- •Мазмұны
- •Су қоймасының өлшемдері бойынша жіктелуі
- •1.1. Топырақ бөгеттерінің жақтаулары мен типін таңдау
- •1.2. Топырақ бөгетінің көлденең қимасын құрастыру
- •Бөгет салудағы әр түрлі топырақтардың сүзілу коэффициенттерінің шамалас мәндері
- •1.3.Бөгет жалын құрастыру, оның өлшемдері және топырақ бөгетінің белгісі
- •Автомобиль жолдарының көлденең қималарының негізгі параметрлері
- •1.5.Топырақ бөгетінің беткейлерін бекіту
- •1.6 Сүзгілік есептеулер
- •Түзету коэффициенттерінің мәндері
- •1.6.1 Сүзілуге қарсы элементтер, бөгеттің негізімен, жағалауларымен қабысуы, кәріздік қондырғы
- •1.6.2 Депрессия қысығын тұрғызу
- •1.7 Топырақ беткейлерінің орнықтылығы мен шөгуін есептеу
- •1.7.1.Топырық бөгетінің орнықтылығы
- •Топырақты бөгеттің беткейіне әсер ететін күшті есептеу
- •Және с-нің рұқсатты мәндері
- •1.7.2 Топырақты бөгет негіздеріндегі топырақтардың шөгуін есептеу
- •II. Су жіберуші құрылымдарды жобалау
- •2.1.Су жіберуші құрылымдардың типі мен құрастыруын таңдау
- •2.2 Арынды су жібергіштің гидравликалық есеб
- •Құбырдың диаметрін анықтау
- •Ііі. Су қашыртқы ғимараттарды жобалау
- •3.1. Су қашыртқы ғимараттардың типін таңдау
- •3.1 Сифонды су қашыртқының гидравликалық есебі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Су қоймасының өлшемдері бойынша жіктелуі
Су қоймасының категориясы |
Толық көлем, км3 |
Су бетінің ауданы, км2 |
Ең ірі |
50-ден астам |
5000-нан астам |
Өте ірі |
50-10 |
5000-500 |
Ірі |
10-1,0 |
500-100 |
Орташа |
1,0-0,1 |
100-20 |
Азғантай(кішкене) |
0,1-0,01 |
20-2,0 |
Кіші |
0,01-ден аз |
2,0-ден аз |
1.1. Топырақ бөгеттерінің жақтаулары мен типін таңдау
Бөгеттің жақтауы мен типін және оны салу әдістерін таңдау жобалаудағы ең жауапты сұрақтар қатарына жатады.Олардың дұрыс шешілуі құрылыстың мерзімі мен құнына,сондай-ақ су торабынының ғимараттарын пайдалану сенімділігіне әсерін тигізеді.
Бөгет типін таңдау карьерге жақын жерлерде қажетті материалдардың болуы және пайдалы қазбалардан оларды барынша мол пайдалануға байланысты.Бір тектес топырақ бөгеттерін салу үшін саздарды пайдаланған жөн.Егер саздар болмаған жағдайда бөгетті су өткізгіш топырақтардан (құмдар,құмшауыттар,құмды-қиыршықты топырақтар және басқалар)салуға болады.Бұл жағдайда ядро,экран немесе диафрагма сияқты сүзілуге қарсы элементтерді қарастыру керек.Су өткізгіш негіздер өте қалың болғанда,бөгеттерге экран және понур қойылады.
Сонымен,негізі тастан болмаған жағдайда біртектес топырақтан бөгетке ядролы немесе топырақ экранды бөгеттерге мән беру керек.
Негізі тас, шың болғанда тасты-топырақты және тасты-шашпалы бөгеттер салуға меңзейді.Бұл жағдайда сазды топырақтан жасалған сүзілуге қарсы элементтердің көлемі аз болуы керек.
Жақтаудың орналасу орнын анықтағанда,алдымен жуық шамамен бөгет жалының белгісін табады:
Zжал=ТСД+1=232+1=233м.
Жалдың белгісі бойынша өзен жағалауының екі жағының өздеріне сәйкес горизонтальдарын табамыз. Осы горизонтальдардың арасынан ең тар учаскені тауып, сол жерге бөгеттің жақтауын орнатамыз.
Алдын ала бөгеттің биіктігін формула арқылы анықтаймыз:
Hбөгет=Zжалпы-Zт=233-222=11
Бөгеттегі биіктігі бойынша жіктеуге болады:
Егер Hбөгет< 15-аласа, Hбөгет = 15-20м –орташа, Hбөгет>50м –биік.
Біздің жағдайымызда Hбөгет< 15м, яғни бөгетіміздің типі аласа.
1.2. Топырақ бөгетінің көлденең қимасын құрастыру
Бөгеттің көлденең қимасы трапециялы болуы керек және өлшемдер ғимараттың кез келген жұмыс жағдайында бөгет денесі мен оның негізінің орнықтылығын қамтамасыз етуі тиіс.
Қиманы негізгі элементтеріне жататындар: бөгет денесі, жағалаулары мен бекітулері, жоғарғы мен төменгі беткейлері, қабыстырғыш элементтері мен табаны, кәріздік және сүзілуге қарсы қондырғылар.
Топырақ бөгеті беткейлерінің кескіні.Биік бөгеттер үшін олардың көлемін азайту мақсатында беткейлердің кескінін сынықты қондырғы берма салу ұсынылады. Ол биіктік бойынша 10-15 м сайын ені 2-3 м беткейлердегі жазықтық алаң. Орташа бөгеттер үшін Hбогет=15-20 м беткейлер кескіні тік сызықты қабылдайды. Жоғарғы беткейдің сумен тұрақты түрде қанығып тұруын байланысты төменгіге қарағанда жайпақ етіп салады.
Бөгеттің беткейлері топырақ түріне және бөгет биіктігіне байланысты қабылданады.
1.1 – кесте
Топырақ бөгетінің беткейлерді салу коэффициенттері
Беткей аттары |
Бөгеттің есептік биіктігі, м |
||||||
5-ке дейін |
5-10 |
10-15 |
|||||
Бөгет денесінің топырағы |
|||||||
|
сазды |
құмды |
сазды |
құмды |
сазды |
құмды |
|
Жоғары |
2 |
2.5 |
2.5 |
3 |
3 |
3 |
|
Төменгі |
1.5 |
2 |
1.75 |
2.5 |
1.75 |
2 |
|
Төменгі кәрізсіз |
1.75 |
2 |
2 |
2.75 |
2.25 |
2.25 |
|
Мысалы: бөгет денесіндегі топырақтың сүзілу коэффициентін Кт=1,07 м/тәулік. 2-кестеге сәйкес қиыршық тас, түйіршіктері өлшемі...2мм, 1-кестеге сәйкес, табылатыны: жоғарғы беткей – m1=2,5 m2=1,75.
1.2-Кесте
