- •Тақырып №2 Қазақстанның қазіргі тарихнамасындағы 1916 ж. Көтеріліс
- •Тақырып №3 Азаматтық соғыс жылдарындағы Қазақстан
- •Тақырып №4 Кеңестік-тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: шаралары, салдары мен сипаты
- •1925 Жылы мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есе көбейіп, 26 миллионнан асты. Осы шаралардың нәтижесінде республиканың ауыл шаруашылығында орташаландыру процесі бой көрсете бастады.
- •Қазақстандағы индустрияландыру.
- •Тақырып №5 Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан (1941-1945 жж.)
- •Бекіту сұрақтары:
- •Бекіту сұрақтары
- •1986 Жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының бой көрсетуі ұлтшылдық сипатта емес және өзінің бастапқы кезеңінде құқыққа қарсы сипатта да болған жоқ.
- •Тақырып №9 Тәуелсіз Қазақстан. Қр-ның мемлекеттік құрылымындағы демократиялық түрлену мен өзгерістер.
- •Елдің ішкі саяси мәдени жағдайы
- •1991 Жылы 1 желтоқсанда н.Назарбаев бүкілхалықтық дауыс беру арқылы түңғыш Президентіміз болып сайланды.
- •Тақырып № 10 Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларындағы тарихи сабақтастық
- •Тақырып №11 «Қазақстан-2050» стратегиясы - қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру және жаңарту
- •Тақырып №12 Жастар саясаты және тарихты тәрбиелеу шаралары.
- •Тақырып № 15 Қазақ хандығының 550 жылдығын және Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлаудың қоғамды біріктірудегі маңызы
Бекіту сұрақтары:
Мәскеуде КОКП-ның 20 съезі қай жылы өтті?
Брежнев қай жылдары, қандай отбасында дүниеге келген?
1957 – 1973 жылдары жұмысшылардың арасында қазақтардың үлес саны неше пайызға дейін азайып кетті?
Экономикалық реформалардың мәні.
1965ж. КОКП ОК-нің наурыз және қыркүйек пленумдары.
Қазақстан өнеркәсібіндегі жаңа салалар, ауылшаруашылығының дағдарысты жағдайы.
Тілдік мәселелер.
1965ж. шаруашылық реформалары.
1960-шы жылдары халық шаруашылығын әміршіл-әкімшілдік, бюрократтық жолмен басшылық жасаудың тиімсіз екендігі сезіліп, елдің сол кездегі басшылығы оны қайта қарауға талпыныс жасады.
Ғылыми-техникалық прогресс-қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының аса маңызды факторы. 60-жылдары ғылыми-техникалық прогресстің табыстары кең көлемде еңгізілді: электрлендіру және химияландыру, кәсіпорындарды бір жолға қуаты күшті жоғары өнімді жабдықтармен жарақтандыру, учаскелерді, цехтарды, кәсіпорындарды және т.б. механикаландыру және автоматтандыру есебінен өндіріс интенсивтендірілді.
Кен шығару өнеркәсібінде көмір өндірудің негізгі процесстері: қазу, құлату және тазалау забойларына жеткізу, жер астында тасымалдау және темір жол вогондарына тиеу және т.б. механикаландырылды. Республиканың жетекші кен өндіру кәсіпорындарының қазіргі заманғы еңбек құралдарымен жарақтануы, онда қолданылатын технология жөнінен олар дүние жүзінің таңдаулы кәсіпорындары дәрежесінде, ал тіпті жабдықтардың кейбір түрі түрлерінен олардың алдында болды. Жер астына кен өндірудің озық жүйесі, жоғары өнімді жабдықтар, шапшаң бұрғылау барған сайын кеңінен еңгізіле берді, тиеу-тасымалдау процесстері механикаландырылды. Металлургия кәсіпорындарында технологиялық процесстерді шапшаңдатушы фактор ретінде оттегі үлкен көлнмде қолданылды.
