Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15 вопросов.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.42 Кб
Скачать

Тақырып №4 Кеңестік-тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: шаралары, салдары мен сипаты

Қазақстанда азамат соғысының аяқталуы және контрреволюциялық күштермен ақ гвардияшыларды талқандаумен байланысты Кеңес өкіметін қайта қалпына келтіру мәселесі ерекше орын алды. 1919 жылғы маусым айында Кеңестердің ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты Қазақ кеңес автономиясын құру туралы арнайы мәселе қарады. Онда қазақ халқының қалың бұқарасымен тығыз байланыс орнайтын, мұндағы жаудан азат етілген аймақтарда саяси және шаруашылық жұмыстарды ұйымдастырып, өлкеде Кеңестердің құрылтай съезін шақыруға әзірлік жасайтын арнаулы орган құру туралы шешім қабыданды. Осыған байланысты 1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің декреті бойынша Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет құрылды. Революциялық комитеттің бірінші құрамына С Пестковский (төраға), А. Байтұрсынов, В. Лукашев, Ә. Жанкелдин, М. Тұнғаншин, С. Мендешев, Б. Қаратаев кірді. Әр түрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, А. Авдеев, Ғ. Әлібеков, Б. Қаралдин еңбек етті. Революциялық комитеттің жұмыс істейтін орталығы болып Орынбор қаласы белгіленді.

Қырғыз (қазақ) революциялық комитетінің жанынан басқару салалары бойынша: еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және халық ағарту, егіншілік, юстиция, пошта және телеграф, азық-түлік, жұмысшы - шаруа инспекциясы, халық шаруашылығы кеңесі сияқты бөлімдер мен бөлімшелер құрылды.

Қазақ өлкесі территориясындағы өкімет билігі мен басқару жоғары органы - Қырғыз (қазақ) революцпялық комитетініц функциялары өте кең әрі сан-салалы болды. Ол өлкені интервенттер мен ақ гвардияшылардан азат етуде Қызыл Армияға көмек көрсету, мемлекеттік өкімет органдарын нығайту, азат етілген аудандарда кеңестерді қалпына келтіру, өнеркәсіп пен көлік қатынасын жандандыру, мәдениетті өркендету т. б. мәселелермен айналысты. Оның қазақ еңбекшілерін мемлекеттік құрылысқа тарту, кеңес кадрларын дайындау жөніндегі қызметінің зор маңызы болды.

Казревком 1919 жылдың шілдесінен 1920 жылдың қазан айына дейін 15 ай жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде оның басшылығымен халық шаруашылығындағы басты сала -отын өндіру бағытында Орал-Ембі мұнай кәсіпшілігін, Қарағанды мсн Екібастұздың шахталарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Өнеркәсіп саласында Екібастұз зауытындағы, Риддер рудниктерінде қорғасын қорыту жұмыстары жолға қойылды. Семей және Ақмола губернияларының кәсіпшіліктерінде тек 1920 жылы 8,5 миллион пұт тұз өндірілді. Семей губерниясында алтын шығару жұмысы қайта басталды. Оралда, Қостанайда, Семейде, Ақмолада және басқа қалаларда электр станциялары жұмыс істей бастады. Жылдың аяғына қарай өлкеде 59 электр станциясының 45-і қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді. Өлке жұмысшылары мен шаруалардың күш жігері арқасында 1920 жылы Бекей, Қостанай, Семей және Ақтөбе губернияларында көптеген орта және ұсақ өнеркәсіп орындары мен шеберханалары қатарға қосылып, бұларда 20 мыңнан астам адам еңбек етті.

РК/б/П Қырғыз /Қазақ/ облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмысы одан ары өрістей түсті. 1920 жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында "Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы" жарлық қабылдады.

Қазақ республикасына Семей, Ақмола, Торғай және Орал губерниялары, Маңғыстау уезі, Закаспий облысының Красноводск уезіндегі 4-ші және 5-ші Адай болыстары, Астрахань губерниясындағы Синемор болысы, Бөкей ордасы, 1-ші және 2-ші Приморье округтарына шектес, қазақтар қоны-станған бұрынғы қазыналық жерлер кірді. 1920 жылғы 22 қыркүйекте Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің жаңа декреті бойынша ҚАКСР-ның құрамына Орыпбор губерниясы енгізілді, ал Орынбор қаласы республиканың астанасы болды.

1920 жылдың 4-12 қазанында Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі болып өтті. Съезге Қазақстанның барлық губернияларынан 273 делегат және Алтай губерниясы қазақтарының атынан 6 делегат қатысты. Делегаттардың қатарында 128 қазақ, 127 орыс және басқа да ұлттардың 18 өкілі болды. Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті (төрағасы С. М. Меңдешев) және Халком Кеңесі (төрағасы В. Радус-Зенькович) сайланды. Съезд Қырғыз (Қазақ) АКСР-і РКФСР-дің құрамына кіретін жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалардың, қазақтардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерінің автономиялық республикасы болып құрылғанын мәлімдеді. Декларация Кеңестердің таптық мәнін белгілеп берді. Ол халықты ұлттық езушілік пен құлдықта ұстау саясатынан батыл қол үзетінін жариялады.

Декларация Қазақстан еңбекшілерінің саяси құқықтарын Кеңестерді сайлау және сайлану құқығын, нәсілдік және ұлттық тегіне қарамастан, барлық азаматтардың тең құқықтығын, тегін білім алу құқығын, қазақ әйелдерінің тең құқықтығын, сөз, жиналыс, баспасөз, ождан бостандығын қуаттап, баянды етті. Азаматтардың еңбек ету, елін қорғау міндеттері де белгіленді.

