- •Мазмұны
- •Су қоймасының өлшемдері бойынша жіктелуі
- •1.1. Топырақ бөгеттерінің жақтаулары мен типін таңдау
- •1.2. Топырақ бөгетінің көлденең қимасын құрастыру
- •Бөгет салудағы әр түрлі топырақтардың сүзілу коэффициенттерінің шамалас мәндері
- •1.3.Бөгет жалын құрастыру, оның өлшемдері және топырақ бөгетінің белгісі
- •Автомобиль жолдарының көлденең қималарының негізгі параметрлері
- •1.5.Топырақ бөгетінің беткейлерін бекіту
- •1.6 Сүзгілік есептеулер
- •Түзету коэффициенттерінің мәндері
- •1.6.1 Сүзілуге қарсы элементтер, бөгеттің негізімен, жағалауларымен қабысуы, кәріздік қондырғы
- •1.6.2 Депрессия қысығын тұрғызу
- •1.7 Топырақ беткейлерінің орнықтылығы мен шөгуін есептеу
- •1.7.1.Топырық бөгетінің орнықтылығы
- •Топырақты бөгеттің беткейіне әсер ететін күшті есептеу
- •Және с-нің рұқсатты мәндері
- •1.7.2 Топырақты бөгет негіздеріндегі топырақтардың шөгуін есептеу
- •II. Су жіберуші құрылымдарды жобалау
- •2.1.Су жіберуші құрылымдардың типі мен құрастыруын таңдау
- •2.2 Арынды су жібергіштің гидравликалық есеб
- •Құбырдың диаметрін анықтау
- •Ііі. Су қашыртқы ғимараттарды жобалау
- •3.1. Су қашыртқы ғимараттардың типін таңдау
- •3.1 Сифонды су қашыртқының гидравликалық есебі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Курстық жоба мәліметтері:
1. Вариант – 9
2.Планшет – 12
3.Құрылыстың күрделі класы – 3
4. Су бөгетінің түрі – экранмен
5. Су қашыртқы типі – сифонды
6. Су бөгетінің жолжүру шарты – 5 класс жолдары
7. Су бөгет денесінің топырағы Кт – 1,35м/тәул-қиыршық тас түйіршіктерінің өлшемі 2мм
8.Экран топырағының сүзілу коэффициенті Кэ – 0,008м/тәул-құмды-сазды топырақтар
9. Су толқынының ұзындығы Д –12,4м
10. 2 м биіктіктегіжелдіңжылдамдығы W – 3,2м
11. Тасқын судың деңгейі ZТСД- 232м
12. Әдетте іркілген деңгей ZӘІД – 228м
13. Өлі су деңгей ZӨСД- 226м
14. Төменгі бьефтегі қалтқы судың деңгейі ТБҚСД –223,5м
15. Төменгі бьефтегі тасқын судың деңгейі ТБТСД – 223 м
16. Өзен табанының деңгейі Zт – 222м
17. Су қашыртқының өтімділігі Qсб -18м3/с
18. Су жібергіштің өтімділігі Qв-0,75м3/с
19. Өзен табанының топырақ коэффициенті Ко -4,2 м/тәул- қиыршық тас түйіршіктерінің өлшемі 2мм
20. Өзен табанының топырақ қуаты Т–0,19м
21. Жоғарғы беткейдің қаптауы – таспен үю
Мазмұны
|
Кіріспе |
|
І. |
Топырақ материалдарынан жасалған бөгет |
|
1.1. |
Топырақ бөгетінің жақтаулары мен типін таңдау |
|
1.2. |
Топырақ бөгетінің көлденең қимасын құрастыру |
|
1.3. |
Бөгет жалын құрастыру, оның өлшемдері және топырақ бөгетінің белгісі |
|
1.4. |
Бөгет биіктігін анықтау |
|
1.5. |
Топырақ бөгетінің беткейлерін бекіту |
|
1.6. 1.6.1
1.6.2 |
Сүзгілік есептеулер Сүзілуге қарсы элементтер, бөгеттің негізімен, жағалауларымен қабысуы, кәріздік қондырғы Депрессия қисығын тұрғызу |
|
1.7. |
Топырақты бөгет беткейлерінің орнықтылығы мен шөгуін есептеу |
|
1.7.1 |
Бөгет беткейлерінің орнықтылығы |
|
1.7.2 |
Топырақты бөгет негіздеріндегі топырақтардың шөгуін есептеу |
|
II. |
Су жіберуші құрылымдарды жобалау |
|
2.1. |
Су жіберуші құрылымдардың типі мен құрастыруын таңдау |
|
2.2. |
Арынды су жібергіштің гидравликалық есебі |
|
III. |
Су қашыртқы ғимараттарды жобалау |
|
3.1. |
Су қашыртқы ғимараттардың типін таңдау |
|
|
|
|
3.2. |
Сифонды су қашыртқының гидравликалық есебі Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
|
|
Кіріспе
Суқоймасы дегеніміз суды сақтау және ағынды реттеу үшін жасалған жасанды су айдыны. Табиғи ағындарды аңғарларда су іріккіш ғимараттар (бөгет, шлюздер және сол сияқтылар) салу арқылы жасалған су қоймалары кеңінен таралған. Су іріккіш ғимараттардан (бөгеттер) жоғары учаскелерде судың деңгейі көтеріледі және үлкен көлемде су жиналады. Кейін ол шаруашылық мақсаттарына жұмсалады. Су қоймасының ұзындығы бөгетке тірелген судың таралу қашықтығына тең.
