- •Мазмұны
- •Су қоймасының өлшемдері бойынша жіктелуі
- •1.1. Топырақ бөгеттерінің жақтаулары мен типін таңдау
- •1.2. Топырақ бөгетінің көлденең қимасын құрастыру
- •Бөгет салудағы әр түрлі топырақтардың сүзілу коэффициенттерінің шамалас мәндері
- •1.3.Бөгет жалын құрастыру, оның өлшемдері және топырақ бөгетінің белгісі
- •Автомобиль жолдарының көлденең қималарының негізгі параметрлері
- •1.5.Топырақ бөгетінің беткейлерін бекіту
- •1.6 Сүзгілік есептеулер
- •Түзету коэффициенттерінің мәндері
- •1.6.1 Сүзілуге қарсы элементтер, бөгеттің негізімен, жағалауларымен қабысуы, кәріздік қондырғы
- •1.6.2 Депрессия қысығын тұрғызу
- •1.7 Топырақ беткейлерінің орнықтылығы мен шөгуін есептеу
- •1.7.1.Топырық бөгетінің орнықтылығы
- •Топырақты бөгеттің беткейіне әсер ететін күшті есептеу
- •Және с-нің рұқсатты мәндері
- •1.7.2 Топырақты бөгет негіздеріндегі топырақтардың шөгуін есептеу
- •II. Су жіберуші құрылымдарды жобалау
- •2.1.Су жіберуші құрылымдардың типі мен құрастыруын таңдау
- •2.2 Арынды су жібергіштің гидравликалық есеб
- •Құбырдың диаметрін анықтау
- •Ііі. Су қашыртқы ғимараттарды жобалау
- •3.1. Су қашыртқы ғимараттардың типін таңдау
- •3.1 Сифонды су қашыртқының гидравликалық есебі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.5.Топырақ бөгетінің беткейлерін бекіту
Беткейлерді әртүрлі факторлардың ықпалынан қорғау үшін (жел толқындары, су ағысы, атмосфералық жауындар және басқа) бекітулер мен жамылғылар ұсынылады.
Ең көлемді бекітулер толқын, мұз және жүзбе денелердің ықпалында болатын жоғарғы беткейде қарастырылады.
Бекітулер негізгі және жеңілдетілген болып бөлінеді.
Негізгі бекітудің жоғарғы шекарасы ретінде бөгеттің жалы, төменгісін – Zөкд-ден h=2*h1% тереңдікте қабылдайды.
h1%=hв*Кі; Кі – график бойынша g*D/W2 – қатынасына байланысты қабылданатын коэффициент. [15, 112 бет].
Төменгібеткейді (m2), өсімдікқабатыбойынша 0.2 – 0.3 м шөпегунемесе 0.2 м қалыңдықтақиыршық (жалпақ) тастартөгіп, желдіңжаңбыржәнеерігенсуларданқорғануүшінбекітулержасайды.
Тастыбекітулердітаспентолықтырунемесеқалыңдатуарқылыжасайды.
Тапсырма бойынша топырақ бөегітінің беткейлерін бекіту-темірбетон.
1.6 Сүзгілік есептеулер
Сүзгілік есептеулерді бөгет денесінің, оның негіздері мен жағалауларының беріктігіне, бөгет пен жағалаулардың беткейлеріне есептеулер жүргізу үшін; бөгет конструкциялары мен өлшемдерінің олардың сүзгіге қарсы және кәріздік қондырғыларының тиімді және үнемділігін барынша негіздеу үшін жүргізеді.
Сүзгілік есептеулер арқылы депрессиялық қисықтың орналасуын белгілейді; бөгет денесі мен негіздері арқылы өтетін сүзілген су өтімділігін, төменгі бьефтегі кәріздегі сүзілу ағынының арын градиенті мен жылдамдығын анықтайды.
Есеп су торабының қалыпты жағдайы үшін жүргізіледі. Яғни жоғарғы және төменгі бьефтерде әдеттегі іркілген деңгей сақталған жағдайда . Инженерлік тәжірибеде есептеулер үшін Н.А.Павловскийдің жуықтау әдісін немесе эквиваленттік кескін әдісін қолданады.
Жуықтау әдісінде есептеулер екі тәуелсіз пайымдаулар бойынша жүргізіледі. Алдымен бөгеттің су өткізгіштігін, ал негізінің су өткізбейтіндігін есептейді. Бұл нобай үшін бөгет денесінің сүзілу өтімділігін (qT) анықтап, депрессия қисығын тұрғызады. Сосын бөгетті су өткізбейтін қылып есептеп, негізінен өтетін сүзілу өткізгіштігін (q0) формула бойынша анықтайды:
q0=K0*T
=4,2*0,19*=0,008
м/с
мұнда Ко – негіз топырағының сүзілу коэффициенті;
Т – негіздің су өткізгіш қабатының қалыңдығы;
Н1 және H2 жоғарғы және төменгі бьефтердегі судың деңгейі;
n – Впл/Т байланысы арқылы анықталатын түзету коэффициенті;
Впл – негіз бойынша бөгеттің ені.
1.5-Кесте
Түзету коэффициенттерінің мәндері
Впл/Т |
20 |
5 |
4 |
3 |
2 |
1 |
n |
1.15 |
1.18 |
1.23 |
1.30 |
1.44 |
1.87 |
1.6.1 Сүзілуге қарсы элементтер, бөгеттің негізімен, жағалауларымен қабысуы, кәріздік қондырғы
Сүзілуге қарсы элементтердің типі және конструкциясы бөгеттің қабылданған типіне, бөгет денесі мен негізінің топырақ сипаттамасына, СНиП 2.06.05.84 [12,130-131бет. 13, 218бет] сәйкес нұсқалардың техника-экономикалық салыстыруларына байланысты белгіленеді.
Курстық жобалаудың тапсырмаларына бөгеттің типі беріледі. Сондықтан студенттерге сүзілуге қарсы элементтердің конструкциясы мен өлшемдерін ғана анықтау қажет.
Экранды топырақты бөгет. Экран жоғарғы беткейдің ұзына бойы қойылады. Ол қату тереңдігінен кем емес қалыңдықта құмды-қиыршық тасты материалдармен жабылады.
Экранның
қалыңдығын жоғарысы және төмені бойынша
қабылдаймыз:
