- •Мазмұны
- •Су қоймасының өлшемдері бойынша жіктелуі
- •1.1. Топырақ бөгеттерінің жақтаулары мен типін таңдау
- •1.2. Топырақ бөгетінің көлденең қимасын құрастыру
- •Бөгет салудағы әр түрлі топырақтардың сүзілу коэффициенттерінің шамалас мәндері
- •1.3.Бөгет жалын құрастыру, оның өлшемдері және топырақ бөгетінің белгісі
- •Автомобиль жолдарының көлденең қималарының негізгі параметрлері
- •1.5.Топырақ бөгетінің беткейлерін бекіту
- •1.6 Сүзгілік есептеулер
- •Түзету коэффициенттерінің мәндері
- •1.6.1 Сүзілуге қарсы элементтер, бөгеттің негізімен, жағалауларымен қабысуы, кәріздік қондырғы
- •1.6.2 Депрессия қысығын тұрғызу
- •1.7 Топырақ беткейлерінің орнықтылығы мен шөгуін есептеу
- •1.7.1.Топырық бөгетінің орнықтылығы
- •Топырақты бөгеттің беткейіне әсер ететін күшті есептеу
- •Және с-нің рұқсатты мәндері
- •1.7.2 Топырақты бөгет негіздеріндегі топырақтардың шөгуін есептеу
- •II. Су жіберуші құрылымдарды жобалау
- •2.1.Су жіберуші құрылымдардың типі мен құрастыруын таңдау
- •2.2 Арынды су жібергіштің гидравликалық есеб
- •Құбырдың диаметрін анықтау
- •Ііі. Су қашыртқы ғимараттарды жобалау
- •3.1. Су қашыртқы ғимараттардың типін таңдау
- •3.1 Сифонды су қашыртқының гидравликалық есебі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Және с-нің рұқсатты мәндері
Топырақтар
|
|
|
С,-үлесті үгілу, т/м2. |
Сазды |
40-45 |
12-18 |
9-10 |
Саздақты |
35-40 |
19-25 |
2-5 |
Құмды |
30-35 |
20-27 |
0-0,5 |
Сырғу қисығының доғасының ұзындығын мына формуламен есептейді:
;
мұнда
R – сырғу қисығының радиусы, м;
- доғаның орталық бұрыштары: ЛМ, МК және
RO.
Орнықтылыққа арналған қосалқы коэффициентті анықтау үшін жойылған формула былайша болады:
=
3,4
1,10
мұнда
-
үйкеліс күші;
-
ілігу күші;
-өз салмағынан қозғалатын күш;
-сүзілу
ағынының гидравликалық қысымынан
жылжытатын күш; r -
күштерінің
иықтары;
-
жылжитын массивтер аймағындағы сүзілу
ауданының ауданы;
J=
- сол аймақтағы орташа градиент;
-
сол аймақтағы сүзілу ағындарының
градиенттерінің параметрлері.
Одан
әрі беткейдің орнықтылығы мен оның
орналасуының дұрыстығы (m2)
жайлы қорытынды жасайды. Беткей орнықты
деп саналады, егер
-
болса
мұнда
КН
-
ғимараттың класына байланысты
қабылданатын, ғимараттың жауапкершілігі
бойынша сенімділік коэффициенті: I класс
үшін – 1.25, II класс – 1.20, III класс – 1.15
және IV класс– 1.10; Кс
–
жүктеменің үйлесімділігіне байланысты
коэффициент; негізгі үйлесімділік –
1.0; ерекше үйлесімділік – 0.9; құрылыс
кезеңі үшін - 0.95; Кп
–
есептеудің қысқартылған әдісінде
0.95-ке тең және тең салмақтылық жағдайын
қанағаттандыратын болса 1.0.
1.7.2 Топырақты бөгет негіздеріндегі топырақтардың шөгуін есептеу
Бөгеттерді салуға қажет материалдардың нақты көлемін белгілеу мақсатында шөгу есептеулерін жүргізеді. Ол үйме бөгеттер үшін бөгет денесі мен негізінің шөгулерінен тұрады. Бірақ құрылыс кезінде бөгет денесінің топырағы берілген көлем салмағына дейін нығыздалады. Сондықтан шөгу негіз топырақтарының бөгеттің салмағымен нығыздалу есебінен болады.
