу шығарумен және газ пайда болумен жылдам өздігінен таралатын химиялық түрленуге бейім берілген құрамдағы заттардың қоспасы;
Жарылғыш материалдар - құрамына жарылғыш заттар, бастау құралдары, атқылау және жарылу аппараттарын қамтитын термин;
Жарылғыш материалдарды жою - жарылғыш материалдарды, олар жарылысқа айналуға қабілетсіз жағдайға қайтымсыз келтіру;
Жарылыс қауіптілігі - қандай да бір затта, жағдайда немесе үдерісте жарылыс туындау мүмкіндігі;
Қарапайым түйіршіктелген аммиак-селитралық жарылғыш заттар - құрамында сұйық немесе тез балқығыш мұнай өнімді түйіршіктелген селитра қоспасы бар, тікелей тау-кен өндіру саласының ұйымдарында және мамандандырылған зауыттарда дайындалуы мүмкін өнеркәсіптік жарылғыш заттар;
Өнеркәсіптік жарылғыш материалдар - өнеркәсіпте жарылыс жұмыстарын жүргізуге арналған жарылғыш материалдар;
Тыйым салынған аудан - ұйымның сыртқы қоршауының сыртындағы авариялық жағдайда жарылыстың (өрттің) залалды факторына ұшырауы мүмкін және құрылыс жүргізуге болмайтын аумақ;
Тыйым салынған аймақ - ұйымның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сыртқы қоршауға жанасатын аумақ;
Эмульсиялық жарылғыш заттар - құрамына сумайлы эмульсия кіретін аммиак-селитралы жарылғыш заттардың әр түрлілігі.
Трасология деп – қылмыс механизмін көрсететін әр түрлі іздердің пайда болу заңдылықтарын оқып үйрететін және қылмысты әшкерелеу мақсатында іздерді жинап, зерттеудегі әдіс-құралдарды жетілдіретін криминалистикалық техниканың саласын айтамыз.[1]
Із дегеніміз – қоршаған ортада қылмыс жасаудың салдарынан, оған дайындалып жасыруға дейінгі аралықтағы әр түрлі өзгерістер.
Алдын – ала зерттеу – келіп түскен материалдармен маманның танысу мәселені мәселені анықтауы, тиісті шешім қабылдауы.
Статикалык іздер дегеніміз - із қалдырушы объектінің әрбір бөлігінің (нүктесінің) із қабылдаушы объектіде дәлме-дәл бейнеленуі нәтижесінде пайда болатын іздер. Мұндай іздер қозғалыста болған объектінің тоқтауы кезінде пайда болады. Із пайда болған кезде объектілер салыстырмалы түрде (тыныштық) қимылсыз (статика) күйде болады. Мысалы: адамның тұрған кездегі аяқ киімінің ізі, қолдың папиллярлы өрнектері бар ізінің қалуы, есіктегі бұзу құралының басылып-жаншылған ізі.
Динамикалык іздер дегеніміз - із қалдырушы объект нүктелерінің із қабылдаушы объект бетінде сырғу-жылжу нәтижесінде пайда болған іздер. Объектінің дөңес жерлері ойыс іздерін, ал ойыс жерлері томпақ (жұмыр) іздерін қалдырады. Динамикалық іздерге кесілген, шабылған, үйкелген және т.б.іздер жатады.
Қысым іздері – кедергінің(бөгеттің) бетінде бұзу құралдарының соққысы нәтижесінде басылып түcyi арқылы пайда болады.
Белгілер мен қысқартулар
ҚР – Қазақстан Республикасы
ӘдМ–Әділет Министрлігі
ССО –Сот сараптама орталығы
ОҚАҒӨЗ –Оңтүстік Қазақстан Аймақтық ғылыми өндірістік зерттеу
ОҚО–Оңтүстік Қазақстан облысы
ІІД – Ішкі Істер Департаменті
ТБ–Тергеу Бөлімі
АІІББ– Аудандық Ішкі Істер Бөлім Бастығы
ҚК– Қылмыстық Кодекс
ҚІЖК – Қылмыстық іс жүргізу кодексі
мм – миллиметр
т.б. – тағы басқа
т.с.с. – тағы сол сияқты
УК – ультракүлгін
Кіріспе
Жарылыс техникасы тәжірибесінің дамуының қазіргі заманғы дәрежесінің талдауы – зерттелетін нысандардың аумағының кеңейгендігін дәлейді. Бұл мемлекеттегі криминагендік ахуалдың кенеттен төмендетуімен, қылмыстың жаңа түрі мен қылмыскерліктің жаңа формасымен, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстың пайда болуымен түсіндіріледі. Қылмыстардың жалпы санынан ұрлау, заңсыз жүк тасу, сақтау, алу, отты қаруларды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды дайындау немесе сату секілді – әлеуметтік қауіпті категория қылмыстар, оған қоса осы аталған құралдарды қолданып жасалатын қылмыстар ерекше орын алуда. Қазақстан заңсыз қару мен оқ-дәрілер «қара» базарының пайда болуы олардың криминалды қолдануын арттырумен қатар, олардың қатарын жаңа үлгілермен толтырып, «конверсионды» пиротехникаларды ашық сатуға алып келуде.
Осы жоғарыда айтылған мәселені шешуде сот-жарылыстехникалық сараптамсының алар орны зор және бұл сараптау саласы ұдайы дамытуды және жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан ғылыми-зерттеу жұмысымды осы маңызды салаға арнадым.
1 Тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына аналитикалық шолу
1.1.1 Жару құралдары, түрлері және оларды жіктеу
Жару құралдары деп криминалистикада жарылыс немес қопару мақсатында арнайы әзірленген құрылғыны айтамыз [1], немесе конструктивті түрде химиялық жарылыс жасау үшін және айналаға айтарлықтай зақым келтіру үшін әзірленген өнім [2].
Жару құралдары кримналистикалық зерттеу нысаны ретінде төмендегідей негізгі сипаттары бойынша жіктеледі:
1. Бірреттік қана қолданылуы –жарылғыш құралын қайта қолданудың мүмкін еместігі, себебі бірінші қолданыста қа толығымен қирайды;
2. Жаырлғыш заттың және жару құралының болуы – құрылғыны жару тәсілі мен жарылыс жасау тәсілі;
3. Химиялық жарылыс энергиясын қолдану – жарылыс барысындағы жарылғыш заттың ыдырау табиғатын анықтау;
4. Жарылысқа әзірлігі- жарылу құралының әрекет етуге (жарылысқа) қажетті барлық элементтермен толық жабдықталуы;
5. Зақымдау факторлары мен зақым келтіру әрекеті – зақымдау элементтерінің болуы жәнеи осы элементтердің түрлі зақымдар салуы.
Жарылу құралдарын жіктеу бірқатар негіздер бойынша да жіктелуі мүмкін және бұл жіктеулер оларды өз ара бөлуге мүмкіндік береді [3]:
1. Қолданысы бойынша:
а) Әскери мақсаттағы ЖҚ (әскери іс-қимылдар барысында жау әскерінің күшін жою, техникалары мен қорғаныс бекнісітеріне зақым келтіру үшін);
б) Ауыл-шаруашылығында қоланыстағы ЖҚ (өндіріс саласында жарылыстар жасау үшін қолданылады, мысалы, бұрғылау, жер асты өндіру (шахта) және жер бетіндегі карьерде).
2. Әрекет ету принципы бойынша:
а) лақтырғыш ЖҚ (қол гранаталары);
б) атылатын ЖҚ (снарядтар, миналар, гранаталар, тиісті қару-жарақпен бірге қолданылады).
3. Жарылғыш заттың қуаттылығы бойынша (тротил эквиваленті):
а) Жоғары қуатты ЖҚ (заряд массасы 250 г. көп);
б) Орта қуатты ЖҚ (заряд массасы 100 ден 250 г. аралығында);
в) Кіші қуатты ЖҚ (заряд массасы 50-100 г дейінгі).
4. Іске қосылу әрекетінің механизмі бойынша:
а) оттылық түр;
б) химиялық түр;
в) механикалық түр;
г) электр түр;
д) радиобасқару түрі;
е) аралас түр.
5. Іске қосылу уақыты бойынша:
а) Бірден қосылатын ЖҚ;
б) Қысқабаяу әрекетті ЖҚ (3 тен 10 сек. аралығында);
в) Баяу әрекетті ЖҚ (алдына-ала белгіленген уақыт аралығында, бірнеше минуттан бірнеше сағатта іске қосылатын ЖҚ);
г) Аралас әрекеттегі ЖҚ.
6. Залалсызданыдыру және жою мүмкіндігі бойынша:
а) Залалсыздандырылмайтын ЖҚ (жарылғыш затты қолданып қашықтықтан жою немесе қирату);
б) Залалсыздандырылатын ЖҚ (қолмен залалсыздандыру; қашықтықтан залалсыздандыру, қашықтықтан жою).