І965 жылғы наурыз, қыркүйек және қазан айларында өткен КОПК Орталық комитетінің Пленумдары өнеркәсіпті басқару жөніндегі шаралардың арттырылғанын және жоспарлаудың жетілдірілгенін, өндірістің экономикалық тиімділігінің күшейгендігін атап көрсетті. Соған сәйкес кәсіпорындарда өндіріс салаларында есеп айырысудың пәрменділігін кеңейте түсу мәселесі қаралды, кәсіпорын қызметінің жетімсіз жақтарын түзеу көзделді, олардың шаруашылық дербестігі кеңейтілді, экономиканың мәнді тетіктері: кіріс, баға, сыйлық, несие тиімді пайдаланылды. Жұмысшылар мен ұжымдардың материалдық қызығушылығы артты. Жоғары жоспарлық міндеттер өндіріс қорларын, жұмысшы күшін, материалдық және қаржы қорларын өндірісте толық пайдалану, өндіріс техникасын жетілдіру және өнімнің сапасын арттыру көзделді. 1960-шы жылдардың соңында республикада материалдық ынталандыру мен жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізуге 1467 кәсіпорын көшті, немесе барлық өнеркәсіп орындарының 80% осы негізде жүмыс істеуге бағытталды. Шаруашылық реформа республика экономикасын дамытуға белгілі жағдайда көмек берді. Реформаның мүмкіндіктері мен артықшылықтарын о баста іс жүзіне асыруға, жоспарлаудың жаңа принциптерін экономиканы ынталандыруды жетілдіруді жүзеге асыруда белгілі күштер толық пайдаланылмады. Жаңадан құрылған экономикалық басқару жүйесінің бағыты тұрақсыздыққа айналды(жоспарларды қайта қарау, кәсіпорын құқықтарын шектеу, орталықтың әміршілдігінің күшеюі және басқалар етек алды). Реформа кәсіпорын деңгейінде ғана нақты жұмыс орнына жетпей, екінші жағынан басқару тетіктерін нақты қозғамай бір орнында тоқырап қалды. Реформаны төменнен қозғау әрекеті экономикалық бағдарлауға ұласып кетті.
Бұл жылдары республика өзінің рөлін сақтап қалу үшін КСРО аймағындағы ірі кәсіпорынның біріне айналу үшін елеулі жұмыстар атқарды. Хром өндірудің көлемін арттыру бойынша Қазақстан Одақта алдыңғы қатарга шықты, көмір, темір, марганец рудалары бойынша үшінші орында болды. Республика бүкіл Одақ бойынша сары фосфор, шығаруда 90%, жемдік фосфор шығаруда 40% және мыс, мырыш, қорғасын өндіруде 30 дан 70% дейін көрсеткішке жетті.
Мұнай өңдеу, оны қайта өңдеу, оны іздестіру барлау жұмыстарында жаңа техникалар мен технологиялар жетілдірілді. 1965 ж. 308 мұнай скважинасы кешенді автоматтандырылды. Мұнай қазу процесінде тетіктер механизмдері жүзеге асырылды. 198 мың т. мұнай жер қабатына жасанды жолмен әсер ету тәсілі арқылы өндірілді. Машина құрылысында қаттау, техниканы жинау, ұста, пресс және т.б. цехтардың жұмыстарын прогрессті даму жолдарын жетілдіру шаралары үздіксіз қолданылды.
Электр қуатында құрал-сайманмен жабдықтау құрылымы өзгертілді. Электр станцияларында аса қуатты дара агрегаттар жұмыс істеді. Жоғары қысыммен жұмыс істейтін агрегаттар саны артты. Автоматтандыру, телемеханика, электрондық есептеуіш техникасы көбейді. Осының нәтижесінде республика өнеркәсібін қайта құруда, кәсіпорынды техникамен қайта жабдықтауда, жаңа техниканы енгізуде, прогрессшіл техниканы енгізуде белгілі табыстарға қол жеткізілді.
Осының өзінде ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізуде, сол кездегі шаруашылық механизмінің жетілмеуі салдарынан үлкен қиыншылықтар кездесті. Жоғары өнімді прогресті және технологияны енгізу өте баяу іске асырылды. Шығарылатын өнімнің құрылымында жаңа прогрессшіл материалдар - полимер, ағаш қаттамалары т.б. қолданылмады. Кәсіпорындар және оның тұтас салалары іс жүзінде өнімнің техникалық деңгейін арттыруға ынталы болған жоқ, себебі бұлардың үстінен жоспар, көлем, вал зорлап танылған еді.