Топырақ бөгетінің негіздерінің топырақтарының шөгуін есептеу әдісі шөгудің шамасы мен ұзақтығын анықтауға әкеліп саяды.
Негіз топырақтарының шөгу шамасы формуламен анықталады:
=
cм.
мұнда
Т – бөгет негізінің қабатының сығылу
қалыңдығы, см;
-табиғи
жағдайдағы бөгет негізінің топырағының
қуыстылық коэффициенті, яғни бөгет
үйінділер жасамай тұрып,
-
сол сияқты үйіндіні жасағаннан кейін.
II. Су жіберуші құрылымдарды жобалау
2.1.Су жіберуші құрылымдардың типі мен құрастыруын таңдау
Су жібергіштер бас(магистарлды) каналдарға немесе су торабының төменгі бьефіне онан әрі тұтынушыларға суды тасымалдау мақсатында су қоймасынан судың пайдалы жіберілуі үшін орналастырылады.
Су жібергіштер өлі көлем деңгейі (ӨКД) белгісінде судың есептік өтімділігін алуды қамтамасыз ету үшін жобаланады.
Су жібергіштердің типтерін таңдау орынға, судың өтімділігіне және нұсқаулардың техника-экономикалық салыстырулары бойынша жүргізілді.
Арын 4 м-ге дейін болғанда,қарау құдығындағы арынды құбырдың соңына жұмысшы сұқпаны орналастырып, сол құбырдың типі бойынша су жібергішті қоюға болады.
Су жібергіштің соңында ағынның артық энериясын ыдыратқыштар қарастырылады.Құбырды тығыз табиғи топыраққа салады және сүзілуден сақтандыру үшін құбыр бойына сазды топырақ пен бетоннан бірнеше диафрагма қояды.
Су қоймасының 6-7 м-ге дейін су тастау шамасында бетоннан немесе темірбетон тізбегінен жасалған арынсыз құбыр типіндегі су жібергіштер қолданылады.
Жұмысшы сұқпалар су жібергіштің кірер басында орналасқан. Өлшемдері ҚНжЕ 50-74-ке сәйкес белгіленеді.
Арын 8м-ден жоғары болғанда мұнаралы су жібергіштер қондырылады.
Мұнара сұқпаларды және көтергіш механизмдері орналастыру үшін,ал кейбір жағдайда мұнара қабырғасында әртүрлі биіктікте орналасқан тесіктен әртүрлі деңгейде су алу үшін қолданылады. Яғни мұнара ең таза қабаттан су алуға мүмкіндік береді.
Су жеткізетін құбыр арынды, ал әкететін құбыр арынсыз.Ол суды мұнарадағы қалқанның астынан алып,үлкен жылдамдықпен оны секіртпей өткізеді.Ол су бөгетттің сыртында орналасқан су ұрма құдықта ыдырайды.
Көбіне құрастырмалы темір бетон құбырлар қолданылады. Мұнараға барар тұсында ол мұнараның шөгуіне тәуелсіз болуы тиіс. Бұл мұнараның әртүрлі шөгулеріне және құбырдың сүзілуге қарсы нығыздалуының бұзылмауына мүмкіндік жасайтын конструктивтік шөгу тігісін жасау арқылы жүзеге асады.
Құбырларды қалындығы 0.3-0.5 м жұқа бетоннан дайындалған негізге салады. Кейбір құбыр буындарының түйіскен жерлерінде құбыр бойымен қауіпті сүзілулерден сақтандыру үшін биіктігі 0.4 – 1.0 м қабырға – диафрагмалар қояды.
Мұнараны жоғарғы беткейдің ортасына қою ұсынылады. Ол өлшемі 1.5х1.5м-ден кем емес төртбұрышты көлденең қимада болғаны дұрыс.
Су жіберуші құбырлардың бетон және темірбетон буындарының ұзындығын 6-8 м,өлшемі 1х1 м шаршы немесе тік бұрышты қимада жасайды.
Құбырдың кірер басына жүзбе заттар мен қоқыстардан қорғайтын тор немесе қада қояды.
Менің есептеулерім бойынша Н1= 6 м тең, мұнаралы су жібергішті есептеймін.