7. Жарылысқа әзірлік дәрежесі бойынша:
а) тасымалдау жағдайында (бөлшектелген түрде);
б) әскери күйде.
8. Әзірлену тәсілі бойынша:
а) қолдан жасалған ЖҚ – құрылғының тіпті бір элементі тиісті техникалық жағдайд көрсетілген талаптар бойынша сәйксе орындалмаған немесе өндіріс шығармаған, демек қолдан әзірленген жарылыс жасауға арналған құрал;
б) өндірісте әзірленген ЖҚ (зауытта) –арнайы нормативті-техникалық құжаттардағы талаптарды сақтай отырып арнайы жағдайда әзірленген құрал.
9. Басқарушылық дәрежесі бойынша:
а) басқарылатын ЖҚ (сымның, радиобелгінің көмегімен);
б) басқарылмайтын ЖҚ (сезімтал элементке әсер ету арқылы іске қосылатын);
Басқарылмайтын ЖҚ өз кезегінде контактылы (нысанамен түйіскен жағдайында іске қосылатын) және контактысыз (ұшу бағыты траекториясында нысанамен әрекеттспей ақ белгілі бір мерзім аралығында әсік қосылуы).
Жарылғыш құралдардың негізгі элементтеріне:
а) қорабы;
б) жарылғыш заттың немесе қоспасының заряды;
в) жару құралы (бастамашыл) [4].
Жарылғыш құралының негізгі элементтерімен қатар, жарылғыш құралының бөлшегі болып табылмайтын түрлі сәйкес нысандардан тұруы мүмкін және олар:
а) мата;
б) мата жыртындылар немесе қалдықтары;
в) эарлығыш құраының түрлі элемнттерінің арасында тығын ретінде қолданылған қағаз және басқа да материалдар;
г) жарылғыш құралының өндірісте әзірленген орам материалдары (жарылғыш заттың орам қағазы және полиэтилен пакеті, капсюльдің және электродетонатордың футляры, қол грантасының және оның запалының пластмасса тығындарының футляры, детонирулеуші жіптің алюминді қорғаныс қалпақтары);
д) минаның, гарнаттың және басқа да оқ-дәрілердің штатты жиынтығы (ағаш қадалар, сымдар және басқа да өнімдер);
е) микронысандар.
Жарылғыш заттар – бұл белгілі бір сыртқы әсерлер салдарынан жылдам физикалық өзгеріске (қатты қызған газға немесе буға) ұшырайтын жеке-дара заттар немесе қоспалар.
Барлық жарылғыш заттар төмендіге белгілер бойынша жіктеледі:
1. Қолданысы бойынша:
а) лақытарытн (жану);
б) бризантты;
в) бастамашыл (инициирлеуші);
г) пиротехникалық құрамды.
2. Сезімталдығы бойнша (қандйада бір бастапқы импульстің салдарынан):
а) алғашқы;
б) екінші;
в) үшінші (жасырын).
3. Әзірлену тәсілі бойынша:
а) қолдан жасалған;
б) өндірістік (зауыттық).
4. Агрегатты күйі бойынша:
а) газтүрінде;
б) сұйық;
в) қатты (ұнтақ, түйіршік);
г) иілгіш;
д) гель тәріздес;
е) шаң-тозаңды қоспа.
5. Құрамы бойынша:
а) жеке-дара химиялық қосылыстар түрінде;
б) жеке жарылғыш заттардың инертті қоспаларымен қосындысы түрінде;
в) қатты жанғыш және тотықтар қоспасы түрінде;
г) белгілі бір жағдайда гетерогенді жүйелер құрауы.
6. Қолданыс аумағы бойынша:
а) әскери;
б) өндірістік;
в) екіжақты қолданыстағы.
Жару құралы (бастамашыл) – алғашқы импульсты әсерінен жарылғыш заттың химиялық бөлшектелу барысындағы жарылыс туғызуы.
Жару құралдары өз кезегінде конструкциялық шешім табу тәсілі бойынша жіктеледі және олар екі негізгі элементтерден тұарды:
1. Бастамашыл құралдар (қоздырушы), импульсты беруші бастамашыл құралдардың жыйынтығы, немесе оларсыз:
а) тұтандыру құралы – тұтану жібін қыздыру жылу энергиясы, жалын сәулесімен, ұшқынның көмегімен жарылғыш заттың зарядын қоздырушы;
б) детонациялаушы құрал – бастапқы қарпайым импульсты жарылысқа әкеліп өзгертуші, нәтежесінде бризантты жарылғыш заттардың детонациясын қоздырушы.
2. Орындаушы немесе атқарушы механизм – жарылысты тоқтата тұру (баяулатушы) немесе, жарылғыш құралын залалсыздандырушы немесе жарылысты болдырмаушы [5].
Жару құралдарына төмендегілер жатады:
1. Детонаторлар (жарылғыш затты детонациялау үшін бастамышл заряд):
а) сәулелі капсюль-детонаторлар – металдан жасалған (мыс, алюминий немесе биметаллды) қауыз, үштен еік бөлігі аралас бірінші бастамашыл жарылғыш затпен және екінші бризантты жарылғыш заттармен толтырылған; қауыздың қалған бөлігі отты жіпті орналастыруға арналған;
б) тесу және соққы капсюль-детонаторлар – металлдан әзірленген қалпақша, ішіне бастамашыл құрам нығыздап құйылған, беткі жағы фольгамен жабылған; капсюль-детонатордың құрамы соққы барысында тұтанады;
в) электродетонаторлар – өзінің құрылысы бойынша сәулелі капсюль детонаторға ұқсайды, бірақ мұнда отты жіптің орнына электр тұтандырғыш орнатылған.
2. Электротұтандырғыш — капсюль детонаторды тұтату және одан әрмен порох зарядын тұтатушы бастамашыл зат. Ол тұтанушы құрамнан және қыздыру жібінен тұрады. Бұл тұтанушы жіп жоғары меншікті кедергілі жіңішке сым түрінде болады, және ток көзіне жаслағсқан екі сым түрінде де болуы мүмкін.
3. Капсюль-тұтанушы – сәулелі әрекеттегі капсюль-детонаторды тұтату үшін және тұтанушы құрамнан тұрады және қызу жібінен тұрады. Бұл тұтанушы жіп жоғары меншікті кедергілі жіңішке сым түрінде болады, және ток көзіне жаслағсқан екі сым түрінде де болуы мүмкін.
4. Құрамдас запал- жарушы құралдың бөлігі, жарылысты тудырушы аралық детонатор, кейбір жағдайда ұнтақ тәрізді жарылғыш заттарды жару үшін қолданылады және олар екі түрлі болып келеді:
1) капсюль-тұтандырушы – тесу әректтегі, сәулелі капсюль-детонатормен ниппель арқылы қосылған;
2) капсюль-детонатор, ниппельдің ішіне орнатылған.
Запалдар өз кезегінде келесі түрлерге жіктеледі:
а) әскери;
б) оқу-имитациялық;
в) оқу.
5. Отты жіптер отты немес жалынды капсюль-детонатордың ішінде ораласқан жарылғыш затты немесе порохқа беліглі бір қашықтыққа және қысқа мерзім ішінде қауіпсіз түрде беру үшін қолданылады; конструкциясы бойынша бұл жіп орта тұсында түтінді порохы бар құраммен әлісіз нығыздалған, айналасы іштей және сырттай су өткізбейтін қаптамамен қапталған жіп.
6. Жандыру құралдары – бастамашыл заттың жануы немесе тұтануын ұстау үшін немесе барлық жарылысқа әзірленген зарядты бір мезетте жаруға арналған құралы.
Жандыру құралдарға жатады:
а) жандырушы немесе тұтатушы фитильдер –мақта-мата немесе зығыр жіптері, диаметрі 6-8 мм және калий селитрасымен сіңірілген арнайы иірілген жіп;
б) электр қызыдру арылықы жару құралы – бір отты жіптің көмегімен бір мезетте отты жіпті тұтату арқылы бірнеше жарылыс құралдарын жарушы құрығы;
в) механикалық жандыру құралы – отты жіпті кез-келген табиғаттың жағдайында және судың астында да жару үшін қолданылатын құрал.
7. Детонациялаушы жіп – бұр құрал, детонатордан шыққан детонацияны жарылғыш заттқа беру үшін арналған құрылғы. Ол ортаңғы бөлігі бризантты жарылғыш заттан және оның айналасы екі бағытты жіптен тұратын сырттай және іштей оралған су өткізбейтін құраммен майланған нысан түрінде.
8. Жандырушы трубка – отты жіптің жану жылдамдығын 50, 150 және 300 секундқа баяулату үшін арналған.
9. Ток көзі, зарядты электр қуаттының көмегіменг жаруға арналған (арнайы жару машинкасы, құрғақ батарейкалар, жылжымалы электр станцасы, жарыберуші жүйлер).