Тың игерудің әлеуметтік жағдайға келтірілген зиянын айтқан кезде, аймақтық-проблемалық қайшылықтардың арасындағы шиеленісті мәселелерді көтерді. Қазақстанның өндіріс күштерін дамытудағы қайшылықтарды айтпай кетуге болмайды. Тың, өнеркәсіпті Шығыс сияқты, мемлекеттік инвестицияны тартудың негізгі орталығына айналды. Республиканың басқа аймақтары мұндай қатынаста шектеу көрді, құқықтары кемітілді. Соның салдарынан өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымда даму тепе-теңдігі бұзылды. Өндіруші күштерді пайдалануда, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде, демографиялық және экологиялық мәселелерді шешуде қолайсыздықтар туды. Осының барлығы «Солтүстік-Оңтүстік» проблемаларының туындауына, әр түрлі жобалардың көлеңкелі жақтарының шоғырлануына тиісті база болды.
Бекіту сұрақтары:
Экономикалық реформалардың мәні неде болды?
1965ж. КОКП ОК-нің наурыз және қыркүйек пленумдары қандай мәселелерді қозғады?
Қазақстан өнеркәсібіндегі жаңа салалар, ауылшаруашылығының дағдарысты жағдайы қалай көрінді?
Тақырып №7 Кеңестік қоғамның рухани және әлеуметтік-экономикалық «тоқырауы» Қазақстанның экологиялық мәселелері.
Мақсаты: Қоғамдағы саяси жағдай және завод фабрикалардың ашылуына байланысты адамдардың көзқарастары.
Қоғамдық саяси жағдай. Өнеркәсібі.
Қазақстан – КСРО-ң ірі өнеркәсіп аймағы.
Отын энергетикалық кешенің дамуы.
Машина жасау өндірісінің дамуы.
1966 ж. басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықтың басына дейін жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша Қазақстандық 1578 кәсіпорын немесе олардың жалпы санының 84 проценті жұмыс істеді. Жоспар сегізінші бесжылдықтың негізгі көрсеткіштері бойынша орындалды: өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 52 процентке артты. Өнеркәсіптің барлық саласы тиімді жұмыс істеді. Бірақ белгілі дәрежедегі радикализмге қарамай, экономикалық реформаның бірінші қадамынан бастап-ақ оның жүйесіздігі, жартыкештігі көрініп тұрды. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді, бұл құрылым өз дамуында тауарсыз социализмнің үстемдік құрып отырған лепірмесінің құрсауында болатын.
Осының салдарынан 70-жылдардың басында экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланды.
Реформаның негізгі мақсаты — кәсіпорындардың шаруашмлық дербестігін жоспарлы кеңейту — тек көрсеткіштерді кемітуге және коллективтердің көтермелеу қорларын қалыптастыру тәртібін өзгертуге әкеп сайды. Көптеген кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, неғұрлым оңай жолға — өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарылату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өнімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 70-жылдың басында-ақ инфляциялық процестердін, басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. Реформаның жартыкештігі мынадан көрінді: ол кәсіпорындардың дербестігін кенейте отырып, министрліктер мен ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкілеттігін күшейтті. Қол жеткен дәреже приициптеріне негізделген жоғарыдан орталықтандырылған жоспарлау сақталып қалды, жалпы өнім көрсеткіштері, олардың жетілдірілмеген деп танылғанына қарамастан, қолданыла берді.
Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократиялардыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономиканың ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, бюрократияның тірегі — мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Брежнев пен оның төңірегіндегілер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды, олар экономиканың қызметіндегі әкімшілік жүйелеріне қол сұғуға болмайтындығын сақтауға тырысты.
70-ж. басында реформаны жүргізу тоқтатылды. Сол жылдары әлі де шаруашылықты жүргізу, жоспарлау мен ынталандыру механизмдерін жақсартуға әлденеше рет талпыныс жасалғанымен мұның өзі тиісті нәтиже бермеді. Қоғамдық өндірістін, тиімділігін арттыру қолдан келмеді. Теріс құбылыстар көбейе берді, қор қайтымы төмендеді, жаңа өндірістік қуаттар шабан игерілді, экономикалық қызметтің ысырапшылық сипаты күшейді, бұрынғыша экономиканың дамуын экстенсивті факторлар белгіледі.
Тоғызыншы бесжылдықтың басына қарай республиканың экономикасында өнеркәсіп жетекші орын алды. 1970 ж. қоғамдық өнімнің жалпы құрылымында оның үлесі 48 проц. болды. Халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың 39,8 проц. өнеркәсіптің үлесіне тиді, онда 1052 мың адам қызмет істеді, ол республика жұмысшыларынын 22,4 проц. еді.