Су қоймасын бірқатар белгілерімен жіктейді және бес негізгі типтерге бөледі: жазықтықтағы, тау алдындағы, таудағы, көлдік және құймалы.
Жазықтықтағысуқоймасы мынадай белгілерімен сипатталады: су бетінің ауданы өте үлкен, максималды тереңдігі 15-25 м, орташа 5-9 м және суды тастауы аз (2-7 м). Бұл су қоймасы кешендік мақсатқа пайдаланылады.
Тау алдындағы және жалпақ таулы облыстардағы су қоймалары үлкен тереңдіктерімен 70-100 м және одан да көп, 10-20 м-ге дейін су тастауларымен сипатталады. Жағалауларының бұзылу қарқыны аз. Аумақты су басуы елеусіз.
Таулық су қоймаларына үлкен тереңдіктер 100 м-ден астам, 100 м-ге дейін және онан да көп су таулары көп.Ауданды судың басуы,жағалаулардың мүжілуі және су қоймасынан сүзілуі өте аз.Тау өзендерінің аңғарларының көлденең қимасы арнамен сәйкес келеді.Олардың түрі тар болмас иректі,жайылмалары жоқ.Су қоймасынан суды тастаған кезде су бетінің ауданы жәймен өзгереді.
Көлдік су қоймасын көлден шыгатын өзенге бөгет салу арқылы жасайды.Бөгетке тіркелген су көлге қарай жайылады.Мұндай су қоймаларының жетістігі су шамалы тіркелгенде және суға бастырылған жердің ауданы кішкене болғанда оларда көп су көлемін жинақтауға болады.
Құймалы су қоймаларын көбіне табиғи шұңқырлар мен өзенге жақын аумақтағы ой жерлерді пайдалану арқылы жасайды.
Су бетінің ауданы 1,0 км2-ден аз кішкентай мөлшердегі жасанды су айдынын тоған деп атайды.
Су қоймасының тереңдік пішіні, термикалық режимдері және сол сияқты басқа да жіктеулері бар.
Көлемнің негізгі құраушылары және су қоймасының нормативтік деңгейлері.Су қоймасының мөлшерін анықтайтын параметрлерді су шаруашылық есептеулерінің негізінде белгілейді. Бұл жағдайда су қоймасындағы судың көлемін өлі және пайдалы деп ажырату қабылданған.
Өлі көлем - бұл су қоймасынң толық көлемінің пайдалануының қалыпты жағдайында су тастамайтын және ағынды реттеуге қатыспайтын тұрақты бөлігі ZӨКД = 222м осы көлемді жоғарғы жағынан шектейтін су бетінің деңгейін ӨКД деп аталады.
Пайдалы көлем - су қоймасының ағынды реттеуге пайдаланаты негізгі көлем. ол ӨКД- нен жоғарғы орналасқан және жоғарғысынан әдеттегі іркілген деңгеймен шектелген. ӘІД гидротехникалық ғимарат қалыпты жағдайда пайдаланғанда тұрақыт сақталады.
Су қоймасы толық көлемі ӘІД белгісне сәйкес келеді және пайдалы,өлі көлем қосындысына тең: Vтолық= Vәід=Vөкд+Vпайд
Гиротехникалық ғимараттарды пайдаланудың төтенше жағдайында жоғарғы бьефтен рұқмсат етілген,әдеттіегіден жоғары тасқынды іркілген деңгей деп айтады. ол су қоймасындағы ӘІД -ден жоғары орналасқан су көлемін шектейді. бұны тасқындық немесе тасқынға қарсы көлем деп атайды.
Су қоймасының су шаруашылық есептеулерінің басты мақсаты- пайдалы көлемді анықтау және ӘІД белгілерін таңдау.Пайдалы көлем дегеніміз- су тұтынушыларды кепілдікпен қамтамасыз ету мақсатында ағынды реттеуге арналған су қоймасы жұмыс көлемі.
І. Топырақ материалдарынан жасалған бөгеттің жобасы
Топырақ материалдарынан жасалған бөгеттер (үйілген,тасты-топырақты тасты-шашпалы)-су іріккіш ғимараттардың ішіндегі ең кең тараған типі және мелиоративтік мақсаттағы көптеген су тораптарының құрамына кіреді.Топырақ материалдарын салу үшін жергілікті топырақтарды пайдаланады.
Көлденең қиманың конструктивтік шешімі бөгет пен оның негізінің құрылыс пен пайдаланудың барлық мүмкін болар жағдайында орнықтылығын,сондай-ак сүзілуге қарсы және кәріздік қондырғылардың бүтіндей барлық ғимараттардың қалыпты жұмысын қамтамсыз етуі тиіс.
ҚНжЕ 2.06.05-84 сәйкес III-IV класстағы бөгеттерді топырақ материалдарынан жобалағанда мынадай негізге есептеулер жүргізіледі: гидравликалық, фильтрациялық сүзілу беріктілігі,кері сүзгілер кәріздер және өтпелі аймақтар және статистикалық беткейлердің, экран және қорғауыш қабаттың орнықтылығы, бөгет денесі мен негізінің шөгуі беткейлердің беріктілігін толқын, мұз және басқалардың әсеріне қарсы нығайту.
