Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15 вопросов.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.42 Кб
Скачать

1986 Жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының бой көрсетуі ұлтшылдық сипатта емес және өзінің бастапқы кезеңінде құқыққа қарсы сипатта да болған жоқ.

Орталық Комитет пленумының шешіміне алғаш қарсы шыққан Алматы қаласының студент жастары мен жұмысшы топтары еді.

Өкімет орындарының жағдайды болжай алмауы қасіретті салдарларға әкеліп соғып, демонстранттар тарапынан да, қоғамдық тәртіпті сақтаушылар тарапынан да адамдардың қазаға ұшырауына жол берілді.

Демонстранттарды тарату кезінде партия комитеттері мен өкімет тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді. Уақытша ұстау бөлмелері мен арнайы бөлімдерге, тергеу бөлімдеріне жеткізіліп, қаланың сыртына әкетілген адамдардың санының өзі 8,5 мыңнан асты. Оқиғаға қатысқандарға қарсы қылмысты істер қозғау, сот-тергеу жұмыстары кезінде көптеген дөрекі заңсыздықтарға орын берілді. Тергеу әдеттегідей асығыс, ойдан шығарылған және айыптаушылық пейілде жүргізілді. Мысалы, айыпталған 99 адамның 46-сы біршама уақыттан кейін ақталды, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарда қудалау жүргізілді. Қысқа мерзімнің ішінде желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін 787 адам комсомол қатарынан шығарылды, 1138 адам комсомолдық сөгіс алып, 271 адам оқу орындарынан қуылды, жүздеген адамдар жұмыс орындарынан кетуге мәжбүр болды. Алматыдағы желтоқсан оқиғаларын «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.

Қазақстанның егемен мемлекет болуы, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықтың республикамызда өріс алуына жол ашты.

1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы және «Қазақстанның халық конгресі», Комунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы «Невада – Семей» азаматтық «Азат» және «Қазақстанның халық бірлігі» одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді. Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. Сонымен қатар саяси процестерге көптеп саналады. Олардың қатарына Қазақстанның демократиялық партиясы, «Желтоқсан» қоғамдық комитеті, Социал-демократиялық партиялар т.б. қосуға болады.

Қазақстанның саяси қозғалыстардың ішінде «Қазақстанның халық бірлігі» Одағы беделдердің бірі болды. Бұл Одақ өз құрамына әр түрлі әлеуметтік топтарды біріктірді.

Қазақстанның социалистік партиясы өзінің ұйымшылдығын нығайту, материалдық-техникалық базасын жақсарту жолында жұмыстар атқарды.

ҚХК-нің төрағасы О.Сүлейменов ресейлік «Азаматтық Одақ» және «Демократиялық реформалар қозғалысымен», еуразиялық, дәлірек айтқанда Ресей мен Қазақстандағы интеграция идеясына сүйене отырып, тығыз байланыс орнатты

Тақырып №9 Тәуелсіз Қазақстан. Қр-ның мемлекеттік құрылымындағы демократиялық түрлену мен өзгерістер.

1. Экономикалық дағдарыс.

2. Тоталитарлық жүйенің күйреуі.

3. Әлеуметтік шиеленістің өсуі. КСРО – ның құлауы.

4. ТМД – ның құрылуы

Қазақстанның тәуелсіздік алуы бұрынғы Кеңес қоғамында қалыптасқан ахуал-қоғамдық жүйенің күйреуінің, Кеңестер Одағының ыдырау салдары нәтижесінде іске асты. КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – ондағы орын алған экономикалық күрделі мәселелер, экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің әлсіздігі еді.

КСРО-ның экономикасының артта қалуы 1970 жылдан басталған тоқырау кезеңінде, халық шаруашылығы жоспарларының орындалмауынан өз көрінісін тапты. Экономиканың артта қалуы, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында өріс алды.

Кеңестер Одағының құлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы саяси-идеологиялық бірлік пен біртұтастық сол сексенінші жылдардың соңы мен тоқсаныншы жылдардың басында-ақ көзден ғайып болғанын ерекше атап көрсеткен жөн. Бұл кезде бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде бұрын болмаған ұлт толқулары күшейді. Ең қауіптісі – олар таза ұлттық сипат ала бастады. Ақыр соңында ұлтаралық қайшылықтар тартысқа, ал тартыс қантөгіске әкеп тіреді. Бұған мысал ретінде Қазақстанда болған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын айтуға болады.

Қазақстан ыдыраудың соңына дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін күресті. Бірақ Республиканың бұл ниетіне Одақта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер қарсы тұрды. Сондықтан Қазақстан да өзінің тәуелсіздігін жариялау шараларына кірісті. Атап айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Сөйтіп, бар әлемге Қазақстанның егемендігін жариялады.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы халықтың қатысуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Н. Назарбаев Президент болып сайланды. Осы кезде Президенттің Жарлығымен бұрын Одаққа бағынған кәсіпорындар мен ұйымдары республика үкіметінің қарамағына беру, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету, елімізде алтын қорын жасау туралы және тағы басқа заңдар шығарылды. Сол жылғы 10 желтоқсанда Елбасы жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.

Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдына үлкен келелі міндеттер қойылды. Олар елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, жоспарларды іске асыру, елдің ішінде көп ұлтты халықтардың бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]