1970—1985 жж. республиканың индусгриялық потенциалы белгілі дәрежеде өсе түсті. Өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына жұмсалған қаржының 32 проц. жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артты, оның ішінде химия және мұнай химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе дерлік, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам өсті. 1000-дай өнеркәсіп орындары мен цехтар қатарға қосылды. Оның ішінде Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резина-техника зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай су-электр станциясы, Шымкент және Жамбыл фосфор зауыттары, Жәйрем кен байыту комбинаты және басқалар бар. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен Қазақстан үшінші (РКФСР мен Украинадан кейін) орын алды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл, Павлодар-Екібастұз аймақтық-өндірістік комплекстері қалыптасты.
Экономикалық потенциалдың өсуі халық шаруашылық айналымына шикізат және отын энергетикалық ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылды.
Экономиканы басқаруды қатаң орталықтандырудың жағдайында өнеркәсіптің құрылымы шикізат өндіруге бағытталған сипатын бұлжытпай сақтап қалды. Базалық министрліктердің өзімшілдік мүдделеріне бас шұлғи отырып, орталық республика экономикасын дамытуда кен шығаратын салаларға басымдық беріп отырды. Ғылымды көп талап ететін өндірісті дамытудың орнына ірі күрделі қаржы соларға жұмсалды. 80-жылдардың басында республика өнеркәсібінде кен шығаратын салалардың үлесі орта есеппен алғанда елдегімен салыстырғанда 1,7 есе жоғары еді. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одактық ведомстволар республикадан шикізат ресурстарын сорып алып, аса зор пайда таба отырып, республика бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады деп айтуға болады. Олар өз кәсіпорындары жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отыраған жағдайда республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 проц. аз қаржы аударды, Одақтық министрліктер жалпы өнім көрсеткіштері мен пайдаға құныға отырып, республиканың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, ұлттық жұмысшы кадрларын даярлау, қоршаған ортаны қорғау мүдделерін аяққа басты.
70—80-жж. алып кәсіпорындар түріндегі шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау өнеркәсіптің өңдейтін және қайта өңдейтін өндірісінің өсу қарқыны төмен болуына, халық тұтынатын тауарлар, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өндірісінің дамуы жеткіліксіз болуына әкеп соқтырды. Тұтынатын азық-түлік емес товарлардың 60 проц. Қазақстанға басқа республикалардан алынып келінді, осының өзінде олардың бір бөлігі Қазақстан шикізатынан жасалды, бірақ ақтық өнімді өткізуден түсетін пайданы оны жасап шығарушылар алды.
Директивалық жоспарлау және монополист-ведомстволардың мүдделері салдарынан республиканын орны толмас ресурстары талан-таражға салынып, тасып әкетіліп жатты. Шығарылған шикізат пен қуаттардың пайдаланылу тиімділігі төмен болды.
Бесжылдықтан бесжылдық өткен сайын индустрияға жұмсалатын күрделі қаржы өсе берді, өндірістік құрылыстын сипаты алып көлеммен белгіленді. Республиканың басшылығы мұндай алыпқа табынушылықты қолдап, КОКП-ның кезекті сьездерінде елдегі немесе Еуропадағы ең ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардын қатарға қосылғаны туралы есеп беріп отырды. Республиканың жағдайы халықтың тұрмыс дәрежесімен, оның КСР Одағындағы егемен құқықтарының толықтығымен және нақтылығымен, рухани мәдениетінің дамуымен емес, жұмсалған күрделі қаржының сомасымен, шығарылған руданың, көмірдің, мұнайдың және басқалардың тоннасымен бейнеленді.
Экономиканың көкейтесті міндеттері көбінше әміршіл-әкімшілік әдістермен шешілді. Мемлекеттік жоспарлауға қандай да бір елеулі өзгеріс енгізілген жоқ. Кәсіпорындарға директивалық жоспарлы тапсырма еңбек коллективінің келісімінсіз жоғарыдан жіберілді. Іс жүзінде өнімнің барлық түрлері, өзіндік құнның және басқалардың көрсеткіштері жоспарланды. Мұның өзі кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай жоспарды орындауға мәжбүр етті, тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. Өндірістің теңестірілмеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық, тоқсандық және айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды. 1981—1985 жылдары республикада әртұрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген. Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың өсуі халық шаруашылығының бірқалыпты дамымауына алып келді.