Кеңестердің Құрылтай съезі жер мәселесі жөнінде, экономикалық құрылыс туралы, әкімшілік мәселесі жөнінде, кеңестік заң органдары туралы, халыққа білім беру, денсаулық сақтау туралы және басқа мәселелер жөнінде шешімдер қабылдады.

Қазақ АКСР құрылуын және Кеңестердің құрылтай съезінің шешімдерін еңбекшілер мақұлдап қарсы алды. Қазақтың Кеңестік ұлттық мемлекеттігін құрудың орасан зор тарихи маңызы болды. Жаңадан құрылған жас республика тез аяқтана бастады. Қазақ халқының басқа ұлттармен қатар қалыптасу процесі күшейді. Оның Кеңес мемлекеті құрамындағы басқа халықтар мем достығы нығая түсті.

Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясатқа өтудің алғышарттары, жер - су реформаларының нәтижелері жөнінде түсіндіру.

  1. Соғыстан ейінгі бейбіт құрылысқа көшу.

  2. ЖЭС, оның ҚР – ғы ерекшілігі.

  3. Жер – су реформасы, оның нәтижелері.

Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін, экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшудің барысында шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта қалушылықпен байланысты еді.

1920 жылдың аяғында Қазақстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары - 50,3, орыстары - 31,1, украиндары - 14,4 пайыз. Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал ауыл шаруашылығы мешеу жете дамымаған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, мал шарушылығында көшпелі және жартылай көшпелі шараушылық басым болатын. Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп, астықтың жалпы көлемі мен түсімі үш есеге жуық азайды. Егер егістік көлемі 1914 ж. 3,6 млн. десятина болса 1922 ж. 1,6 млн. десятинаға қыскарды. Мал шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы - 2 млн-ға, Қой ешкі 6,5 млн-дай, түйе - 0,3 млн-ға азайды. Жалпы алғанда осы жылдары барлық мал түрі 10,8 млн. басқа кеміді.

Жеті жылға созылған соғыста (бірінші дүниежүзілік және азамат соғысы) жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді. Ол бойыпша шаруалардың күн керісінеп артылған азық-түлік әскер мен ондіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды, Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік неғұрлым көп және қайырымсыз қатал әдістермен жиналды. Мұның өзі Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде шаруалардың Кеңес өкіметіне қарсы шығуына әкелді.

Мұндай наразылықтың күшеюі Кеңес өкіметін салғырттан, яғни «әскери коммунизм» саясатынаы / салғырт кейде солай аталатын / бас тартуға, жаңа экономикалық саясатқа көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға мәжбүр етті.

Қазакстанда жана экономикалық саясатты /НЭП-ті/ іске асыру 1921 жылғы Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Мәселен, 1920 жылы Жетісу және Сырдария облыстарында астық салғырты бойынша 10,4 млн. пұт астық жиналса, 1921 жылы салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6,0 миллион пұттан асқан жоқ. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдеріпің мөлшерін салықпен шектеу ауыл-селолардың қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.

Алайда, жаңа экономнкалық саясатты іске асыру барысында көптеген қиыншылықтар да кездссті. Атап айтқанда, 1921 жылы жазда Еділ озені бойының, Солтүстік және Батыс Қазақстанның халықтары күшті қуаншылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соқты. Сол кездегі мәліметтерге карағанда республикада 2,3 млн. адам ашыққан. Осы қиын-қыстау кезендерде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы елеулі көмек көрсетті. 1921 жылы күзде және 1922 жылы көктемде РКФСР үкіметі толық емес есеп бойынша Қазақстанға 4475 мың пұт астық, 183 мың пұт картоп жіберді. Түркістан мен Украина республикалары да Қазақстанға елеулі көмек жасады. Жұт пен қуаңшылықтан зардап шеккеп кедей шаруашылықтарға ондаған мың ірі қара мал, 5 млн. пұттан астам тұқымдық дән берілді. Бұл дән 1921-1922 жж. бір милллион гектардан астам күздік және жаздық егістікке себілді. Алайда Қазақ Республикасы халық шаруашылығының жағдайы өте ауыр болып қала берді.

20-шы жылдардың басындағы жер реформаларының ерекше маңызды рөлі болды. Мұның өзі жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарып жою бағытында іске асырылған шаралар еді. Патша өкіметі алған жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді.

1921 жылы ақпан айында жер-су реформасы Түркістанның көптеген аудандарында, оның ішінде Алматы, Қапал, Шымкент, Әулиеата уездерінде жүргізілді. Жайық өзенінің сол жағалауының бөлігі межелеп бөлінді. Қазақ шаруалары бұрынғы жайылымдарын алды.

Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер-су реформаларын жүзнеге асыру үшін бұқаралық ұйым Қосшы одақтары құрылды. Оның жарғысым кедейлердің таптық сана-сезімін арттыру, олардың мүдделерін қорғау және Кеңес өкіметіне көмектесу сияқты мақсаттарды іске асыруды көздеді. Қосшы одақтарын құруда және оның практикалық қызметінде, сондай-ақ Оңтүстікте жер-су реформаларын жүргізуде Ж. Бөрібаев, О. Жандосов, А. Розыбакиев, т. б. қоғам қайраткерлер көрнекті қызмет атқарды. 1921 жылғы наурызда Жетісуда 17 мыңнан астам мүшесі бар Қосшы одағынын 99 ұясы жұмыс істеді.

Қазақстанның ауыл шарушылығында елеулі өзгерістер жүрді. Бірыңғай ауыл шаруашылық салығы енгізіліп, оның жалпы көлемі 100 млн. сомға төмендетілді 1925 жылы 46 мың кедей және ол-ауқаты кем шаруашылықтар мал және құрал-сайман алуға, жер жырту мен егіс егуге мемлекеттен қарыз алды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]